Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ
МАГИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ӨНЕРІ
(Қазақ магисы туралы жиындағы сөз)
Жұртқа аян, қоғм дамуында, әсіресе қоғамға инновация (жаңалық жарату) қатты қажет болған, соған орай жаңалық жарату үздіксіз дәріптеліп, үнделіп жатқан тұста, сыйқыршылық адам ойының сарайын аша түсетін, идеясын азат етуге көмектесетін, ойда жоқты ойлау мен істеуге жебейтін, сөйтіп қоғамды дамытуға өз үлесін қосатын әлеуметтік мәдени құрам. Бұл бүгінде тіпті зор маңызға ие болып отыр. Үйткені,
1.Ол ең әуелі ұлт мәдениетінің төрт аяғынан тең басып, кенже не олқы тарапы жоқ, жан-жақтылы, кемел болуына есе қосады. Сиқырбазы мен сиқыршылығы жоқ ұлт мәдени кетігі бар ұлт саналады.
2.Сиқыршылардың хикмет өнерлері көрерменді қатты тартуы, баурауы арқылы оның бойынан сиқырдың сырына қызығу тудырады. Бұл өмірге махаббатын, қызығуын тіпті оята түседі. Адамдағы еңбекшілдік, құлшыныс, белсенділік, тапқырлық сықылдылар ең әуелі оның өмірге деген осындай махббатынан туындайды.
3.Корермен сиқыршылықты көре әсерленсе, онда «орыс ойына келгенді қылады» деп жақтырмаудан сытылып шығып, ойына келгенді істеп көруге ынталанады. Бұл тапқырлыққа, жаңашылдыққа, шығармашылыққа итермек.
4.Саналы көрермен, сиқырдың сырын білмесе де, өзі айналысқан кәсіптің астарын біле түсуге шабыт алады. Бұл оны өмір бойы үйренуге итере түспек. Өле-өлгенше үйрене беру - бүгінгі дәуірдің талабы.
5.Сиқыршылық көрермен үшін рахат демалыс та. Ол сиқыр ойынын көріп отырған сәтте, өзін шаршатқан кәсіби жұмысты мүлде есінен шығарып, басқа бір дүниеде жақсы тынығатын да болады.
6.Сиқыршылар тез байиды.
Бізде, сыйқыршылықты талайға шейін бақсылар жалғастырған және дамытқан еді. Реформа мен ашудан бұрын, сиқыршылар түгіл, сыйқыршылық қыры да бар бақсылардың өзі ізбасарсыз қалар күй кешті. Қазақ сиқыршылығының яғни магиясының өз алдына дербес өнер ретінде қайта бас көтеруі мен дамуы соңғы онжылдықтардың, әсіресе реформа мен сыртқа есік ашудың, соған ілесе белсенді қолдаушы басшылар мен ырықты еңбектенген Нұркелді Қанатбекұлы сықылды сиқырпаз бауырларымздың арқасы деп білемін. Мына жиын да соған айғақ.
Сондықтан мен, ең алдымен, еліміз жан-жақтылы ұша дамыған мына бір тамаша жағдайда, орталық мәдениетте қуатты мемлекет құруды үндеп отырған, мәдени мұраларды қорғауды дәріптеп жатқан орайлы тұста, осыларға саналы да белсенді ілесіп, «Қазақ сиқыр өнері мәдениетін зерттеу, талқылау жиынын» өткізіп жатқан Моңғолкүре аудандық партком мен үкіметке, Іле Қазақ Автономиялы Облысының басшыларына, Әдебиет-көркемөнер бірлестігі мен Фолклор қоғамына және оған қарайтын «Сиқыр өнері ғылыми қоғамына», сондай-ақ осы салада еңбектеніп, сиқыр өнерімізді дамытуға зор үлес қосып келе жатқан Нұркелді Қанатбек сықылды бауырларыма алатаудай рахмет айтамын!
Мен қазақ сыйқыршылығын (тым құрығанда бақсы ойындары арқылы болса да) көріп не естіп өскен жанмын. Кейін келе тарихи романдар жазу барысында бақсыларға да, сыйқыршылыққа да соғуыма тура келді. Бертінде Жұңгоның атақты сыйқыршылары – Лю Чяң сықылдылар күшті ықпал қозғады. Нұркелді секілді бауырларымыздың өнері сөйлеуге шабыттандыра түсті.
