Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all 818 articles
Browse latest View live

Керемет сұхбат

$
0
0

МӘЖІЛІСТЕ МІН КӨП
http://static.nmn.kz/images/w400/media/upload/258/2014/11/26/dcd116d4f38090e6e4e9e17573887da6.JPG

Белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мырза Парламент депутаты болған кезінде Мәжіліс мінберінен де, ұлттық басылым беттерінде де өткір пікір айтудан тайсалмаған тұлға. Бұған дейін «Түркістан» газетінде бірқатар сұхбаттары жарық көрген еді. Қазір Ақтөбе мемлекеттік университетінде шәкірт тәрбиелеп жүрген ғалым жақында жетпіс беске толды. Қайраткер-ғалымның бүгінгі саясатқа деген көзқарасын білмекке арнайы хабарластық.

– Кезінде Парламент мінберінен ашық сын айтудан тайсалмаған депутат­тар­дың бірі едіңіз. Уақыт өткен соң жо­ғары заң шығарушы органның қазіргі қау­қары жайлы не айтасыз?

– Мен депутат болған кезімде Мәжіліс депутаттары белсенді болатын, батыл сын Үкіметке, тіпті Президент атына да айтылатын еді, ал бүгінгілер ондай емес деп айтқым келмейді. Мәселеге басқа қырынан қараған жөн болар. Бұрын да, бүгін де аз да болса тәуелсіз, өз ойын айтатындар, сондай-ақ кей­де өткір пікір айтып, кейде бұғатындар, сонымен бірге, қойын баққан қойшыдай бизнесін күйттеп, үндемейтіндер болған, бола да береді. Оларды пендешілік тұрғыдан түсінуге болады, бірақ азаматтық тұрғыдан халық қалаулылары деуге болмайды. Депутаттардың көбі әкімшілік саладан келгендер, оларды билік бұрын ноқталап тастаған, ертең депутаттықтан кетсе, сол ноқтасын кигісі келеді. Сондықтан кнопка басып, жеке шаруасын реттеп, тойған қозыдай жүре береді. Ал арасында «қызып» кетіп, өткір пікір танытып жатса, бірден облыс әкіміне «Сенің «депутатың» тәртіптің көпшілігін бұзды» деп хабарлайды, себебі ол депутат тізімге әкімнің қолдауымен еніп, депутат болған. Ал бизнестен келген депутат «мінез» көрсетсе, оның соңынан салық инспек­циясын салып қояды, ондай жағдайлар да болған. Біздегі пропорционалдық жүйе саяси бәсекелестікті әлсіретті. Көппартиялық Парламент деп атану үшін Мәжіліске заманы өткен 7 ком­му­нист, 8 кәсіпкерді әкелді. Мәжіліс те, Сенат та бұрынғы әкімдердің, мемлекеттік қызметкерлердің, министрлердің соңғы паналайтын ұясына айналды. Сондықтан мен депутаттар емес, біздің саяси жүйенің ішкі эволюциясы, заң шығарушы биліктің қау­қары азайды деп ойлаймын. Баяғы кеңес заманындағы психология «үндемесең, үйдей пәледен құтыласың», «тек жүрсең, тоқ жүресің» дегенге келдік. Кеңестік пси­хология бізге әрі үйреншікті, бейімделе қаламыз ғой. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін қазақ бүгін көрінбейді.

Бізде конституциялық биліктің үш тар­мағының тепе-теңдігі мен тежемелік жүйесі әзір қалыптаспай отыр. Төрелігін айтатын, қазылық парызын орындайтын сот билігі барлығын ұмытқанымыз қашан!

Саяси бәсекелестік болмаған жерде Пар­ламент те, халық та селқос, сылбыр, самар­қау келеді.

– Оның көріністері қандай?

– Көріністері көп. Әркім өз күн көрісінің қамы­мен жүр. Мысалы өзін-өзі жұмыспен қам­тамасыз ететін ауылдағы, қаладағы адамдар саясатқа бейжай қарайды. Парламент бір партиялық па, көп партиялық па, екі палаталық па, бір палаталық па – көптеген адамдар оған мән бермейді. Географиялық фактор да бар: қаладағы, ауылдағы, деп­рес­сивтік ауылдардағы адамдардың тұр­мысы әртүрлі. Бай адамдар ел, ұлт мәсе­лелеріне көңіл бөлмейді: қаржылары, бала­лары, отбасылары шет елдерде. «Халық қайыршы, тұрмыс ауыр, халық көтеріліске дайын» деген де дұрыс емес. Тәуелсіздік заманында біраз жекеменшік иелері пайда болды. Халық, әсіресе, жастар қарнының ашқанынан емес, қадірінің қашқанынан, мүмкін, ашынар. Белгілі саясаттанушы Самюэль Хантингтонның «Төңкеріске икемді ел ауру емес, төңкеріске қабілетсіз ел ауру» дегенін жиі айтып жатады. Ауру ел емеспіз, бірақ экономиканы саясаттан жо­ғары қойғандықтан саяси сауатымыз, демократиялық мәдениетіміз әлі төмен. Біздің елдің ауқымы, халықтың қоныстануы, тығыздығы, саны, елді мекендердің бір-бірі­нен қашықтығы да саяси негізде ұйымдасуға, демократия институттарының тиімділігіне жағымсыз ықпалын тигізеді.

Біз бүгін келісім мен тұрақтылыққа көп мән береміз. Ол өте орынды. Келісім мен тұрақтылыққа балама жоқ, тек бейбіт жағ­дайда ғана еліміз ілгері дами алады. Бірақ өмір тек келісімнен тұрмайды, «бірлігіміз жарасқан ел» деген идея – ол мұрат, ар­ман, оған қол жеткізу оңай емес. Өмір, социо­логия ғылымы тұжырымы бойынша, келісім мен дау, үйлесім мен қарсылықтан тұра­ды. Кедейлер мен байлар, саудагерлер мен сатып алушылар, банктер мен кредит алушылар, этностар мен этностар, діни топтар ара-қатынастары, ұрпақтар ара­сындағы қайшылықтар, ауыл мен қала тұрғындарының өмірге көзқарастары да үйлеспей жатады. Сондықтан осы өмірлік шындыққа тура қарау, олардың үйлестіретін жолдарын іздеп табу керек.

Тағы да бір назар аударатын мәселе – біз көріністердің себебін ішімізден емес, сырттан іздейміз, баяғы кеңес заманында барлық пәлені империализмнен көрген сияқты, бүгін біз де халықаралық терроризмнен, тағы басқадан іздейміз. Ауруын жасырған Кеңес Одағынан неге сабақ алмаймыз?

– Сонымен саяси жүйе, саяси ахуал тура­лы мәселені түйіндесек, қандай пікір­ге тоқтар едіңіз?

– Ең өткір мәселенің бірі, меніңше, елдегі саяси бәсекелестіктің жоқтығы. Бізде партиялар көп, бірақ көппартиялық саяси жүйе жоқ. Сайлауға дейін қай партияның қандай дауыс алатыны белгілі. Саяси монополия билік үшін сан жағынан ұтыс болғанымен, сапа, моральдық жағынан ұтылыс. Заң тұрғысынан алғанда барлық партиялар бірдей, заңға өкпелеуге болмайды. Ал сайлау кезінде де, күнделікті өмірде де насихатталатын бір партия ғана. Бәсекелестік болмаған соң, ол партия ішінен дағдарысқа ұшырай бастайды, ұры-қарылар, жемқорлық көріністері «жалғыз шапқан ат жүйріктің» күйін кешеді. Әкім нақты бір партияның жетекшісі болған соң, сайлау сол партия пайдасына шешілетіні белгілі. Облыстардағы мәслихат депутаты болу да көп жағдайда тек әкімнің рұқсатымен ғана болады. Сондықтан тартымсыз Мәжіліс, осалдау Сенат елді жалықтыруы мүмкін. Парламент тек заң шығарушы ор­ган ғана емес, өткір оймен, шешен тілмен жастарға үлгі болатын, елді ой­лан­­дыратын орган. Ал Парламентте партия­­лардың арасындағы бәсекелестік, шын­дығын айтсақ, жоғарыдағыларға жағымпазданудың бәсекелестігі төңірегінде. Бүгінгі партиялардың өз сайлаушылары жоқ, оны іздемейді де. Мақсат жоғары жақтың ойы­­нан шығып, Парламенттен шамалы да болса орын алу болып отыр. Сондықтан бізде Парламент бар, сайлаулар өтеді, сессиялар жүріп жатыр, заңдар қабылданады, бірақ парламентаризм қалыптаспады. Саяси бәсекелестік жоқ, Парламенттің атқарушы биліктен тәуелсіз, заң шығарушы органның ба­сым болуы – парламентаризмнің басты белгісі. Бірақ оны да тежеуге, оған да халық­пен есептесуге тура келеді. Биліктің үш тармағының тепе-теңдігі мен тежемелік дегені осы болар.

Әкім­дер арасында бәсекелестік те жоқ емес. Өзінің жұмысын Президентке берген дауыстың пайызымен өлшейтін әкімдер бар. Бірақ БАҚ-тың, әкімдердің шамадан тыс ынта, жүгіруінсіз де Н.Ә.Назарбаев президент болып сайланатыны, халықтың оны қолдайтыны белгілі. Айна­лып келгенде саяси бәсекелестіктің, ықпалды балама саяси партиялардың жоқ­тығы сайлауларды да тартымсыз етеді. Көптеген елдерде президенттік сайлауда саяси элита, губернаторлар, министрлер, мәдениет қайраткерлері, елге белгілі сенаторлар түсіп жатады. Ол, сөз жоқ, бәсекелестікті күшей­теді. Бәсекелестік елдің дамуы, болашағы туралы балама бағдарламалар тудырады, елді ойландырады. Бізде де ел сыйлайтын, мойындайтын азаматтар да сайлауға түссе шыңдалар еді. Сонымен бірге жағдайды терең түсінетін, саралай алатын сайлаушылар әлі аз. Сондықтан бізде билік институты – Президент, оның әкімшілігі. Мемлекет билігі бүгін Н.Ә. Назарбаев сияқты көреген тұлғаның қолында болғаны тиімді болып тұр. Елбасының экономикаға, ұлтқа, дінге, сыртқы саясатқа көзқарасы елдегі ахуалды реттеп, қоғамдық пікірдің негізгі бағытын анықтап отыр.

Саяси партиялар осыдан 150-160 жыл бұрын Еуропада өмірге келген. Сая­си элиталық топтардың бәсекелестігі мем­ле­кет­тің бағыт-бағдарын анықтап отырады. Ал оппозицияны тежеу ашық пікір алмасудың жолын кеседі.

Бүгін бізге де шынайы көппартиялық жүйеге бетбұрыс жасап, Президенттің де ұлт көшбасшысы ретінде барлық партиялардан саяси дистанция сақтауға ауысуы тиімді болар еді. Ықпалды саяси оппозициясыз ешқандай үкімет өз күшін, мүмкіндігін білмейді. Оппозиция ащы сынмен үкіметті алдамшы қиялдан, қателіктен сақтандырады.

Ертеңгі күн әр ел азаматтарын ойлан­дырады. Түрліше себептерге байланысты бүгін Ресейде В.Путиннің рейтингісі жоғары. Бірақ ертеңгі Ресей тағдыры не болады деп ойланушылар көп. Енді билік кімге бұйырады? Билікқұмар И.Сталин келе ме, әпербақан Н.Хрущевке бұйыра ма, марапат пен рахатқа тоймайтын Л.Брежнев таққа отыра ма, солқылдақ М.Горбачев басқара ма, әлде орыс кемесін популист Б.Ельцин жүргізе ме дегендей сауалдар көп. Бізді де сондай ойлар мазалайды.

– Таяуда ғана Парламент Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы келісім-шарт­­ты ратификациялады. Бұл оқи­ғаны әлдебіреулер Қазақстанның өз егемен­дігі­нен біртіндеп айрылуы деп санай­ды. Шын­дығында, бұл Одақтан тәуел­сізді­гі­мізге төнген қауіп бар ма?

– Медицинада «фантом дерті» деген құбылыс бар. Адам денесінен ауруға, жара­қатқа байланысты қолын, болмаса аяғын кесіп алып тастағанда, оның жарасы жазылғанымен, организм бәрібір бөлінген мүшені іздеп, оның орны ауырады да тұрады екен. «Фантом дерті» сияқты дерт отарлаушы елдерге де тән. Отарланған ел тәуелсіздік алғанмен, отарлаушы ел, оның халқы отарлаған заманды аңсап, мүмкіндігінше сол елдерге қалайда өз билігін жүргізгісі келеді де тұрады. Ол Ұлыбритания, Франция, басқа да елдерге тән. Еуропа мемлекеттері ешуақытта бірін-бірі отарламай, жерінің ірі-уақтығына қарамай, көрші ретінде сыйласып отырған. Олар басқа континенттегі елдерді отарлады, ал Ресей көрші елдерді отарлады. Балтық жағалауындағы елдерден бастап, Украина, Белоруссия, Молдавия, Кавказ, Орталық Азия жерлерін бағындырды. Кейін Моңғолия, Қытай, Кореяны да өз ықпалында ұстағысы келді. Ресей империясы осылай өзімен шекаралас елдерді өзіне қорған етті, орыс еліне құрлықтан келген жау бірден Ресейге баса-көктеп кіре алмайтындай етті. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Ресей «жалаңаш» қалды, бұрынғы советтік республикалардың көбі іргесін Ресейден аулақ салды, тіпті қарсы саясат ұстанды. Олар Ресеймен одақтас болуға үзілді-кесілді қарсы. Себебі Ресейдің «фантом дерті» бүгін дербес елдер – көршілеріне қауіп туғызып отыр. Молдавиядан Приднестровьені, Грузиядан Оңтүстік Осетия мен Абхазияны, енді Украинадан әуелі Қырымды, бүгін Донбас пен Луганск аймақтарын бөліп алуға жанталасып жатыр. Сондықтан тәуелсіздігімізге қауіп үнемі көршіден төніп тұратынын білуіміз керек. Германияның саясаттанушы ғалымдарының бірқатары неміс ұлтының ішкі жан дүниесінде нацизм әлі де отыр, қолайлы жағдай туғанда, ол бас көтереді дегенді айтады. Сондықтан Германия фашизм дертінен тазарды деу асығыс пікір. «Фантом дерті» – орыс астамшылығы сырттағы да, іштегі де орыс­тардың санасын терең жайлағанын ескеруіміз керек.

Сонымен бірге, Марк Твен айтқандай, тәуелсіздікке қол жеткізген ұлт саяси лотереяда пілді ұтқанмен бірдей, ол пілді асырау керек. Тәуелсіздіктің пілдей ауыр жүгін көтеру, дербес экономиканы қалыптастыру да оңай емес. Тәуелсіз елдер енді экономикалық өзара тәуелсіздік, алыс-беріс жағдайында өмір сүреді, тиімді экономикалық одақтастарын іздейді. Оны ең алдымен жақын көршілерінен іздейді. Сөз жоқ, Ресей сол іргелес көршіміз. Осы тұста ХХ ғасырдың басындағы Мексика президенті Порфирио Диастың зары есіме түсе береді: «О, Мексика, сен Құдайдан қанша қашықсың – Америкаға сонша жақынсың!». Біз – Ресеймен ортақ 7500 шақырымдық шекарасы бар елміз. Ресей біздің табиғи, құдайы көршіміз, Ресеймен жақын қарым-қатынаста болу – ондағылардың жақсы, жаман ниеттеріне қарамай – бізге Құдайдың бұйрығындай. Кейбір Орталық Азия елдеріндей кейде біз тату, кейде қату бола алмаймыз. Еуразиялық Экономикалық Одақ біз үшін ең алдымен саяси жағынан да тиімді: ішіміздегі орыс, славяндар Ресеймен одақтамыз деп тыныш жүреді, оны ескермеуге болмайды. Бұл жерде осындай саяси есеп те жоқ емес.

Бірақ бүгін рублі құлдырап, экономикасы әртүрлі жазалауға ұшырап отырған Ресеймен одақ тиімді бола ма деген сауалды қазақ­стандықтар көп қояды. Тіпті, ресейлік ірі қаржы мамандары бүгін Ресейдің эконо­микалық саясатын сынап жатыр. «Сбербанктың» төрағасы Герман Греф жуырда Ресей экономикасын орынды сынға алып, оны «мобилизационная экономика», немесе экономиканың заңдылықтарымен емес, күшпен жоғарыдан таңылған жолмен жүретін экономика, «жұмылдырылған экономика» деді. Ол мынандай мысалдар келтіреді. «ТУ-144 ұшағы мен «Конкорд» ұшақтары бір-бірімен өте ұқсас, «Боран» ғарыш кемесі мен «Шаттл» бір-біріне жақын. Неге олай? Олар физика заңына негізделген. Ал экономикада неге біздер оның заңдылықтарын негізге алмаймыз? Физика заңдарын сыйлаймыз, ал экономика заңдарына келгенде оларды неге мойындамаймыз?», – деді.

«Жұмылдыратын экономика» деген не? Барлық экономикалық, қаржылық, басқа да ресурстарды мемлекет өз қолына шоғыр­ландырады, бюджет арқылы мемлекеттік компанияларға бөліп беріп отырады. Бұл тиімсіз басқару. Осындай саясат, надандық Кеңес үкіметінің түбіне жеткен. Ол заманның басшылары экономикада заңдылықтар барлығын білмеді. Олар сонысымен бақытты еді. Біз осыдан сабақ ала алмай отырмыз, өткен қателіктерді қайталау өкінішті. Санкциялар бізге пайдалы, жаман айтпай жақсы жоқ деп көңілді көтеру, тыраштану пайда бермейді», – деп ойландырды ол.

Екінші бір мықты экономика маманы, бұрынғы қаржы министрі А.Кудрин премьер-министр Д.Медведевті қатты сынға алды. Ол өз еркімен Д.Медведевтің командасында жұмыс істемеймін деп отставкаға кеткен. «Санкциялар 1 триллион рубль зиян келтіреді», – деді. «В.Путиннің рейтингісі халықтың табысының өсіп, жағдайының жақсарғанынан емес, саяси жағдайға байланысты. Оның Кеңес Одағын аңсайтын саясатында», – деді А.Кудрин сұхба­тында.

Тек экономика ғана емес, инновация саласында да Ресей әлі көшбасшы елдердің ең соңында. Тек Ресей ғана емес, Кеңес Одағында болған елдердің басым көпшілігі сондай жағдайда. Дамыған елдерде жасалған техника мен технологияны меңгерудің өзі біздерге үлкен қиындық туғызатынын өзіміз де көріп отырмыз.

Әлемдегі әйгілі 50 университеттің 30-ы – америкалық, 11-і – еуропалық, 4-еуі – азиялық, ал 3-еуі – Канададан. Әлемдегі 50 ең белгілі жоғары инженерлік және техникалық оқу орындарының 22-сі – америкалық, 11-і – еуропалық, 13-і – азиялық. Олардың ішінде қазақстандық түгіл, ресейлік оқу орындары бірен-саран.

Қытайда таза ғылыми зерттеулермен 1 миллион 400 мың адам айналысады, АҚШ-та да зерттеушілердің саны соған тең, Ресейде ғалымдардың саны 3 есе кем. Ғылыми жарияланымдар саны Қытайда (жылына 1,1 млн.) Ресейден 4 есе, ғылыми патенттер саны 7 есе артық. Еуразиялық Одаққа кірген елдердің ғылыми әлеуеті өте төмен екендігі көрініп тұр. Экономикалық дағдарысқа байланысты ЕуроОдақ елдері ғылыми зерттеулерге 2013 жылы 10 миллиард дол­лардан астам қаржы бөлсе, 2014-2020 жылдарға жылына 15 миллиард доллар бөлінетін болды. Ал біздің көршіміз Ресей Қытай сияқты инновацияның моторы ретінде саналмайды.

Өкініштісі, біздің де, Ресейдің де эко­номикасы ғылыми инновацияға, жаңару­ға мүдделі емес, біздің экономикамыз да имитациялық экономика немесе қайта­лайтын, еліктейтін экономика. Бұл, әсіресе, автомобиль жасауда көрініп тұр. Ресей ин­новация саласында 132 елдің ішінде 64-орында, біз 72-орындамыз. Біздің бизнес шынайы бәсекелестік болмағандықтан жаңа технологияға мұқтаж емес. Кеңес заманының бұғауы сананы әлі де ноқталауда. Қазір Ресейдің тым қарапайым танкілері, «Протон» сияқты ракеталары, ұшақтары, ғарыштық аппараттары басқаларды қызықтырмайды. Біз де әскери техникаларды басқа елдерден сатып ала бастадық. Украинаның ЕуроОдақпен интеграцияға ұмтылысы, Ресейден белгілі бір қашықтықта болуының астарында патриоттық ұстаным жатқаны сөзсіз.

Ал енді «Экономика жағынан әлсіреп бара жатқан, ғылыми технология жағынан мешеу Ресеймен Одаққа бару бізге тиім­ді ме?» деген сауал жиі айтылады. «Неге Парламент 10 желтоқ­санда талқылаймыз деген Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты заңды уақытынан бұрын, 1 қазанда қабылдап жіберді?» деген сауалдар да қойылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың Ресейге де тиімді емес екендігін Ресей ғалым­дары да айтуда. Олар Ресейдің Қытайға, басқа шығыс елдеріне, Латын Америкасына, Еуразиялық Одаққа зор мән беріп, Батыс елдерімен қарым-қатынасты шиеленістіруі түптің түбінде пайда әпермейді, керісінше, шығынға ұшыратады деген ойды алға тартады. Ресей – ұлы теңіз державасы, оның болашағы зор, ал құрлық мемлекеттері әрқашан да кедей елдер. Оған Латын Америкасында, Африкада мысалдар көп. Ресейлік экономика саласының көрнекті ғалымы В.Иноземцев мысалға Қазақстанды келтіреді. «Скажем Казахстан до сих пор отправляет 84 процентов своей нефти в Европу и на мировой рынок через Россию, и только 16 процентов по недавно построенному трубопроводу в Китай». («Литературная газета», 17-23 қыркүйек, 2014 ж.) Еуразиялық одаққа кірушілер теңізге шыға алмайтын, мұнай мен газға зәру елдер. Белоруссия, сондай-ақ Армения мен Қырғызстан да оған сұранып отыр, кешікпей Тәжікстан да ол Одақтың есігін қағар дейді автор.

В.Иноземцев Еуразия идеясы Ресей үшін кесірлі, ал басқалар үшін пайдалы дейді. Сондықтан 37 мың 800 шақырым жағалауы теңіз­бен шекаралас Ресейге ол география тұрғысынан өзінің сыртқы және ішкі саясатына балама ұсыныстарын айтады. Ресей ғалымдарының пайымдауынша, Еуразиялық Одаққа Ресейден гөрі Қазақстан мүдделі. Шындығында, екі жақта мүдделі, Ресейге де өз тауарын жақын Қазақстанға, Қазақстан арқылы Қытай, басқа елдерге шығару пайдалы.

Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысқа толы сөздерінде Н.Ә.Назарбаев: «Картаға қарайық. Қазақстан құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз жоқ», – деді. Ойын жалғастыра келіп: «Сонда біздің теңізіміз не болды? Біздің «теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің теңізіміз – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз». Ойын түйіндей келе Елбасы: «Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан экономикалық одақ», – деп басып айтты.

Дегенмен неге біздің халық Еуразиялық одаққа байланысты алаңдаушылық білдіреді деп отырсыз ғой. Ол рас, алаңдаушылық бар. Оның себептері экономикалық емес, психологиялық салада жатыр.

Біріншіден, психологиялық сақтану үрдісі заңды көрініс алып отыр. Біздің санамызға «Одақ» десе Кеңес Одағы, сол замандағы кіріптарлық оралады, бірақ Ресеймен экономикалық қарым-қатынастан ешкім де қашпайды.

Екіншіден, Одақ десе ресейліктердің де көңіліне Кеңес Одағы оралады, олар сол замандағы билеп-төстегенін, «Широка, страна моя родная» деп, әр республикада кердеңдеп жүргендеріне қайта оралғысы келеді. Осылай «Фантом дерті» қозады. Еуразиялық Одақ мақұлданбастан бұрын Ресей саясаткерлері ортақ валюта, Ортақ парламент, Ортақ саяси кеңістік туралы мәселе көтерді. Өз кезегінде бұл әңгімелер бізді де, әрине, ойландырады. «Саяси емес, экономикалық Одақ», – деп Н.Ә. Назарбаев қадап айтты.

Экономика және инновация саласында Еуразиялық Одақпен шектелмей, Еуро­одақпен, басқа да дамыған елдермен жан-жақты қоян-қолтық қарым-қатынасты терең­дету саласындағы Елбасының қадамдары көңілге зор сенім ұялатады.

– Дінтану пәнін мектептерге фа­к­уль­татив түрінде енгіздік. Бірақ бұл пән жас ұрпақтың имандылыққа ұйып өсуіне жағ­дай туғыза ма?

– Мектептерде бұл пәнді оқыту ертерек бас­талды. Жоғары оқу орындарында ең алғашқы болып сол кездегі Ақтөбе мем­лекеттік педагогикалық институтының рек­торы Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышевтың бастамасымен 2010 жылы енгізілген, ол барлық факультеттерде міндетті пән болды. Басқа жо­ғары оқу орындары бұл пәнді 2012 жылы оқыта бастады. Онда да міндетті пән емес, таңдау пәні болды. Бұл пәнді оқытудың тәжірибесі бізде де, жалпы посткеңестік елдерінде де болған жоқ. Бізде «діни педагогика», «діни тәрбие» деген ұғым­дар кейін пайда болды. Бірақ бұл пән кейбір деректер бойынша, 140 мемлекетте оқытылады. 73 мемлекетте тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылар үшін міндетті пән. Ал 54 елде діни пәндерге берілетін уақыт 388,4 сағат немесе жалпы оқу сағат­тарының 8,1 пайызы. Сауд Арабия елінде ол 31 пайызын құраса, Йеменде 28 пайызын құрайды. Қазақ халқының 1917 жылғы революцияға дейінгі имандылық тәрбие тәжірибесінен біз қол үзіп қалдық. Ал қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетінде рухани тәрбиенің мол үлгілері жинақталған.

«Дінтану» пәнін оқытудың азды-көпті жиналған тәжірибесімен бөлісіп, бұл пәннің ғылыми-педагогикалық қағидаларын айқындау мақсатында тұңғыш рет Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 17 қазанында ғылыми практикалық конференция өтті. Конференцияда Еуразия ұлттық универ­ситетінің профессоры, теология және философия ғылымдарының докторы Досай Кен­жетай, Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім меңгерушісі, фило­софия ғылымдарының докторы Бақыт­жан Сатершинов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Р.Бекназаров, мектеп мұғалімі Б.Тұрмашева, тағы басқалар пленарлық отырыста тартымды баяндамалар жасады. Конференцияда барлығы 40-қа жуық баяндамалар мен хабарламалар талқыланды. Мұғалімдер де, студенттер де көп мәселелер төңірегінде ойланып жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Конференция бірқатар маңызды ұсы­ныстар қабылдады. Мысалы «Дінтану» пәнінің қазіргі «таңдау пәні», факультатив мәртебесін қайта қарап, мектептер мен жо­ғары оқу орындарында оған «міндетті пән» статусын беру қажеттігі туралы айтылды.

Дегенмен осы ұсыныстарымызды кімге жолдарымызды білмедік. Конференцияны дайындау барысында Білім мен ғылым министрлігіне, оның орта білім, жоғары білім, жастар саясаты департаменттеріне хабарласып едік, елең еткен ешкім болмады.

Ал бүгінгі күні мектептер мен жо­ғары оқу орындарында дін төңірегінде жаңа рухани ахуал қалыптасып келеді. Оқушы­лардың, студенттердің, мұғалімдердің де дін мәселесінде өз ұстанымдары мен таң­дау­лары бар. Дінге қызығушылық өте зор. Ал елімізде мектеп, жоғары оқу орын­­дарындағы жалпы тәрбие мәселесін реттейтін, әсіресе, тарих, саяси-әлеуметтік пән­дердің мемлекет мүддесі тұрғысынан бет алысын айқындайтын, кадрларды іріктейтін, оқулықтарды сараптайтын бір орталықтың жоқтығы көрініп тұр.

Мәселе идеологиялық монополияны, өткен замандағыдай бұлтартпай барлығын бақылайтын басқаруды қайтадан жаңғыртуда емес. Елбасы айтқандай, тарих арқылы ұлттық рухты тәрбиелеу қандай қажет болса, басқа да әлеуметтік пәндердің тәрбиелік потенциалын көтерудің де қажеттігі барлығы белгілі. Гуманитарлық пәндердің әлеуметтік топтардың, этностардың, әртүрлі діндегілердің ортақ құндылықтар негізінде мүдделерін үйлестіруге тәрбиелейтін мүмкіншілігі зор. Өкініштісі, біздің «Білім туралы» заңымызды Сенат 2007 жылы шілде айының басында Мәжіліс тармағынан кейін 3 күнде қабылдаған. Онда тәрбиеге арналған бір де бір бап жоқ. Ал «Білім» деген ұғымның мазмұнында тәрбие де жатыр. Сондықтан бұл заң білім туралы емес, оқыту (обучение) туралы заң. Министрліктің жастардың тәрбие мәселесімен айналыспайтыны осыдан болар. «Бағуы кеткен мал әлек, бағымы кеткен ел әлек» дегендей, жастар тәрбиесін жөндеп қолға алатын уақыт жетті.

– Ұлтшылдық өзге ұлтты кемсітпей, өз ұлтының мүддесі үшін еңбек ету болғанда, ұлтсыздық деген не? Бізде ұлтшылдық басым ба, ұлтсыздық басым ба?

