Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Дәстүрден сауат 4

$
0
0

ҚҰТТЫҚ / Отау көтеру

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Құттық (дәстүр). Келін түсірген үй құда құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп «құтты болсын» айтып арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағым, кесе аяқ, көрпе жастық,сақина, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде «құттық» деп аталады. Ол «құтты болсын», «құт әкелсін» деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы.
«Құттық» алатындар әдейі алыстан да келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың салт дәстүрге бай жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

ҚҰРСАҚ ШАШУ / Отау көтеру

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Құрсақ шашу (дәстүр).
Құтты болсын деді де,
Құрсақ шашу жеді де,
Қайтадан халқы тараған. (Алпамыс)Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде «құрсақ шашу» дейді) жасап, оның аман сау қол аяғын бауырына алуына (яғни босануына) тілек білдіріп шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мәнісі жас келін қысылып ұялмасын, тіл көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан.
Жас келін бала біткен соң бойына ас сіңбей құса береді. Әлдеқандай тағамға көңілі шабады. Мұны жерік болды дейді.Бәйбіше келді алаңдап,
Жас бөріше жалаңдап,
Жерігі қанбаай сандалды.Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. «Жерік асын жегендей қуанды» деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кемтар тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.
Халық екіқабат ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: «Қарағым биік тауға қара көңілің өседі, көңілің өссе немерем кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жайқалған гүлге қара сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш, балаң қайырымды болады» деген секілді ұлағаты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным талғамын ұштап, баулыған». Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты.
Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл ананың басты парыздарының бірі.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

КИМЕШЕК КИГІЗУ / Отау көтеру

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Кимешек кигізу (салт). Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын тойға барғанда сәукелесін де киіп барады. (Қазақ әулетінде сәукелені ұзатар кезінде ғана киеді). Келін болып түскеннен соң шешіп алып қояды. Жас келін перзентті болған соң ауыл әйеледері, бәбішелер әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік жағында мұны «жаулық салды» деп те атайды. Кимешек те, жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

БЕЛКӨТЕРЕР / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Белкөтерер (салт).

Тоқсан көремін деген жасым ба еді,

Быламық ішейін деген асым ба едің – деп, баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап «белкөтерер» деген тағам дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, сарымай, жент, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарттар батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдарды сыйлаудың, бағып қағудың үлкен үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

БӘЙГЕ / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Бәйге (дәстүр).

Тігіпті бас бәйгеге елу бие,

Ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,

Жабулы қара нарға қалы кілем,

Аты озған зор олжаға болады ие.

(Н.Ахметбеков)

Ұлы тойда, аста, мерекеде жыққан палуанға, озған жүйрікке, жеңген ақынға берілетін жүлде. Тойдың, астың дәрежесін, қызығын осы бәйгеге қарап анықтауға болады. Бәйгенің ең үлкені әдетте бас палуан мен жүйрік атқа тағайындалады. Әсіресе ат бәйгесіне мол мал, дүние-мілк тігіледі. Бәйге алдында озып келген 10,15,20 атқа да беріледі. Мысалы, «Лабақ Қуат баласының асында бас бәйге 100 жылқы, 1 отау, 9 нар, 9 ат, 9 құндыз тігілген» (С.Шарипов). Келесі атқа 75, одан кейін 50, одан кейінгіге 25, осылай төмендей береді. Аты озып бәйге алғандар оның бәрін ліне айдап кетпейді. Бұл жомарттық, мәрттік, ерлік ғұрып. Оның біраз бөлігін әруаққа, ақсақалдарға арнап, қалғанын жанындағы жолдастарына бөліп береді. Атығай қарауылға олжа салған,Бота тірсек, қыл сағақ сандал керім» – дегенде Ақан осыны айтқан. Палуан бәйгесі де үлкен. Оған кілем жабылған түйе берілген, ақындарға шапан кигізіп, ат мінгізген.

Бәйге жеңімпаздарға берілетін жүлде болғанмен кейде ат жарысты да «бәйге» – деп айта береді. Бәйге қазақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін және көрсететін үлкен дәстүр.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

БАУТАҒАР / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Баутағар. Жоғарыда айтылғандай өз олжасын байлаған адамға « баутағар» беріледі. Яғни олжаны алған адам сыйлаушыға алғыс айтумен бірге оған ақша немесе бір затын ұсынуы керек. «Баутағар» бермеген адамға екінші рет мұндай олжа ұсынылмайды. Сол сияқты қазақ тәжірибесі мен ұғымында «баутағар» бермеген кісінің малы шығынға ұшырайды деген ырым бар.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>