Мен енді, сол шабытпен, сыйқыршылық туралы қысқаша пікір білдіре кетейін.
1. Магияның әр түрлі аты
Ханзушада魔术, 障眼法、掩眼法、戏法, т.б. деп
аталатын бұл өнер қазақшада сиқыр, сиқыршылық, көзбояу, дуалау, т.б. деп келінді. Түркиялықтар бүйү, әзерилер сихыр, орыстар маг дейді екен. Қазақстан қазақтары сиқыр, кейде магия деп те атайды.
2.Сиқырдың анықтамасы.
Сиқырдың бірлікке келіңкіреген үш анықтамасы бар:
(1) Тар анықтама бойынша, магия – ерекше шеберлік пен аспап арқылы иллюзия (жаңылту, 错觉) мен танымдық ағаттық (认知偏误) тудырып, көрерменнің көңілін ашу, оларды ой жетпесті орындаған әсерге бөлеу.
(2) Кең анықтамаша, төтенше иқуаттық (特瑞脑消金兽异功莫道不消魂能, Specific features) құрамды қамтымаған шарт астында, адамды таң қалтыратын, миы жетпейтін өнери әрекетті кәсіби шеберлік пен білім арқылы көрсету.
(3) Физика сықылды ғылыми ұғымдармен айтқанда, материяның жоғалмайтын заңы мен энергияның сақталу заңдарын қанағаттандыра отырып, дағдылы тәжірибелік ережелерге қайшы келетін әр алуан қылықтарды көрсету.
3. Сиқырпаз яғни магияшы.
Сиқырпазды әр тілде Маг, Бүиүчү, Саху, Magician,
Charmer, Mage, т.б. деп атайды. Ханзуша мошушы (魔术师). Ал, ертезамандағы ханзулар оны шуәнжы (“眩者”), хуәнрін (“幻人”) деп те атаған екен.
Сиқырпаз – магиямен айналысатын, бірақ оны орынсыз істетпейтін шеберлер. Сиқырпазда, көзбояушылық (障眼法) қана емес, оның ішінде обьектив құбылыстарға қайшы көрсетерлік өнер де, жетілген әдіс те, көрермен психологиясын тәп баса аңғарару да, келіскен орындаушылық зейін де (менталитет те) болады. Сиқырпаз сиқырды сәтті орындаудағы шеберлігі мен жаңа тапқырлыығы арқылы көрерменді аң-таң қалдырады.
Сиқырға жабдық, қолқанат, өзгенің сәйкесуі сықылдылар сөзсіз қажет саналмайды. Кейде қолындағы кішкентай бірдеңе арқылы да тәп-тәуір сиқыршылық көрсетіле береді.
4.Магияның тарихы.
(1) Өзге елдерде
Сиқыршылықтың қашан басталғаны жайлы сенімді дерек жоқ. Мөлшері адами харекет басталғаннан бері бар секілді. Оның алғашқы төркіні дін мен итағат.
«Ерте-ерте ерте, ешкі жүні бөртеде», адамдар табиғаттағы барлық істе сиқырбаздың (волшебник, 精灵) немесе құдайдың (бог, 神灵) араласы бар деп білді. Сонымен, сиқыршылар (巫师, Wūshī, Колдун) немесе шамандар (祭师, Jishi, Shaman) не не кереметтерді (мұғжиза, Чудо, 神迹) тудырды. Бұл өз тұсында дін мен итағатты тіпті күшейте түсті.
Магия туралы ең алғашқы жазбалар б.з.д. 2600 жылғы, демек 4 жарым мың жыл бұрынғы Мысырдан кезігеді. 1823 жылы табылған «Вескером жазбалары» дегенде, Дедшефудың Дедиі деген сиқыршының фирғаунға (法老王) ойын көрсеткені хатталған. Ол қаздың басын кесіп алыпты. Бассыз қаз жүре беріпті. Артынан қазға басын қайта орнатыпты. Ол қаз өзінің басқы, қалыпты, сап-сау күйін сақтапты. Бұл сиқыршы осы әдісті бұқаға да істетіпті.