– Кеңес заманынан бізде ұлтшылдық (национализм) жағымсыз, тіпті зиянды ой-пікір, саясат деп келді, әлі де солай ойлайтындар, әсіресе, орыстілді ортада көп. Ал кезінде В.И. Ленин ұлтшылдықты саны көп халықтың ұлтшылдығы мен (ол негізінен орыстарды айтқан) саны аз халықтардың (қазақтар, грузиндер, т.б.) ұлтшылдығын, отарлаушы ұлт пен отарланған ұлттардың ұлттық идеяларын салыстырып, грузин, қазақ сияқты саны да аз, отарланған ұлттардың ұлтшылдығы – демократиялық үрдістегі, теңдік үшін, тәуелсіздік үшін жағымды деп баға берген. В.Ленин негізінен орыс патриоты, Ресей болашағы үшін орыстарға ептілік, дипломатия қажет деп орыстарды сынаған. Тек жұмсақ саясат арқылы ғана Кеңес Одағын сақтап қаламыз деп ескерткен. 1922 жылы В.Ленин тісі ауырып, Кремль ауруханасында емделіп жатқан тұста орыстардың грузиндерге, еврейлерге, украиндықтарға, басқаларға жасаған озбырлығы туралы телефонограммалар оның атына ағылып келеді. Сонда ол: «Как только удалю больной зуб, со всеми оставшимися зубами буду грызть великорусский нацио­нализм» деп, саяси бюроға ауруханадан қысқа хат жолдапты. Біздің ұлыдержавалық астамшылығымыз түбімізге жетеді деп орыстарды сақтандырды. Кейін И.Сталин ол өсиеттерді ұмытты. Ал В.Лениннің «велико­русский национализм» туралы сөзін кеңес заманында мақалаларымда талай рет еске салып отырдым, бірақ цензура өткізбеді.

Батыс саяси ілімінде ұлтшылдық бей­тарап ұғым, жағымды, жағымсыз деп нақты бағаны тек нақты жағдайға бай­ланысты айтуға болады. Кеңес заманында ұлтшылдық (национализм) жеке адамдарға, интеллигенция өкілдеріне, кейін тіпті тұтас қазақ ұлтына тағылды. Шынайы ұлтшылдық – ол ұлттық патриотизм, ұлттық намысын қорғау, бөтендерді кемсітпеу. Өзіңді басқамен тең көріп, кем көрмеу. Қазақ ұлтшылдығы деген осы болар деймін. Ал ұлтшылдық асқынып, басқаны шеттете бастаса, өз ұлтыңды сынау да жағымды ұлтшылдық. Бүгін қазақты дарақылықтан, орынсыз тыраштанып, еліктеуден сақтандыру бұл да – ұлтшылдық. Ал ұлтсыздықтың табиғаты әртүрлі. Қазақ ұлтсыздығының тарихи себептері де бар. ХХ ғасырдың 60-жылдары қазақ өз елінде азшылыққа айналды, елдің 70 пайызы орыс, славян, православ, лютеран, басқа дін, тіл өкілдері болды. Қазақ сол ортаға бейімделді, ұлтсыздыққа ұшырады. Сол дерттен әлі айыға алмай жүрміз. Қазақтың соры да, бағы да орыс тілін ана тілінен артық білетіндігі. Ана тілім – қазақ тілі деп айтқанмен, сол тілде таза сөйлеуге ұмтылыс аздау. Қазақ тілінде шығарма жазатын ақын, жазушыларымыз да орыс сөздерін араластырмай сөйлемейді. Сөйте тұра тілім деп зарлайды. Тілдің тағдыры бүгін қазақтың өз қолында, заң қосымша тетік, оған мән беретін билік көрінбейді. Дегенмен ұлттық париотизм ұлтсыздықты шым-шымдап ығыстырып келеді, оны қазақ тілінде оқитын қазақ жастарының санынан көруге болады. Ал сан бірте-бірте сапаға ауысады. Үмітсіз болмайық, намысты қам­шылайық!

Берілген сауадарыңызға байланысты әртүрлі мәселе төңірегінде әңгіме болды. Оқырманға, имам Әбу Ханифа айтқандай, ақиқат ой болса – Алладан, қателік ой-пікір – менен дегім келеді. Рахмет!

– Сүбелі ойларыңызды ірікпей жа­йып салғаныңыз үшін сізге де рахмет!

Сұхбаттасқан

Гүлбиғаш ОМАР


Әлемнің ашылмаған құпиялары

$
0
0

Әлемнің ашылмаған құпиялары

26.11.2014 20:31 Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

088

Төрткүл дүние тылсымын бүгінге дейін бүгіп жатыр. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сан ғасыр өтсе де, түйткілі көп жұмбақ жетерлік. Бірақ дүниеде ақылы асқан нәрсе – адамзат қана.

Бірақ ең өркениетті делінген, жиырма бірінші ғасырдың ақыл-данагөйлерінің өзі ғасыр қойнауында жатқан құпияны әлі күнге дейін аша алмай әлек. Ол не сонда?!.

1902 жылдың 29 желтоқсанынан 30-на қараған түні сағат 1-ден 5 минут өткен сәтте Париж көшелерінде жүріп тұрған сағаттардың барлығы бірер минутқа жетер- жетпес сәтте тоқтап қалды. Не әсер етті? Мұның себебі неде? Бірер минуттан кейін қайтадан сыртылдап жүре бастаған сағаттың жүрісінде беймәлім не сыр жатыр? «Париждік тоқтау» деген атпен тарихқа еніп кеткен бұл тосын оқиғаның астарында не бар? Әлде, бірер секундтық жер сілкінісі болды ма? Бұл сұрақ ақылдылар мен тақырбастардың миын әлі күнге дейін жегідей жеп келеді. Бір қызығы, сағаттың тілі бірер минут тоқтаған сәтте адамдардың басы айналып, жүрегі айни бастаған. Париждің «Білім хабаршысы» басылымы есінен танып, құлап түсіп, артынан өз-өзіне келген адамдар туралы да жазған. Сонда сағаттың тіліп тоқтатып, адамның ағзасына әсер еткен не нәрсе? Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін осынау белгісіз құбылыстың құпиясы ашылмай келеді. Бұл жағдай әлемнің басқа бірде-бір елінде қайталанған емес. Оның үстіне серіппелі тетігі (пружинасы) бар сағаттарға бұл жайт әсер етпеген, тек тербелмелі сағаттар ғана тоқтап қалған. Бұған Жердің қандайда бір тартылыс күші ықпал етті ме? Белгісіз. Ғалымдардың айтуына қарағанда, қандайда бір геофизикалық феноменнің болғаны ақиқат. Тағы бір шындығы, мұның сырын осылай білмеген күйі өтуіміз де мүмкін.

Әлемде сырын бүгіп келген оқиғаның бірі –Тунгус метеоритінің құлауы. Бұл 1908 жылдың 30 маусымында жергілікті уақыт бойынша, таңғы 7:15-те Шығыс Сібірдегі Тунгус өзенінің аумағында орын алды. Бұл жұмбақты саяхатшылар ғана емес, ғалымдардың өзі қанша зерттесе де, шеше алмады. Бірақ жорамалдаушылар өте көп. Дегенмен, осы өлкеде болған аса үлкен жарылыстан айналасы 100 шақырым төңіректегі деревнялардың үйлері құлап, шатырлары ұшып, терезелері сынып кеткен. Бұл жарылысты ғарыштан аса үлкен жылдамдықпен құлаған Тунгус метеориті деп болжайды. Жарылыстың дүмпуі мыңдаған шақырымға, тіпті Иркутск, Петербургке дейін жеткен. Бірнеше күн бойы Сібір аспаны айдай жарық болып, көше шамдарын жағудың қажеті болмаған. Нысанның құлаған тұсы белгілі болғанымен, қиян түкпірдегі жер болғандықтан, оны зерттеудің сәті 1927 жылдары ғана мүмкін болды. Зерттеушілердің айтуынша, жарылыс болған жердің төңірегіндегі жуан діңді ағаштар айнала жапырыла құлап, 15-30 шақырымдағы ағаштың күйгені анықталған. Бірақ аса күшті жарылыстың орнынан не үңірейген шұңқыр немесе аспан денесінің сынығы табылмаған. Сонда ол жерге не құлаған, метеорит пе, жоқ әлде басқа нәрсе ме? Метеориттердің құлауы тарихта жиі кездеседі. Тіпті өткен жылы Челябинск маңына құлаған метеорттің сынықтары да табылды. Ал Тунгус метеориті туралы дерек жоқ. Бір бөлшек те табылмаған. Құлдилап келіп, жерге сіңіп кетті ме? Бірақ ізі жоқ. Сонда бұл не? Ғалымдарды бұл мәселе әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Жұмбақ нәрсе ашылмаған күйі қалатын да шығар. Тарихқа көз жүгіртсең, ғасыр қалтарысында қалған құпия оқиғалар өте көп. Соның бірі 1911 жылы 14 маусым күні Италияда орын алған. Римнің темір жол вокзалынан «Санетти» фирмасы жабдықтаған пойыз жолға шығады. Оның вагондарында 106 жолаушы бар, саяхаттауды мақсат еткендер Италияның бай-манаптары пойыз тоннельге жақындаған сәтте айран-асыр қалады. Тоннельдің кіреберісі тұманданып кетеді де, ары қарай ештеңе көрінбейді. Ұзындығы бір шақырымға созылған тоннельге пойыз кірген сәтте, адамдар есінен адаса бастаған, тек екі жолаушы ғана шошынып, дереу жерге секіріп үлгерген. Ал пойыз ары қарай жүріп кеткен. Бірақ тоннельдің екінші жағынан пойыз шықпаған. Сонда 106 жолаушы мінген пойыз қайда кетті? Ізім-ғайым жоқ боп кеткен жолаушылар пойызының дерегі қанша іздесе де табылған жоқ. Жер жұтты ма? Жоқ, көктегі кеңістікке кетті ме? Бір дерегі болмаған пойызды ақыры итальяндықтар іздестіруді қойды. Ал тірі қалған екі адам ауруға шалдықты. Есі кіресілі-шығасылы жағдайда жеткен екі жолаушы тергеушілер мен оқиғаны зерттеушілерге ештеңе айтып бері алмаған. Тек мұрынға бір улы сұйықтықтың иісі келгенін ғана айтып берген. Тек олар пойыз жүрісін сәл баяулатқан сәтте секіріп үлгерген. Бары осы. Кейіннен тоннельді қанша тексерсе де, ізім-ғайым дерек болмаған. Ақыры ештеңе таппаған соң Италия билігі тоннельдің екі жағын таспен қоршап, бітеп тастады. Одан кейін ол жерден еш пойыз өткен жоқ. Италия билігі рұқсат етпеген жұмбақ тоннельге кейінгі соғыс кезінде әуеден тасталынған бомба түсіп, қызмет етуін мүлде тоқтатты. Ал аман қалған әлгі екі адам кейін өз-өздеріне келгенімен, толыққанды ештеңе айтып бере алмаған. Сөйтіп, «өлім тоннелінің» жұмбақ сыры тағы да ашылмаған күйі қалды.

Ғалымдар 1924 жылы Оңтүстік Африканың солтүстік батысындағы Таунга поселкесінің маңынан адамның таңғаларлық бас сүйегінің қаңқасын тапты. Бірақ «Таунга баласының бас сүйегі» деген атпен қалған бұл зерттеу ғалымдардың арасында үлкен дау туғызды. Бұл шын мәнінде, адам ба? Жоқ. Зерттей келе мамандар осыдан 2,5 миллион жыл бұрынғы баланың бас сүйегі екенін анықтады. Бір топ ғалым бұл маймылдың бас сүйегі деген болжам жасады. Екіншілері аталған бас сүйек адам типтес тіршілік иелері (гуманоид) деп долбар айтты. Үшінші топтағы ғалымдар бұл бөгдепланеталықтардан жерде қалған белгі деп топшылады. Бірақ баланың бас сүйегі неге жерде көмулі қалған және толық сақталынған. Бөгдепланеталықтардың баласы неге жерде қалған? Сауал көп, бірақ нақты жауап жоқ. Тек анықталғаны, бас сүйекте жарақаттың ізі бар. Шүйде тұсында соққының ізі қалған. «Ұшқыш табақшаға» балаларын мінгізіп келген бейтаныс жандар жерге қонар тұста қатты соққы алды ма екен?! Міне ғалымдар қанша зерттесе де, бүгінгі күнге дейін «Таунга баласы бас сүйегінің» құпиясын аша алмай келеді.

Жалпы, тарих тылсымын әлі бүгіп жатыр. Кешегі дерек бүгінге аңыз болып жетуі мүмкін. Тіпті болған оқиғаның өзі де елес болып көрінеді кейде. Мәселен, 1933 жылы Шотландияның Лох-Несс көлінде адамдар алып құбыжықты көрген. Бір ғана емес, алып денесімен анда-санда көрініп қоятын бұл белгісіз мақұлықтың не екенін әлі күнге дейін ешкім ажырата алмай әлек. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бұл құбыжық су бетіне осы уақытқа дейін 400 рет шыққан. Лох-Несс шындығында, Шотландиядағы «құбыжықтар көлі» ретінде белгілі. Алғаш рет алып жануар біздің эрамызға дейінгі 565-жылы байқалған көрінеді. Бұл туралы ағылшын жазушысы жетінші ғасырда жазған кітабында-ақ айтып кеткен көрінеді. Жалпы, жиі қайталанып отыратын бұл оқиға соңғы рет сол 1966 жылдың соңында байқалған. Өйткені терең көлді жағалай көлік жолы түскеннен кейін алып құбыжық су бетіне шығуын сиреткен. Белгісіз жануарды зерттеген ғалым Алекс Кэмпбель «оның мойны жылқынікіне ұқсайды, бірақ жылан секілді ұзын, шамамен 6 метрдей болады» деп суреттеген. Алып құбыжықтың суретін алғаш рет 1933 жылы Хью Грэем түсірген көрінеді. Ол «Су бетінің үлкен бөлігі қозғала бастаған сәтте мен дереу фотоаспабымды дайындап үлгердім. Ол денесін су бетінен шамалы көтеріп тұрды. Құйрық жағы су астында болды» деп жазып естелік қалдырған. Бірақ кейін оның түсірген суретін теріске шығарған пікірлер көп болды. Олар «фотограф тарихта қалу үшін мұның бәрін қолдан жасады» деп айып та тақты. Бірақ мамандар белгісіз хайуанның шынайы суретін осы саланы зерттеуші жирург Роберт Уилсон 1934 жылы түсірді дегенді айтады. Оның суреті де Хью Грэем шығарған фотомен ұқсас.

Негізі, Лох-Несс көлін зерттеу 1960 жылдардан бастап қарқын алғанын айта кету керек. Осы жылы ғалым Тим Динсдэйл ВВС тобымен бірге көл астында алты айлық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ол өкінішке қарай, қолға ілігерлік ештеңе таппады. Тек су астында алып құбыжықтың өмір сүргенін дәлелдеп берді. Мұның өзі үлкен оқиға еді. Осы туындылары үшін әлемнің әртүрлі ұйымдарынан үлкен марапат алды.

Бірақ Лох-Несс көлін зерттеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Мамандардың пікірі де бір арнаға тоғыспады. Анығы – алып құбыжықтың бары рас. Алайда зерттеушілер оның ұзындығы мен көлемін және сыртқы пішінін шамалас етіп айтады. Белгілісі кейбір сәттерде судың беті толқынданып тұрады. Астында алып бір дене суға жүзіп келе жатқандай әсер қалдырады. 1972 жылы су астын зерттеу жөніндегі АҚШ академиясының ғалымдары бейнекамара арқылы осы уақытқа дейін көптің көңілін күпті етіп жүрген құбыжықты тағы барлауға шықты. Олар бейнекамара арқылы судың жоғары-төмен, көтерілген толқындалған бейнесін ғана көрген. Бірақ белгісіз хайуанның дерегі бір рет болса да көзге ілінбеді.

Ал шын мәнінде, Лох-Несс көлінде алып құбыжық бар ма? Ал адамдардың айтып жүргені не? Алып дененің бары рас болса, ол туралы дерек неге аз? Ақиқаты адамдардың оны көргені рас. Бірақ көлден көл-көсір дерек іздеушілердің шоғыры азаймай тұр. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бүгінгі күнге дейін мыңнан аса оқиғалардың құпиясы бүгінгі күнге дейін ашылмай тұр.

Әлемде сырын ішіне бүккен жайттар көп. Бұл соның бірсыпырасы ғана. Бізге белгілісі, уақыт өте келе ақиқаттың өзі кейінге аңыз боп жетеді. Сондықтан деректің дер шағында, өз уақытында ашылғаны жақсы...

ҮЙСІННАМА (12)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА (12)

3. ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮЗІМІ

«Тарихи жазбалар. Ғұндар баянында» айтылғандай: Үйсін сықылды ұлыстағылардың, “от-су қуалай көшкендерімен, әр біріне тиесілі жер бөліктері болды”. Демек малды негіз еткен байлыққа ғана емес, жерге де (әсіресе шұрайлы жайылымдарға, отты шабындықтарға, жайлы қыстау, көктеу, күзеу, жайлауларға) ауылдық меншік (ісжүзінде ауылнайдың жекелік меншігі) орнады. Таптық жіктелу ілгерілей түсті. Сонымен малшаруашылығы мен егіншаруашылығындағы ауқаттану өзге әр саланың дамуына түрткі болды.
Үйсін мемлекетінің қоғамдық күйі туралы тақырыпқа Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, Яң Жяншиндерден [ ] бұрын ешкім шындап келе қоймаған-ды. Қазір бұл қызу талқы өрісіне айналды. Уаң Биңхуалар “Жазбаша және археологиялық материалдарға қарағанда, Батыс Хань, Шығыс Хань әулеті замандарында (б.з.д. 206 - б.з. 220 жж. - С. Ж.) Үйсін қоғамы күшті патриархалдық сипат алған, көшпелі малшаруашылық негізіндегі құлдық қоғам болды” [ ] деп қарайды. М. Нәбижан сықылды ғалымдар да осы көзқарасты құптайды . Бұл ойды «Ханьнама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» тұрған бір ауыз сөз де - “олардың салты ғұндармен ұқсас” дегендік те мықтай түседі. Ғұндарды тарихшылар Батыс Хань, Шығыс Хань әулеттері заманында-ақ олар құлдық түзімде еді деп жүр. Ендеше, Үйсін тәуелсіздік алғанша сол қағанаттың қарамағындағы бір ұлыс болғандықтан, үйсіндердің ғұндармен түзім жағынан да ұқсас болуы даусыз. Мұндағы “салт ұқсас” деген сөз олардағы әр салалық (дін, тіл, әлеуметтік ғұрып, шаруашылық дағды, саяси түзім жағындағы) негізінен ұқсастықтың бәрін қамтып жатыр. «Ханьнама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» тұрған, б.з.д. 71 жылы Үйсін ұлысы ғұндармен бір шайқаста, “тәңірқұттың көкелерін, олардың әйелдерін, қыздарын, күлік хандарын, лея бас жасауылын, мыңбасы, батыр басыларын және одан төменгі 40 мың адамын тұтқынға алды... Үйсіндердің өз олжалары өзіне тиесілі болды” деген сөз құлдық түзімде дегенімізді тіпті растай түседі. Өйткені үйсіндер осыншама қалың тұтқынды төрлеріне шығарып күтпейді, қайта құл қылып шаруаға салады. Үйсіндердің ЖХР ШҰАР Өртекесіндегі (Моңғолкүресіндегі) обаларына жасалған археологиялық экспедицияның нәтижелеріне аялдаған Уаң Биңхуалар: “Мұзарт сағасынан (яғни Сатыдан) 1960- жылдардың басында үш жыл уақыт жұмсап, біз үйсіндердің ZSM3 деген едәуір үлкен бір обасын аштық. Бұл обаның өзі төбе болғанда да кәдімгідей бір тау еді. Таған аумағы 200 м2, биіктігі 10 метр келетін. Обаны айналдыра таяз ор қазылған. Межелеуімізше обаның топырағын үйуге 10 мың м3 топырақ жұмсалған. Оның үстіне бұл үйілген топырақ ауық-ауық түйіп шыңдалып отырған. Осындай обаға әкелінген топырақты қазу, тасу, үйу, оны бірте-бірте түйіп шыңдау сияқты еңбек барысына талдау жасағанымызда, бұған жалпы 30 мың шамасында жұмыс күні жұмсалады екен (сол кездегі мешеулеу еңбек құралдарымен қазғанда, бір адам күніне бір м3 топырақ қаза алса, оған тасуға, үюге, шыңдауға жұмсалатын еңбек қосылса, жұмыс күні шамамен 2 еседей көбейеді). Бұл әйдік обаның ортасында тік төртбұрыш ақым бар. Ақымның бойы 6 м, ені 4 м, кеңдігі де 4 м. Жалпы аумағы 100 текшеметрдей. Осындай ақым шығару үшін 200 ден аса жұмыс күн кетеді (мұндай терең шұңқырдан топырақ шығару қиын болады да, жұмыс күн көбірек жұмсалады). Ақымның төрт қабырғасы диаметрі 20-30 см келетін қарағайдан қиюластырып қаланған. Төбесі 3-4 қабат етіп ағашпен жабылған. Долбар есеппен бұған 50 текшеметр ағаш кеткен. Мұнша көп ағашты кесуге, тасып әкелуге де кемінде жүздеген жұмыс күні жұмсалады” деп өте дұрыс айтқан. Әрине бұл әрі Үйсін еліндегі жан басының көптігінен де, әрі осы сықылды жұмыстарға салатын құлдарының аз емесінен де дерек береді (Айтпақшы, бұл құлдар Үйсіннің халық санына кіргізілмеуі де мүмкін!). Үйсіндерде кей жұмыстарға (мысалы топырақ тасуға) лайық қарапайым техникалар да болған шығар. Алайда мен бұл арқылы Үйсін ұлысында адам көп, құлдар бар дегенді жоққа шығарғалы отырғаным жоқ. Қазақ қоғамында некен саяқ құлдар (мысалы, хандар мен бай төрелер есігінде ) соңғы ғсырларда да кезігуші еді.
Бірақ тәуелсіз кезеңге өткен Үйсін ұлысын әлі де сол құлдық қоғамның ғұндардағы қалпында тұрған санау сәл ағаттық тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл арада жоғарыда Уаң Биңхуалар айтқан “үйсіндердің қоғамы күшті патриархалдық сипат алған, көшпелі малшаруашылық негізіндегі құлдық қоғам болды” дегенге қарата басын аша кететін төрт түйін бар:
А. Патриархалдық сипаттағы қоғамдығына дау болмауға тиісті. Ендеше, Үйсін ұлысындағы әйелдердің орнын тым жоғары бағалау табан тіреп тұра алмайды. Ал, бұл үйсін ішіндегі ерекше орынға ие (бақсы, абыз, т.б.) әйелдер мен Үйсінге келіп түскен Хань, Ғұн қыздарына да солай. Тарих ғана емес, көркем әдебиетте де бұл әйелдерді ерлерден, тіпті күнбиіден де жоғары қою қисынсыз.
Ә. “Малшаруашылық негізіндегі” деудің астарында, жоғарыда баяндағанымыздай, жартылай көшпенді, жартылай отырықтылыққа қоса, заманына сай қала ұстаған, егін еккен, қолөнермен айналысқан, т.б. дегендік жатыр. Жартылай көшпенді дегендегі көшпенділігін де дұрыс түсіну керек. Ол - жер меншігі болмаған, ұшарын жел, қонарын сай білетін көшпенділік емес, төрт маусымда пайдаланатын жұрты мен өрісі тұрақты да басыбайлы, аумағының кеңдігіне сүйеніп, табиғаттан дұрыс та толық пайдалану үшін шекті де тұрақты маршрутты көшу.
Б. Тәуелсіздік алудан бұрын ғұндарға бағынды, бодан (Уаң Биңхуаларша айтқанда құл) болғаны шындық. “Үйсіндерді тарихта ұзақ уақыт бойы ғұндар биледі және құл етті. Оларды ғұндар билігіндегі құлдар тайпасы деуге болады. Айтылмыш бұл құлдар тайпасы, ісжүзінде ғұндарға бодан болған тайпалық одақ әрі шағын ел болып есептеледі. Олар өздерінің бұрынғы қоныстарында дәстүрлі әлеуметтік ұйымдары мен өндіріс тәсілі бойынша баяғысынша өзді-өзінің өндіріс қимылдарын жүргізіп отырды да, белгілеме бойынша ғұндардың билеуші тобына қыруар салық төлеп тұрды. Еңбек борыштарын, тіпті соғыс борыштарын өтеді. Саяси жақта бағыныштылығын білдіріп ордасына қол тапсырып жүрді” [ ]... Осы өңірдегі “өзге ұсақ елдер сияқты ғұндардың Батыс өңірде құрған ең жоғары билік органы - ‘Құл-құтандар бас жасауылының’ басқаруында болды” [ ]. Ол кездегі билеуші мен биленуші ара байланысты, темір мен тат ара қатынасты бүгінгі адамгершілік, туысқандық ойлармен сыпайылауға келмейді, әрине. Сондықтан Ғұн қағанаты мен Үйсін ұлысы ара байланысқа келгенде бұл талдаудың да қисыны жоқ емес.
В. Үйсін қоғамының ішкі жағы бұл тұста одан бұрынғы жай бай мен кедейлік жіктелуден кәдімгідей таптық қоғамға өткен, соған сай мемлекеттілік орнаған сатыда болатын. Басында тек күнби ордасында және байлар отбасында (байларында 4-5 мың жылқы болыпты дедік ) құлдар мен малайлар тұрса, жұрт ішінде кірмелер мен таттар жүрсе, кейін - әрі ұлыс ұлғайғанда, әрі соғыс тұтқындары көбейгенде, әрі өзге (Екіөзен, Қосөзен, Жұңго, Рим, Үнді, т.б. жақтағы) өркениет көздерінің оң-теріс ахуалы жібек жолы арқылы жеткенде, Үйсін ұлысы тіптен күрделілесе түсері хақ. Бұл оның құлдық сатыдан феодалдық түзімге кіруін әлдеқайда тездетеді. Жылнамалардағы деректер мен археологиялық қазбалар үйсін елінің ішкі жағдайындағы феодалдық қатынастан недәуір айқын белгі береді. Сондықтан, оның феодалдық қоғамға аяқ басқандығын да мойындаған жөн.
Бұл Үйсіннің қоғамдық сатысы жайлы қарасымыз. Ал Үйсіннің мемлекеттілік басқару әлеуеті де өз дәуіріне сала айтқанда осал емес екен.
Батыс Хән әулеті заманының соңғы мезгілінде ұлыкүнби Селет бүкіл елді айбарымен бас ұрғызып тұрған кезде: “Малшы қауымға айтыңдар, шұрайлы өріске жылқы апармасын, ел іші Оңғай күнби заманынан да орнықты болсын” [ ] дейді екен. Бізге келіп жеткен осы бір ауыз деректің өзі-ақ, әрине, мыналарды айқын түсіндіреді:
А. Бұл кезде бай мен кедей, үйсін мен тат (кірме), құл-күң (әлде ненің бодауына келгендер) мен тұтқын (соғыс жәсірлері) сықылдылардың жігі ашық болған. Соған сай ол жіктердің әр біріне белгілі шек қойылған.
Ә. Жартылай отырықты, жартылай көшпенді қоғамда жер меншікке айналған. Шұрайлы жерлерді күнби бастаған, жабғылар қостаған билік иелері мен байлар меншіктенген. Әр байдың (ол билеген ауылдың) меншігі саналып мойындалған, тұрақты қыстауы, күзеуі, жайлауы, көктеуі, пішендігі болған. Мұндай кең аумақтық және тұрақты меншікті тар жердегі отырықты (аграрлық) жұрт адамдары дұрыс түсіне алмайды. Содан барып оларды ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақ сықылды халық іспетті көреді. Әсіресе осы ұғымды білмейтін тарихшылар, ертедегі үйсіндерді былай қойғанда, бертінгі қазақтарды да қонысы мен мекенжайы тұрақсыз, жер меншігі жоқ, аң сықылды жортып, дала кезе көшіп жүретін көшпенді деп елестетіп, қателескен болатын. Үйсіндік ұлыста әне осы меншікті қорғайтын күнбилік (Селет күнбидікі сықылды) жарлық-белгілемелер болған. Осы сықылды жарлықтар, өз заманының заңы ретінде, бүкіл қоғамды басқару құралы рөлін атқарған. “Ұлыкүнби Цыли (Селет) кезінде ресми жарияланған қалайық баққан жылқысын табынға қосушы болмасын деген жарлық... жайылымның ақсүйектер меншігінде болуын заң формасында қорғап,... малшаруашылығын өркендетуге тиімділік туғызған” [ ].
Жоғарыда айтқанымыздай, Үйсін мемлекеті - рулардың қандастық ұйымы мен алғашқы мемлекет әкімияты, әскери құрылым тығыз ұштасқан патриархалдық түзімдегі ұлыс (мемлекет). Күнби - ең жоғарғы үстемгер. Одан кейінгі мансап иелері күнбидің балалары мен ең жақын да сенімді туыстарынан құралған. Әскери ұйым мен әлеуметтік ұйым әбден біріккен. Күнби мен жабғылар (өлке, тайпа басшылары) - әрі әскери қолбасылар, әрі қоғамдық жұртбасылары.
Ұлыстар, тіпті тайпалар ара қақтығыс, талан-тараж жиі, ұлыс ішіндегі әр алуан қайшылықтар жетерлік заманда, тайпалық одаққа бірігу зәрулігі күшейіп қана қоймай, оның іші тыныш күштілеріне келіп паналайтындар да көбейе түсетіні табиғи. Бұл барыста тайпалық одақтың ноқта аға тайпасы тіпті үстем орынға көтерлді, оның көсемі қолына анағұрлым зор билікті де, байлықты да, қолды да, құлды да жинай түсті. Мәртебесі тіпті көтеріліп, мысы анағұрлым асты. Сонымен алғашындағы сайлау арқылы таққа шығудың орнын мұрагерлік басты да, сайлауды жүргізетін тайпа көсемдер алқасының (ТКА) рөлі төмендеп, тек ерекше жағдайда (мысалы, тақтағы үстемгер кенет қайтыс болғанда, т.б.) ғана күшін көрсететін болды.
Бұл кездегі Үйсін мемлекетінің билік басындағыларды тарата айтсақ, төмендегідей:
Күнби (ханзушада Kunmo昆莫, Kunmei昆弥, 昆靡деп бірнеше түрлі жазылған) - Үйсін ұлысының қағаны, патшасы. Аса күшті билік пен ең жоғарғы мәртебеге ие, бүкіл елдің саяси, әскери, мәдени, шаруашылық құқығын уысына мықтап алған тұлға. Мұндағы昆 - күн - кәдімгі ғарыштағы өз системамыздың жарық көзінің түрік тілділерге ортақ атауының ханзушаға дыбыстық аудармасы (ханзулар оны тәйяң, тянрі дейді). Ал, 莫, 弥, 靡 - ми, мо дегендер би дегеннің (қазіргі қазақшада әлі де қолданылып кележатқан атаудың) ханзушаға дыбыстық аудармасы. Бәлкім бүгінгі би деген сөзіміз әуелде бастағы ми дегеннен шыққан да болар. Тіл өзгерісі барысында Б мен М ның ауысатын жағы тағы бар. Ғұлама ғалым атамыз Махмұт Қашқари мың жыл бұрын: “Сөз басындағы М әріпін оғыз, қыпшақ және суварлар Б әріпіне айналдырып айтады” деген екен. Расында да Шадыман Ахметұлы айтқандай [ ]: “бұл құбылыс говордан ғана емес, әдеби тілден де мықтап орын алғаны белгілі. Мысалы, мауыздау-бауыздау, мейнет-бейнет, мейіл-бейіл, мекіре-бекіре, мойы-бойы, мешпет-бешбет, мұны-бұны”. Демек ми мен би туралы осыны ескергенде, ханзушадағы күнми түрінде жазылғанның күнби екеніне титтей де дау жоқ. Ал, 莫, 弥, 靡лар ескіше Хань тіліндегі кей диалекттерде би деп те оқылыпты. Шүй Сүннің “Күнби деген үйсін сөзі” деуі де міне осыдан.
Дар (Далу, ханзушасы shiangdalu相大禄, кейде dalu大禄деп жазылған) - уәзір. Мұндағы дар дегеннің қазіргі қазақ тілінде “дардай үлкен” деген сөз тіркесінде бүгінде де кезігетіні белгілі. Дар - күнбиден кейінгі, әкімият, қарулы күш жағындағы жоғары билік иесі. Чин әулетіндегі 丞相, 太尉ларға ұқсайды. Мына “шяң да лу” (相大禄) дегендегі алғы иероглиф “шяң” (相) ханзу тіліндегі уәзір дегендік. Ол бұл араға артындағы “дар” (大禄) дегенді түсіндіру, уәзір лауазымы екенін білдіру үшін қыстырылған секілді. “Ол Хань әулеті сарайының бас уәзірімен шендес болғандықтан ханзуша ‘шяң’ деп аударылған. Бірақ оның ісжүзіндегі қызметінен алғанда, оның қолында әскери билік те болды. Бұл мүзәлімді көп ретте жоғары дәрежелі ақсүйектер иеледі. Елжау күнби болып тұрғанда, үлкен ұлы тақ мұрагері, қалға атанса, екінші ұлы ‘дар’ болды. Мұның жай мәртебе еместігін осыдан-ақ аңғаруға болады” [ ] дегенге қарағанда, оның құқығы Хән әулетінің уәзірінен де жоғарылау.
Сол шербасы (Сол абасардар, zodajiang左大将) - күнби мен дардың әскери жақтағы ең жоғарғы қолқанаты. 大将 - дажяң - бүгінгі хән тіліндегі армия генералы, бұрынғы ардабек. Қазақ тіліндегі “шерік” (әскер), “шеру тарту” сықылдылардағы “шер” (парсы тіліндегі “сар”) дегеннің мағынасын кеңейтіп отырмыз. Елжау бұған үшінші ұлын қойыпты. Оңғай күнби кезінде оның үш ұлы бірдей, арт-артынан, сол шербасы болды.
Оң шербасы (Оң абасардар, yudajiang右大将) - күнби, дар және сол шербасыдан соңғы әскери жоғарғы мансап иесі (Үйсінде де ғұндардағы сықылды кез келген мәртебедегілердің солы оңдағыдан жоғары тұрады). Елжау күнбидің Хань әулетімен жасалған саяси құдалығы барысында, Лю Жиею күнбишеге қолқанат ретінде келген Фың Ляу дейтін қыз осы оң шербасыға тиеді және кейінірек (алпыстан асқан Лю Жиею Хань әулетіне немерелерін алып біржолата қайтқанда) Фың Ляу Үйсінде қалып қояды. Артынырақ Лю Жиеюдан туған бір ұл да осы мансапқа шығады.
Ябғұ (Жабғы, hu, 侯, yehu翕侯, 叶护, кей әдебиеттерде оңқа) - жерлік өңірдегі (өлкедегі) әскери-әкімшілік жақтың төбе ұлығы. Жаң Чян келген тұста мұндай шенді үшеу ғана екен. Кейін келе, Үйсін аумағы кеңейіп, халқы көбейген соң мұндай шенділер саны да артқан болар. Ябғұлар, Ұлыжүздегі сияқты, тайпа көсемі де. Бұл да бір маңызды шен. Оның қол астында да бірталай жұрт (өз тайпасына тән ру-аталар мүшесі мен солардың меншігіндегі құл-күңдер) және қарулы қол болған. Ябғұ - жабғы деген бертінгі Түрік, Түргеш сықылды түрік тілді мемлекеттерде де қолданылып келді. Мұны «Хәннамада» айтылған маңызды оқиғаларда (тақ таласы кезіндегі қимылдарда) жиі ауызға алынуынан-ақ (ең маңызды адамдармен бірге әрекеттенуінен-ақ) байқауға болады. Бұл Хань әулетіндегі уаң (хан) дегенмен дәрежелес сықылды.
“Хань әулетінің үкіметі Батыс Өңір басқағының тілегін қабылдап, ‘ұлы күнбиді құрметтету, қолдату тұрғысынан үйсіндердің ұлық әкіміне, дарына, бас бағамдарына күрең баулы алтын таңба ұсынған’. ‘Күрең баулы алтын таңба’ ұсыну - Хань әулеті үкіметінің уәзірлерге, арда бектерден жоғарғы ұлықтарға көрсететін сыйы. Осыдан-ақ жоғарыда аталған ұлықтардың Үйсін еліндегі мәртебесінің қадыр-құрметін байқауға болады” [ ].
Сол бас жасауыл (Сол қарауылбасы, zuoduowei左都尉) - Хән әулетінше болғанда, аймақтың әскери істерін басқаратын шонжар - доууей. Мұның доууей деп аударылуына қарағанда, міндеті соған таяу болса керек. Кей әдебиеттер оны орда қарауылшы тобының қолбасшысы, ұланбасы деп біледі.
Оң бас жасауыл (Оң қарауылбасы, youduowei 右都尉) - ісжүзінде сол бас жасауылдың орынбасары.
Бас бағамдар (Төбе бақ, зор бақылаушы, dajian 大监) - заң-жарғы, жөн-жосықпен айналысатын, соған қатысты істерге бақылау жүргізетін ұлық. Бұл алғашында екі-ақ адам екен. Кейін көбейген.
Бас ұлықнай (大吏) - ұлыс ұлықтарының жұмысымен айналысатын төре (ауылнай деген атауды еске алыңыз).
Орданай (Орда әкімі, 舍中大吏) - бас ұлықнайдың қолқанаты.
Бас шабарман (Әмір сарбаз, 骑君) - байланысшы, хабаршы, шабарман топтың басшысы.
Тілмашбасы (译长) - аударушылар тобының бастығы. Шетелдіктердің (мысалы Жаң Чян сықылды дипломаттардың, жібек жолындағы бөгде елдік арқыштардың) бұйымтайлары (мысалы Үйсінге іргелес өзге елдерге зиярат етуге көмектесу - әрі жол бастау, әрі аударушылық жасау өтініші) бойынша жұмыс істейтіндер мен ордадағы аударушылар тобының бастығы. Үйсін бұл өңірдегі ең ірі ел және ұлы жібек жолының үстіндегі мемлекет болғандықтан күнбилердің тым алшақ (хән, араб, грек, т.б.) тілдерді білетін абыздарды ұстағанына шек келтіруге болмайды. “Ол кезде Батыс Өңірде ұлттар күрделі, тілдері де әр түрлі болуына жарай оларда тілмаш, жол бастаушы секілді мансаптылар сөзсіз болуға тиісті еді. «Хәннама. Батыс Өңір баянында», көптеген шағын елдерде тілмаш болғандығы айтылады. Үйсіндер ірі ел болғандықтан, әрине, мұнан қағыс қала алмайды” [ ]. Бұл аудармашылар сол кезде мәмілегер - дипломаттар болғанын ұмытпаған жөн. Демек тілмаштық мекеме сыртқы істер министрлігінің міндетін қоса өтеген.
Төбе би мен билер алқасының мүшелері - ел ішіндегі дау-дамайды сол заманның өзіндік заң - жарғысы бойынша біржақтылы ететындер. Мұндайлардың ұжымдық тобы - билер алқасы. Оның басында төбе би тұрды. Билер алқасы келісе алмаған істер күнбидің алдына баратын болу керек. Бұл қазақ сықылды халықтар арасында бергі ғасырларға шейін жалғасын тапқан ғадет.
Абыздар, әлімғалар (хатшылар), жыраулар, бақсылар (сағұндар), шешендер, балгерлер, емшілер, т.б. - бұлар ел ішіндегі өз кезінің зиялы тобы ретінде белгілі ықпалды жікті құрады.
Бұл арадағы “төбе би мен билер алқасының мүшелері” және “зиялы топ” дегенді мен өмір қисыны бойынша қосып отырмын. Жылнамаларда бұлар туралы айқын дерек кезіктіргенім жоқ. Алайда баяндалған уақиғалар бұлардың болғанын аңғартады және кез келген қоғам өз заманына лайық мұндай топтан құралақан болған емес.
Тайпа Көсемдер Алқасы (ТКА) - Уаң Биңхуаларша “Үйсін ақсүйектері”. Жоғарыдағылардың ең ықпалдыларынан құралған Тайпа Көсемдер Алқасы (议事会) күнби жоқ кездегі ең жоғарғы билік ұйымы болған. Жылнамалар, мұндай топтың атын менше атамағанымен, ол топтың барлығын білдірген. Бұған Оңғай күнби Лю Жиеюдан туған ұлы Өңкейді өз орнына күнби болсын десе де, оны Хән патшасы Шюанди мақұлдаған тұрса да, Оңғай өлгесін, ТКА, бертінгі Оңғайдың өсиетін тойтарып тастап, одан бұрынғы Саншора Жөншінің өсиеті бойынша, Ғұн қызынан - сол күнбишеден туған Нәбиді күнбилікке көтеріп жіберуі-ақ мықты мысал. Бұл мысалымызды Уаң Биңхуалар да “Оңғай би таққа отырғаннан кейін үйсіндерді бірлікке келтіріп, мемлекет қуатын мейлінше нығайтты. Б.з.б. 71 жылы,... ғұндарға қарсы шайқаста орасан зор жеңіске жетті. Ол өмірінің соңында Хән әулетінің қолдауына арқаланып, Ней биді (ғұн әйелінен туған ұл Нәбиді. - С. Ж.) тақ мұрагері ету жөніндегі бұрынғы уағданы (Саншораның өсиетін. - С. Ж.) бұзып, өзінің Жиею ханшадан туған үлкен ұлы Нуангұт (Өңкей - С. Ж.) биді тақ мұрагері етіп тағайындады. Бұл іс Хән әулетінен мейлінше қолдау тапты. Бірақ Оңғай би көз жұма салысымен-ақ, “үйсін ақсүйектерінің” қолдауында Ней би (Нәби - С. Ж.) таққа мінді”, “Оңғай күнби билік жүргізіп тұрғанда, көп еңбек сіңіріп, Үйсін елін барынша көркейткен болатын. Сондықтан, оның үйсіндер ішіндегі беделі мен ықпалына жеңіл-желпі қарауға болмайтын. Бұл кездегі Хән патшалығының үйсіндерге қолданған келелі әскери, саяси шаралары да оларды бүкілдей тізгіндей аларлық еді. Бірақ үйсін “ақсүйектері” (ТКА. - С. Ж.) “ортақ келісім” (аруақ Саншораға тірі кезінде берген серттері. - С. Ж.) бойынша, Хән патшасының қарсылығын елемей, Нәби биді сүйеп күнби қоя алды. Бұл жағдай олардың Үйсін қоғамындағы ықпал күштеріне де елеусіз қарауға болмайтынын аңғартады” [ ] деп құптай түседі.
Алайда кей ғалымдар мұны “алғашқы рулық-тайпалық қоғам сатысындағы шексіз беделді көсемдер тобына” жатқызып, үйсіндердің таптық қоғамға, хандық мирастық түзімге, мәдениеттің жаңа сатысына енгеніне ұзақ болмағанының белгісі деп тұжырады. Меніңше мұнда ағаттық бар. Ұлы Даладағы дала демократиясын, оның таптық қоғамдағы мемлекет әкімияты, әскери құрылым тығыз ұштасқан патриархалдық - құлдық түзімдегі ұлысбасыға - күнбиге - ең жоғарғы үстемгерге ТКА арқылы ауыздық қоя білген өзіндік соны мәдениет екенін түсіне алмау жатыр. Елжаудың Жаң Чянға дереу де жеңіл-желпі жауап бере салмауындағы бір себепті осыған байланыстырғаным да есіңізде шығар.
Осы арада сонау сақтардан келе жатқан бір тағылымның ықпалы да бар сықылды. Ол әдеп-иба, сый-құрмет, адалдық-фәктік, ар-ұят, ант-суға беріктік, аруаққа іззет сықылдылар. Кұң Фузының (《论语•为政》деген еңбегінде): “道之以政,齐在以刑,民免而无耻;道之以德,齐之以礼,有耻且格。” дегені бар. Мағынасы - елді заң-жарғымен билесең, жазғанын жазаласаң, жұрт қылмыстан халы болғанымен, қылмыстың ұят екенін білмеуі мүмкін. Елді ахлақпен баулысаң, әдеппен түзесең, олар ұятты біліп қана қоймай, бар ықыласымен бағынатын да болады. Бүгінгі қазақтарда жалпыласқан “өлімнен ұят күшті” дегендер сықылды толып жатқан тағлиматтар бәлкім біздің де сол кездегі дана аталарымыздың бірінен бастау алған шығар. Үйсін ығайлары (ТКА) Саншора күнбидің өсиетінен аттауды - аруақ алдындағы айып, ол тірі кезде берілген уәдеден таюды - ахлақсыздық, өз ұлын жөнсіз таққа ала жүгіруді өзімшілдік, Хань әулетіне жалтақтауды - жағымпаздық санаған болар. Кейінгі Лю Жиеюдың Нәбиге жасаған қастығына ғазап та осыларға байланысты қозғаны сөзсіз.
Ескерте кетерлік бір жайт - осы айтылған соңғы шенділердің қай-қайсысында да азынаулақ әскери билік, тым құрығанда атқосшы ретіндегі қорғаушы топ болуға тиісті. Өйткені Уаң Биңхуалардың үйсіндердің әскери түзімі “ 'балалары қойға мініп құс, тышқан атып садақ тартуды үйренетін, өспірімдері түлкі, қоян аулап аужал табатын’, ‘жігіт-желеңі шетінен садақ асынып, сайлауыт сарбаз болатын’, ‘Салт бойынша олар жайшылықта мал бағып, аң аулап күнелтетін, жаугершілік бола қалса, барлық адам соғысқа аттанып, жортуылға шығатын’ [ ] ғұндардың түзімімен бірдей. Мұнан жайшылықта өндіріс ұйымы мен жаугершіліктегі әскери ұйымның бүкілдей бір екендігін байқаймыз” [ ] деп талдауы сол заман талабына үйлесетін күйді айшықтай елестетеді. Қазақ қоғамында да бұл үрдіс бертінге шейін өз маңызын жойған жоқ.
Үйсінде мұрагерлік түзімі жүргізілді.
Хань тарихи деректері бізге бүгінгі мұрагерлік түзімге тым ұқсамайтын түзімдік мазмұндарды да хабарлайды. Ал, ол деректерге толық нанатын бүгінгі тарихшылар ол кездегі Үйсіннің неке түзімін рулық қоғамның әдет-дағдыларының тым арыдағысын аңғартатын жақ арқылы талдайды. Ол деректер Лю Жиею күнбишенің алғашында Саншора (Күнсүй) күнбимен, ол күнби өлгеннен кейін таққа отырған оның (Саншораның) немере інісі Оңғай күнбимен, Оңғай күнби өлгеннен кейін Саншора күнбидің Ғұн қатынынан туған ұлы “Нәби күнбимен отасқаны” жайлы айтады. Алайда, “Лю Шижюн Елжаумен отасты”, сосын “Саншорамен отасты” деген сықылды, Лю Жиеюді “Нәби күнбимен отасты” деудің қисыны жоққа тән. Бәлкім бұл Лю Жиеюдың “күнбише” деген атағын сақтағанына бола пайда болған ханьдік жаңсақтық шығар. Өйткені әрі бұл Лю Жиеюдың әбден қартайып кемпір болған шағы, әрі оның Нәбимен жұлдызы қатты қарсы болып, аяғы оны қастықпен өлтіруге дейін оқталған тұсы. Кей ғалымдар үйсіндердің бұл әдеттері ғұндардың “әке өлсе, баласы өгей шешесін, ағайындылардың бірі өлсе, қалғаны оның әйелін әйелдікке алатын” [ ] әменгерлік салтымен бүкілдей бір деп қарайды. “Ісжүзінде бұл алғашқы қауымдық кезеңдегі рулардың өз ішінде қыз алыспау дәстүрінің сарқыны... Таптық қоғамға қадам тастағанда ханның тағы да міндетті түрде ханның қандастығы бойынша көшіп отырады. Ханның әйелі де тақтың кейінгі иесіне ауысады. Сөйтіп, Хань әулетінің қандастығындағы былық-шылықтың себебінен туатын хан билігіне деген кедергілердің алды алынады. Ежелгі дәстүрдің қабыршағы бұл тұста жаңа тарихи мазмұн алады” [ ] деп талдайды. Бұл арадағы “ежелгі дәстүр” дегені жұбайлық ұғым бола қоймаған кездің түзімі (群婚制, Group marriage system) дегендік болса керек. Бұлай талдау ілгерілей зерттеуді талап етеді. Әйтеуір ішінара істі (мысалы, адам-айуан деп айырып жатпайтын, шектен асқан ұрғашышыл болған, тіпті өз қарындасын да қойнына алған Лю Шижюннің әкесі Лю Жян сықылдыны) жалпылық іске айналдырмаған дұрыс.
Сонымен, Үйсіндегі мұрагерліктің басты жақтарын атасақ, ол мыналарды қамтыды:
А. Мүлік мұрагерлігі. Бұл қазіргі қазақтікіне ұқсас. Әке өз ұлдарын есейгенде (отаулы болғанда) енші бөліп шығарады; Өз мүлкі кенже ұлына қалады.
Ә. Мәртебе мұрагерлігі. Отбасының қоғамдағы орнына, әкенің мансабына, т.б. дағды бойынша есейген үлкен ұл мұрагерлік қылады. Ол әлі есеймеген болса, ол есейгенше көкесінің бірі ізбасар бола тұрады да, есейген соң өткізіп береді. Ол есейген соң, мұрагерлік ете алмайтын күйде болса, оның бір әке-шешеден туған ағайыны мұрагерлік етуі мүмкін. Бұл да қазақта бертінге шейін жалғасқан салт.
Б. Әменгерлік.
Үйсінде ағайындылардың бірі өлсе, оның жесірін артында қалған ағайындарының лайықты бірі алу болды. Бұл да бертінгі кезге шейін қазақ халқында жалғасын тапты. Ал, ол кезде, әменгерліктің қажет болу себептері мыналар-ды:
1. Жаттан ұзатылып келсе де, өз руының бір мүшесіне айналған жақсы келінді, жесір болғасын иесіз, панасыз қалтыру мейрімсіздік саналатын;
2. Қайтыс болған отағасының мал-мүлкін тоздырмау, жесірі мен балаларын, тіпті кейде қолындағы шешесін де бағып қағу міндеті отағасының ағайынының үстіне жүктелсе тіптен лайық болмақ-ты;
3. Қалың мал арқылы айттырып әкелген келінді төркініне қайтару әрі қазыналық, әрі демографиялық жақтан зиян болушы еді.
Үйсін мемлекетінің әскери түзімі мен қорғанысы жайында айтарымыз мынау: Үйсін мемлекетінің тәуелсіздік ала бастағаннан-ақ қорғанысқа баса мән бергені байқалады. Әйтпесе ол Ұлы Даланы жалпағынан билеп тұрған тегеуірінді тәңірқұты, 300 мыңнан астам сайжарақ қолы, Үйсін төңірегін қоршап тұрған талай хандықтары бар Ғұн қағанатынан сытылып шыға алмас еді.
“Үйсіндердің әскери түзімі - іс жүзінде бүкіл халық жаппай жасақ болу... Мұның мәнісі - әр үйдегі ер азамат (ішінара жағдайда, қыз-келіншектер де) түгел шерік (әскер, жасақ) деген сөз. ‘Олардың салты - жайшылықта мал баға жүріп, аң аулап тіршілік ету, қысылтаяң кезеңде соғысқа аттанып, жауға қарсы жорық-шабуылға, жортуылға шығу. Бұл - олардың тума қасиеті’[ ]деген ғұндар түзіміне ұқсайды”[ ]. Со заманды елестетсек мұның әбден қисыны бар.
Үйсіннің Хань әулетінен Жаң Чян келген кездегі (б.з.д. 119 жылдағы) халқының саны 630 мың, түтін саны 120 мың, сайжарақ қарулы күші 188 мың 800 деген айтылды. Одан бір ғасырға жуық өтіп, Оңғай заманына (б.з.д. І ғасырдың алғы жарымына) келгенде бұл сан тіпті де артты дедік. Бұл қорғаныс күшінің сан жағы. Ұлы Даланы бір өзі сұраған тәңірқұттың аттандыра алатын әскерінің жалпы саны ұзағанда 300 мыңға ғана баратынын еске алсақ, Үйсіннің шынында да батыс өңірдің ең күшті мемлекеті екеніне кәміл сенеміз.
Б.з.д. 71 жылы төніп келген ғұн қолына қарсы 200 мың (оның 150 мыңы Жұңго жақтікі) қарулы күш дайындалғанын жоғарыда айтқан едік. Ғұндардың бұл реткі шабуылын Оңғай бастаған 50 мың Үйсін армиясының, Ханьнің 150 мың қолының араласуынсыз-ақ, тас-талқан етуі Үйсін қарулы күшінің бұл өңірдегі сапасын да көрсете алса керек.
«Ханьнама. Чын Таңның ғұмырнамасында», Чын Таң Хань әулетінің Чыңди патшасына (б.з.д. 32-7 жж. билік құрған 成帝): “Жатжұрттықтардың бес әскері Ханьнің бір әскеріне пара-пар келеді. Неге десеңіз, олардың қылыштары өткір емес, жебелері доғал. Қазір олар Ханьнің әдемі соғыс қаруларын жасауын үйреніпті дегенді естіп жатырмыз. Сонда да, олардың үш әскеріне Ханьнің бір әскері татиды” деп мәлімет жасаған екен. Мұнда Хань әскер санының көптігіне дау жоқ. Ал Чын Таңның айтқан қару сапасына келгенде, өз елін көтере айту мен иесіне жағатсу бар деген күнде де, бұл сөз Хань жақтың қару-жарақ өнері жағынан осал емесін және атты әскер санының артқандығын дәлелдеп те тұр. Дегенмен бұл арадағы “жатжұрттықтар” дегенге Үйсін сықылды жаттардың (шетелдердің) кіру - кірмеуін ойланып көрген жөн. Өйткені Хань әулеті ұлықтарының бәрі бірдей Сыма Чян сияқты аса шыншыл деуге келмейді. Олардың ішінде жандайшаптар да, өтірікшілер де жоқ емес. Чын Таң да солардың өзгені төмендетіп, өз жағын асқақтата сөйлеумен жағымситындарына жатады. Өйткені оның, б.з.д.36 жылы, патша атынан жалған жарлық шығарып, Такламакан жиегіндегі хандықтардың армиясын аттанысқа келтіруі де өтірікшілігі жағындағы біраз сырдың бетін ашады. Демек ол әрқандай жаманаттан, тіпті басы алынудан да қорықпайтын, тәуекелшіл, суайт залым.

Алаяқтар асқынған заман келді...

$
0
0

Алаяқтар асқынған заман келді...

Рационалды және иррационалды дүниелер болады. Яғни логикаға сыятын және сыймайтын. Бүгінде көптеген қазақ баласы логикаға мүлдем қисыны келмейтін және түбірі, негізі жоқ заттарды мәнді санап, ақымақ атанып, көрінгенге жем болып жүр.

Бүгінгі көше бойын жағалап, жарнамалық газет беттерін шалсаңыз, қызық ақпараттарға қанық боласыз. Солардың ішінде ең көп жарнамаланатыны: «Тез және оңай ақша табу», «Жылы және ыңғайлы офисте өте оңай ақша табу», «Кредиттік проблемаларды тез арада шешіп беру», «Кредитті ақша мүлдем төлемейтін қылып алып беру», «Болашақты болжап, жақсы жұмысқа орналастыру» және тағы басқалар. Ең қызығы күн санап осыған ұқсас жарнамалар өршу үстінде, яғни көбейіп барады. Бұл нені білдіреді?
Бұл қазақ баласының азғанын білдіреді. Оңай ақша ешқашан болған емес, дәл сол сияқты оңай жұмыс ешқашан үлкен карьераның басы емес. Елбасымыз да осы орынға бірден келе салған жоқ. Көп жылдар домна пешінде темір балқытып, кейін де алға қойған мақсатына жету үшін талмай еңбек етті. Сол қажырлық пен қайраттылықтың және білімінің арқасында бүгінде ел басқарып отыр. Алайда, оңай пайда табу жолында қазақ баласы аянар емес. Кешегі студент, ертеңгі ел болашағы бүгін «супер шаңсорғыш» сатып жүр. Неге? Себебі әрбір сатылған «шаңсорғыш» 300-500 доллар пайда әкеледі екен. Осы жалған арманды қуған қазақ баласы күні-түні тума-туыстың үйін кезіп, шаңсорғыш көрсетіп, қырық өтірікті тағы қырыққа жалғап ай өткізеді. Соңында біреуін сатса жақсы, болмаса ол да жоқ. Тепсе темір үзітен ұлт болашағының қаншама күш-жігері немістің 5 тиындық шаңсорғышын қазаққа жарты миллионға сату үшін жұмсалды. Ондай жігіттерден бойжеткен қыздарымыз да қалар емес. Біздің кеңсенің қасында бірнеше кеңселер орналасқан. Іші толған «пирамидаланған студенттер». Яғни желістік маркетинг және тап-таза алаяқтық. Айтатындары: «Қасыңа 300 доллары бар он адам алып келсең, солардың әрқайсысынан 50 доллар сенікі» деген әңгімелер. Мәселе күдік тудырмас үшін ортаға бір ойыншық салып қояды (ол-сағат, қаламсап, шетелде демалу немесе тағы басқа зат болуы мүмкін), 300 доллар беріп, 300 теңгенің затын ұтып аласың.
Мұндай кеңсенің іші толған қазақ. Оларға арнайы семинарлар өтеді, жиналыстың негізгі міндеті адам алдауды үйрету. Яғни маңдай термен тапқан 300 долларды адамнан қалай алдап тартып алуға болады. Өз еркімен қарапайым жұмысшы бір айлығын беру үшін не істеу керек. Және тағы басқа осыған ұқсас тақырыптарда лекциялар өтеді. Яғни бұл дегеніміз легальды, заңды түрде адамды алдауға үйрететін «пирамидалар». Бұл аз болғандай «Банктегі кредитті ақша төлемей жауып береміз» дегендер де қазір аз емес. Әбден титығына жетіп, несиеден бас көтермей терең депрессияға түскен адамдар осындай офистердің жемі. Банк бір тұстан, ал банкке қарсы күресем деген осындайлар екінші тұстан, аңқау қазақ баласын қақпа арасындағы допқа айналдырды. «Аңқау елге арамза молда» деп аталарымыз осындайда айтқан болса керек.
Қалыптасқан жағдайда сәйкесінше аталған алаяқтардан сан рет опық жеп, шағымдану үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған халық қаншама. Содан болар қазір елімізде алаяқтықпен (мошеничество) сотталғандар 10 000 адамнан асыпты. Бірақ бұл жаңа, өскелең алаяқтарды тоқтатар емес. Алдану үшін жалданып қызмет жасаған аңқау жұрттың да қарасы әлі көп. Яғни сұранысқа сәйкес ұсыныс жеткілікті. Қып-қызыл нарық.
Ең қынжылтатыны, осыншама мысалдарды көре тұрып біздің жұрт бәрібір өзі алданып, төбесі бір ойылу керек, сосын бірақ тоқтайды. Өзгенің мысалынан үйрену бізде жоқ. Болмысымыз сондай, сенгіш халықпыз. Адамнан тек жақсы нәрсе көргіміз келеді, жылы сөйлесе соңғы тиынымызды беруге дайынбыз. Құрметті студент жолдастар! «Оңай және тез ақша табу» деген жарнама көрсеңіз айналып қашыңыз. Шаңсорғыш сатып, пирамидаға мүше болғанша дала сыпырыңыз. Оның зейнеті әлгі екеуінен мың есе артық. Бауырларыңызды алдайтын, арбайтын жалған ТОО немесе фирмаларды көрсеңіз ол туралы көпшілікке айтып, бәленің алдын алуға көмектесіңіз. Бір-бірімізге қол ұшын берейік!

Дәурен Бабамұратов

Смартфон оқушының үлгерімін төмендетеді

$
0
0

Смартфон оқушының үлгерімін төмендетеді
Прокурорлар мектеп оқушыларына смартфон мен планшетті қолдануға тиым салмақ. Бұл құрылғылар оқушылардың сабақ үлгерімін төмендетіп, балалар қылмысының арта түсуіне бірден-бір себеп дейді құзырлы орган қызметкерлері.

Бұл ұсынысты ұстаздар қауымы да қолдап отыр. Ал, оқушылар бұл жаңа ережеге қарсылығын білдіруде.

Бүгінде білім ордаларында ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр. Жыл басталғалы Қостанайдың мектептерінде 26 ұрлық болса, соның 23-інде ұялы телефон ұрланған. Прокурорлар қымбат телефон ұрлықшы үшін оңай олжа болып отыр дейді.

