Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қызға өсиет

$
0
0

Қызға өсиет

130816-drive2ruБұдан бірнеше жүз жыл ілгері араб ру басыларының бірі Ауф ибн Милһам есімді кісі бойжеткен қызы Умму Инасты ру көсемдерінің біріне тұрмысқа беруге келіскен еді. Милһамның әйелі Умра өзге жанұяға ұзатылып жатқан қызын қасына отырғызып, төмендегі өнегелі насихаттарды айтқан екен.

“Қызым!

Әдетте кез келген кісіні жақсылыққа үндеу үшін уағыз-насихаттар айтылады. Мінез-құлқы орнықты салмақты адам болу немесе бай кісінің перзенті болу не болмаса баршаға ұнамды қасиетке ие болудың өзі адамға жеткілікті болса саған насихат айтып отырмас едім.

Негізінде, насихат пен өсиет ұмытылғандарды үйретеді. Сол себепті насихат тыңдау өте пайдалы.

Сүйікті қызым!

Егер бір қыз ата-анасының байлығы себепті тұрмысқа шығуға мұқтаж болмайтын болса сенің ешқашан қожайынға мұқтаждығың қалмас еді. Бірақ өмір сен ойлағандай емес. Еркектер біз үшін, біз болсақ еркектер үшін жаратылғанбыз.

Қызым!

Өзің туып өскен жанұядан шығып, мүлдем бейтаныс бір үйге барасың, еш көріп-сөйлеспеген, мінез-құлқын білмеген бір кісінің өмір жолдасына айналасың. Сен оның қызметкері бол, ол саған жәрдемші болсын!

Қызым!

Кел енді, саған кейбір насихаттарды айтайын. Бұларды жақсылап үйреніп әдемі іске асырсаң, өмір бойы рақатта өмір сүресің. Өмір жолдасыңмен араң ешқашан бұзылмайды. Бұ дүниеде бақытты өмір сүргенің сияқты Ақыретте де мәңгі бақытқа жетесің.

1. Қанағатты бол! Яғни, өмір жолдасың әкелген азық-түлік, киім-кешектің барлығын разылықпен қабыл ал. Өйткені қанағат жүрекке рақат сезімін ұялатады.

2. Айтылып жатқан сөздерді әрдайым ықыласпен тыңда және бойұсын. Өмір жолдасыңа қарсылық білдірме, онымен пікірлес және ынтымақты болуға әрекет ет. Мұндай әрекеттермен Аллаһ Та’аланың разылығына ие боласың.

3. Өмір жолдасыңның көзі түсуі мүмкін болған барлық жайға зер сал, ісіңді ұқыпты таза істе, оның көзі ешқашан жайсыз нәрсеге түспесін.

4. Жаман иісі шығуы мүмкін нәрселерге көңіл бөл. Оларды тауып, тазала. Үйіңнен әрдайым хош иіс шығып тұрсын.

5. Мынаны жақсы біл: тазалық суға байланысты. Барлық нәрсе сумен тазарады. Үйде судың таза тұруын қамтамасыз ет.

6. Еріңнің тамақтану сағаты мен ұйықтау уақытына көңіл бөл. Тамақты әрқашан оның әдеті бойынша дайында. Ол мезгілімен ұйықтауы үшін жұмыстарыңды уақытында бітір. Өйткені аштық адамды ашуландырады, ұйқысыздық қапалыққа себеп болады.

7. Үйіңдегі дүние-мүлік және жиһаздарды сақта, бұл нәрсе сенің іскерлігіңді көрсетеді.

8. Еріңнің жақындарына көркем мәміледе бол. Бұл сенің жақсы әйел екеніңді білдіреді.

9. Еріңнің сырын ешқашан біреуге айтпа. Егер оның сырын төңірекке жаятын болсаң, саған ренжиді. Опасыздық жолына кіріп кетуі де мүмкін.

10.      Еріңді құрметте, бұйрықтарын орында, сөз қайтарып оған қарсы шықпа. Егер қарсы келіп, жанжал шығарсаң, ашуланып, ренжуіне, тіпті дұшпан сияқты әрекет етуіне себепші боласың. Ерің мұңды, қамкөңіл уақытында өзіңді қуанышты тұтпа, оның уайым-қайғысына серік бол. Ол қуанышта болса, сен де сондай көңіл күйде болуға тырыс.

Қысқасы:

Қызым еріңе қаншалықты құрмет көрсетіп, бойұсынып жүрсең соншалықты сүйікті боласың. Қаншалық разы етсең, соншалық махаббат көресің. Алайда бұл айтқандарымды тек оның қалауы мен разылығын өзіңнің арман тілектеріңнен жоғары қойғанда ғана орындай аласың”.

Абдуллаһ Мурад ХАЛМУРАДҰЛЫ,
Абдулқадир ДАДАҰЛЫ,
Абдулазиз МАНСУР

«Мұсылман әйелдің ері алдындағы міндеттері» кітабынан, Алматы «Шапағат-Нұр» баспасы, 2002 жыл

Сурет: drive2.ru


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>