Мысырдың дуал сызбаларынан (壁画, фреска) да магия туралы мазмұндар кезігеді екен.
Ертедегі Грецияда қасиетті орындар (зияратгаһ, 神殿) магиялық принциптерден пайдаланған. Мысалы, шаман зияратгаһтың есігін ашқанда, көрік (风箱, сильфон) желдетіп, михрабтан (祭台, Житай, Алтар) жалын маздатады екен. Бұл елде, ең ертедегі сиқырлық өнер жазбалары ретінде, «Тостаған мен шар» өнері (“杯与球戏法”) хатталыпты.
Нағыз тарихи магиялық ойын көрсетулер туралы жазбаларды бірінші ғасырдан бастап кезіктіруге болады.
Орта ғасырларға жеткенде, магия жұртшылықтың қатты қызығуын қоздырып, сиқырпаздар жәрменкелерде өнер көрсете бастаған. Ол кезде сиқырпаздарды интермедияшы (杂耍者, Zashua, қыстырма комедиялық пьесса қоюшы, Juggers) санайды екен. Магияшылар ел аралап, сері-салдар, ақын-айтыскерлер, түрлі өнерпаздармен бірге, ауыл алаңдарында ойын көрсете беретін болыпты.
Орта ғасырлардың аяғына таяғанда, Еуропа магиясы шіркеудің қатты қарсылығына тап болады. Ол тұстағы бұқара, дуалаушылар (巫术, колдовство) мен ерентәбиғи (Supernatural, 超自然) құбылыстарға қатты сенетін. Соған шіркеу мақұлдамаған сиқыршылықтың бәрі қарамагия (қара сиқыршылық) саналатын. Әшкереленіп қалса, сотталады екен. Талай сиқыр шеберлері сайтанмен (恶魔) ымыраласқан есептеліп, қатты жазаланыпты да.
Қаншалықты қуғыншылыққа ұшыраса да, сиқыршылық әрі қатерлі, әрі тартымды кәсіп бола берген. Кей сиқыршылар ішінара көзқарақты ірі жериелерінің, ақсүйектердің қолдауы мен қорғауына кенеліпті де.
300 жылдың алдында, шіркеудің қуғындауы насырға шабады. Ұлыбританияның патшасы Генри ҮІІІ (1491-1547жж.) тұсында, жазаның ең ауыры өлімге дейін барады. 16-ғасырдың соңын ала, елтілер (女巫, Nvwu, Jadwger, Mistan, Syqirbazsha) қырылып құруға тас қалады. Бұл ауыр жағдай, сиқыршыларды құтқаруды діттеген Скот жазған, сиқыршылықтың сыры туралы, ағылшынша, тұңғыш кітап «Сиқыршылық туралы ізденістің» (1584ж. Reginald Scot. «Discovery Of Witchcraft») жарық көруіне себеп болады. Бұл кітап сиқыршылық өнер мен оны жамылып бұзықшылық істейтіндердің мүлде парықты екенін ашқан, сиқыршылықтың талай сырын паш еткен, оның бір түрлі шеберлік екенін жариялаған.
Арғы тарихта, жұртқа ең тартымды өнерпаздар магияшылар болды. Мысалы, 18-ғасырда (әсіресе 1720 жылы) даңқы шыққан сиқыршы Айсай Ке Фокс ішінде түк те жоқ жұмыртқа дорбасынан үздіксіз жұмыртқа мен ұсақ нәрселерді шығарып елді таң қалтырған екен. Сол өнерімен қатты байыған Фокс, 1730 жылы қайтыс болғанда, артына бір миллион АҚШ долларын қалтырыпты.
19-ғасырда, театрлардың шаңырақ көтеруі сиқыршыларға жаңа орайларды тарту етеді. Шотландиялық (苏格兰), «солтүстіктің алыбы» атанған, сахна мен лампаны шебер пайдаланып, магияның жаңа кезеңін ашқан, фрак (燕尾服) киюді бастаған Жон Генри Андерсонның (John Henry Anderson. 1814-1874) атағы осы тұста шығып, өзінен кейінгілерге күшті әсер етеді.