«Мысалы, соңғы екі күнде қаладағы мектептерде 5 ұялы телефон жоғалды. Жоғалған бір телефонның құны 109 мың теңге. Оқушылардың мектепте қымбат заттар ұстап келуіне әкімшілік тұрғыдан шектеу қою керек. Тіпті, мұндай қымбат телефондардың қажеті жоқ. Оқушының міндеті интернетте көңіл көтеріп, әлеуметтік желілерде танысу немесе музыка тыңдау емес. Оқушының міндеті – білім алу» дейді қала прокуроры Әділхан Ерекешев.

Ұстаздар қауымы да соңғы үлгідегі түрлі құрылғылардың кесірінен балалардың ойлау қабілеті төмендеп бара жатқанын айтып, ата-аналарға өз балаларына арзан телефон сатып алып беруге кеңес береді.

Бұл мәселе қазір қызу талқыланып жатыр. Не білім, не «материалдық бедел». Соңғы сөз, ата-аналарда.

Ұлттық идеологияның темірқазығы

$
0
0

Ұлттық идеологияның темірқазығы –­ мемлекеттілік

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз» – деген болатын. Осылайша, Елбасы қалың бұқараның көкейінде жүрген ойды дөп басып айтып қана қоймай, жаңа бастаманың төңірегінде бүкіл елді, халықты тағы бір жұмылдыра түсті. Әсіресе, Мемлекет басшысының айтқан сөздеріне жастар тарапынан ықылас сезімдері ерекше болғанын айта кеткен жөн. Жастардың Елбасы сөздерінен жігерленгендері соншалық, Президенттің мәлімдемесі ақпарат құралдарында жарияланысымен, интернетте, әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен шынайы бөлісіп, Мемлекет басшысының сөздерін цитаталарға бөліп, біріне бірі таратып жатты. Осының өзі халықты біріктіріп, бір жұдырықтай жұмылдыратын нағыз шынайы ұлттық идея – мемлекеттілік екенін растайды.

Әрине, кейбір сарапшылар мен бақылау­шылар Президенттің бұл мәлімдемесінің астарынан басқа бір мағына іздегені де жасырын емес. Бірін­шіден, біраз жұрт мәлімдемені, әсі­ресе, өзге елдердің де ХV ғасырда қазіргі за­ман­ғы стандарттарға сәйкес мем­лекеттің бүгінгідей болмағандығы жөніндегі сөздерді Президенттің ресейлік саясаткерлерге берген жауабы шығар деп ұғынып жатқанға ұқсайды. Екіншіден, Елбасының Тәуелсіздік азаматтар үшін ең басты киелі де қасиетті ұғым болу қажеттігі жөніндегі сөзі еліміздің алдында қашанда түрлі қатерлер бар екендігін аңғартқысы келген шығар дейді.

Алайда, шын мәнісінде, Қазақстан басшысының мемлекеттіліктің тарихына қатысты ой-толғамдарының, тарихи сананы жаңғыртуға арналған бастамаларының тамыры одан да тереңде жатыр. Ең бастысы, Президент Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау бас­тамасы «Мәңгілік Ел» идеясының ұлттық идеялогияға айналуы қажет екен­дігін тағы бір аңғартады.

Қазақ хандығының мерейтойы – тарихи зерттеулердің нәтижесі

Біздің пайымдауымызша, соңғы мәлімдемесімен Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте қазақтың тарихына қатысты ұзаққа созылған пікірталасқа ресми түрде нүкте қойған тәрізді. Әдетте, қазақтың мемлекеттілік дәстүрі тым тереңге кете­тін­дігін тарихшылар жақсы біледі. Алайда, ХV ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына шыққан Қазақ хандығының құрылған нақты жылдарына қатысты зерттеушілер бір пікірге келе алмай, үнемі дауласатын. Ғылыми ортадағы бұл пікірталастар бұқараның тарихи санасына да өз ықпалын, дәлірек айтқанда, кері әсерін тигізбей қалған жоқ. Айналадағы халықтар өздерінің мемлекеттілік тарихын мыңдаған жылдарға апарып тіреп жатқан тұста және тарихты ғылым үшін емес тек қана саясат үшін сөз ететіндердің қарасы көбейген қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылған кезін нақты анықтай алмау халықтың көңіліне кірбің ұялататын жайт еді. Енді, міне, бұл пікірталастарға тоқ­тау салынды. Және де Елбасының бұл шешімін тек саяси қажеттіліктен туындаған шешім деп қабылдау дұрыс болмас, себебі, ұлттық тарихтың бірден бір зерттеушісі мен жанашыры кім десек біріншіден, Елбасының өзін атасақ әділ болар еді. Еліміздің дамуының түрлі кезеңдерінде, Президент саяси және экономикалық мәселелермен шұғылдана отырып, әрдайым тарих, руханият мәселелеріне де бірдей көңіл бөлетін. Президент көптеген зерттеулерге бастамашы болып қоймай, сол зерттеулердің қорытындыларын ғалымдармен ұзақ уақыт бірге отырып жиі талдайтын да. Елбасының бастамасымен, сол себепті, Қазақ хандығының құрылуы, ұлттың арғы-бергі тарихы, рухани және материалдық мәдениетін түбегейлі зерттеу мәселесіне басымдық берілді. Сол үшін мемлекет қыруар қаржы бөліп, көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2004 жылы ұлттың тарихы мен мәдени құндылықтарын тү­ген­деу үшін «Мәдени мұра» бағдар­ла­ма­сы қабылданып, жылдар бойы жүргізілді. Аталған бағдарлама үшін мем­лекет қазынасынан 8 млрд. 280 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Яғни, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған бағдарлама арқылы біз, ең алдымен, қазақтың тарихына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне, өнеріне қатысты құнды деректерді жинақтадық. Тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді. Археологиялық қазбалар жүргізіліп, бабаларымыздан қалған құнды жәдігерлерді таптық. Тіпті, өзге мемлекеттердің ау­ма­ғын­да қалған бабалардың зираттарын да анық­тадық. Оларға мемлекет қаржысы арқылы жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Оған нақты мысал ретінде, Дамаскіде Әбу Насыр әл-Фарабидің кесенесі мен тарихи-мәдени орталығын салу жұмыстарын, Дамаскідегі Сұлтан әз-Захир Бейбарыс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітінің реставрациясын атауға болады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 537 кітап бір жарым миллион данамен шығарылды. Қазақтың дәстүрлі ән-күйінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» антологиялары жарық көрді. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Иран, Мы­сыр, Өзбекстан, Армения, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінен қазақтың тарихына, мәдениетіне қатысты 5 мыңнан астам архив құжаттары, қолжазбалар, баспа өнімдері алынды. Яғни, тарихымызды түгендедік. Мол деректер жинадық. Енді сол деректерді ықтиятты түрде қорытып, сараптама жасап, ғылыми айналымға енгізу мәселесі тұр. Міне, осы «Мәдени мұра» бағдарламасының тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылғанын ескеретін болсақ, демек, Елбасы өз мәлімдемесін тарихшы ғалымдардың біршама жылдарда жасаған зерттеулердің нәтижесін сараптай отырып шығарған және ғылыми негізделген ой түйіні деп қабылдау қажет. Рас, көрші елдердегі саяси жағдайлар бізге де өз ықпалын тигізетіндігі анық жайт. Қазақстанның да Украинадағы оқиғаларға бейжай қарамасы белгілі. Бірақ, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау тек сол оқиғалардың ықпалымен қабылданған шешім емес. Бұл биліктің ұзақ жылдар бойғы жоспарлы да тиянақты жұмысының бір нәтижесі.

Нұрсұлтан Назарбаев Керей мен Жәнібек хандар жайлы тек осы жолы ғана айтып отырған жоқ. 2010 жылдың маусымында Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші ашылған кезде сөйлеген сөзінде Президент: «Біз елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткішін ашып отырмыз. Бұл тұғырлы тарихымызға, біздің елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекетімізге арналған мәңгілік белгі. Баршаңыз білесіздер, Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қағады. Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасында бой көтерген қазақ ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік етті. Түптеп келгенде Керей мен Жәнібек тұсында тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағынаны береді. Бабаларымыздың ұлыстың атына таңған азаттық аңсарын ақиқатқа айналдыру біздің ұрпақтың маңдайына жазылыпты», – деген еді. Бір сөзбен айтқанда, елдік дәстүрдің терең екендігін бұқараға сезіндіру үшін жасалған қадамдар. Тарихи сананы жаңғырту оңай іс емес екендігін ескерсек, Елбасының бастамалары бір-бірін толықтырған, тереңнен ойластырылған дүниелер. Астана­дағы жаңа көшелерге тарихи тұлға­лары­мыз­дың, көне қалаларымыздың, жер-су атау­­ларының берілуі де осы кешенді жоспардың бір бөлшегі. Президент астананы Алматыдан Арқа төсіне көшірген сәтте қалада ең бірінші тұрғызылған ескерткіш Кенесары ханға арналған болатын. 1990 жылдардың басында батырлар мен хандардың, 1995 жылы ұлы Абайдың мерейтойларын атап, 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп атау, 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығын тойлау, 2001 жылы Астанаға Күлтегін ескерткішінің көшір­месінің әкелінуі, 2009 жылы «Қазақ елі» монументінің ашылуы, 2011 жылы Астанада «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының орнатылуы ұлттық тарихты насихаттап, елдік дәстүрді бұқараның санасында жаңғыртуға бағытталған жүйелі де салмақты саясаттың көрінісі мен нәтижесі.

Мемлекеттілік сабақтастығы

Мемлекеттілік дәстүрдің тереңдігін паш ету, оны айрықша атап өту ХХ ғасыр­дың екінші жартысынан бастап жиі байқала бастады. Шамасы, бұл да мемлекеттік идеялогиясының, қоғамды бір идея төңірегіне жұмылдырудың тәсілдерінің бірі болса керек. Тіпті, мұндай мерейтойлар қарсаңында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер де шешімін тауып жатады. Мәселен, 1971 жылы Иран елі парсы мемлекеттілігінің 2500 жылдығын тойлаған. Олар өз мемлекеттілігінің басын Ахемен әулетінің патшасы Кирден бастайды. Осы мереке қарсаңында елде 2500 мектеп салынды. Көптеген қалаларда абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ірі кәсіп­орын­дар мен компаниялар мектеп, ауру­хана салу жұмыстарына белсене қатыс­ты. Мерейтойдан хабар тарату үшін әлем­нің ірі БАҚ-тары мен ақпараттық агент­тіктерінен 600-ден астам журналист келген. 52 мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары қатысты мерекеге. Бір сөзбен айтқанда, Иран үшін аса ірі PR акция болды ол. Алайда, мерейтой қарсаңында бірінші кезекте елдегі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасалды. Сауатсыздық мөлшері төмендеді. Жұмыссыздар саны азайды. Денсаулық сақтау мекемелерінің саны артты. Яғни, парсылар өз мемлекеттілігінің мерейтойын тек тамаша идеологияға ғана емес, әлеу­меттік-экономикалық жаң­ғы­рудың құралына айналдырған болатын.

Бүгінде Иранның үлгісін Түркия пай­да­лануда. Түріктер 2023 жылы өтетін Түр­кия Республикасының 100 жылдығына арналған кешенді жоба­ларды бастап кетті. Яғни, экономи­каны одан әрмен дамы­ту, қоғамды демо­кратияландыра түсу, білім беру, денсаулық сақтауды дамыту, ұлтаралық татулықты нығайту, ай­мақ­тардың арасындағы әлеуметтік-эконо­микалық айырмашылықтарды жою, заманауи инфрақұрылымдар жасақтау түріктердің мақсаты қазір. Алайда, ресми Анкара мемлекеттілік дәстүрдің тереңдігіне үңілмеді. Селжұқ мемлекеті мен Осман империясынан бері үзілмеген мемлекеттілік дәстүрді насихаттап отырған жоқ. Керісін­ше, Ататүрік құрған республиканың мерей­тойына құрмет басым.

Бір байқағанымыз – мемлекеттілік дәстүрдің тарихына үңілу, оны идеология ретінде пайдалану азаматтық ұлт қалып­таса қоймаған елдерде байқалуда. Өздерінің этностық тегіне қарамастан «америкалықпыз», «французбыз», «германиялықпыз» дейтін халық қалыптасып үлгерген Батыс Еуропада мемлекеттілік тарихын тойлау сирек. Керісінше, нақты этностық тегін ұмытпаған және оны мақтан тұтатын халықтар мемлекеттіліктің тарихына ерекше мән беріп келеді. Оған 1981 жылы Болгарияның өз мемлекеттілігінің 1300 жылдығын, 2000 жылы Венгрияның мемлекеттіліктің 1100 жылдығын той­лағанын мысал ретінде атап өту­ге болады. Ал, посткеңестік елдерге келсек, 1999 жылы Тәжікстан өз мемле­кет­тілігінің 1100 жылдығын тойлады. Олар ІХ-Х ғасырларда Орталық Азияда билік құрған Самани әулеті кезінде тәжік ұлты мен тілі қалыптасқанын алға тартады. Ал, Ресей Федерациясы 2012 жылы мем­лекеттіліктің 1150 жылдығын той­лады. Тіпті, бұл мерейтойды Беларусь және Украина елдерімен бірлесіп атап өту мәселесі де қарастырылды. Мерей­тойлық шаралар ресейліктердің бүгінде насихаттала басталған «Орыс әлемі» идеясының айналасына топтаса түсуіне айрықша ықпал етті. Өзбекстан бол­са Әмір Темірдің мерейтойымен ғана шек­телген. Бірақ, өзбектер түрлі қалалардың мерейтойларын атап өтуде.

Мемлекеттілік дәстүрді өте мықты идео­ло­гия құралына айналдыра білген елдердің бірі – Моңғолия. Моңғол жұрты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап-ақ тарихи танымды жаңғыртуға мықтап кірісіп кетті. 2006 жылы Моң­ғолия Шыңғыс хан құрған моңғол мемлекетінің 800 жылдығын атап өтті. Мерейтойдың тек тарихи ғана астарының болмайтындығын салтанатты шараға АҚШ ауыл шаруашылығы министрі Майкл Йоханс бастаған арнайы делегацияның келгенінен-ақ аңғаруға болады. Амери­калық саясаткерлер президент Дж. Буштың құттықтауын жеткізген. Ресми Улан-Батор мерейтойды ұлтты әлемге танытудың құралы ретінде де пайдалана білді. Алайда, моңғолдар мемлекеттілік дәстүрдің тарихын тіптен тереңдете түсті. Әрі күллі түркіге ортақ тарихты жеке иемдене бастағанын байқаймыз. Олар 2011 жылы Ғұн мемлекетінің 2220 жылдығын да ресми түрде атап өткен. Алайда, соңғы кездері ғұндарды тікелей моңғол ретінде бағалау белең ала бастады. Нәтижесінде, Моңғолия туризм саласын әжептәуір дамытты, елге келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Тек 2013 жылдың өзінде Моңғолияға 500 мыңға жуық турист барған. Инвесторлар да елге келе бастады. Қазір Моңғолия жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім мөлшері өте жылдам артып келе жатқан ел. Бірақ, қалай болғанда да моңғолдар мемлекеттілік дәстүрді тек идеолгия құралы ғана емес, өте жақсы ұйымдастырылған PR акцияларына айналдыра білді.

Қалай болғанда да, мемлекет құрылуы мерейтойы тек сол мемлекеттің әлемге өзін өзі таныту үшін емес, ал ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру үшін ұйымдастырылады. Мы­салы, Қытай Коммунистік партиясы­ның жетекшілері 2013 жылғы партия съезінде алдағы онжылдықтардың негі­згі мақ­саты ретінде Қытай Халық Респуб­ли­касының 2049 жылы аталатын 100 жыл­дығына дайындалуды бекітті. Сол сияқ­ты 2023 жылы аталып өтетін Түркия Рес­пуб­ликасының 100 жылдығы да ең алды­мен ішкі аудиторияға арналған іс-шаралар.

Сондықтан, Қазақ хандығының мерей­тойын өткізуде өзге елдердің тәжірибесін де қарау қажет.

«Мәңгілік ел» идеясы – мемлекеттілік дәстүрі

Президент сөзінің астарынан ұққан соңғы пайымымыз тарихты насихаттау арқылы мемлекеттілік дәстүрі бірте-бірте ұлттық идеологияға айналып келе жатқандығы. Әдетте, «мемлекеттілік» ұғымын тек мемлекеттік құрылым ретінде бағалаймыз. Алайда, мемлекеттілік дегеніміз, тарихта өз мемлекетін құра білген халықтардың даму деңгейімен де өлшенеді. Әрі мемлекеттің дамуы мен қызметін ұйымдастыруға қажет идея­лар мен көзқарастардың тұтас­тай жүйесін де «мемлекеттілік» деп баға­лайды бірқатар сарапшылар. Демек, «Мәң­гілік Ел» идеясы ұлттық-мемлекеттік идеяның негізі, іргетасы десек те болады. Және де, ең бастысы, бұл идея елдің өткеніне ғана қатысты емес, болашағына қызмет ететін идея.

Көне түркілер аңсаған Мәңгілік Ел шын мәнісінде бұл бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет. Біздің бабаларымыз шынайы түрде берік, өзгелерге де ықпалын жүргізе алатын мемлекет ретінде көргісі келді, міне, біздің ұрпақтың маңдайына сол бабаларымыздың арман еткен қуатты да ықпалды мемлекет құру бақыты тиді. Сондықтан, ертең тек Қазақ хандығының мерейтойы емес, сонымен қатар, 2017 жылы Түрік қағандығының 1465 жылдығы, 2024 жылы Алтын Орда мемлекетінің 800 жылдығы сияқты атау­лы даталарды да ұмытпауымыз тиіс. Әри­не, Қазақ хандығының құрылған жылын анықтап, оған лайықты баға бермей тұрып, Қазақ мемлекетін құрған хан-сұлтандарға, батырларға құрмет көрсетпей тұрып, күллі түркілік құндылықтарға иелік етуге ұмтылу ерте шығар, бірақ біз күллі түр­кінің атажұртында отырған елміз. Оның үстіне, Мәңгілік Ел идеясын қайта жаң­ғырту арқылы Қазақ мемлекеті өзін баяғы Дала империяларының мұрагері, көне мемлекеттілік дәстүрлердің жал­ғас­­тырушысы етіп жариялауда. Түп­тің-түбінде бүгінде біз айтып жүрген «Мәңгілік Ел» ұғымын орыс тіліндегі «державность» сөзінің баламасы ретінде қабыл­дауға болады. Біз жай көптің бірі бола­тын мемлекет емес, озық, ықпалды мемлекет құруға ұмтылуымыз қажет. Себе­бі, қазіргі заманда тек белсенді, қуат­­ты мемлекет қана өміршең, қатерлерге төтеп бере алады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, Қазақстан дамыған елу елдің, енді отыз елдің қатарына ену қажеттігі жөнін­дегі Елбасының сөздері бұл тек жай ұран сөздер емес, ұлтты, халықты тек алға, бә­секеге қабілетті болуға тартқан Стратегия.

Сондықтан, Қазақ хандығының 550 жылдығы қазақтың жаңа сапаға көтерілуінің кезекті маңызды межесі. Бұл іс-шараға мерейтой деп емес, ал ең бастысы болашақта ұлттың сапасын, мемлекеттілікті арттыру мен азамат­тардың жүрегінде мем­лекет­шілдік сезімін ұялатудың жаңа бір мүм­кін­дігі деп қарауымыз қажет. Яғни, бас­ты мақсат – Мемлекеттілік дәстүрдің сабақ­­тас­тығын жаңғырту, бекіту. Және де бұл мерейтой «Мәңгілік Ел» идеясын бұқараның санасына сіңіру үшін қажет.

Ерлан ҚАРИН,

"Жастар шын өнер мен еріккеннің ермегін ажырата білсе..."

$
0
0

Ақын, әнші-сазгер Елена Әбдіхалықова: "Жастар шын өнер мен еріккеннің ермегін ажырата білсе..."

Елена Абдихалыкова

http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_58365/thumb_b/photo_61055.jpg

Елена мамасымен

Елена Абдихалыкова

Елена Абдихалыкова

Елена Абдихалыкова

- Құрметті Елена апай, өзіңіздің әсем де сыршыл әндеріңізбен алматылықтарды бір қуантпақ екенсіз. Желтоқсанның 5-іне жоспарланған кешіңіз туралы айтып берсеңіз.

- Бұл менің Алматыдағы екінші кешім. Алғашқысы осыдан 14 жылдан аса бұрын Ғалымдар үйінде өткен болатын. Оны қазақтың қайраткер қызы, өнер жанашыры, сол ғалымдар үйінің директоры Ғайникен Айдарханқызы Бибатырова сонау Қызылордада шаңның арасында жүрген кезімде хабарласып, тауып алып, өзі ұйымдастырып өткізген болатын. Ғалымдар үйі шағын болса да, арнайы қосымша орындықтар қойып, зал лық толған еді. Одан бері талай су ақты, талай тас қалды демекші, менің де шығармашылығым артты. Сол шығармашылығымның жаңалықтарын бөліскім келіп, осы кеш-концертімді жасауға тәуекел еттім. Концерт толығымен жанды дауыста үлкен ұжымдардың қатысуымен өтпек. Қалғанын бара көрерсіз.

- «Әннің де естісі бар, есері бар» демекші, бүгінде есер ән есімізді алып жатқан кезде есті әндерді тыңдағысы келетін талғамы жоғары тыңдармандарыңыз үшін қандай жаңа әндер жаздыңыз?

- Осы кештің 80 пайызы дерлік жаңа әндер, жырлар. Бұл кеш менің шығармашылық бенефисім болмақ.

- Сіздің әндеріңіз өз орындауыңызда өте тамаша. Дегенмен әншілер қауымы сіздің әндеріңізді орындауға құштар. Осы шығармашылық кешіңізге қазақ эстрадасының әншілерінен кімдерді шақырдыңыз?

- Құштар болып әнімді сұрайтындар бар, бірақ, көбісі жеріне жеткізіп айта алмайтын сияқты. Бұл жас әншілерге қатысты. Кезінде Мәдина Ерәлиева, Мақпал Жүнісова айтқан әндерім осы күнге дейін халық жадында. Десек те, өзім шығармашылығын, дауыстарын жақсы көретін Жұбаныш Жексен, «АртКлассик» тобы, Дәурен Сейітжанов, Айгүл Иманбаева секілді танымал әншілермен бірге елдің ішінде көп көріне бермейтін, бірақ таланттары жоғары сонау Маңғыстаудан Аида Байгелова, түу Өскеменнен Радион Немцов секілді және т.б. жақсы жас әншілер қатыспақ.

- Әдетте өнер адамдары өзінің шығармашылығына уақыт таппай жатады. Ал сіз уақытты бағалай білетін адамдардың қатарындасыз ба?

- Мүмкіндігінше бағалауға тырысамын. Кейде шақырған түсірілімдер мен хабарлардан бас тартып, өз-өзіммен қаламын. Оқимын, ізденемін, ойланамын. Әйтпесе, ана жақта концерт, мына жақта телехабарлардың түсірілімі, барлығына жүгіремін деп, шығармашылығымыз жетімсіреп, тіпті, қолға қалам ұстауға уақытымыз болмай кететіні жасырын емес. Ондай сәтте өзімді қатты жек көріп кетем.

- Елена апайдың күн тәртібі қандай, алдын ала жоспарланатын күндер көп пе?

- Менде қатып қалған күнтәртібі жоқ. Халықтың адамы болған соң, сол халықтың сұранысына икемденесің. Біреу тойға шақырады, біреу концертке шақырады, аймақтарда өнер көрсетемін. Болмаса бір жерде жиынға қатысуға тиісті боламын. Кеш келетін, кейде ұйықтамайтын, таңды таңға ұрып жүретін кезім болады. Тіпті тамақтануға уақыт болмай, түскі асты, кешкі асты ұшаққа мінгенде ғана ішіп, жүгіріп жүреміз. Сондықтан, менде күн тәртібі ойқы-шойқы.

- Әдебиетті сүйетін адамның жаны сұлу болады ғой. Сіздің әндеріңіздің әдемі, әсерлі болуы ең алдымен сіздің әдебиетпен сусындағаныңыздың әсері болар?

- Әннің сұлу болмағы оның мәтінінен деп ойлаймын. Менің негізгі мамандығым - әдебиетші. Тіл маманымын. Сөздің қадірін ұғып, пайымына барған соң, әндер де солай туады. Сондықтан, ән жазатындар сөздің парқын білсе деймін. Алдымен сөздің дертімен ауырса деймін.

- Қазақтың қай ақын жазушысын жата жастанып оқисыз?

- Бұрынғы ауыз әдебиетінен бастап, күні бүгінгісін қалдырмаймын. Жалпы, менің жақсы көретін жазушым Мұхтар Әуезов пен Әбіш Кекілбаев! Ақындардан классик ақындарды: Абайдан бастау алатын Төлеген, Жұмекен, Мұқағали, Сағи, Фариза, Кеңшілік, Қадыр.... Тыныштықбек, Ұлықбек, Ғалым, Светқали, Сабыр, Маралтай, Жанна, Жанат, Асылзат, Ақберен ... болып кете береді.

- Бойына сөз өнері мен сазгерлік, әншілік бірдей дарыған жанда арман жоқ шығар... Дегенмен әйел адам үшін өнердің ауыр жүгін арқалап жүру оңай емес қой. Отбасыңыз демеу білдіріп отыра ма?

- Армансыз адам болмайды ғой. Әсіресе, өнер адамы романтик болып келеді. Менде де арман жетерлік. Құдай берген сол азды-көпті өнерімізді аман - есен халыққа жеткізіп үлгерсек дейміз, жүрген жерімізде абыройлы болсақ дейміз, осыны бағалап, қадірімізге жететін халық аман болса дейміз. Көп қой арман! Әйел болып жаралған адамның жүгі бірнеше есе ауыр болатыны тағы бар. Кейде қиналған шақта Құдайдың маған осынша өнер беріп несі бар деп күпірлік қылып, жылайтын кезім де жоқ емес. Ондай кездерім жастау кезімде көбірек болған. Сол кезеңдерден анам марқұмның арқасында шықтым. Маған қанат бітірген, қиын кезде мені тек өзі ғана айта алатын сөздерімен демеу болған анам - Сақыпжамал еді.

- Сіз ұстазсыз. Баланы тал бесіктен тәрбиелейтін ата-бабамыздың жолынан адасып қалған жоқпыз ба? Қазіргі ұл мен қыздың тәрбиесі қандай деңгейде деп ойлайсыз?

- Қазіргі жастарды тәрбиесіз деп сөгуден аулақпын. Меніңше тек қадағалау аздау сияқты. Ол да түсінікті. Өйткені ата-ана бала-шағасын асыраймын деп күндіз-түні жұмыс жасауға мәжбүр. Қазіргі таңда баланы қалыптастыру үшін, оған заманға сай жан-жақты тәрбие беру керек. Ол қаржыны талап етеді. Ата-ана оны тауып беруге міндетті. Сол себепті отбасы тәрбиесі бір жақта қалып жатады. Қазіргі біздің қоғамда балалар теледидар мен ғаламтордың тәрбиесіне көбірек бой ұруда. Бұл дұрыс емес. Баланы алдымен ата-анасы, сосын мектебі, оқу орны тәрбиелеген дұрыс. Бұл үлкен әлеуметтік проблема.

- Шығармашылығыңызға қайта оралсақ, сіздің төлқұжатыңызға айналған «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын» әндері қазіргі тілмен айтқанда хит әндер болды. Сондай-ақ сіздің Табылды Досымовқа арналған «Доспен қоштасу» әнге түсірілген бейнеклипіңіз, «Қазақ елі» атты патриоттық әніңізді де көрермен өте жақсы қабылдады. Алда басқа әндерге клип түсіру жоспарда бар ма?

- Бұлардан басқа «Есіңе мені алғайсың» атты әніме Жұбаныш екеуміз клип түсірген болатынбыз. Әрине, қаржы шешілсе, неге түсірмеске... Қазір барлық мәселені қаржы шешеді ғой.

- Жұбаныш Жексенұлы екеуіңіздің орындауындағы әндеріңіз де жүректі тербейтін әндер. Сіз кейде осы әнімді мына әнші орындаса, табиғатын жақсы ашады деп өзіңіз ұсынатын әншілер бола ма?

- Өзім біреулердің ізін аңдып, жалынып ән ұсынып көрген емеспін. Ондай қасиет менің болмысыма жат. Әрі өзім де бір кісідей ән саламын. Менің әндерімді орындайтын әнші менен асырып орындаса, неге бермеске?! Негізі әнші өзі ізденуі керек. Өкінішітісі сол, өзі ізденетін, нағыз өнер жасаймын деген әнші бізде өте аз. Көбісі тойдың тарсылдаған әнін айтып, көбірек тиын табу үшін ғана фонограммамен «әнші» болып жүргендер.

- Сіз үші «қазақ шоу-бизнесі» деген ұғым бар ма?

- Біздің шоу-бизнес деңгейсіз, талғамсыз секілді. Әлемдік аренаға шығаратын ештеңеміз жоқ. Ол жерде қандай ұғым болмақ?!

- Өнер саласында жүрген жастарға қандай тілек айтар едіңіз?...

- Шын өнер мен еріккеннің ермегін ажырата білсе, сөз парқын таныса, қазақтың көркем әдебиетін оқыса деймін. Осыларды білмей тұрып, «мен-жұлдызбын» демесе екен!

- Үлкен рахмет! Шығармашылық табыс тілейміз!

Айнұр Сенбаева

ғалым Мәлік Шипанұлы 2014 жылы 20 қарашада қайтыс болды

$
0
0

Қытайдағы қазақ руханиятының абызы дүниеден өтті

АСТАНА. 21 қараша. BAQ.KZ - Қытайдағы қазақ руханиятының абызы, әйгілі актер, дарынды композитор, қазақ ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры, музыкатанушы-ғалым Мәлік Шипанұлы 2014 жылы 20 қараша 90 жасқа қараған шағында Құлжа қаласында қайтыс болып, жамбасы 21 қараша , яғни бүгін қасиетті жұмада жерге тиді. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Дүкен Мәсімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Мәлік Шипанұлы 1925-жылы Қазақстанның Семей аймағына қарасты Маңырақ деген жерде дүниеге келген. 1932 жылы Голощекиндік геноцит кезінде ата-анасымен бірге арғы бет асқан. 1950 жылдары Шынжаң өлкелік және Іле қазақ облысының театр үйірмелерінде көркемдік жетекші қызметін атқарып, халқымыздың «Қыз-Жібек» «Қалқаман- Мамыр» сынды дастандарын сахналап, әрі бас ролдерді өзі сомдаған. Атышулы "Мәдениет төңкерісі" жылдарында жалған жаламен 20 жылын "еңбекпен өзгерту" лагерлерінде ит қорлықпен өткізді. Дэн Сяопин билік басына келгеннен кейін, 1980 жылдары ҚХР Іле қазақ облыстық мәдениет мекемесіндегі бұрынғы қызмет орнына қайта оралып, халқымыздың ауыз әдебиет үлгілерін жинау, реттеу, зерттеу саласында жан аямай еңбек етті.
Әсіресе оның қаламынан туған "Қойшы әнін" (өлеңін жазған: Бұқара Тышқанбаев) өз заманында жер бетіндегі күллі қазақ баласы халық әніндей өте жылы қабылдаған болатын..
Мәлік атамыздың жаны жаннатта, иманы жолдас болсын, -дей отырып, марқұмның отбасы, бала-шағасына қайғырып көңіл айтамыз!


