Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Тату қатерлі ісік ауруларына алып келуі мүмкін

$
0
0

Тату қатерлі ісік ауруларына алып келуі мүмкін

25 Шілде 2013, 11:501280

Астана. 25 шілде. Baq.kz – Сәннің де есері бар, естісі бар. Тері ауруларына соқтыратын дене әшекейі бизнеске айналуда. Тәнді инемен шаншып нақышқа келтіруге не түрткі? Денесінде өрбіген суреті бар жанды дені сау ұрпаққа жатқызуға бола ма?

Жастар арасында денеге сурет салу үрдісі белең алуда. Тәнін инеге шалатын сәнқойлар салдарын ойлап бас қатырмайды. Ілияс есімді алматылық жігіт бірінші рет 17 жасында денесіне тату жасатқан. Қазір тәні суреттен көз ашпайтын халге жетті. Алғашында қызығушылықпен жазулар жазғызып, соңынан көлемі үлкен суреттерге құмарта бастапты.

Nellias, Рэп бағытын қолдаушы:

- Денемдегі татудан, біріншіден, қуат аламын. Мен үшін мұндай істің үлкен мәні бар. Бір жағынан өміріңді түпкілікті өзгерте алады. Мұндай қадамға баруыма мен ұстанатын бағыт әсер етпей қоймады. Қалың жұрт арасында бірден көзге түсудемін. Татудан қиындық көрмеппін.

Бағыт-бағдарды сол баяғы көгілдір жәшіктен көрінген шетел жұлдыздары береді. Артынша, дені сау ұрпақ лезде өлі клетка иелеріне айналады. Алматылық тұрғындарға мұндай суретті денеге салдыру 3 мыңнан 5 мың ақш долларына дейін барады. Қазір жастар арасында жұлдызшаларға, жапондық иероглифтар мен түрлі жазуларға сұраныс көп. Сау басына ауру іздейтін пенделер үшін мұндай сәннің бағасы жылдан жылға артуда.

Прохор ПИРОГОВ, Тату шебері:

- Денеге түсіретін татудың екі түрі болады. Біріншісі түрлі-түсті бояумен іске асса, екіншісі бір түсті бейне. Бояуларды арнайы АҚШ-тың заводтарында дайындайды. Ал, кейбір жандар тату салдарынан ісік алып, тері ауруына шалдығады. Егер тәніңді татудан кейін дұрыс күтпесен, айықпас дертке шалдығуың мүмкін.

Шеберлер Денеге сурет түсіруді "тату өнері" деп бағалайды. Бірақ, денеңе түскен сурет соңғы деміңді жұтқанша, сенен ажырамайды. Себебі, тату терінің 1,5 милимертріне дейін сіңеді. Алайда, мұндай суреттерді жасатқан Ілияс бұған қатты қынжылмайды.

Nellias, Рэп бағытын қолдаушы:

- Барлығы да ойластырылған. Қыран құс тек биікке өрлейді. Арыстанның бейнесі өз кәсібін ешкімге бермейтінін көрсетеді. Артымда - аю, достарым көп екенін көрсетеді. Ал, әбжылан кез-келген қиындықтан өте алатынымды білдіреді.

Ал, ақ халаттылар «тату салдарынан Рак ауруына дейін шалдығуы мүмкін» деп отыр.

Нұрлан СИМАҒАМБЕТОВ, Алматы қалалық тері-венерология диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

- Тері адамға берілгеннен кейін, демалыс қызметін атқарады. Күннен әсер алып отыруы керек. Ал, татуажбен, краскамен краскалап қойғаннан кейін , қасиеті жоғалады терінің. Сөйтіп, салынған нәрсе жаймен атқаратын қызметінен айыра береді. 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>