20-ғасырда, қолына қандала (手铐, көзір, наручник) салынған жағдайда да, Жұңгоша су түрмесінен қашып құтылудың (脱逃) хас шебері, АҚШ-тық сиқыршы Һерри Худинидің (哈利·胡迪尼, Harry Houdini, 1874-1926) атағы жер жарады[1].
1930-жылдары кинофилмнің дүниеге келуі салдарынан сиқыршылық бір сәт бәсеңдегенімен, соңғы онжылдықтарда қайта көтеріліп, қазір тіпті шарықтауда.
Бүгінде, шетелдерде не не керемет сиқыршылар бар. Мысалы, Дауид Копперфиелд (David Seth Kotkin, 1956 жылдың төлі. АҚШ), Данни Коле (АҚШ) сықылдылар.
Қазақ сиқыршылығы өзге елдерде, бақсылық пен цирк сықылдылардан бөлек жолмен, өз алдына дамып барады. Алдағы күндерде сыйқыршыларымыздың белсенді ұмтылысы, басшылардың пәрменді де нақтылы қолдаулары арқылы біздегі бұл өнер де оларға жететін тіпті оларды басып озатынына кәміл сенемін!
(2) Жұңгода.
Жұңгоның мошу (魔术) дегені латынның Magi дегенінен келген. Мошуды зораастризм (拜火教) діні ұзақ уақыт пайдаланды.
Сиқыршылық Жұңгода да ұзақ тарихқа ие. Сонау 2000 жыл бұрынғы Хән әулеті тұсында «Иүйлоң мәнян» (“鱼龙蔓延”), «Доңхәй хуаңгоң» (“东海黄公”) деген сиқырлар болған екен. Оңтүстік Соң (南宋, 1127-1279жж.) заманында шифа (戏法, Ayla, Trick) деп аталған, сиқыршылық секілді ойындар ығайлардың той-томалақтарында, өлім-жітім рәсімдерінде, шағын аудандарда (瓦舍, Vacherie), көшелерде, мереке залдарында орындалыпты. Сиқыршылар дәстүрге мықты, көпе (大褂, Dagua) киетін, ең алдында жабдықтарын (мысалы, балықшишасын, фарфор табағын, гүлдігін, табасын, т.б.) ашып-жайып көрсететін болыпты.
Жұңго иқырбаздарының уәкілдік тұлғасы – Жоу Лянкүй (朱连魁). Оның ең атақты сиқыры «табақтан су ұшыру» (“大碗飞水”) екен. Жоу Лянкүй 1854-1922 жылдары өмір сүрген. Быдық болғасын аз сөйлеп, көп көрсетеді екен. Жоу Лянкүйден басқа Чың Лянсу (程连苏) сықылдылар да мықты сиқыршы болыпты.
Гуаңшүй (1875-1909жж.) тұсында Таң Зәйфың (唐再丰) деген «қаз айласының жинағы» (《鹅幻汇编》) атты, көп сиқырды қамтыған кітап та құрапты.
Қазір Азияның ең әйгілі сиқыршылары Жұңгода. Мысалы, жұртқа ең таныс Лю Чян (刘谦) және Ло Биң (罗宾), Жян Зы (简子), Чын Рішың (陈日升) сықылдылар.
5. Магияда көңіл бөлетін істер
(1) Магияның салдары
Сиқыршылықта көрсетілетін өнерлер нәтижесін түрлерге жия келгенде 20 нешеге топтауға болады екен. Мысалы,
А. Тудыру (出现, Production) мен жоғалту (消失, Vanish) немесе оның керісінше;
Ә. Адам өз көлеңкесінен бөліну, бассыз ару болу, т.б. секілді физикалық қалыпсыздық (反自然物理, Physical Abnormally);
Б. Екіден артық адам мен нәрсенің бірдей салдар жасауы сықылды өзара жүйкелік ықпал (симпафетикалық реакция, 变同,共鸣等交感神经反应, Sympathetic Reaction) тудыру;
В. Т.б. ...