Бердібектің беделсөзі

$
0
0

http://abai.kz/public/upload/images/47c1ce95d992d50e5e43164e5d6256bc.jpg

«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірімен шектелмейді. Себебі, қазақ хандығының ары қарай дамуына, қалыптасуына басқа да қалалардың үлесі бар. Мәселен, Түркістан, Сығанақ, ар жағындағы Сарайшық, Бөкей ордасы, мына жақта Ұлытау, Көкшетау және басқа қалалар тарихи елді мекендер.

Бұл мерекені бүкіл қазақстандықтар болып атап өтуіміз керек. Мемлекеттің қалыптасуы сол кезден басталатынын нықтап, оның қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз!»

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған республикалық комиссияның алғашқы отырысында айтқан сөзі.

Ерлан мырзаны сұхбатқа шақырып....

$
0
0

Қазақстан егемендік алып, көк туын көк аспанда желбіреткеніне биыл 16 желтоқсанда 23 жыл толады. Осы 23 жылда бейресми дерек бойынша, Қытайдан 80 мыңға жуық адам(Қытайлардың дерегі бойынша 45 мың адам) Қазақстанға қоныс аударып, байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріне ірге көміп, күл төкті. Қазақстан үкіметі Қытайдағы бір жарым миллионнан астам Қазақтың Шинжаңда қоныстанғанын және олардың Пекин, Шаңхай сияқты қалаларға барып виза аштыруының қиындығын ескеріп, Үрімжі қаласынан «Қазақстан Республикасының Қазақстан теміржолына қарасты паспорттық, визалық орнын» ашты. Әрине, Шинжаңнан бірде бір елге консул аштырмаған Қытай елінің рұқсатын алып, Үрімжіден паспорттық, визалық орнын ашу да оңай жұмыс емес, мүбәдә, Қытай-Қазақстан екі ел басшыларының достығы мен екі елдің тату көршілік қатынасы болмаса, Қытай Қазақтары жергілікті тілде «консул» деп атап кеткен «паспорттық, визалық орнының» ашылуы қиын еді. Бүгін де сол шағын жұмыс орнының өнімді қызмет істеуінің арқасында виза мәселесі өз шешімін тапты. Әрине, виза сұраған адамның көптігі, паспорттық, визалық орнындағы ішінара себептерге байланысты кезек созылып, делдалдар көбейіп, «консул төңірегінде шу-шұрқанның шыққаны» да рас. Бірақ Қазақстан үкіметінің баса назар аударуында және Қайыржан Кеңес, Ерлан Ибырагим сияқты ұлтжанды азаматтардың арқасында бұл келеңсіздіктерге де нүкте қойлып, виза ашуға барынша жеңілдіктер жасалды. Кезек алу, кесте толтыру, визаға тапсыру сяқты жұмыстар арнаға түсірілді. Міне сондай өнімді жұмыстар істеп, Қытай Қазақтарының ықласына бөленген Ерлан Ибрайым жақында жұмыс мерзімінің толуына байланысты Қазақстанға қайтты. Біз осы орайда паспорттық, визалық орнында 4 жылға жуық қызмет істеген Ерлан мырзаны сұхбатқа шақырып, көші-қон, виза алу сяқты мәселелер төңірегінде ой бөліскен едік.

– Ереке, Үрімжідегі Қазақстан Республикасының Қазақстан Теміржолына қарасты паспорттық, визалық орнында 4 жылға жуық қызмет істедіңіз. Бауыр басып қалған ортаны қиып кету де оңай емес шығар?

– Әрине, алғаш Үрімжіге келгенде тосырқағанымызбен, кейін үйреніп кеттік. Осындағы азаматтармен араласып, дос болып, сырласып, сыйласып жүрдік. Осыларды ойласам Үрімжіні қимайтыным рас. Бірақ, жұмыс талабы солай, шарт бойынша мерізім толды, енді елге қайту керек болды. Осы арада қызмет істергендердің арасында ең ұзақ істегендердің бірі менмін. Оның үстіне, Үрімжі мен Астананың арасы алыс емес, ұшаққа 2 сағаттық жол. Әлі талай келіп-кетіп, мұндағы ағайыннан алыстамаймын.

– Мүмкін «ұзақ істегеніңіз» сіздің жұмыстың үддесінен шығып, қызметті жақсы атқарғанығыздың арқасы шығар?

– Олай деп айтсақ, мақтанғандық болар. Деседе, тәуелсіз Қазақстан үшін, қандастарым үшін барымды салдым деп айта аламын. Өз елімнің тапсырмасын толық орындаумен қатар, осындағы қандастарымызға қолымнан келген мүмкіндікті түгел жасауға тырыстым. Әрине, паспорттық, визалық орын болғаннан кейін кейде құқық көлемің шектеулі, жұмыс тәртібің сызулы болады, соған қарамастан Қазақстанның Қытайдағы бас консулына, Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігіне жағдайды айтып, өтніш жасап, Шинжаңдағы қандастардың виза алуына көптеген қолайлылықтар жасадық. Мәселен, арнаулы сайт ашып, біз туралы, Қазақстан туралы, оралман мәселесі, виза мәселесі жайында халықты хабардар етіп отыруға құлшындық. Ауылдан келген қандастарымызға кесте толтырудың да белгілі қиындықтар туғызатынын, кесте қате толтырылса, виза алуға салқынын тигізетінін ойлап, кезек алу, кесте толтыру, виза өтініш етудің жұмыс тәртбін ыңғайладық. Жалақы беріп, кесте толтыратын адамдар орналастырдық. Виза жапсырылған паспортты почтадан салу тәртібін қалыптастырдық.

– Сөзіңіз аузыңызда, өткенде Қазақстандағы бір басылымнан «Кесте толтыру үшін ақша алады, кезек күту керек, делдал бар» деген мазмұндағы мақала оқыдым. Айып көрмесеңіз осы жағын ашалап айта кетіңізші.

– Оны мен де білемін. Бір-бірлеп жауап берейін. бізге виза алу үшін әр түрлі адамдар келеді. Жалған құжат дайындап келетіндер де бар, соның алдын алу үшін жеке куәлкті компьютерде растайтын жүйені іске қостық. Әрине, ол жүйеге кез-келген адам қосыла алмайтындықтан, біз осы жақтың азаматтарынан 5 адамға жалақы беріп, азаматтық куәлікті растауға және кесте толтыруға орналастырдық. Кестені толтырып, бәрін дайындап беру үшін 20 юуан ақы алады. Оның үстіне бұл ақы жұмыс орнының қазынасына емес, жаңағы 5 адамның еңбекақсына беріледі. Өз басым бұған наразылық танытқан бірде бір адам көрген жоқпын, қайта «дұрыс болған екен» деп ризашылығын білдіріп жатады. Міне осыны түртпектетіп жүрген адамдар бар. Қазақстан Респубилкасының заңы бойынша Қазақ азаматтарынан виза үшін ешқандай ақы алынбайды. Ал, кезек мәселесіне келсек, кезектің кейде ұзарып кететіні рас. Әсіресе, мамырдан қазанға дейін виза өтініш ететіндердің санының көбейуіне байланысты кезек күрт ұзарады. Біз сайтта және басқа амалдар арқылы визаны ертерек өтініш етуге болады деп қанша жар салғанымызбен, оны ескеретін қандастар аз. Бәрі сапарын жазға туралап әрі сол кезде келетіндіктен, шілде, тамыз, қыркүйек айларында адам күрт көбейеді. Ал желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз айларында кезек аз, кейде тіпті күнбе-күн нөмір алып, визаға беріп кетуге де мүмкіндік болады.

Бұрын виза 3 ай, көп мәртеге берілетін. Бұл Алтай, Тарбағатай, Іле сияқты өңірлерден келетін қандастарымызға қолайсыздық тудырып ғана қалмай, біздің жұмысымызға да салмақ түсіреді. Осы бір жағдайы ескеріп, қандастарымызға қолайлылық жасау үшін Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігіне қайта-қайта өтініш жасап, Қазақтарға виза мерізімін бір жыл көп мәртеге ұзарттық. Демек, қазір виза Қазақтарға бір жылға көп мәртеге беріледі. Қазақстанға барам деген ағайындар ерте қамданып, жыл басында ескерсе, мүмкін жазда ұзын-сонар кезек болмауы ықтимал. Қазір біз күніне 375 адамға(қазақ) виза береміз. Шұғыл жағдаймен(туысқаны қайтыс болғаны жайлы анықтама қағазы барлар, оқуға баратын оқушылар) Қазақстанға баратындар және басқа ұлт азаматтары мұның сыртында. Бұларды қоссақ күніне 450 ге жуық адамға виза беріледі. Олардың құжаттарын қабылдап, виза беру бізге де оңай соқпайды. Түстен бұрын қабылдасақ, түстен кейін қатысты жұмыстарын істеуіміз керек, кейде тіпті, қарбаластап кеткенде сенбі, жексенбі күндері үстеме жұмыс істейміз. Сұрастырп көрсеңіз болады, басқа ешбір елдің консулы мұндай жұмыс істемейді, бәрі түске дейін істейді де түстен дейін демалады, аптасына үш-ақ күн істейтін консулдар да көп. Біз консул болмағанымызбен, біздің жұмыс тәтібіміз консулдың тартібіне бойсұнады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Қазақстан Теміржолына қарасты паспорттық, визалық орнындағы қызметкелердің жұмысы ауыр деп айтуға болады. Бірақ оны біздің қандастар түсіне бермейді, кейде «осынша көп адамды кезекке тұрғызып қойып, түстен кейін дем алғаны несі, бір жерде иіргенше, Алтай, Іле, Тарбағатайдан бөлмшесін ашса болмай ма» деп кінәлап жатады. Мүмкін түсінбеген соң айтатын шығар, бірақ бұл айтуға оңай болғанымен, барысы қиын жұмыс екенін әр бір азамат білуі керек.

– Дұрыс айтасыз, «Алтай, Іле, Тарбағатайдан да консул ашса» деген күңкіл көп айтылып жүр.

– Қазақстан Республикасының Теміржол өкілдігіне қарасты Үрімжідегі паспорттық-визалық орны 1995 жылы Қаңтарда жұмыс бастағаны мәлім. Қазақстан жақтың өтінішімен, Қытай үкіметінің мақұлдығымен іске кіріскен бұл орын алғашында Қазақстан әуекомпаниясының қарамағында болса, кейін теміржол окілдігінің қарастығылына өтті. Қазір Үрімжіде ешбір елдің консулы жоқ, тек Қазақстан мен Қырғызстанның паспорттық-визалық орны ғана бар. Мұның өзі Қазақ халқына жасалған үлкен жеңілдік. Егер Үрімжіде паспорттық-визалық орын болмаса, онда біздің қандастарымыз Пекинге немесе Шаңхайға шақпылаушы еді. Бұл қандастарымызға қолайсыз болып ғана қалмай, қалтасына да үлкен салмақ. Жаңағы сіз атаған жерлерден паспорттық-визалық орын ашуды біз де білеміз. Бірақ оған Қытай үкіметінің мақұлдығы керек. Меніңше, Қытай үкіметінің Үрімжіден паспорттық-визалық орнын аштыруының өзі біздің қызметімізге үлкен қолдау көрсеткендігінің нәтижесі. «Жақсыға сөздің басын айтса, аяғын өзі түсінеді» дейді, демек, бұл мәселені тәптіштеп түсіндірмесек те, аңғарлы ағайындар арғы жағын бірден түсінеді деп ойлаймын.

Біз де бұл жақтағы ағайындарға бар жеңілдікті жасауға күш салып жатырмыз. Виза жапсырылған паспортты почта арқылы жіберіп, қандастардың кезек алып бір, виза аштырып екі, паспорт аламыз деп үш келетін барысынан бір жолды, яғни соңғы жолды қысқарттық. Виза өтініш еткенде мекен-жайды толық жазса болғаны сол мекен жайға виза жапсырылған паспортты салып жібереміз. Ал қазір жоғарыдағы екі жолды тағы да ықшамдау үшін біз кезек алуды интернет желісі арқылы жүзеге асыру жағын ойласып жатырмыз. Яғни бұдан былай ағайындар кезек алу үшін Үрімжіге келуінің қажеті қалмайды. Өзі тұрған орыннан біздің жаңа жүйемізге тіркеліп, паспортын және азаматтық куәлігінің сканерленген нұсқасын желіге жүктеп, қатысты мәліметтерді жазса болғаны, біз шекті мерізім ішінде оған жауап қайтарып, қашан келетінін ұқтырамыз. Айтылған күні келсе болғаны виза беруге қабылдаймыз. Бұл жоспарымыз іске асса, 3 аймақтың қазақтары неше жүз шақырым жол басып, шаршап, шығындалмайтын болады. Бұл жобаны бастап істеп жатырмыз, жүйесін жасап та болдық, бұйрса көп ұзамай жаңа басшылар ресми іске қосады деп ойлаймын.

– Кезекке тұрғанда кейде қандастарымыздың шу шығарып, күзет қызметкерлерін «ренжітіп» жататыны қалай?

– Оның да әр түрлі себебі бар. Оған бола өз халқымды, өз ұлтымды сөкікім келмейді. Бірақ біз қазақ деген текті халқпыз. Үлкенді құрметтеп, кішіні аялайтын асыл қасиетіміз бар. Кейде атамекенге жетуге асыққан ағайындар осы жағын ескермей, орнысыз кимелеп, «біз қазақпыз, жұмысымызды тез бітіріп бере қоймадыңдар» деп қазақтығын бұлдап жатады. Мүмкін алыстан келген соң, шұғыл жұмысы бар болған соң сөйтетін де шығар, бірақ, менше, барлық жерде қазақтығымызды бұлдай беретін жағдайды қоятын кез жетті. Кейбір ағайындар Қазақстанға барып заңды бұзып тұрып, «қазақпыз ғой, кешіре салыңызшы» деп айтатыны қазыр тәмсіл боп кетті. Қанға тартқан, ұлтыңа бүйрегің бұрылғаны дұрыс. Бірақ бұл да жөнімен болса игі. Қазақ деген жай халық емес, өзінің мемлекетті бар, әлемнің 40 тан астам елінде өмір сүріп жатқан өркениетті халық. Меніңше, осы бағамызды білуіміз керек. Мәдениетімізді әйгілеуді, Қазақстанның, қазақтың мәдениетін жоғары өреге көтеруді әр Қазақ өзінің басынан бастауы керек. Кезінде кезек ұзарып кеткенде, қарттарға, екіқабат әйелдерді кезексіз қабылдадық. Екі күннен кейін жұмыс орнымыздың алдын қалтылдаған қарттар мен екіқабат әйелдер басып кетті де, бұл тәртіпті де доғаруға тура келді. Әсілі бір отбасындағы бір нопостан бір адам келсе жеткілікті. Қарттарды, науқастарды сүйіреп, екіқабат әйелдерді, балаларды әкелудің түк те қажеті жоқ… Әрине, мұның бәрі кішікентай істер. Бірақ біздің ұлттық сапамызды көтеру осындай кішкентай істерден бастау алады деп ойлаймын.

– Қазақстанның азаматтығына өту үшін, ықтияр хат алу үшін қандай құжаттар керек?

– Қазақстанға барған азаматтар ең әуелі 5 күн ішінде уақыттық тіркеуге тұруы шарт. Егер 5 күн ішінде жергілікті орынға барып тіркеуге алғызбасаңыз, заң бойынша айып салынады. Сонымен бірге, шекті мерзім ішінде шекарадан шығарылуы мүмкін. Егер Қазақстанға барғанда уағында тіркелмей, заң бұзғандар болса, кейін қайталай виза аштыруына да әсерін тигізеді.

Уақыттық тіркеуге қонақүй немесе таныс-білістеріңіздің үй кітабына тіркелу арқылы тұруға болады. Шетелден келген қандастарымыз көбінде таныс-білістерінің үй кітабына тіркеліп жүр.

Қазақстанда тұрақты тіркеуге қатысты заңдар да көп өзгерді. бірер жылдың ішінде көп өзгерістер болды. Менің білуімше, бұрын тұрақты тіркеуге тұру үшін міндетті тұрде оралман куәлік алуы қажет болатын. ал оралман куәлік алу үшін паспорт, нопос сияқты жеке басты анықтайтын құжаттардың көшірмесі және куәндырылған(натористалған) нұсқасы, кеуденің(өкпені) қара қағазы, қан тексерткен қағазы керек. денсаулыққа қатысты қағаздарды Қазақстанның шипаханасынан алады. Егер жоғары білімі болса, дипломын растатып бірге тапсыру керек. Оралман куәлік алғаннан кейін оралман куәліктің көшірмесін, уақыттық тіркеудің көшірмесі, арты ақ 4 дана фотосурет(өлшемі 3*4 ) керек. Сонымен қатар, Қытай азаматтары үшін Қытайдағы нопосынан шықты деген анықтама мен сотталмады деген анықтама керек. Нопостан шыққан қағазды Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне апарып анықтату керек. Міне осы құжаттарды көші-қон сақшы басқармасына апарып тапсырады. Олар 3 айдан кейін тұрақты тіркеудің шыққан, шықпағаны жөнінде жауап береді, егер жауабы шықса, ықтияр хатқа жинауға мүмкіндік бар. Әрине, мен бұл жұмыспен айналыспағаннан кейін кейбір түйіндерін толық біле бермеймін, үлкен барысы осылай. Қазақстанға барып, тұрақты тіркеуге тұрамын деген қандастарымыздың ашалап сұрап, ішкерілей ұғысып барып жұмыс жасауын үміт етемін.

– Заң көп өзгерді дегеннен шығады, Қазақстанда Қазақ азаматтарының азаматтық алу мәселесі төңірегіндегі саясат та қырық құбылды-ау деймін.

– Иә, біраз өзгерістер болды. Басында Қазақстанға барған Қазақ азаматтарына 4 жылдан кейін азаматтық беру жөнінде қаулы алынған. Кейін бір жыл ішінде азаматтық беруге өзгерді. Қазір 6 айда азаматтық беріледі деген сөз бар. Үкіметте бұл жағы қарастырылып та жатыр. Демек, мейлі қалай болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың қандастарды Қазақстанға шақыру саясаты өзгермейді. Алдағы жаңа жылда Қазақстанда көші-қонға қатысты жаңа жарлық шығады. Ел ішінде де үлкен қошы-қон болуы мүмкін. Яғни оңтүстіктегі еңбеккүш тығыз орындардағы жастарды солтүстікке орналастыру жағы қарастырылып жатыр. Шетелден келген қандастар Қазақстанның Астана, Алматы қалаларынан басқа қай жеріне барса да ерікті. Егер адам аз солтүстік өңірге барса, көп тиімділіктер жасалатынын қандастар да ескеруі керек. Жер берілуі, үй берілуі, қызметпен қамтылуы мүмкін. Меніңше, Қазақстанға қоныс аударған қандастар осы мүмкіндікті толық пайдалануы керек деп есептеймін. Қандастарымыздың жер берсін, баспана берсін, қызмет берсін деп, сонда барамыз деп талап қойғаны орынды шығар, дегенмен, қандастарымыздың «алуды» ғана ойламай, ата жұртына беруді де ойлағаны дұрыс. қазіргі халықаралық жағдайды ескеруі керек, «көп қорықытады, терең батырады» деп атамыз қазақ бекер айтпаған ғой, қазақтың санын көбейту, кең байтақ жерге ие болу әр қазақтың парызы. Қазір Қазақстанның оқу орындары шетелдегі қандастарымызды қабылдауға да үлкен ықлас танытып отыр. Жастар осы орайды пайдалануы керек. Оқуға бару бір жағынан білім алуға мүмкіндік берсе, енді бір жағынан, ортаға үйлесуге де пайдалы деп ойлаймын.

– Қазақстанда магистратураға тапсыру үшін қандай құжаттар дайындау керек?

– Диплом және қосымшасы, оқыған оқу орынының «оқыды» деген анықтама қағазы және оқыған сабақтарының нәтижесі, сағат саны керек. Бұл құжаттар бастысы, диплом анықтатуға керек. Диплом анықтау дегеніміз оқу куалігінің шын-өтірігін анықтау деген сөз. Ол әдетте 6 айда анықталып келеді. Сонымен бірге, қан тексертуі, кеуденің(өкпенің) қара қағазы және 4 дана фото сурет(өлшемі 3*4 ) керек. Бұларды аудартып, куәландыру қажет.

Ал магистратураға тапсыру үшін ең әуелі шетел тілінің өткелінен өту керек. Оның формасы тест формасында. Ал үлкен жағы сіздердің қытай тілі деңгейін сынау емтиханымен ұқсайды. Егер шетелден келген азаматтар азаматтықа әлі өтпеген, ықтияр хатпен жүрген болса, шетел тілі ретінде қазақ тілінен емтихан тапсыруына болады.

– Қазақстанға көшу үшін қандай құжаттар керек?

– Кететін кезінде бәрін айтқызып алайын деп жатырсың-ау деймін, білгенімше айтайын. Бұрын көші-қон шақыруы деген шақыру болған, қазір ол шақыру жоқ, заңдық негізінің әлсіз болуына байланысты күшінен қалдырылған. Туысшылау визасымен көшіп жатқандар көп, көшке көп кердегі жоқ. Жүк өткізу үшін оралман куәлігі болуы керек деп естимін, мотоцикл, машина сяқты техникаларға заң бойынша алатын бажысы бар, бұрын 17٪ болатын, ал қазір 30% төңірегінде бас салығын төлейді. Жалпы бұл жағында Қытайдағы қазақтарға толық ақпарат беруге біз де құлшынып жатырмыз. Елге қайтқаннан кейін жоғарыдағы түйіндерге қатысты жаңа жарлықтар, заң-түзімдер шықса, дер кезінде сіздерді құлағдар етіп тұруға тырысамын.

Қысқасы, «біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп хакім Абай айтқандай, әр қазақ өз басын күйіттемей, «жұдырықтай жұмылғаны» жөн.

– Әңгімеңізге рқымет. Тасыңыз өрге домаласын!

– Рахмет!

2014 жыл, Үрімжі

Сұхбаттасқан: Қ.Ағыланов

«Қамшы» сілтейді

Бекең жігіт!

$
0
0

Еркежан Жұматай

Б.САПАРБАЕВ ТЕЛЕАРНАЛАРҒА ҚАЗАҚТІЛДІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ КӨБЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
http://static.nmn.kz/images/w400/media/upload/327/2014/12/05/585ade92b32047cac034a402e0fc0aab.jpg

Таяуда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталу мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралардың саны мен сапасын арттыру күнтәртібіндегі мәселе. Белдібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді. Осы уақытқа дейін қазақ тілді бағдарламалар рейтингісінің төмендігін алға тартқан отандық арналар бағдарламалардың үлес салмағы 50 де 50 болу керек екендігін назардан тыс қалыдып келеді. Мысалы, телеарна басшыларының дерегінше, 31-ші арна таратып отырған бағдарламалардың 43,7 пайызы қазақ тілінде. Әйткенмен бұл көрсеткішпен келіспейтіндер де бар көрінеді. Радио хабарлардың да қазақ тіліндегі нұсқасы көп жағдайда түнгі уақытта берілетіндігі жасырын емес. Осындай қулыққа көшетіндер бағдарламалар үлесі таразы басын теңестіріп тұр деуден еш қымсынар емес. Көтерілген мәселе алдағы уақытта орын алған олқылықтардың орнын толдырады деп сенейік.

Алаңдама! Оңтүстік орнын басады.

$
0
0

Солтүстік халқы қайда кетті?

Қазақстанның солтүстігіндегі халық саны күрт азаюда. Солтүстік Қазақстан облысының халқы 10 жылда 100 мың адамға кеміген. Еліміздің солтүстік аймағындағы халықтың азаюына өңірдегі жалақының аздығы және этникалық орыстардың Ресейге көше бастауы себеп болып отыр. Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, аймақтағы нәресте өлімінің 10 пайызға азайғаны да халық санының өсуіне әсер ете алмаған. 2004 жылы еліміздің солтүстігінде 674,5 мың адам қоныстанса, бұл көрсеткіш 2009 жылы 597,5 мыңға кеміген. Ал биылғы жылы Солтүстіктегі халық саны 572,9 мың адамды құраған. Солтүстік өңірдегі халық санының күрт кемуі қазір өзекті мәселеге айналды. Тіпті, бұл мәселе Үкімет мүшелерін де алаңдата бастады. Өңірден көшіп жатқандар 20 мен 60 жас аралығындағы жандар. Халықтың бұлай үдере көшуі солтүстіктегі аймақтардың дамуына кері әсер ететіні анық.

Сорбонна-Қазақстан

$
0
0

Сорбонна-Қазақстан

француз институтының ашылуы екі елдің арасындағы білім саласындағы жаңа бағыт

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күн­нен бастап білім беру сала­сын халықаралық стандартқа сәй­кестендіріп, әлемдік білім кеңістігіне шығаруды мақсат етіп келеді. Әлемдік білім беру кеңістігіне шығу – білім беру­дің әлемге танылған озық ин­новациялық технологияларын терең меңгеріп, жастарға бәсекеге қабілетті білім беруге, біздің даяр­лаған мамандарымыз шетелдерде де толыққанды маман ретінде өздерін көрсете білуіне және біздің дипломдарымызды басқа елдерде де мойындауына қол жеткізу деген сөз. Сондықтан Елбасымыз біздің жоғары оқу орындарымызға шетелдік университеттермен әріп­тестік қарым-қатынастарды кеңейтіп, олардың жетістіктерінен көбірек үйрену міндетін қойып отыр.

Президентіміз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында да білім беру са­ласының қызметкер­лері мен ға­лымдарының халықара­лық білім және ғылыми-зерттеу жобаларына белсене қатысуы қажеттілігін қа­дап-қадап айтқан еді. Елбасының нұс­қаулары мен тапсырмаларын бас­шылыққа алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық уни­верситеті бүгін­де педагогикалық білім беру, экономика, бизнес, құқық жә­не халықаралық қатынастар, әлеу­меттік және саяси ғылымдар салалары бойынша ғылыми, ғы­лыми-педагогикалық кадрлар мен мамандар даярлайтын көп са­ла­лы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу орталығына айналып үл­герді. Сондай-ақ, ол Қазақстан жо­ғары оқу орындары арасында өзінің көшбасшылық келбетін сақтай отырып, халықаралық деңгейде де білім беру мен ғылым салаларындағы оқу ордаларының алдыңғы шебінен орын алған. Университеттің білім беру сапасы жөнінен республикадағы ірі оқу орын­дары арасынан төртінші орын­ға ие болуы мен республика пе­дагогикалық оқу орындары ішінде ең алдыңғы қатардан көрініп, бірін­ші орынға шығуы да үлкен жетістік.

Қара шаңырақ білім ордасының халықаралық байланыстарының басты бағыттарының бірі – ше­т­елд­ік ұлттық, мемлекеттік және ха­лықаралық ұйымдармен, бі­лім мен ғылымды қолдау бағдар­ламаларымен тығыз ынтымақта жұмыс істеу екенін атап өткен орынды. Бұл бағытта әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылып, білім берудің халықаралық стандарт­тарын игеруге талпынып отырған оқу орны өзінің халықаралық байланыстар саласындағы қыз­метін жылдан-жылға жедел қар­қын­мен дамыту үстінде. Ита­лия­ның Болон қаласындағы Уни­верситеттердің ұлы хартиясына мүше болған Абай атындағы ҚазҰПУ бүгінде дүниежүзінің ең озық 115 университетімен ынты­мақтастық, әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Университетімізде Қазақ-Қытай инновациялық орталығы жұмыс істей бастады. Біз Қытай, Түркия, Вьетнам жоғары оқу орындарында «Абай орталықтарын» ашып, олардың жұмыстарына бағыт-бағдар беріп келеміз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің білім саласын әлемдік білім ке­ңіс­тігіне шығару мақсатымен нақ­­тылы іс-шараларды жүзеге асы­рып отырғанымыз көпшілікке бел­гілі. Біздің университетіміздің ба­засында Қазақстан-Сорбонна фра­нцуз институтын ашып отыр­ға­нымыз осы саладағы іргелі іс­тері­міздің бірі болғанын атап өтуім керек. Бұл игі іс 2013 жылғы 17 қыркүйекте Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық уни­вер­ситеті жанынан Қазақстан-Сор­бон­на француз институтын ашу ту­ралы екі оқу орны басшы­лары ме­мо­рандумға қол қоюдан бас­тал­ғанын еске ала кетуім орынды болар.

Аталмыш рәсімге Францияның Франкофония істері жөніндегі министрі Ямина Бенгиги ха­ным бастаған француз делегация­сы қатысты. Делегация құрамын­да Париждегі Сорбонна универ­си­тетінің сол кездегі президенті Жан-Франсуа Жирар, аталған жобаның иесі, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Марек Халтер және Сорбонна университетінің профессор-оқытушылары, Фран­ция­ның Қазақстан Республика­сындағы елшілігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми­нистр­лігінің және Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің өкілдері мен басқа да қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Бұл меморандум Қазақстан мен Франция сияқты екі ел, екі алып университеттердің про­фессор-оқытушылар мен сту­денттер алмасуына мүмкіндік жа­сап, келешекте әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне жол ашады деген ниеттеміз.

