Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Дәстүрден сауат 3

$
0
0

АЙЫП / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Айып (заң жолы, салт).

«Айыбына атын алып қалып жаяу қайтарыңдар!»

(Ғ.Мүсірепов).

Барымта, қылмыс, ұрлық, дәстүрді бұзғаны т.б. жағымсыз іс-әрекеті үшін қылмыскерлерге берілетін жаза – айып. Мысалы: көп алдында орынсыз дау-жанжал шығарған адамдарға айып салынады. Жазаланушы адам оны сол сәтте орындауға тиіс. Айыптың түрлері көп. Жеңіл кінәлары үшін тон немесе ат төленеді. Ауыр қылмыстар жасағандар тоғыз төлейді. Бұл түйе бастаған тоғыз мал немесе ат бастаған тоғыз мал немесе өгіз бастаған тоғыз мал деген сөз (Түйе бастаған тоғыз: 3 бас түйе, 3 бас жылқы, 3 бас сиырдан тұрады. Ат бастаған тоғыз 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой, т.с. Қылмыс (ұрлық) өте ауыр болса, бұл айып үш еселенуі мүмкін. Әрине, бұдан басқа да түрлері бар. Айыптың әлеуметтік, тәрбиелік, хұқықтық маңызы зор.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

АЙТЫС / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Айтыс (дәстүр, өнер).

«Жүлде алдым талай-талай айтыста да»

(Н.Ахметбеков).

Айтыс – әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

АЙРЫЛЫСАР КӨЖЕ / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Айрылысар көже (салт).

Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың бірін-бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» – адалдық әрі әдемі дәстүр.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

АБЫСЫН АСЫ / Отбасы-тұрмыс

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Абысын асы (салт).

«Абысын тату болса ас көп» (мақал).

Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

БИЕ ҚЫСЫРАМАС / Отау көтеру

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Бие қысырамас (ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, бісмілла» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр.

Filed under: Салт-дәстүрлер | Пікір қалдыру »

НЕКЕ ҚИЯР/ Отау көтеру

Posted on Мамыр 24, 2007 by tomiris

Неке қияр (ғұрып). «Ауылнаймын, немесе қағазсыз неке қимаймын, жаназа оқытпаймын, деп Көдебай бір дікілдейді» (Б.Майлин). Неке қасиетті ұғым, беріктік шарты. Қазақ халқы мұны «ақ неке» деп ардақтайды. «Ақ некелі жарым» деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында жасалады. Қосылған бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен және оларға салқын қараған. Олардың балалары да «некесіз туған» деген жаман атқа қалған. Ауыз әдебиетінде неке қир кезінде айтылатын куәлік сөз бар. «Неке қияр сөз» деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпты айтылады. Мысалы:
Куә, куә куәдірміз,
Куәлікке жүрәдірміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында
Екі кісі хақ куәлік бередүрміз.Пәленшеден жаралған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады), пәленше қызды (қызды айтады), халал жұптылыққа қабыл көріп алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында «пәленше халал жұпты болдыңыз ба?» дейді (А.Байтұрсынов).
Осы сөздерде келтірілгендей жігіт те, қыз да жұпты болғандығын өз аузымен мақұлдайды. Содан кейін екеуі неке суын ішеді. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.
Шариғат бойынша қалыңдық екіқабат болса неке қиылмайды, ол босанғаннан кейін қиылады. Жеті атаға толмаған қыз, жігіт некеге отырғызылмайды.
Неке туралы ислам дінінің өз заңы бар. Кейде өзбек, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт сияқты түркі халықтары қыз алысып, қыз берісіп жатады. Бәрі де ислам қауымынан болғандықтан мұндай некеге рұқсат етілген. Егер қазақ жігіт орыс қызын алатын болса, ол әйел мұсылман дініне кіріп, тілін, салт дәстүрін толық мойындайтындығы туралы уәде беріп, оны орындауы керек. Некеге сонда ғана рұқсат берілген. Мысалы, орыс қызы Мария Рыкина қазақ жігіт Дүйсенге шығып, олардың сүйіспеншілігінен «Дудар ай» деген ғажайып ән туды. Олардың есімі бүкіл қазақ еліне аңыз боп тарады. Ақын Х.Бекхожин бұлар туралы дастан жазды. Қазақ орыс арасындағы мұндай неке бұрын да, қазір де бар.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>