(2) сиқырбаздардың анты
Сиқыршылар өз ішінде антқа тоқтайды және мұның нұсқалары көп. Бірақ тоқ етері мынаған саяды:
«Мен - сиқыршы сенімділікпен серт етемін: барлық іс-қимылымда магияның дамуын таған етем, сондықтан сиқырдың сырын басқалардан, әсіресе сиқыршылықтан сауатсыз және оған серт бермегендерден қатты сақтаймын; өзіме де, өзгеге де жауапкерлікпен қарап, көрсету алдында барынша жақсы машықтанамын, өз иқуатымды әйбат әйгілеп, адамзатқа атаймын. Осы антым!»
(3) Төтенше иқуат.
Магияны төтенше иқуатпен шатыстырмау керек.
Назариялық баяндауларда, төтенше иқуат (特瑞脑消金兽异功莫道不消魂能, Specific features) кейде ерен қабілет (超能力) деп те аталып жүр. Ол асқынпсихологиядағы (超心理学, Parapsychology) көңілдік ықпал (心灵感应, телепатия), жітілік (透视, perspektif ), сәуегөйлік (预知, Foreknowledge), оқу күші (念力,psychokinesis) сықылдылардағы тәбиғилықтан асқан қабілеттерге қаратылады.
Ғылымда мұндай қабілеттің бар-жоқтығы әлі дәлелденбеген. Бүгінгі әлемде, 20 неше зерттеу орны мұндай қабілеттің шынайы барлығын дәлелдеушіге бір миллионнан астам сыйлықты дайындап отырса да, ол сыйлықты алар жан табыла қоймады.
(4) Цирк пен сиқыршылық екі басқа өнер
Цирк (马戏, латыншаның cіrcus — дәлме-дәл, шеңбер деген сөзінен шыққан) — сахналық өнердің тағы бір өзге түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген мылқауша (пантомималық, 哑剧) ойын-сауықтар мен қызықшылардың (клоунның,小丑, хiǎochǒu) күлкілі әзіл-әжуаларын қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі шеберліктер (трюктер,技巧) мен эксцентрикаға (таңқаларлыққа) негізделген нөмірлерден тұрады. Сиқыршылыққа (магияға) ұқсамайды.
6. Қазақ сиқыршылығы (магиясы)
Шинжияң өңіріндегі қазақ сиқыршылығының ахуалы туралы «Көңілашар» көнцерт тобының басшысы, мемлекеттік 2-дәрежелі сыйлықтың иегері, көрермендердің алқауына бөленген магияшы, сыиқыр өнерінен әлі де берері көп азаматымыз Нұркелді аялдайтын болғандықтан, мен оған бұрылмаймым.
Мен сиқыршылық өнерінің қазақтағы тарихының ұзақ екенін баса айта кетпекпін.
Жоғарыда магия дін мен итағаттан бастау алған және ертедегі сиқыршылықты зороастрианизм (отқа табыну) пайдаланды дедік.
Қазақ халқының арғы аталары ең алғашында шаман дініне итағат етті.
Тарихтан бұрын Қазақ даласының батысында (Еділ бойында) пайда болған және әлемге жайылған бұл дін Солтүстік Азияға, соның ішінде кейін келе қазақты құраған тайплар өмір сүрген Ұлы Далаға кең етек жайып, диагнозға, емдеуге тіпті ауруға шалдықтыруға дейінгілерді қамтыған емшілігіне қоса сиқыршылығы да бар (巫觋, Wū xí, колдовство)дін болды. Қазақты құраған тайпаларда бұл қатты дамыды. Тіпті 21 ғасырдың арғы жағында, Хань Уди патшаның ордасында патша денсаулығына жауапты, қандас та жерлесімізден шыққан бақсылар жүрді.
Шаманизм өріс алған кезеңде, шамандар (萨满, 珊蛮, Shaman, 巫师, Ушы) сәуегөйлік, түс жору, астрология (占星), тіпті ауарайы мен соғыс салдарын тізгіндеу, ұжмақ пен тозаққа барып келу сықылдыларға дейін қолынан келетін тұлғалар саналды.
Қазақ ататегі саналатын сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, аландар біздің заманымыздың 11-ғасырына шейін шаманизмге итағат етіп келді. Оның кей ықпалдары бүгінгі өмірде де бар.