Атақты француз жазушысы және қоғам қайраткері Марек Халтер Қазақстанда Франция оқу орнын ашу жоспары туралы және оны жүзеге асыру жолдары туралы айта келіп, өз ойын былайша білдірді: «Қазақстанда француз институтын ашу туралы мәселені менің қазақстандық достарым көтерді. Мен өзім Варшавада туып-өстім, кейінгі тағдырым Қазақ­станмен байланысты болды. Сол себепті де қазақстандық дос­тарымның Қазақстанда Сорбонна француз университетінің филиа­лын ашу туралы пікірмен толық келістім. Бұл университет Орталық Азияда француз тілін оқытудың озық үлгісін көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда Францияда 300-ден астам қазақстандық студент білім алуда. Енді бұл жаңа ұядан түлеп ұшатын жастарымыз олардың санын кө­бей­теді және екі ел арасындағы бай­ланысты нығайта түседі деп ойлаймын», – деген еді.

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, осы бір жақсы бастамамызға Францияның көрнекті білім, ғылым қайраткер­лері, үкімет мүшелері келіп, шын жүректен пікір алмасып, бо­ла­­шақ үлкен жұмыстың жос­парын жасауға қатысуының өзі бізді қанаттандырып тастады. Фран­цияның Франкофония іс­тері жөніндегі министрі Ямина Бенгиги ханым: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің жанынан ашы­латын Қазақстан-Сорбонна институты Орталық Азияда өз атына лайық болады деп ойлаймын. Мұн­да әлеуметтану, саясаттану, сәулет жә­не дизайн мамандары даяр­ланатын болады», деген еді.

П­ариж­дегі Сорбонна универ­си­теті – Франциядағы тегін жо­ғары білім беретін ең ежелгі мем­лекеттік оқу орны. Сорбонна университетінің тарихы сонау 1253 жылдан басталады. Сенаның сол жағалауындағы Құдай-ана Соборының маңындағы шіркеу колледждері сол жылдары Па­риж университеті болып біріккен болатын. Шамамен 40 жылдан кейін діни монарх Людовик ІХ Роберт де Сорбонның бастама­сымен жоғары оқу орны жанынан кедей отбасыларынан шыққан студенттерге діни білім беруге арналған колледж ашылған. Кейіннен колледж университеттің Сорбонна деп аталған дін факуль­тетіне айналады.

ХVІІІ ғасырда кардинал Ри­шелье Сорбоннаны жаңартып кеңейтті. Алайда, 1791 жылы Француз төңкерісінен кейін ол жабы­лып қалды да, тек 1821 жы­лы өз жұмысын қайта бастады. Әр жылдары мұнда Жозеф Гей Люссак, Луи Пастер, Антуан Лавуазье, Пьер және Мари Кюри және тағы басқа әйгілі ғалымдар дәріс оқыды. Бүгінде Еуропадағы беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын Сорбонна универ­си­тетінде 120 мың студент білім алады. Француз тілін үйрету және түрлі өркениеттерді танып білу – Сорбонна университетінің негізгі бағыты. Бұл университетті Қазақстанның көрнекті лингвист-ғалымдары Т.Б.Айтжанов және В.М.Шварцман бітірген.

Сонымен, 2013 жылғы 17 қыр­­­күйекте қол қойылған мемо­ран­­думға сәйкес, 7-8 ай бойы дайындық жұмыстарын жүргізіп, 2014 жылғы 30 мамырда екі жақ қайта кездесіп, қосымша шартқа қол қойдық. Мұнда «қос дипломдық» бағдарламаны жүзеге асыратын және магистрлік бағдарламасы бар «Сорбонна-Қазақстан француз институтын ашу туралы» қосымша келісімге Париж қаласындағы Сорбонна университетінің қазіргі жаңа президенті Жан-ив Мэриндоль мырза екеуміз қол қойдық. Осы бір тарихи оқиға күні Қазыбек би көшесінде орналасқан «Сорбонна-Қазақстан» институтының ғимара­тында «Ашық есік» күнін өткізіп, магистрлік бағдарламаға қызы­ғушылық танытқан талапкер­лерге бағыт-бағдар бердік. Жастарға бұл институтқа қабылдану үшін қойылатын ең негізгі шарттың бірі – франуз тілін білу екені түсін­дірілді.

Париж қаласындағы Сорбонна университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлескен жобасы негізінде 2014 жылғы қыркүйекте ашылған «Сорбонна-Қазақстан» институтына «Жаһандану жағ­дайындағы халықаралық диалог» (6М020200 «Халықаралық қаты­настар») және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (6М050700 – «Менеджмент») мамандықтары бойынша 2014-2015 жылына 60 магистрант қабылдадық. Қазір олардың бәрі мемлекеттік грант бойынша французша білім алуда. Бұл мамандықтарға қабылданған магистранттар бір мезгілде мем­лекеттік үлгідегі қос дипломға ие болады. Яғни, екі елде де заң­ды мәртебесі бар қазақстандық және француздық дипломдар алып шығады. Мұндай жағдай мәдениет пен білім саласындағы халықаралық интеграцияны те­рең­детіп қана қоймай, түлекте­р­­дің жұмысқа орналасуы мен ұт­қыр­лығын кеңейтеді.

Бағдарламаның мақсаты – өз білім­герлерін қазіргі заман тала­бына сай білім нәрімен сусындатып қана қоймай, халықаралық қаты­настар мен менеджмент са­ла­сындағы соңғы ғылыми зерт­теу­лерге баулу және француз тілі­­н­­де халықаралық деңгейдегі пікір­таластарға қатысуға қол жеткізу болып табылады. «Қос дипломды» бағдарламалар өз түлектеріне жаңа кеңістік ашып, қоғамнан өз орнын табуына сеп­тігін тигізеді деп ойлаймыз.

2014 жылғы 3 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университеті жанын­дағы «Сорбонна-Қазақстан» фран­цуз университетінің салта­натты ашылуы болды. Оған Фран­цуз Республикасының Алматы­дағы Бас консулы Патрик Ренар бастаған франциялық делегация қатысты. Патрик Ренар мырза Орталық Азия бойынша тұңғыш рет Қазақстанда ашылып отырған француз оқу орнының болашағы зор екенін, француз тілін меңгер­ген жастардың бұл елде де көбе­йе түсетініне, ең бастысы, екі мем­­­лекет арасындағы білім бе­ру саласындағы әріптестіктің өрі­сі кеңейе түсетініне қанағат­танғандық сезімін білдірді.

2014 жылдың 11 қыркүйегінде Франция Парламенті Се­на­тын­ың бір топ депутаты – көр­некті мемлекет және қоғам қай­раткерлері бізге арнайы қонақ­қа келіп, жаңа оқу орнының оқу және материалдық-техникалық базасымен танысып, оқуға биыл жаңа қабылданған магистранттар алдында дәріс оқыды. Бұл кездесуге келген Француз Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутат­тары: «Франция-Орталық Азия» достық тобының жетекшісі Андрэ Дюле мырза, сенаторлар Доми­ник Жийо, Катерин Прокация ханымдар жаңа ашылып отырған «Сорбонна-Қазақстан» француз институты Франция мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы білім беру, мәдениет және руханият саласындағы достық байланыс пен қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін ризашылық сезім­мен атап көрсетті.

Шын мәнінде, Қазақстан-Фран­ция қарым-қатынастарының та­ри­хы 1992 жылдан, Қазақ елі тәуел­сіздік алған кезден басталады. Осы жылдың 7 қаңтарында Фран­цуз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Қазақстан-Франция қарым-қатынастарының негіз­гі қағидалары Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың Франция сапарында қол қойылған «Қазақстан мен Франция арасындағы достық, өзара түсініс­тік және ынтымақтастық туралы келісімі» негізінде жүзеге асып келеді. Бүгінгі таңда Француз Рес­публикасы Орталық Азия­ның аймақтық локомотиві ж­әне халықаралық аренадағы перс­пек­тивалы серіктес ретінде Қа­зақ­станмен қарым-қатынасты өрі­с­тетіп отыр.

Қазақстан нарығында мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергети­ка, көлік, қызмет көрсету салала­рын­да 40-тан астам француз ком­паниялары жұмыс істейді. Ал «Сорбонна-Қазақстан» француз институтының ашылуы екі ел арасындағы білім саласындағы қарым-қатынасының жаңа бағы­тына айналды. Франция сена­торлары Доминик Жийо, Катерин Прокация ханымдар өз елдеріндегі жоғары білім беру, мамандар даярлаудың қалыптасқан үрдістері туралы мазмұнды әңгімелер айтты. Франциялық сенаторлар «Сорбонна-Қазақстан» француз институты магистранттары мен профессор-оқытушыларының сұ­рақ­т­арына жауап берді.

Бүгінде француздық жаңа оқу орнының жұмысы бір жүйеге түсіп, қазақстандық жастарға сапалы білім беруде. «Сорбонна-Қазақстан» институтына Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың өзі қызығу­шылық танытуда. Бұл институтта Қазақстан жастары француз тілін­де оқып, білім алады. Мұнда Сор­бонна университетінің профес­сорлары дәріс беріп, біздің жас­тарымыздың еуропалық білім кеңістігіне шығуына, білім берудің француздық инновациялық тех­нологияларын игеруіне, ғалым­дарымыздың бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруына, сондай-ақ, Франция мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

Алдағы уақытта «Қазақстан-Сорбонна» француз институтында маман даярлау, білімгерлерді қабылдау аясы кеңиді. Мұнда Қазақстан жастары ғана емес, Орталық Азиядағы Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Түрік­менстан мемлекеттері жастарының да білім алуына кең жол ашыла­ды. Елбасы Н.Назарбаев Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педаго­ги­калық университеті еліміз уни­верситеттерінің арасында ал­дыңғы қатарда болуы керектігін атап айтқан еді. Қазақстандағы жоғары білімнің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде осындай әлемдік деңгейдегі ауқым­ды істер өз жалғасын табары сөзсіз.

Серік ПІРӘЛИЕВ,

Абай атындағы Қазақ

ұлттық педагогикалық университетінің ректоры,

ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор.

АЛМАТЫ.

БОРАНБАЙ БИ

$
0
0

БОРАНБАЙ БИ
(Төреқұл Нысанбек «Даланың дара ділмарлары» 2001 жыл, 220-226)
Боранбай Қалқаманұлы 1709-1801 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақтың атақты биі әрі батыры. Ол Семей облысының Ақсуат ауданының Қызылкесік, қазіргі Боранбай совхозы орналасқан ауылда туып ержеткен. Боранбай бидің туған, қайтыс болған жылдары туралы деректер әр тұрлі. Біреулер оны 91, енді бірі 98 жасында дүние салған дейді. Бізге Боранбай туралы мәліметтерді жолдаған оның жұрағаты Қарпық Егізбаевтың жазуына қарағанда, Боранбай би қазақтың атақты қолбасшы батыры Қарақерей Қабанбайдан 14-15 жас кіші, сонда Қабанбай батыр 1691-1692 жылдар шамасында туғанда, оның батыр серігі Боранбай би 1709 жылы туып, 91 жасында 1801 жылы дүниеден қайтқан боп шығады. Біз де осы болжамға тоқтадық.
Боранбай бидін арғы ата-бабалары туралы қазақ шежіресінде былайша таратылған: Найманнан Қарақерей, одан Байыс, Байыстың Дұзей дейтін бәйбішесінен (оны ел Мұрын деп атайды екен) Сарымырза мен Мақта қыз туады. Екінші әйелінен Мәмбетқұл (Қыржы), Ахымбет, Сыбан (бұларды ел көбінесе "Бесбайыс" дейді). Сарымырзадан Жолымбет одан Атағұл одан Мырзас, одан Қалқаман, одан Боранбай. Ал, Мақта апайдан (кұйеуінің аты Тоқтарқожа) Байжігіт, одан Мәмбет, Мәмбеттен Қожағұл, одан Қабанбай батыр туған. Сонда Қабанбай, Боранбай бір атадан таралған, тіптен жақын туыс боп шығады. Боранбай бидің өз кіндігінен Қойкелді, Қойайдар, Беқайдар, Қарабас, Жылқыайдар деген 5 бала болған. Сол бес ұлдан тараған 200-ден асатын үрім-бұтақтар бүгінде Семей облысының Ақсуат ауданында және басқа ауыл, қалада еңбек етеді.
Боранбай 18-20 жасынан атақты Қабанбайдың жан серігі болған. Екеуі талай жорық, соғысты тізе қоса жүріп бірге өткізген. Талай жеңіске бастаған қос батыр Абылай ханның ең сенімді батырлары, әрі кеңесші биі, ақылгөйі екен. Жоңғарлармен шайқасқан бір соғыста Қабанбай батыр астындағы атынан айрылады. Енді оған ат таңдау керек болады. Қабанбай алпамсадай алып тұлғалы батыр екен. Ол кез келген атқа міне бермеген. Анау-мынау ат көтере алмаған, сонда жасынан ат сыншысы, ат бапкері боп өскен Боранбай би бір байдың мыңғырған жылкысын аралап жүріп, бітімі нардай, өресіне адам бойы жетпейтін шоқтығы биік, бөкен сан, бота тірсек, тік мойын, басы ешкінің басындай күреңді ұстап әкеп Қабанбай ағасының алдына көлденең тартып:
– Ер салып мініңіз, аға, Сізге осындай дүлділ лайық, өзі жүйрік, өзі мықты. Ертеден кешке дейін шапсаңыз да талмайды, – депті. Сол қубас тұлпар әбден қартайғанша Қабанбай батырдың қанат серігі бопты. Батыр қайтыс болардың алдында қубас тұлпарды Боранбай биге аманат қып табыс етеді. Би оны ешкімге мінгізбей жылқыға қоя бергізеді. Қыс болса өз қолына алып, жабулап жемдеп күтеді. Әбден қартайған сол қубас айғыр бір жылы күзде Жағалбайлы тауының белесінде тұра алмай жатып қалады.
Жылқышылар Боранбай биге келіп:
– Қубас жатып қалды, орнынан тұрғыза алмадық, не істейміз? – дейді. Сонда би Боранбай:
– Қабанбайдай аруақты батырдың көп жыл серігі болған қасиетті тұлпар еді. "Қабанбайлап" ұран салып, үстінен қалың жылқыны айдаңдар. Құлағына сіңіп қалған ұранға елігіп тұрып кетер, – дейді. Би айтқандай үстінен ұрандап жылқыны айдағанда қалжырап жатып қалған кәрі тұлпар орнынан тұрып, дүркіреген жылқыға ілесе жәнеледі. Содан біраз жерге дейін барып, Жағалбайлының асуына жеткенде омақаса құлап, содан тұра алмай өледі. Жылқышылар биге хабар береді. Боранбай би келіп тұлпардың басын ақ жібекке орап, тас обаның басына кояды да:
– Бұл кезең бұдан былай "Қубас кезеңі!" деп аталсын, – депті. – Содан былай қарай ол кезең "Қубас кезеңі" деп аталып келеді. "Қубас кезеңі" Ақсуат ауданына қарасты Қызылкесік аулынан 7-8 шақырымдай жерде.
Ақсуат аймағында әсіресе Қызылкесік төңірегінде "Қабанбай шаты", "Бөгенбай шаты", "Боранбай шаты" деп аталатын шатқал, сайлар бар. Онда Қабанбай, Бөгенбай, Боранбай бастаған қолдар қоныс теуіп, жасақталған. "Баспан", "Сауыт қойған", "Долаңқара", тағы сондай қанды қырғын боп өткен соғыс алаңдарының өзіндік тарихтары бар. Солардың бәрінде болған соғыстарға Боранбай батыр қатысып өзінің ерлігін, жеңімпаздығын танытқан. Сол шайқастар жөнінде ел аузында:
Зырлатқан би Боранбай садағынан,
Қандыда" қаза тапқан батыр Ойман.
Сауыты бір қалмақтың қалып қойып,
Сол жерді атап кеткен" Сауытқойған ".
Қалмақтар сол бетімен кеткен " қашып,
Тауынан Тарбағатай әрмен асып,
Қабанбай, хан Абылай, би Боранбай,
"Жамбылды" басып қалған қарт Бөгенбай.
немесе
Арқаның бір биігі Базар Баспан,
Көк тіреп төбесінде тұрады аспан.
Кешегі кұба қалмақ заманында,
Сол тауда бір Жамбыл бар жиған тастан,
– деп айтылатын өлең жолдары сақталған.
* * *
Боранбайдың алғашқы билігі былай екен: Ол 16 жасар бозбала шағында жолаушылап келе жатып бір ауылдың үстінен шығады. Келсе, екі ел арасында шешімін таппай жатқан жер шеқарасына дауласып жатқандарға тап болады. Бір қария:
– Қалқаман батырдың өзіне тартқан бір ақылды баласы бар деуші еді жұрт. Сол сен екенсің ғой. "Ақыл – жастан, асыл – тастан" демекші. Зәуімен кеп қалған қалыс ағайын екенсің. Осы даудың билігін өзің шеш? – депті. Сонда Боранбай:
– Егер екі жақ та менің билігіме көнсе, айтып көрейін, — деп, әуелі даугерлердің дәлел сөзін тыңдап алады. Тау елінің адамдарына:
– Сіздің дәлеліңіз – шындық. Жер шеқарасы сіз айтқандай белгіленсін. Ал, сендердің дәлелдеріңіз – жалған. Мыналарға зорлық жасап тұрсыздар, – деп кесіп айтыпты. Екінші жақ бұған көнбей дауды қайта өршіте береді. Сонда Боранбай өзі мініп астындағы торы байталдың ер-токымын сыпырып, жығып салып төрт аяғын байлайды да:
– Егер менің айтқан билігіме көнбесең, мынау торы байталдың қаны мойныңа жүктелсін. Ал, менің билігім әділ болмаса, обал-сауабын өзім көтеремін, – деп байталдың тамағын пышақпен орып жібереді. Бұрын-соңды мұндай билікті көрмеген әлгі даукес қорыққанынан оның алдына жүгініп:
– Билігіңе құлдық жігітім, сіз дұрыс айттыңыз. Менікі шынында қиянат, зорлық еді. Байталдың қанын жүктей көрме, кешіре гөр? – деп жалбарыныпты. Боранбай райынан қайтып, осылайша екі ел жанжалын шешіп беріпті. Содан былай қарай Боранбай би аталып, атағы елден-елге таралып кетеді.
* * *
Боранбай батырдың бір ересен ерлігі Доланқара тауының етегінде өткен қырғын соғыста көрінеді. Жекпе-жекте жаудың бас батырын мерт қылып, қара кұрымдай қаптай лап қойғалы тұрған жоңғар әскерінің бетін қайтарып, өзі бастаған жасаққа жол ашады. Жау шегініп тым-тырақай қашады. Боранбай батыр өзіне сеніп тапсырған туды берік ұстап, батыр жігіттерімен ілгері ұмтылып, жоңғарларды өкшелей қуып тастайды.
Батырдың осы батыл қимылына, ерекше ерлігіне дән риза болған Қабанбай колбасшы оған жаудан қолға түскен олжа – Қарашаш деген сұлу қызды сыйлайды. Қарашаш – қалмақтың бас батыры Долан Қореннің қызы екен. Өзі келбетті Қарашаш Боранбай батырды сұйіп қалайды. Қабанбай батырдың қол астындағы ел-жұрт, сарбаздар жиылып Доланқара тауының кең шатқалында жеңіс тойына қоса Боранбай мен Қарашаштың үйлену тойын өткізеді. Содан былай қарай халық ат бәйгесі өткен, көкпар тартқан, қыз қуу салтын өткізген жазықты – "Тойқылған", отқа май құйып, неке қиылған шатқалды – "Майлы шат" атап кетеді.
Сол Қарашашты би баба өзге өйелдерінен ерекше сыйлап құрметтеп өткен. Себебі Қарашаштың сымбатты сұлулығымен бірге би бабаға лайықты ақыл, парасаты, ізеті, өнегелі мінез қылықтары сай бопты дейді. Халық арасында мынадай аңыз сақталған.
Ертеде Мырзас елінің тойдан келе жатқан бір топ адамы Боранбай бидің зиратына бұрылып, аттарынан түсіп дұга оқиды. Дұғадан кейін бәрі орындарынан тұрып былай шыға бергенде: біреу "би бабамның қасында өзге өйелдерінен тек Қарашаш қана жатыр екен" дейді. Сонда Тілеуберді деген "Төйт, қасиетті би бабамыздың жанында қалмақ жатыр деген не сүмдық! Оны алып тастау керек" деп қалады. Басқа кісілер оған "Қой, олай деме, Қарашаш би бабамыздың нақ сұйері, бәріміздің анамыз", – деп кейіп тастайды. Жолаушылар мүрдеден ұзай бергенде әлгі Тілеубердінің аты аяқ астынан үркіп кетіп, өзі тасқа құлап түседі, содан бір қолы, қабырғасы сынып ауылға әрең жетеді. Тілеуберді кейін сол аурудан қайтыс болады.
Боранбай тек қана парасатты, ақылды, әділ, көреген би емес, ол сонымен бірге айлақер, әбжіл де жүректі батыр екен. Сол батырдың кейінгі ұрпақтарының бірі Жақыпбек Көріпбайұлы ақсақал былай өңгімелейді:
Боранбай ірі тұлғалы, ұзын бойлы қара сұр кісі еді. Өзі ат құлағында ойнайтын сайыскер, жауға алдырмайтын өте әбжіл, шапшаң қимылдайтын, жауды бір ұрғаннан тұрғызбайтын аса қайратты кісі екен. Және қай кезде болсын әділдігін айтып тура сөйлейтін, досқа да, дұшпанға да жомарт екен. Жонғарлармен бір шайқаста Боранбай бастаған кол жеңіске жетіпті. Жаудың қолға түскен әйел, бала-шағасына бостандық беріпті. Өзімен талай шайқасып, жекпе-жекке шығып жеңіске жете алмай жүрген Дөңке дейтін батыр бұл соғыста колға түспей қашып кетеді. "Оны іздеп тауып алып жазасын бермей болмас, еліне барып қол жинап қайта шабуылға шығып жүрер" – деп, өзінің батыр інісі Нарбота екеуі іздеп шығады. Тарбағатай тауының сай-саласын шолып келе жатса, әлгі қалмақ батыры, қалың қарағайдың арасында ұйықтап жатыр дейді. Атын Нарботаға ұстатып кояды да, өзі жаяу жақындап барып жаудың батырын найзамен түртіп оятады. Екеуі алыса кетеді. Бірін-бірі олай-былай лақтырысады: Анау да түйедей бір пәле екен, әл бермей жүреді. Әбжіл Боранбай қанжарын бұрынырақ сілтеп оны жайратады. Осы бір арпалысты көріп тұрған Нарбота:
– Көкетайым-ау, осынша әлекке түскенше ол жауызды ұйықтап жатқанда найзамен бір-ақ шаншып кұрта салмадың ба? - дегенде ол:
– Ей, шырағым-ай, батырға мәрттік керек. Ол жау да болса, бір елдің атақты батыры емес пе, қапыда кетпесін деп, ояттым, - деген екен.
* * *
Ол Найман жұртының әсіресе Мұрын найман елінің басын біріктіріп, ел қылған азамат. Боранбай бидің бұл еңбегі жөнінде ел арасында мынадай өлең таралған.
Таулардың басы биік, бауыры алаң,
Бұл маңда өсіп-өнген ата-анам.
Жеті ру Жолымбетті бастап келіп,
Қондырған би Боранбай батыр бабам.
Жасында 98 дүние сапты.
Бұл сөзді айтып кеткен батыр Қабан.
Бұрынғы үлкендерден естуші едік,
Өтіпті одан бері талай заман.
Шежіреші қарт ақын марқұм Мәлғаждар Смағұлұлының архивынан алынған бұл үзіндіге қарағанда ертеде жаугершілік заманда оңтүстік, Қаратау маңында көшіп-қонып жүрген Найман елінің жеті ру Жолымбет ауылын осы күні Ақсуат аймағына көшіріп әкеп қоныстандырған Боранбай би болып шығады.
* * *
Боранбай батырдың жоңғар шапқыншылығы тұсында қандай ерліктер көрсеткенін, өзінің жан серігі, аға батыр Қабанбайға сенімді серік болып, ойрат, жоңғар батырларымен қалай шайқасқанын шебер жырлаған қазақтың белгілі айтыс ақыны Қалихан Алтынбаевтың "Ақырғы айқас" дастанында мынадай сурет-эпизодтар кездеседі.
Халық кез келген ханды, батырды, би, абызды пір тұтып оған әулиедей сиынып, атын ұран етіп жауға қарсы шаба бермеген ғой. Қалың қазақ жұрты тек Абылайдай ханын, Төле бидей, Қаз дауысты Қазыбектей, Әйтекедей, Боранбайдай билерін, Қабанбайдай, Бөгенбайдай батырларын ғана ардақ тұтып, оларды жеңімпаз өулие, пір санап, аттарын ұранға айналдырып кеткен. Ел аузында мынадай аңыз бар:
Бір жолы Қаз дауысты Қазыбектің бәйбішесі ояна кетсе, қасында жатқан отағасы өзінен өзі қатты қысылып жатқанын байқайды.
– Отағасы сіз неге қысылып жатырсыз? – бір жеріңіз ауырып қалды ма? – дейді. Сонда Қазыбек би:
– Жаңа ғана бір ұры біреудің атын ұрлай қашып еді, оны ат иесі көріп қойып куа жәнелді. Қашқан да қуғанда: "Қазыбек! Қазыбек!" деп ұрандап барады. Сол екеуінің қайсысын қолдарымды білмей, қысылып жатырмын, – депті. Сонда ақылды бөйбіше:
– Қашқанның жаны олжа, қуғанның малы олжа емес пе? Оның несіне қысыласың? – деп ақыл қосқан екен.
Сол айтқандай Қабанбай Боранбай аттары да өздерінің көзі тірі кезінде жауынгерлік ұранға айналып кеткен.
Боранбай атының да көзі тірісінде ұран боп кету себебі былай екен: Боранбай бидің Нарбота дейтін немере інісі болады. Ол жаугершілікте жеңімпаз батыр аталған ер жігіттер екен. Сол Нарботаның Көктоқы дейтін жорыққа мінетін тұлпары болыпты. Бір жолы Боранбай би өзінің Нарбота інісі мен тағы бірер жігіттерімен ел арасындағы дау-жанжалды шешуге арғын еліне бара жатып үлкен бір астың үстінен шығады. Би Боранбай келді деген соң ол елдің басшылары бәйгеге қосатын аты бар шығар деседі. Бұл сөзді есіткен Боранбай інісі Нарботаға:
– Нар тәуекел, Көктоқыны бәйгеге қос, – дейді.
Інісі:
– Ойбай, көкежан-ау, Көктоқы баптап суытылған жоқ, тері де алынбаған атты қалай косамын. Атқа обал ғой. Озып келсе мақұл, қалып қойса, сіздің дардай атыңызға сөз келмей ме? – деп киналады. Сонда би:
– Қос деген соң қос, төуекел, Көктокы бізді ұятқа қалдырмас! – дейді.
– Мақұл, көке!
– Нарботажан, атқа мінетін балаға мынаны айт. Алғашқыда аттың басын тарта отырсын, алға түспесін. Аттардың жел жағын ала шапсын. Орта жолдан асқан соң аттың басын өз еркіне қоя берсін. Осы кезде бала: "Боранбай, Боранбай!" деп ұрандап шапсын. Нарбота балаға осыны айтып тапсырады. Бала бұл ақылды мүлтіксіз орындайды. Сөйтіп, сол бәйгеде Нарботаның Кектоқысы бірінші боп озып келеді. Мұның сырын білмек болып сұрағандарға әлгі бала айтыпты:
– Алғашқыда ең соңында отырдым, орта жолға жеткенде, аттың басын қоя бердім де "Боранбай! Боранбай!" деп айқай салдым. Осы кезде жануар қос құлағын тігіп алды да өзгеше шабысқа салды. Атқа біртүрлі қанат біткендей болды. Мен ат жалынан ұстап әрең отырдым. "Боранбайлап!" айқайлаған сайын жануар құстай ұшады. Әні-міне дегенше бар аттың алдына түсіп, оқша зу-зу етіп мәреге жеткенімді өзім де сезбей қалдым. Бала осылай дегенде қариялар:
– Япыр-ай, мына Боранбай би тегін адам емес екен-ау, – деп, бәрі оны кұрметтеп, құттықтап, төбесіне көтеріпті. Міне, содан былай қарай бүкіл Найман елі атқа шапса, жауға қарсы аттанса Боранбай би атын ұрандап шабады екен.
* * *
Би Боранбайдың бір кесімді сөзі мынадай: Боранбайдың Мәмбет дейтін өзі ерке өскен тентек інісі болады. Ол әрбір топ-жиын сайын ұрыс, жанжал шығарып, оның айып-бодауын ағасы төлеп жүреді екен. Бір елдің тойына шақырылар алдында ол інісін шақырып алып:
– Сен осы жолы жанжал шығармай, тиыш жүр. Мен той тарқаған соң саған ат мінгізіп, шапан жабамын, – дейді. Мөмбет мақұл деп ағасына уөде береді. Той жанжалсыз өтеді. Мөмбет сыйлы, сыпайы конақ боп тыныш жүреді. Той тарқайды. Мөмбет ағасына келіп:
– Көке, айтқанынызды орындадым. Кәне, ат, шапанымды бер? – дейді.
Боранбай оған:
– Мен сағат ат та, шапан да бердім емес пе?
– Қайдағы, қашан?
– Сен түсін. Егер мен саған той алдында ескертпесем, сен тағы жанжал шығарып елді дұрліктірер едің. Айып төлеп тағы да шығынданар едің. Ат, шапаның жаныңда қалды емес пе? Бұл менің бергенім емей немене?! – депті.
Сонда інісі:
– Қап, мүндай айлаңды білгенде көнбес едім. Талай қызыл кеңірдектер кетті-ау, бекерге? – деп, басындағы тымағын алып, жерге бір ұрыпты дейді.
* * *
Бірде сол Мәмбеттің кесірінен екі ел арасы бүліне жаздайды. Ел-жұрт жиналып оның ағасы Боранбай биге барады. Би Мәмбетті де, жәбір көрушілерді де шақырып алып өз отауында тергепті. Мәмбөт кінәлі боп шығады. Сонда Боранбай би өзіммен бірге туған інім еді деп, оған бұра тартпайды. Халықтың әділ сөзін сөйлейді. Інісін ат құйрығына байлап өлтіріндер! – деп бұйырады. Би айтқан соң екі болмайды. Жазалаушы жігіттер Мәмбетті ат құйрығына байлай бергенде манадан бері шымылдық ішінде бұл істің ақырын күтіп отырған Мәмбеттің үйіндегі келіні Боранбай бидің алдына барып иіліп сәлем қылыпты. Ол жаман келіндерге ұқсап, жылап, байбалам салмапты. Сабыр сақтапты. Осы әдептілігі үшін би атасы:
– Келінім үшін кінәсін кештім, босатыңдар ол пәтшағарды! – депті. Жаны көзіне көрінген Мәмбет ағасының алдына тізе бүгіп:
– Бұдан былай бұзақылығымды қойдым! Міне, жан, міне, иман! – деп уөде беріпті. Содан былай қарай Мәмбет түзеліп, әдепті жігіт боп кетіпті, – дейді ел.
* * *
Өзінің туған халқының қамын жеп елімізді, жерімізді ішкі-тысқы шапқыншы жаулардан корғап қалған, болашақ үрім бұтақтарының қамын ойлап оларды жер-суға ие мирас етіп қалдырған, бытырап әр тарапта жүрген өзінің туған жұрағаттарының басын біріктіріп ел қылған Қабанбай, Боранбай бабаларымыздың кейінгі ізбасарлары жоқ емес. Бұған тек қана осы атыраптан шыққан қарадан аға сұлтан сайланған Құнанбай қажы, оның Абай бастаған ақын балалары, Шәкі шешен, Кенже, Қисық, Қылыр, Тоқабай, Алшынбай, Шоң, Торайғыр, Шорман, Кегенбай, Сеңкібай, Сары, Бокбасар және әйелдер қауымынан шыққан Қыдыр Сәмәмбет келіні, Үйрек бәйбіше (шын аты Тыныштық) тағы бір қатар би-шешендер есімдерін атар едік.
* * *
Жарма ауданындағы Боранбай би зиратының тұсынан ешкім тоқтап, тізе бүгіп дұға оқымай өтпеген. Ауру, дертке шалдыққандар, басына іс түскендер ол әулиенің басына түнеп, жәрдем, шапағат тілеп отырған. Ал, Қазан төңкерісінен кейін, дінге, ата-баба дәстүріне, салт-санаға қарсы атеистік бағыт үстем болған жылдары ол кісіге теріс пиғыл көрсетіп, ізет-кұрмет көрсетпей өткендер әр пөлеге ұшырап, опық жеген. Осыған байланысты ел арасында өңгімелер аз емес.
1967 жылы Боранбай бабаның Ахметолла Елібайұлы деген бір ұрпағы қасына Кәріпхан молданы ертіп бабасының басына дұға оқуға барады. Құран окылады, игі тілектер айтылады. Сонда Көріпхан ақсақал Боранбай би зиратының қалай салынуы туралы мынадай өңгіме айтыпты:
– Жарылғап деген ұры болады. Өзі жалғыз атты кедей еді. Баласы да жок, өйелімен екеуі мынау Қапанбұлақта тұратын. Бір жолы сол ұры жортуылдан кештетіп келіп Боранбай бабаның мүрдесінің басына кеп тұнепті. Бұл кезде бабаның зираты әбден ескіріп, мүжіліп жер болуға айналған екен. Ұйықтап жатқан ұры түс көріпті. Түсінде Боранбай баба аян беріп айтыпты: "Сен ұрлықты қой, онымен байымайсың, менің басыма қорған тұрғыз. Сонан соң бақыт конады. Перзент көресің, мал да бітеді", - дейді. Ояна келсе түсі екен. Жарылғап құран окып, бабаға сиынады да атына мінеді. Аулына барып, үйін көшіріп зират жанындағы бұлақ басына қондырады. Сөйтеді де, ол, иен далада өйелімен екеуі жаздай тырбанып би бабаның басына төртқұлақ корған тұрғызады. Ол заманда мұндай иесіз далада ұры-қарылардың кезіп жүретін кезі ғой. Бір күні айдалада жалғыз үйге 3—4 аттылы ұрылар барады. Жарылғаптың тұсаулы жайылып жүрген жалғыз атын ноқталап жетекке алады да, әлгі ұрылар Жарылғапқа барып:
– Ен далада жалғыз отырған кімсің?! – деп, жөн сұрайды. Жарылғап оларға: Боранбай атамның басына қорған тұрғызып жатқан бір кедей едім, атымды тастап кетіңдер? – деп жалынады. Ұрылардың бастығы болса керек, дөрекілеу біреуі:
– Ой, атамзаманда сүйегі қурап қалған адам түсіме кіріп еді деп, осыншама әуре-сарсаңға түскен сен де бір ақымақ екенсің, – деп жүріп кетеді. Жарылғаптың жалғыз атын жетектеп, былай шыға бере шаба жәнелгенде, әлгі би баба әулиеге тіл тигізген бастықтың аты сүрініп омақаса құлапты да, мойын омыртқасы үзіліп пышаққа ілініпті, анадай жерге ұшып түскен өзінің бұғанасы сынып орнынан тұра алмай қалады. Осылайша би бабаға қайта барады. Атын қайтарып береді. Бәрі Боранбай бабаның басына барып, қайта-қайта жалбарынып дұға оқиды. Пышаққа ілінген аттың етін түгелімен Жарылғапқа тастап кетеді. Жарылғап содан былай қарай ұрлықпен айналыспайтын боп, адал еңбекпен шұғылданады. Ел-жұрт оның бұл адамгершілік, қайырымдылық кызметін есітіп, оған мал жинап береді. Жарылғаптың әйелі жүкті болып, келесі жылы ұл табады. Оның атын Аралбай қояды. Аралбай биыл 66 жаста, зейнеткер, 6 баланың әкесі.
Бүгінде Семей облысында оның ішінде Ақсуат ауданында және басқа елді мекендерде тұратын Боранбай бидің үрім-бұтақтары өзінің қасиетті батыр әрі би бабаларын еске түсіріп, ас берді.
Бидің туған жері - Қызылкесік ауылына және сол ауыл орталығындағы Киров атындағы мектепке Боранбай есімі берілді.
(Боранбай би туралы мөлімет Нұрғазы Шөкейұлынан алынды).
Ал, блог иесі мұны ғалым Мұсайфтан алып жариялап отыр.