Шаман кейде саман деген аттың төркіні жайлы әр алуан тұспал бар. Бірақ ғалымдардың көбі «білімді» (“智者”) деген мағынаға ие түрікше сөз деп қарайды. Меніңше оның соңғы буыны «Ман» деген адам дегенді білдіретін, қазіргі қазақ тілінде кең қолданылып жүрген (оқырман, аларман, шабарман, т.б. лардағы) сөз. Ал, алғы буыны «Шам» (от, жарық, шырақ мағыналы) – от пен жарық.
Шаманизм бойынша шамандар немесе бақсылар қарапайым би, ағзалық тіл, өзіндік жыр, арнайы жабдықтары арқылы жындарымен де, тәңірлермен де хабарласады деп қаралады. Жұртты соған сендіру үшін олар сиқырлық өнерден де барынша пайдаланды.
Ал, шаманизмның бергі кезеңінде, христиан діні пайда болудың алдында, Орта Шығыс пен Батыс Азияда (Қазақ даласы да соның ішінде), тағы бір жағынан, зороастрианизм - отқа табынатын дін де етек алды. Ол ертедегі Персия мен қазақты құраған байырғы кей (Найман, Керей, Үйсін сықылды) тайпалар хандықтарының ұлыс діні де саналды. Отқа табыну діні деген Исламияттың төмендете берген атауы. Ертедегі ханзушада оны шянжяу (хынжяу, 祆教, «Көктің әмірімен түскен дін») деп атап, арнайы иероглифпен таңбалаған екен.
Ертеде кең мағыналы Батыс Өңірдегі жұрттың ататегі сақтар болды. Сақ ұрпағы саналатын парсылар мен түріктер бірін бірі билеген кезеңдерді бастан кешті. Неше мыңдаған сөздің және наурыз сықылды мерекелердің екі жаққа ортақ болатыны соның айғағы. «Наурыз» дегендегі күн мағыналы «рыз» біздің «рыздық» сықылды сөздерімізде сақталған. «Нау» деген жаңа деген мағынаны беретін сөз де, бәлкім, лексикамыздың бір түкпірінде жатқан шығар. Сиқыр сөзі де парсылар мен қазаққа ортақ (ирандықтарша,سحر). Зороастрианизм де сол сықылды болды. Бұл діннің ықпалы (мысалы, аластау, отқа құрмет, шырақ жағу, т.б.) қазақ ішінде әлі де жетерлік. Бұл дін өз құрамындағы сиқыршылықты қоса етек алдырды.
Зороастрианизмдік аңыздарда былай делінеді: Ахура Мазда (Маздау, лаулап жану деген мағыналы сөз қазақта әлі де бар) – жарыққа уәкіл, періштелерді (天使) ерткен, жақсы тәңір (Илаһ). Ал, Ангела Мануел – қараңғылыққа уәкіл, шайтандарды шұбыртқан, жаман тәңір. Бұлар ара қырқысқан айқас көпке созылады. Ахура Мазда жеңіске жету үшін алдымен отты, сосын дүние мен адамзатты жаратады. Ахура жеңіске жетеді. Оның тұңғыш табысы Зоратуштраның (琐罗亚斯德, Zoratushtra,查拉图斯特拉, б.з.д. 628-551жж.) дүниеге келуі екен. Зоратуштраның мәйіті (精髓) әр мың жылда бір ұл туатын болыпты. Ол үшінші ұлын «шайтан біткенді түп түгел тазалап, адамзатты нұрлы, әділ және ақиқатшыл патшалыққа енгізетін құтқарушы болады» депті-мыс.
Бұл дінді жаратқан, Ұлы Даланың батыс оңтүстігіндегі Медлер дейтін елдегі ақсүйек жауынгер (贵族骑士) отбасында туылған Зоратуштраның өзі. Ол 20 жасында аттанып кетіп, 30 жасында Тәңірден аян алғанын жариялайды. Дәстүри көп тәңірлік дінді реформалап, жаңа дін жаратады. Көп бөгеттерге тап болады. Қызын Ахамәни қағандығының бас уәзіріне ұзатқаннан бастап жолы ашылып, діні кең тарай бастайды. 77 жасында соғыста уафат болады. Зоратуштраның басты классигі - «Авеста» (Білім). Адам өлгесін қылкөпірден өтеді, оның тозаққа не ұжмаққа кіруін фәнидегі амалияты белгілейді, ақырзаманда ең соңғы үкім жарияланады, жаман жандардың да жаны жуылып тірілетін болады деген сықылды, қазақ арасына кең таралған дүние содан қалған.