Сыдықов Мүсәйіп: «Қабанбай бабамыз қайда жерленді?»

$
0
0

Қаракерей Қабанбай батыр
Қаракерей Қабанбай батырға еліміздің түкпір-түкпірінде ескерткіштер орнатылып, атамызға арналған өлең-жыр, аңыз-әңгіме, романдар жазылып жатқанына біздің қуанышымыз шексіз. Кеңес Одағы кезінде Қабекеңнің атын тек еміc-еміс қана естуші едім. Бұл менің замандастарымның бәріне тән құбылыс болар. Сондықтан да, өз басымнан өткен оқиғаларды саралап, Қабанбай атамыздың есімімен байланысты аздаған естеліктерімді назарларыңызға ұсынбақпын.
Қабанбай атамыз сан рет ат басын тіреген, суына түсіп, жаралы жауынгерлерінің жарасын емдеткен қасиетті Алакөлге мен 1973 жылдан бастап әр жыл сайын барамын. Жаугершілік заманда бір ауыр соғыстан кейін, Қабанбай батыр Алакөлдің осы Жарбұлақ жақ жағасына келіп, жаралы жауынгерлерімен бірге суына түсіп, бір-аз күн тынығып жатыпты дейді. Ол кезде қылыш, найзамен соғысатын кез. Жараланған жауынгерлері көп болса керек. Бірнеше күнде жауынгерлердің жарасы тартылып, әжептәуір жазылып қалыпты деседі. Содан бері Алакөлдің, әсіресе осы Жарбұлақ жақ жағасының суы, денеге жабысқан ауру-сырқаудың бірден бір емі деген аңыз бар. Ол жөнінде сол көлге келушілердің түгелі дерлік құптап айтып отырады. Дәрі-дәрмектің көмегімен жазыла қоймайтын аллергия, псориаз т.б. дененің қышыма ауруларына дәрігерлердің өздері ем ретінде осы көлдің суын көлденең тартып отырады. Сондықтан бұл көлдің шипасы аңыз ғана емес, Қабанбай бабамыз көрсетіп кеткен ақиқат-шындық екеніне көзіміз жетіп отыр.
Кеңес кезінде бүкіл Одақтың түкпір-түкпірінен қаптап келген халық Алакөлдің жағасын бермей, бастарына шатыр жасап, астарына бөстегін төсеп, көл жағасының кез-келген жеріне орналаса беруші еді. Біз де бала-шағамызбен солардай «палатка» деп аталатын үйшік құрып, 10-15 күн мөлшерінде өз күнімізді өзіміз көріп, Алакөлдің күніне қақталып, суына шомылатынбыз.
Ол кез біздейлерге «жабайылар» деп айдар тақса да, айып қоймайтын заман еді. Себебі Кеңес дәуірінде жағалауда 4-5 қана демалыс үйі болып, арнаулы жолдамаң болмаса, оларға бас сұғу ешкімнің ойына да келмеуші еді.
Алакөлді маған көрсетіп, таныстырып жүрген Тілеуқабыл Тоқаев деген бажам еді. Өзі, Құдай айдап Мақаншыға жұмысқа барған соң, бізді қонаққа шақырған. Содан Алакөлді апарып көрсетемін деп, басы пәлеге қалды. Біз, көлдің қасиетін түсінген соң, жыл сайын шақырусыз-ақ қылқиып «қонаққа барушы» болып алдық.
Шынын айту керек, кейіннен біз де талай дос-туыстарымызды апарып Алакөлді көрсеттік. Алакөлдің қасиеті – бір барған адам ол көлді жыл сайын аңсап, сағынып тұрады екен. Қазір өз балаларым да Алакөлге жиі барып тұрады.
Міне осы жылдардан бастап мен де Қабанбай батыр туралы аңыз-әңгімелерге, дастан-хикаяларға ден қоя бастадым.
Алакөлдің жағасында Жарбұлақ деген ауыл бар. 1962 жылдары, «арғы беттен» келген Қожақұл ұрпағының басым бөлігі осы ауылға келіп қоныстанған екен. Солармен әңгімелескенімде аталарының шежіресін, есте қалған өлең-жырларын, ел аузындағы аңыздарын да жаза жүрдім. Ол кезде тәптіштеп, аталарын қуа жазу ойыма келмепті. Кеңес өкіметі құлап, ата мұра – шежіремізді жинап, кітап етіп бастыратын күн туады, дәл сол Мәмбеттің шежіресін мен құрастырамын деген кімнің ойына келген?!
Сонда да болса санамның түкпірінде бірдеңе болды ма екен, кім білсін. Бірде, өзен жағасына Науалыдан бір автобус оқушы бала келіп, солардың мұғалімі Даңғылбаев Мұхаметрахым деген адаммен таныстым. Ата-тек сұрастыра келсек, Мұхаң Мұрынның Жәуар атасынан екен. Жәуардан Орақбай батыр шыққан. Мен де Мұрын ұрпағымын. Сол кезде қолымыздағы мәліметтерді жылнамаға келтіріп, екеуіміз ата-тегімізді таратыппыз. Бұл қағазды кейін, 25 жылдан соң, қолыма қайта алып, қарап шықтым. Мұхаметрахымды да тауып, бүгінде араласып тұрамыз. Мұхаң қазір Науалы мешітінің молдасы. Міне сол жасалған жылнама қазіргі мен шығарып жүрген шежірелердің негізіне айналды.
1991 жылы Алакөлге тағы келдік. Ол кезде бензин, арақ-темекі, сабын жоқ, дүниенің бәрі қат болып тұрған кез. Кеңес өкіметі құлаған, аласапыран уақыт. Алакөлдің басына вагоншалар қаптап кетіпті. Соның бірінен орын алып, бала-шағаммен келіп жайғастым.
«Ұзын құлақтан» естуімше, жуырда Мақаншыда Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған той болады екен. Қазағым: «той дегенде қу бас домалайды» – дейді емес пе?! Ал енді бұл тойға біз қалай барсақ? Көлік бар, бірақ бензин тапшы. Ақшаға табылмайды. Сапар шегер болсақ, қайтар жолға жетер бензинді ала жүреміз. Бензиннің бар жері – Аякөз. Жаным қатты қысылды. Дәл тұсына келіп тұрып, тұңғыш рет өткізілгелі отырған атамыздың мерейтойын көре алмайтын болғаным ба?
Қарсы алдымызда Үржар ауданының демалыс үйі бар. Күн ара оған бір жүк машинесі келіп, тамақ тасып жүретінін көреміз. Жүк тасушы өзім құралпас қазақ жігіті. Біреуден бірдеңе сұрағанды жек көретін басым, амалсыздан сол кісіге бардым. Менің де жасырын «қаруым» бар. Ол кезде қат саналатын екі жартылық арақ ала келгенмін. Соның бірін көлденең тартып, жалынып-жалбарынып, бензин жеткізіп беруге әзер көндірдім. Келесі келгенінде 20 литр бензин әкеліп берді. Екінші жартымды тағы біреуге беріп, одан 10 литр бензин алдым.
Той болатын күні ертерек тұрып, екі ұлым – Бауыржан мен Сабыржанды ертіп, Мақаншыға келдік. Мақаншының шетіне, Алакөлге барар тасжолдың шығыс жағына, әдейілеп көрермендер отырардай сатылап, орындықтар орнатыпты. Сонда жайғасып отырып тойды тамашаладық. Есімде қалғаны – ығы-жығы халық, біреулер сөйлеп, біреулерге ат-шапан беріп, бәйге шауып, балуан күресіп, біреулерді марапаттап жатты.
Бұрын Қабанбайдың өз кіндігінен тараған ұрпақтарын сирек кездестіруші едім. Осы тойда қайсыбір тұяғын жолықтырдым да, ал қайсыбірі жөнінде деректер жинап алдым. Соның бірі деп, өзін көрмесем де, Қабанбайдың Қытайда тұратын ұрпағы – Зейнолла Сәнік туралы тұңғыш естуімді айтар едім.
Кітап дүкенінің сөресінде З.Сәнік пен Б.Садыханның бірігіп шығарған «Қаракерей Қабанбай», (Алматы 1991 ж.) атты кітабы тұр екен. Ол кезде кітап та «дефицитке» айналған қат кез ғой. Әр нәрсені сылтауратып, сатушы маған бұл кітапты алғашында бұлданып, сатқысы келмеп еді, мен де қоярға-қоймай «қадалған жерімнен қан алып», соңында, әйтеуір, көндірдім-ау. Кітап менің қанжығама байланды. Қабанбай батыр туралы талай мағлұматты тұңғыш рет осы кітаптан оқып білдім. Кейін Зекеңнің басқа да кітаптарын оқыдым. Өзімен танысып, бірнеше мәрте сұхбаттастым да. Бірақ өзім тұңғыш танысқан осы кітаптың әсері, басқалардан гөрі жүрегімнен ерекше орын алыпты.
Сонымен көп күттірген той да өтті. Қазір ойлап қарасам, тойдың ешбір ерекшелігі есімде қалмапты. Әр тойда шапан жауып, ат мінгізу бүгінгі таңда әдетке айналды ғой. Біз де бәрін көрдік. Әсіресе балаларым Қабанбай атасының есімі төңірегінде көп нәрсені естіп-біліп, бұл той естерінде ұзаққа сақталатындай болды. Атамыз Қабанбай батырға арналып ұлан-асыр той жасалғанын, соның ішінде біздің де болғанымызды ерекше мақтанышпен әлі күнге дейін әңгімемізге қосып, айтып отырамыз.
Сол жылы Семей, Шығыс Қазақстан, Талдықорған облыстарында да Қабанбай бабамыздың 300 жылдық мерекесін атап өтіпті. Сол салтанаттарға қатысқан Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов ағамыз «Таңғажайып дүние» (Алматы 2005 ж., 10 том, 585 бет) атты романында Мақаншыдағы тойға да тоқталып кеткен. Қабдеш ағамыздың атын атаған соң, ол кісінің Қабанбай батыр туралы екі томдық роман жазып, бүкіл әлемге Қабанбай есімінің таратушысы болғаны туралы ерекше айтып кетпеске болмайды. Қабанбай батыр атына байланысты Қазақстан жерінде болып жатқан кез келген оқиға Қабдеш ағамыздың назарынан тыс қалып көрген емес. Өз ойын әрқашан ашық айтатын, пікір таласқа келгенде қарсы жақтың шен-шекпеніне пысқырып та қарамай, ақиқаттан таймайтын Қабекеңнің сын мақалаларын айызымыз қанып оқып отырамыз.
Соның бірі – шежіреге байланысты: «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген шежіре-кітапқа жазған бір топ сын мақалалары мен «Қабанбай батыр қайда жерленген» деген тақырыпқа жазылған пікір таластары (Алматы 12 том, 218-235, 337-361 беттер]. Кейінгі мақаласы кезінде газет беттерінде жарияланып, қалың қауымға кеңінен таныс болған. Қабдеш ағамыз Қабанбай Сарыарқада жерленген десе, бір топ ғалымдар – Астананың түбінде, кесене салынған жерде жатыр деп дәлелдейді. Мен екі жақтың да өкілдерімен кездесіп, кесіп айтатын дәлелдерінің, қолдарында ешбір құжаттың жоқ екендігін білдім. Сондықтан да, мүмкін кетіктің бір ақауына тығын болар деген оймен, төменде бірер құжаттардың түпнұсқасын ұсынып отырмын. Ол, кезінде орыс патшасы шығарып отырған ғылыми жорналындың (1-сурет), 1914 жылғы санында басылған аңыздардың көшірмесі (2, 3, және 4 -суреттер). (Суреттер жеке суреткүйінде жіберілді, қою керек болса осы жерге бірінен-соң бірін көркемдеуші маман қойып береді).
1-сурет
1914 жылы Семей қаласында басылып шыққан Орыс патшасының ғылыми жорналының мұқабасы
2-сурет
Орыс патшасының ғылыми жорналында басылған
«Торғауыт және қара қалмақтармен Байжігіттердің соғысы хақында» атты мақаланың көшірмесі
3-сурет
«Торғауыт және қара қалмақтармен Байжігіттердің соғысы хақында» мақаласының жалғасы
4-сурет
Семей облысының Зайсан уезі Маңырақ болысында тұратын Байжігіт атасы туралы жазылған мақаланың көшірмесі
Қабанбай батыр жайлы мен де біршама мұрағаттарды ақтарып, шежіре-тарих жинадым. Осы ретте, жоғарыдағы құжаттардың негізінде, өз ойымды айта кетсем деймін.
Мұқабасы (1-сурет) басылған жорнал 1914 жылы шыққаны көрініп тұр. Осы жылдары шыққан бұл жорналдарда, қазақ арасынан жиналған аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар, археологиялық құны бар мәліметтер, т.б. көптеген деректер басылып отырған көрінеді. Әрине, аңыз болғандықтан, бұл мәліметтердің бәрі дерлік 100 пайыз ақиқат деуден аулақпыз. Сонда да құлақ асуға болатын жерлері бар деп ойлаймын.
Соңғы келтірілген (4-сурет) Маңырақ болысының тұрғындары, онда тұратын Байжігіт атасы туралы мәлімет. Маңырақ болысында, ол кезде, Байжігіт (Жұмық тармағы), Төртуыл және Қыпшақ аталары тұрғанын, 1900 жылдары жүргізілген Ф.Щербина экспедициясының мәліметтері де растайды. Ал Байжігіттің әкесі Тоқтарқожа, анасы Қаракерейден шыққан Мақта апай екені өзге де шежірелерден белгілі.
Енді алдыңғы (2-сурет, 3-сурет) көшірмеге келейік. «Торғауыт және қара қалмақтармен Байжігіттердің соғысы хақында» деп аталған мақаланың (аңыздың), қай жылы жазылып алынғаны көрсетілмегендіктен, өзіміз анықтауға тура келді.
Аңыз бойынша - Абылай бұдан 130 жыл бұрын өлді дейді. Ендеше аңыз 1910-1911 жылдары жазылып алынған деп топшылаймыз. Аңыз болғандықтан 1-2 жыл мөлшерінде ауытқу болатынын ескеріп, 1910 жылға тоқталайық та, аңызды нақты жылға айналдырып, төл тілімізге аударайық:
«1740 жылдары Ақмола мен Қарқаралы уездерінің шегінде, Қанжап бастаған қара қалмақ пен олардың жақын туыстары торғауыттар және солармен қабат, қазақтың Байжігіт атасы да тұрып жатыпты. Кейінгілерін Абылай атты сұлтан басқарыпты. Қара қалмақтар мен торғауыттар жер үшін Байжігіттермен қырқыса бастапты. Қақтығыс кезінде екі жағынан да көптеген адам шығын болыпты. Бірнеше қақтығыстардан кейін, қара қалмақтар мен торғауыттар, Байжігіттердің тегеурініне төтеп бере алмай, отырған жұртын тастап, қашуға мәжбүр болыпты.
Олар Ақ-тау (Ақтас болар С.М.) мен Шыңғыстауға (қазір Семей уезінде) келіп, енді Байжіттер шаба қоймас деп, қауіптенбей, Шыңғыстауға қоныс теуіп, «шеп» құрып, яғни тастан қамал (көлемі белгісіз) соға бастапты. Оның айналасына, көлденеңі 7 аршын тереңдігі 3 аршын келетін ор қазыпты.
Байжігіттердің сұлтаны Абылай, қара қалмақтар мен торғауыттардың тұрған жерін біліп қойып, өз батырлары: Қабанбай, Қасай, Байбарақ, Құттымбет, Құттыазам (мүмкін Құттықадам болар С.М.), Айтбай, Дүйсембай, Түйес (Тілес С.М.), Тиес, Ертіс, Бұқар, Дәулет, Шерікбай (Шерубай батыр болар С.М.) және Мырзагелділер мен қатар, 5000 халқы (қолы С.М.) бар, арттарынан қуып келіпті».
Құжатты осы арада үзе тұрып, жоғарыда аты аталған батырлар сол кезде Байжігіт атасының ішінде бар болған адамдар ма екен деп, қолда бар шежірені пайдалана отырып, зерттеп көрейік.
Ең бірінші Қабанбай батырдың аты аталады. Қабанбайдың ата-тегі: Байжігіт-Мәмбет-Қожағұл-Қабанбай (4), яғни Байжігіттің 4-ші ұрпағы, (ұрпақ көрсеткішін жақша ішінде беріп отырмын). 1740 жылдары жасы 50-дің маңында болуы керек. Аңыздағы оқиға желісі 1740-1760 жылдардың аралығында болған деп топшыласақ, оған Байжігіттің 3, 4, 5 – ші ұрпақтары араласуы әбден мүмкін. Енді осы батырлардың ата-тегін атап өтейік: Байжігіт-Тоғас-Қасай (3); Қасай-Дәулет (4), Шерубай (4); Байжігіт-Тоғас-Жаманай-Көтібақ-Байбарақ (5), Тиес (5); Байжігіт-Жұмық-Саты-Бұрымбет-Құттымбет (5); Байжігіт-Арыс (Қарақұрсақ)-Әлібек-Ырысымбет-Тілес (5), Құтты (5); Байжігіт-Тоғас-Қожай-Дәуімбет-Сәметай-Айтбай (6); Байжігіт-Жұмық-Тәуке-Өтеп-Ертіс (5); Байжігіт-Тоғас-Қасай-Қабылан-Мырзагелді (5). Міне жоғарыдағы аты аталған батырлардың бәрі дерлік Байжігіт шежіресінен табылып жатыр. Бұқар деп отырғаны әйгілі Бұхар жырау болар. Құттықадам батыр болған, ол Мұрын-Жолымбет-Назар-Құттықадам болып келеді, Қабанбайдың замандасы. Дүйсембай деген адам аты жиі кездеседі, 1-2 батырдың аты шықты.
Сонымен аңызда аты аталған адамдардың аты, Тарбағатай тауының теріскей жақ қапталында тұратын Байжігіт атасының батырлары екенін көрсеттік. Аңыз да осы жақтың адамдарының аузынан жазылып алынғанға ұқсайды. Тоғас батырларының аты жиі айтылғанына қарап, айтушы Тоғас атасынан ба деп ойлаймыз. Сондықтан, шалғайда тұратын туыстары, Мәмбет атасынан шыққан батырлардың аты аталмай қалғаны таңданарлық емес. Әрине, Қабанбай мен Бұхар жыраудың атын ұмытып кету мүмкін емес еді.
Аңыздың аудармасын жалғастырайық:
«Абылай Шыңғыстауға келіп, қамалға шабуыл жасай бастады. Байжігіт жағынан көп адам шығын болып, ақыры Абылай қамалды алады. Қамалын тастай қашқан тұрғындары, енді Тарбағатай тауын келіп сауғалайды. Бірақ, 1500 қол Байжігіт атасының қазақтары, ішінде мана аты аталған батырлары бар, қара қалмақ пен торғауыттарды қуа шығып, Аякөз өзенінің аяқ жағындағы Көгілдір сайында қуып жетіп, соғысады. Соғыс екі күн болады. Осы соғыста қара қалмақтың сұлтаны Қанжап, Байжігіттің сұлтаны Абылайдың қолынан қазасын табады. Қара қалмақ пен торғауыттар жағынан соғысқа 5000 қол қатынасып, олардың көбі шығын болады, ал Байжігіттер жағынан 9-ақ адам қаза табады. Қара қалмақ пен торғауыттар Байжіттердің қыспағына шыдай алмай, Еміл, Арқашар және Барлық бағытына қарай қашады. Осы аты аталған сай-салаға барғаннан кейін, тоқтағылары келіп еді, бірақ, Байжігіт қазақтарының шабуылынан қорқып, Қытайдың қоластына өтуді қолайлы деп шешеді. (бұл бұдан 163 жыл бұрын болған еді) ( немесе, шамамен 1748 жылы С.М.).
Қытайдың қоластында үш жыл тұрып, қара қалмақтар пен торғауыттар, қытай шенеуліктерінен қазақ Байжігіттермен «бітім» жасауды сұрайды. Шенеуліктер бұлардың сұрауын қабыл алып, 2000-нан тұратын қолмен, Аякөз өзенін бетке ұстап, жолға шығады. Лай-су сайына келген соң, олар, Шыңғыстаудағы Байжігіттің сұлтаны Абылайға елші жіберіп, бітім жасап, қырғи-қабақты бейбітшілікпен бітіруге келгендерін хабарлайды. Абылай хабарды алып, өзінің бітімге дайын екенін білдіреді де, 1000 адам алып, ішінде батырлары да бар, Лай-суға келіп бітім жасайды. Көкқасқа айғыр, қарабас қошқар сойып, бұдан былай қақтығыс болмайды деп, жердің шекарасын белгілейді. (Сол шекара күні бүгінге дейін мемлекеттік шекара болып саналады). Соғыста қаза болған адамдары үшін, екі жақ та бір-бірінен құн сұрамайтын болып келіседі.
Байжігіттің сұлтаны Абылай, бұдан 130 жыл бұрын, Шыңғыстауда қайтыс болды. Мәйіті Түркістандағы Әзірет-Әулиенің жанына жерленген.
Жоғарыда аты аталған батырлардың барлығы да Шыңғыстауда өлді.
Тоғас атасы, Тарбағатай тауына бұдан 130 жыл бұрын (1781 жылы С.М.), қоныс аударған, шамамен бұдан 43-44 жыл өткен соң, қазақ Байжігіттер Ресейдің қоластына өтеді».
Міне, бізге жеткен бір құжаттың мазмұны осындай. Қалай десек те, бұл аңызда айтылған көп деректермен келісу керек. Әрине, кейбірі күмән туғызуы да мүмкін. Ең бастысы: Қабанбай батыр қайда қайтыс болған? - деген сұраққа, біз жауап таба аламыз ба, жоқ па?
Ұлт болашағы мен ұрпақ үшін өмірін ат үстінде өткізген және ешбір айқаста сағы сынбаған батыр бабамыз 78 жасында қайтыс болған. Қабанбай ауырып, қалы нашарлап жатқан түста, қалын сұрай келген Бұқар жырау төмендегіше толғаған екен:
«Айналайын Қабанбай,
Жау келгенде жарағым,
Алыстан асып дау келсе
Түрулі тұрған құлағым.
Жақыннан жарым жау шықса
Белдеудегі пырағым.
Мың жылқыны суарған,
Төскейден аққан бұлағым.
Кеше түсте естідім,
Қабанбай ауру дегенде,
Жетімсіреп жыладым.
Бір құдайдан сұрадым:
Арғыннан айттым жүз кісі,
Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі -
Үш жүз кісі болар ма?
Айналайын Қабанбай,
Қара мойын лағың.
Әулиенің арты едің,
Бұл дүниенің қарты едің,
Айналайын Қабанбай,
Қайда болар түрағың?»
(З.Сәнік, Б.Садыхан «Қаракерей Қабанбай», 88 б.).
Жоғарыда әдейілеп қою әріппен көмкерілген «Кеше түсте естідім»-деген жолға назар аударайық. Бұл жолға сенсек, 90-ға келген Бұхар жырау бір күнде Қабаңа келіп жеткенін көреміз. Бұхардың тұрағы Баянауылдың Қызылтауы екенін еске алсақ, ол жерден қазіргі Астанаға болмаса Мақаншы маңына (екеуі де 400 шақырымдай жер) қалай жетіп барғанына таң қаламыз. Ал Қызылтау мен Шыңғыстың Ақтасына бір күнде еркін жетуге болады.
Бұл екінші дәлеліміз.
Осы ретте, бала кезімде естіген бір әңгіме ойыма түсіп отыр.
Баяғыда, бір жолаушы келе жатып, күн бата бір ауылға келіп ат басын тірепті. Қазақтың әдет-ғұрпына сәйкес, мал сойылып, ортадағы ошаққа қазан көтеріліп, ет асылып жатыпты. Бір кезде, сол үйдің кіші бәйбішесі, еттің көбігін алып, «бисмиллә» деп, қазанға бір уыс тұз салып шығып кетіпті. Біраздан кейін, үлкен бәйбіше келіп, еттің қалған көбігін алып, «бисмиллә» деп, ол да бір уыс тұз салып, шығып кетіпті. Аз уақыт өткенде, сол үйдің бойжеткен қызы келіп, «бисмилләсын» айтып, бір уыс тұз салыпты.
Шай келіп, бәрі жиналған соң, бәрін көріп отырған қонақ орнынан тұрып, «бисмиллә» деп, қазанның қақпағын ашып, бір уыс тұз салыпты да:
-Сіздердің әдеттеріңіз бойынша әр кісі бір-бір уыс тұз салу міндет екен, мен де қалыспайын, - депті.
Сол жолаушы іспетті, «Қабанбай бабамыз қайда жерленді?»- деген сұраққа мен де өз үлесімді қосып, бір уыс тұз салып отырмын. Бірақ мен құралақан емеспін, құжатқа сүйеніп отырмын. Тұзымның «дәмін» көріп, бағасын мамандар, ғалымдар мен қалың жұртшылық бере жатар деген ойдамын.
(Сыдықов Мүсәйіп «Қаракерей шежіресі», 1-том, Байжігіт-Мәмбет тармағы. Павлодар 2009 ж., 559-566 беттер) .