Зоратуштра Ахура Мазданың тұңғыш ұлы - от, Тәңірдің абсолюттығы мен ізгілігінің символы, ақиқаттың көзі де осы от деп таныстырады. Қазақтағы аластау да, мазарларға шырақ жағу да, құрбандар ескерткішінің басынан жалын үзбеуі де осыдан қалған. Зоратуштраша от, су, топырақ ластауға болмайтын қасиетті нәрселер. Қазақ бұған қатты бағынып келді.
Демек, сиқыршылық осы діндер арқылы қазақ тайпаларына ерте кірген, соған ұзақ тарихқа ие болған. Алайда дін өзгерісі (Исламиятқа итағат ету, атейзмдік тәрбиенің жүруі) оны сан рет тоқтауға, үзіле жаздауға кіріптар етіп те отырған.
Ұзақ тарих барысында, мәдени ауыс-түйіс, діндік қана емес, сиқыршылық ауысуларды да ілгерілетті.
«Тарихи жазбалар» мен «Ханьнамада» Батыс пен Ортажазық ара келді-кеткен елші топтардың арасында сиқыршылардың да болғаны айтылады. Бұлар, әрине, ертедегі, қазақ сықылдыларды құраған тайпа-ұлыстарды (Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Алан елдерін) басып өтетін.
Міне осындай арғы тарихтан бастау алған қазақ сиқыршылығы бірде өркендеген, бірде құруға бет алған ұзақ тарихты бастан кешті. Бұл үдерісте қазақ сиқыршыларынан сырт, қазақ шамандары мен бақсыларының оң рөлі де зор болды.
Тарихтағы ең әйгілі Қорқыт ата бұған мықты мысал. Ол кісінің Сыр дәриясының бетіне батбайтын кілемін жайып жіберіп, үстіне отырған беті қобызын боздатуы қазір Батыс сиқыршылары тарапынан су бетінде жалаң аяқ батбай жүру боп орындалып жүр.
Қорқыттың шәкірттері ретінде Бағаналы Қойлыбайды және Балақай, Жанақ, Шөмен, Хамидолла, Сүйменбай, Танабай, Дәулет, Омар, Сламбек, Сәдуақас, Құсайын, Жетекбай, Тінеу, Ізтілеу, Аспандияр, Дархан дегендер аталады.
Ертедегі қазақ тайпаларының бақсылары
Қазақ сиқыршылығынан менің көргендерім мен естігендерімнің ішінен мысалға айта кетерлік мыналар бар:
Жалпы алғанда, бұларда хикмет қимылы арқылы, өзгелерді қысқа уақыт таң қалған (транс, 发呆, Fādāi) күйге түсіру басым болады екен. Ол әралуан өнермен жүзеге асады. Мысалы:
- Тіліп жіберу (мысалы, киіз үйдің туырлығын не кірпіш үйдің қабырғасын қақ айырып тастау);
- Өткірдің жүзімен жалаң аяқ жүру (Бұл бақсы болу сынағында да кезігеді);
- Шоқ темірді жалаңаш қолмен ұстау, аяқпен басу, тілмен өзі жалау, өзгеге жалату;
- Белін арқанмен буғызып, екі жағынан күштілерге тартқызу;
- Өткір пышақпен өз мұрнын өзі кесіп тастап, артынан тыртық қалмастай қалпына келтіре қою;
- Қобыздың ысқысын өз қабырғасының арасына кіргізіп шығару;
- Атты сөз бен жыр арқылы киіз үйге кіргізіп шығару;
Бұл жолы менің айтаым осылар.
Сиқыршылық дейтін аса маңызды өнеріміз бен бұған өз қырын көрсеткен Нұркелді секілі бауырларымызды шындап қолдаған басшылар мен мамандарға тағы бір рет алатаудай алғыс айтамын!
Ықыластарыңызға рахмет!
2013.07.26