Айманның асқақ аспаны

$
0
0

Айманның асқақ аспаны

http://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/12/айман-мусаходжаева.jpg

Бұлдырықтай ғана бүлдіршін қыздың ғаламат ойынына ерекше разы болған ұлы музыкант өз концерті партитурасына: «Айман, сен ұлы скрипкашы боласың, бірақ мынаны ұмытпа: еңбек, шыдам және төзімділік – осы жолдағы сен ұстанатын басты нәрсе», деп жазды. XX ғасырдың аса көрнекті композиторларының бірі Арам Хачатурянның нота қағазының шетіне иректетіп қалдырған осынау жолдары кейін бұл әулеттің тұмардай қастерлейтін бағалы бұйымына ғана айналып қойған жоқ, ол шын мәнінде де үлкен көрегендікпен айтылған болжам болып шықты.

Ақиқатында Айман ұлы скрипкашы болып қалыптасты. Және тек ұлы скрипкашы ретінде ғана даңқын асырып қоя салған жоқ, ол сонымен қатар, күллі әлемнің өткен ғасырдағы ең таңдаулы 2000 музыкантының сапынан өз орнын алды.

Бұл әңгіменің ілкі ізашары құдды бір әдемі ертегілердің желісіндей болып жылы шуақтанып басталады. Әлқисса, Алматы қаласында орта дәрежелі әл-ауқаты бар, шаттығы мен шапағаты өздеріне жетіп-артылатын бір тату-тәтті отбасы тұрушы еді. Сол киелі шаңырақтың отағасы Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген агроном Қожабек деген кісі, ал отанасы Рахила есімді мейірбан жүректі ана болатын. Еңбек жолын Алматы облысындағы Ұзынағаш ауданының бір түкпіріндегі «Күрті» сов­хозында агрономдықтан бастаған әкей шаруашылық директорының орынбасары дәрежесіне дейін жеткен-ді. Бірақ жолдың сорабы тап сол тұсқа келгенде, ол мұны шорт үзіп, Алатаудың етегін айқара жамылып жатқан әсем қалаға біржола көшіп келіп алды. Себебі, ол кәсібінің кәнігі кәлимасы – жерді игеруге қаншалықты құштар болса, өзі үшін мүлдем жұмбақ әлем – музыкаға да соншалықтың іңкәр еді. Сондықтан көзінің ағы мен қарасындай болып өсіп келе жатқан үйелменді-сүйелменді төрт қызын осы музыка атты асау айдынға салып жібермекке ниеті ауды да тұрды. Сөйтіп, әуелі төлбасы Раисаны К.Байсейітова атындағы арнайы музыка мектебінің скрипка сыныбына өз қолымен апарып тапсырды. Бұдан кейінгі Раушанды кезегі келгенде қобыз сыныбының табалдырығынан аттатты. Үшінші жолғыда Бақытжанды виоленчель сағағынан ұстатып кетті. Осылайша бір үйден бір оркестр құрылатындай болып келе жатқан шамада Айманның да жасы 4-ке толып еді. Әкесі оны көп ойланып жатпастан, ең үлкен әпкесінің ұдайы бақылауы мен тәрбиесінде болуы үшін скрипка сыныбына жазғызды.

Осы жерде біздің жадымызға жапонның аса көрнекті тұлғасы, белгілі өндірісшісі, әйгілі «Сони» корпорациясының негізін қалаушы Масару Ибуканың «Үштен кейін бәрі кеш» деген мемуары оралып отыр. Аталмыш компанияның 1947 жылы құрылғаны мәлім. Ол елдің екінші дүниежүзілік соғыстан кейін есеңгеріп тұрған кезі-тін. Жапония Хиросима мен Нагасакиден кейін жермен-жексен болған халді кешіп жатқан. Алайда, арада бар-жоғы екі-үш он жыл өткеннен кейін Күншығыс елі жер-жаһандағы ең алдыңғы қатарлы дәулеттердің қатарына батыл еніп кетті. Бұған тап жаңағы Масару Ибука секілді қайратты қайраткерлердің қосқан үлестері айрықша зор болды. Міне, сол кісі өзінің жоғарыда аталған өмірбаяндық кітабында кез келген адамның қай жағынан алғандағы да қабілеті мен талантының 80 пайызы 17 жасқа дейін ашылатынын, соның ішінде 40 пайызы 3 жасқа дейін-ақ белгілі болатынын жазады. Біз сөз етіп отырған Айман осы 40 пайыздың алпарынан еді. Бұған оның сол шамада үлкен әпкесі Раисаға еліктеп скрипка тартып, өз бейімділігін айқын танытып үлгергені толық дәлел. Бұл – бір. Екінші жағынан, Айман әлгінде мысал етіп алынған жапон қайраткері тәрізді өзінің елін белгілі бір биік белес­ке көтеріп келген кемел талант. Қазіргі таңда музыка әлемінде біздің елімізді дәл Айман тәрізді шырқау шыңға шығарған толағай тұлға жоқ.

Бірақ ертегіміздің желісіне қайта оралсақ, кейіпкеріміздің бірден тап осылай болып құрыштан құйыла салмағанын тағы байқаймыз. Бұл үшін оған балалық шақпен тым ерте қоштасуға тура келді. Өйткені, таңертең жалпы білім беретін мектепте оқып шығып, түс қайта музыка сыныбына жол тартатын шәкірттің бала болып ойнауға уақыты қалмайтын. Кештетіп оралған төрт қыз төрт жақтап отырып, музыкадағы дағдыларын қайта пысықтап жатқанда алақандай үйдің іші азан-қазан болып кетуші еді. Соның ортасында отырып әрқайсысы өзіне керегін жасап, қажетін алатын. Күй болып төгіліп, саз болып селдеткен олардың бүкіл балалық және жастық шақтары осылай өтті. Мұның есесіне, төртеуі де өз саласындағы белгілі мамандар болып жетілді. Ал жұлдызы әу бастан жарқырап жанып, аспаны асқақ көрінген Айманның жылуан жолы тек әпкелері ғана емес, барша тұстастары арасында да ерекше өріле бастады. Соның нақты мысалы ретінде оның 7 жасынан бастап-ақ концерттерге қатыса бастағанын айтсақ та жеткілікті. Ал жасы 13-ке келген 1972 жылы ол бірінше рет оркестрге қосылып, Камиль Сен-Санстың скрипкаға арналып жазылған «Интродукция және Рондо каприччиозосын» орындады. Тап сол жылы жоғарыда айтылған Арам Хачатурян Айманның орындауындағы өз туындысын тыңдады. Шыны керек, осы композитордың скрипкаға арналған шығармалары Айманның бала жасынан ең сүйікті нөмірлерінің бірі еді. Алматыға Абай атындағы опера және балет театрында басты рөлде Рамазан Бапов ойнайтын болып белгіленген өзінің «Спартак» балетін сахнаға дайындау барысын көруге келген Арам Ильич мұндағылардың алқалауымен арасында К.Байсейітова атындағы музыкалық училищесіне соғып, 7-сынып оқушысының ғаламат өнерін тамашалап, баға беруге де уақыт тапқан-ды. Өзінің атақты концертінің финалын ойнаған жас қыздың талантына қатты тәнті тұрған композитор біз жоғарыда келтірген керемет кәлиманы сол жолы жазып қалдырған еді.

Содан бері қырық жылдан астам мерзім өтті. Содан бері ұлы композитордың берген бағасының тектен-текке айтылмағанын дәлелдеу үшін қаншама терлер төгіліп, есепсіз еңбектер жасалды. Содан бері бір биіктен кейін бір биікті бағындыра білген талантты музыканттың өнердегі өшпейтін өмір жолы өзектеліп өріліп жатты. Бірақ өзіне үлкен болашақ тілеген А.Хачатурянның концерті Айман үшін нышанды бір белгідей болып содан бері ұдайы өзімен бірге еріп келеді. Орындаушылық машықтың шыңына жетіп, кемелділіктің кемеріне келгеннен кейін де ол аталмыш туындыны өзінің концерттік бағдарламаларынан тысқары қалдырып көрген емес. Осы туындыларды орындау кезінде біздің кейіпкеріміз олардың эмоциялық тынысы мен лебін өте дәл беріп, музыкалық текті ырғақтың бүкіл болмысына салмақ салады. Осында әуенді-интонациялық иірімдер жарқ етіп көрініп, музыканың бүлкілі анық аңғарыла түседі. Бұл сипаттар, әсіресе, концерттің кеңге жайылған соль каденциясы тұсында барынша нәшіне келеді. Осы арқылы көпшілік Шығыстың әсем түсті бояулары мен ашық ұлттық колоритіне көміледі. Ақыр соңында бұл А.Хачатурянның да бүкіл болмыс-бітімін аша түскендей болады.

Әйткенмен, бұл күнге жеткенге дейін Айманды әлі де көп оқу мен ізденістер күтіп тұр еді. Манағы ертегінің арқауы енді күнделікті қат-қабат тірлікке ұласып сала берді. Музыкалық училищеде Нина Патрушева есімді керемет ұстаздан тәлім алып шыққан дарынды қыз 1975 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының скрипка сыныбына оқуға түсті. Бірақ мұнда екі жыл ғана аялдады. Себебі, екінші курстан кейін, 1977 жылы Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысып кетті. Мұнда ол Ресей халық әртісі профессор Валерий Климовтың сыныбында оқыды. Дегенмен, мұнда келгенге дейін-ақ Айманның есімі халықаралық аренаға біршама танылып қалған да болатын. Ол өзінің өмір жолындағы ең алғашқы ірі сыйлығына 1976 жылы Югославияның астанасы – Белград қаласында өткен халықаралық конкурс­та қол жеткізді. Сол байқауда «Алтын арфа» мен Бранко Паевич атындағы арнаулы сыйлықтарды алған қазақстандық жасөспірім скрипкашының аты демде жалпақ жаһанға жайылды. Дәл сол жолы Белград консерваториясының профессоры Мирко Симич оған француз шебері Турта жасаған екі шекті сыйға тартқан екен. Бір қызығы, маэстро сол сыйлықты әлі күнге дейін өз игілігіне жаратып келеді екен. Тап сол жолы орыс-кеңестік скрипка мектебінің корифейлері Леонид Коган, Давид Ойстрах, Игорь Безродный қазақ қызына бірден назар аударды. Ал консерваторияда дәріс оқып, тәлім берген ұстазы да ешкімнен кем емес еді. Ол – Валерий Климов П.И.Чайковский атындағы бірінші сыйлықтың иегері, аса көрнекті скрипкашы болатын. Аталмыш оқу орнында ұлы ұстаздың тәрбиесінде жүрген кезінде Айман 1981 жылы тағы бір өте беделді конкурстың – Италияның Генуя қаласында өткен Паганини атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Бұдан кейінгі табысқа 1983 жылы Жапония астанасы – Токио қаласында өткен конкурс қорытындысында қол жетті. Ал содан соңғы екі ірі конкурстағы жетістіктері оның Қазақстанға оралған тұсымен тұспа-тұс келеді екен. Атап айтқанда, 1985 жылы Финляндия байтағы – Хельсинкиде керуен керген Сибелиус атындағы және 1986 жылы Мәскеуде болған П.И.Чайковский атындағы VIII халықаралық конкурстарда топ жарды.

Қазір қарап тұрсақ, біздің де Ай­ман­ның атына қанық бола бас­таға­нымызға қазір қырық жылға жуықтапты. Ол 1976 жылы жоғарыда ай­­тыл­ған «Алтын арфа» сыйлығын алып келіп жатқанда, журналистика фа­куль­тетінде студент болып жүрген біз осы қуанышты оқиға жайында хабар жазған екенбіз. Содан кейін Мәде­ниет министрлігінде қызмет етіп жүр­ген кезі­мізде бірнеше рет жолығып, әңгіме­лесу­дің орайы келіп еді.

– Мен бүкіл өмірімде өнермен бірге өрілдім, өнеріммен өмір сүрдім, – деген еді музыкант сондай бір сұхбаттасу кезінде. – Мен қазір адам ретінде қандай тұлға болсам да, оның өнер арқылы қалыптасқаны күмәнсіз. Өйткені, бала жасымнан өнерден басқа ештеңе ойламадым. Сондықтан өмірдегі көп нәрсеге өнердің көзімен қарап келгенімде де жалғандық жоқ. Енді есіме түсіп отыр, 1983 жылы Мәскеудегі оқуымды аяқтап, елге оралар кезімде мұндағы тіршілігімнің бәрі майда еріп жүре беретіндей көріппін. Олай болмағанда ше, бірнеше беделді халықаралық конкурстардың лауреаты атанып үлгергемін. Оның үстіне, Мәдениет министрі Жексенбек Еркінбеков пен Композиторлар одағының төрағасы Еркеғали Рахмадиев екеуі туған қыздарындай көріп, жақын тартып тұрады. Мұның да әсері бар шығар, барғасын бәрі құшақ жайып қарсы алып, жұмысымның бәрі жеңілдеп кете қоятындай сезінгем. Бірақ мұның бәрі балалық екеніне көп ұзамай көп жеткіздім. Қайда да, соның ішінде біздің музыка саласында өзің тер төгіп, еңбек етпей, жетістікке жету былай тұрсын, бұрын бойыңда бар қабілетің мен машығыңнан айырылып қаласың. Сол себепті қайтадан білек сыбанып жұмыс жасауға тура келді. Ал мұнда қиындық шашетектен екен. Ең бірінші қиындық скрипка аспабынан кезікті. Мәскеуде жүргенде Страдиваридің аспабында ойнаушы едік, мұнда оның ізі де жоқ болып шықты. Сол кезде менің алдымда екі таңдау тұрды. Оның бірі – Мәскеуге қайтып кету болса, екіншісі – Қазақстанда айрықша мықты музыкалық аспаптардың коллекциясын жасауға қол жеткізу еді. Мен ойлана келіп, ақырында Қазақстан Компартиясы орталық комитетіне хат жаздым. Содан кейін республиканың сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаев осындай коллекция жасау жөнінде шешім шығарды. Осының арқасында қазір бізде Страдивари, Гварнери және Гальяно жасаған шекті аспаптардың жиынтығы бар. Біздің барлық көрнекті орындаушыларымыз осы күндері осы керемет шеберлердің бұйымдары бойынша өнер көрсетеді.

Ал біз сөз етіп отырған аралықта, 1983 жылы Алматыға оралған Айман алдымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына солист болып қызметке тұрды. Мұнда жеті жыл тер төккеннен кейін өзінің ұшқан ұясы – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына скрипка кафедрасының доценті болып ауысты. Артынша кафедраның меңгерушісі болып тағайындалды. Қай кезде де ешкімді қайталамайтындығымен, қайда да бірінші болуды алдына мақсат етіп қоятын Ай­ман 1998 жылы Астана қаласына келіп, осын­да өз қолымен жаңа өнер ордасын – Қазақ ұлттық музыка академиясын құрды. Бүгінде құрамын үлкейтіп, жаңа мәрте­беге жеткен ол Қазақ ұлттық өнер уни­верситеті деп аталады. Мұнда да біздің кейіпкеріміздің өнерді ерекше сүйіп, қастерлейтіндігінен бөлек, оның өркенін жайып, өрісін кеңейту жолында нендей бір қиындықтардан да қорықпайтын батылдығы айқын көрініп тұр.

– Шынымды айтсам, Астанаға келемін деген ой бұдан бұрын қаперімде жоқ еді, – дейді музыка маэстросы қазір өткенге ойша оралған сәтте. – Бәрі күтпеген жерден болды. 1997 жылдың сәуір айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев менің Алматыда өткен жеке концертімді тамашалады. Осы өнер кешінен кейін Нұрсұлтан Әбішұлы менен алдағы жос­парым туралы сұрады. Мен жоғары класты өнер оқу орнын ашу арманым болып жүргенін жасырмай айттым. Бұл біздің шәкірттеріміздің шетелдерге кетіп қалмай, осында өнерімізді өркендетулеріне жол ашып беретінін жеткіздім. Сол кезде Елбасы: «Онда Астанада музыка академиясын аш. Енді жаңа елорданың бүлдіршіндері де скрипкамен достасатын болсын», деді. Бұл идея маған қатты ұнады. Әрине, бәрін тақыр жерден бастаудың қиын болатынын жақсы түсіндім. Сонда да болса тәуекелге бел будым. Оның үстіне, Президент сенімін ақтағым келді. Сөйтіп, арада тура бір жыл өткеннен кейін, 1998 жылдың сәуірінде жаңа академия ашылып, іске кірісті.

Бүкіл өмір бойына Айман өзі бітірген оқу орнына аты берілген ұлы композитор Петр Ильич Чайковскийдің: «Шабыт – жалқау­ларды қалай бермейтін, сирек көрі­нетін қонақ», деген сөзін ешуа­қыт­та жадынан шығарған емес. Соның арқасында жоғарыда аталған жетістік­теріне жетті. Соның арқасында 1997 жы­лы Ресейдің халықаралық өнер академия­сының академигі атанды. Ал 2000 жылы Қазақстан Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты болды. 2002 жылы Қазақстан меценаттар клу­бы тағайындаған платиналы «Тарлан» сыйлы­ғын еншіледі. Тап сол жылы Бүкіләлем­дік «Әлемнің ХХ ғасырдағы 2000 таңдау­лы музыканты» тізіміне есімі енді. Мұның арғы жағында, 2007 жылы «Астана қала­сының құрметті азаматы» атағы берілді. 2011 жылы ол Елбасының Жарлығымен «Достық» орденін омырауына тақты.

Біз бұл жерде Айманның кеңес кезеңінде Қазақстанның еңбек сіңірген және халық әртісі атақ­тарына жап-жас кезінде-ақ қол жеткіз­генін айтып отырған да жоқпыз. Міне, осындай атақ-даңқтары жеткілікті екеніне қарамастан, Айман әлі де белсенді музыканттық өмірден ешқашан қол үзіп көрген емес. Керісінше, мұндай атақтар оған музыкадағы жаңа биіктерді бағындыруға тың күш пен соны серпін беріп келе жатқан сияқты. Осыған орай оның репертуары да аса бай. Бұл тұрғыдан келгенде, біз өз кейіпкеріміздің ғаламат естеу сақтау қабілетіне қайта-қайта таң қалған болар едік. Айталық, басында Н.Паганинидің екі каприсін керемет ойнауды меңгеріп алған виртуоз жылдар өте келе, оның 24 пьесадан тұратын бүкіл циклын толық игеріп алған екен. Оның репертуарында И.С.Бах, В.А.Моцарт, П.И. Чайковский, И.Брамс сынды ұлы композиторлардан бастап, тағы көптеген шетелдік классиктер, сондай-ақ, қазақстандық біршама өнер шеберлерінің туындылары бар. Осындай бай репертуарының арқасы шығар, Айман Қожабекқызы ұдайы шет­елдерге шығып, өз концерттерін беріп тұрудан да қол үзген емес. Бұған дәлел ретінде, тым алысқа бармай-ақ, оның биылғы жаз айларында ғана Бразилия мен Германияда сондай концерттер беріп, өнерсүйер қауымды дән риза етіп қайтқанын ғана айтуымызға да болады.

«Скрипка маэстросы», «Скрипка ханшайымы», «Айбатты Айман». Осының бәрі – ән-әуез әлемін жоғары бағалайтын жанашыр қауымның бір адамға, бір ғана музыкантқа берген байыпты бағасы, айшықты атауы. Ал көзіқарақты, ойы ояу, санасы сергек кез келген оқырман мана сөз тиегі алғаш ағытылған кезде-ақ оның заманамыздың заңғар музыканты Айман Қожабекқызы Мұсақожаева туралы болып отырғанын пайымдап үлгерген шығар деп ойлаймыз.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.

Үйсін руы

$
0
0

Үйсін руы. Көптеген тарихи деректемелер бір ауыздан үйсіндер-дің қазақтардың ғана емес, күллі Орта Азия аймағында-ғы басқа түркі халықтарының этникалық тарихында үлкен маңыз атқарған Жетісудағы көне түрік руларының бірі екенін айтады. Жетісу үйсіндері туралы тұңғыш мәліметтер біздің дәуірге дейінгі II ғасырдағы қытай жазба деректерінде кездеседі, олардың түтін басы сол кездің өзінде 120 мыңға жетіп, 630 мың адам және 188 800 әскер шығара алатыны шежіреге түскен. Бұның бәрі олардың үлкен де күшті халық болғанын көрсетеді, тіпті олармен қытайлар да, ғұндар да есептесіп отырған. Қытай императоры үйсіндермен үнемі елшілік алмасып келді. Бірде Үйсін әміршісі (Гуньмо) Шын еліне жаңа елшілік жіберіп, қытай ханшасын айттырып, оған қоса 1000 жылқы беруін талап етеді.

«Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Оның тілегі орындалып, ханша үйсін-дердің қартайған патшасына тоқалдыққа ұзатылады, ал оның бәйбішесі ғұн билеушісінің қызы еді. Өмірде басқа әдет-ғұрыптарда тәрбиеленген ханша далада құса болып, киіз үйде тұрып, ет жеп, сүт ішетін қарт патшаға тиген мұңын шағып. тағдырын өлеңге қосыпты. Бұдан біз Үйсін әміршісінің патшалармен неке байланыстары, олардың ғұндармен тығыз тізе қосып, қатар ғұмыр кешуін көреміз. Олардың озара соғысып, бірақ бейбіт күндері неке одақтарын жасауға дейін келісіп, патшалар отбасы араласқаны және олар көбінесе саяси сипат алатыны аян. Бичуриннің дерегі бойынша, үйсіндер әуелгіде Булунцзир өзенінің алқабында Дун-Хуан мен Унлян-шань маңында көшіп-қонып жүрді. Бұл өлке Жетісудан недәуір шығысқа қарай жатыр, бірақ Қазақ ССР тарихы 1-томының авторлары қазіргі археология мен палеантропология жетістіктеріне сүйеніп, сақтар мен үйсіндердің тамырластығын дәлелдеп, күмәнді сейілтіп, Жетісудың кең-байтақ жері олардың ата жұрты деп есептейді. Қытай деректері бойынша, Жетісу үйсіндері туралы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап мағлұмат жетіп отыр, әйтсе де бұл бұған дейін үйсіндер болмады деген сөз емес.

Қазақ ССР тарихы авторларының пайымдауынша, үйсіндердің күшті тайпалары Жетісу өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырларда өмір сүрді, ал лингвист С. Аманжолов «Қыпшақтар, қырғыздар және қаңлылармен қатар үйсіндер де түріктердің ежелгі тайпасы болып табылады. Олар қаңлы және қыпшақтармен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырларда белгілі бола бастады» деп есептейді. Әрине, үйсіндердің қонысы ол кезде ұзыннан-ұзақ созылып, Жетісудан шығысқа қарай Шығыс Түркістанға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатты. Оның үстіне кеңес археологы, профессор Н. А. Бернштам Жетісу тарихы жайындағы өз зерттеулерінде шығыс үйсіндерінің көші-қоны туралы пікірді мүлде жоққа шығарып, Жетісудағы Саң пен Үйсін тайпаларының тұрғылықты екенін алға тартады. Бұл тұжырымды Қазақстан археологтары К. Ақышев пен Г. Кушаев та қуаттайды. Белгілі саяхатшы Г. Грумм-Гржимайло мен Қазақстан тарихшысы 10. Зуев өз еңбектерінде үйсіндердің отаны алыс шығыс жақта болғанын атап өтіп, олар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр ортасында батысқа қарай ойысып, Жетісуды жаулап алды деседі. Белгілі шығыстанушы С. Малов та Жетісудан шалғай шығыстағы көне түріктің тасқа басқан жазбаларында, Тоныкөк туралы жыр ескерткішінде үйсіндер жөнінде де жазылғанын, Рашид ад-Диннің шежіресінде үйсіндер ордасы туралы хабарлайтынын сипаттайды. Сондықтан бірқатар әдеби деректер үйсіндердің Жетісудан тарайтынына ден қойса да, көне жазуларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Соған байланысты В. Востров пікірінің жаны бар. «Жетісу үйсіндерінің пайда болуы туралы ойға келсек, үйсіндердің шығыстан шығуы жайындағы көне жазбалар қалай айқын және дәл болса, Жетісу үйсіндері туралы мағлұматтар да сондай. Шынында да бұл өте күшті өніп-өскен ру, нақты айтқанда, еркін де кең қанат жайған тайпалар одағы болып табылады» деп жазды ол. Қалай дегенде де, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда үйсіндер Жетісу өңіріндегі Сақтар одағына енді. Бұдан кейін әр түрлі тарихи жағдайлар, өзара шапқыншылық пен қантөгіс соғыстардың салдарынан үйсіндердің әскери-саяси маңызы әсіресе, Жетісуда жужандардың билігі тұсында (б. д. IV-VII ғасыры) әлсіреп, Тянь-Шань тауларына қарай ысырылып, біздің дәуіріміздің V ғасырынан бастап, В. Бартольд тұжырымдап, А. Бернштам куәландырғандай, үйсіндер туралы әдебиетте VI ғасырда ешқандай мағлұмат келтірілмейді. Демек, бұл үйсіндер басқа этносаяси бірлестіктердің, нақтыласақ, Батыс түрік қағанаты және одан кейінгі ерте феодалдық мемлекеттердің құрамына кірді. Шығыс Жетісу өңіріндегі археологиялық қазбаларға (Аңтас-2 мекені, Ақтас-1, 4, 6, Ақтау қорымдары) қарағанда, үйсін мәдениеті бұрынғы үйсіндер мекен еткен жердің бәрінде дәуірледі, тіпті X ғасырдан бастап, қытайдың жазбаларында үйсін рулары туралы қайтадан мәліметтер кездесіп отырады. Қазақстандағы уйсіндер елі туралы XV ғасырда араб жиһанкезі Мосуди де жазды. М. Тынышбаев өз еңбегінде V ғасырдан бастап жазба деректерде үйсіндер туралы кездеспейді деген тұжырымға келеді. В. Бартольдтің пікіріне қарсы шығып, Қазақстан аумағында басқалармен қатар үйсіндер және олардың ұрпақтарының бертінге дейін өмір сүріп келгеніне дәлел келтіреді. Біріншіден, шежіре бойынша ежелгі дулулардың тікелей үрім-бұтағы дулаттар сол аймақта өмір сүріп, Ұлы жүз ңұрамына ене, саны көп ру ретінде қалыптасып, мәшћүр тұлғалардың бастауымен түрлі-түрлі тарихи оқиғаларға қатысқан. Бұдан тыс ол XIII ғасырдың ортасында Персияға өткен Құлағу ханның әскерімеи бірге барған мөңғолдардың аузынан жазылып алынған Рашид ад-Диннің «мопғол тарихын» келтіреді. Құлағу ханның сарбаздары Жетісуды көктей өткенде Шағатай әулетіне бағынатын Шу бойындағы үйсіндерді ұшырастырады. Оған қоса Ташкент маңайында XX ғасырдың басында тұрғындары үйсін деп аталатын үйсін қыстағы болғанын атап өтеді. Сонымен, Ұлы жүз құрамыиа кірген бүкіл руларды қазақ шежіресі үйсіндер деп атайды. Біздегі қолда бар мағлұматтарға қарағанда, Ұлы жүзден (Ақарыс, Ақшора, Байшора, Үйсін) Жұман тарайды, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен Мекрейіл. Ал, Майқыдан Бақтияр, Қырық жүз, Мың жүз, Бақтиярдан Ойсыл мен Үйсін. Ойсылдан Сіргелі, ал Үйсіннен Ақсақал мен Жансақал шығады. Жансақалдан Жалайыр, Ақсақалдан Қараша би, одан Бәйдібек. Бәйдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелінен Жалмамбет, үшінші әйелінен Жарықшақ. Жалмамбеттің бірінші әйелі Мапыраштан Шапырашты, екінші әйелі Сыландыдан және үшінші әйелінен Ошақты мен Ысты атты ұлдар тарайды. Жарықшақтан Албан, Суан мен Дулат атты ұлдар өрбиді. Қоғамнан барып Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған өніп-өседі. Ұлы жүз құрамына енетін бүкіл рулардың алтын діңгегі осындай. М. Тынышбаев осы үрім-бұтақпен сәйкестей отырып, бұл руларды басқаша топтауды ұсынады Ұлы жүз үш тармаққа бөлінеді: 1. Үйсін. 2. Жалайыр. 3. Қаңлы. Үйсіндерге Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсіпдер және өған қосылатын Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі жатады; Жалайыр оқшау да, Қаңлыға Шанышқылы мен Қатағандәр қосылады. Бұдан байқалғандай, Ұлы жүздің құрамында тарих пен аңызға сүйенсек, ежелгі және бертініректегі үйсіндердің тікелей жалғасы Сарыүйсін тайпасы болып есептеледі.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты

Средний жуз

Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы

Младший жуз

Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/shejre---uysn-56435/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

ҮЙСІННАМА (13)

$
0
0

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ

ҮЙСІННАМА (13)

4.ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Үйсін ұлысы Батыс Өңірдегі әрі ең үлкен, әрі ең күшті ел ғана емес, әрі ең бай ұлыс болған. Бұған тілтиек бола алатын себептер молшылық.
Ең алдымен, басты ресурс - халық және оның санының артуы және маңайындағыларға қарағанда сапалық жоғарылығы. Бұл Елжаудай ел көсемі тобының, өзге елдерге салыстырғанда, жоғары интеллекті мен мықты басшлық қабілетіне тіке байланысты. Бүкіл Үйсін жұрты солардың жетегінде жан-жақтылы көтерілді.
Сосынғы бір абзалдылық табиғи ресурста. Жетісуды кіндік еткен регионның қай саланың өркендеуіне де қолайлы жағдайы оларға жар болды.
Бұл кездегі Ұлы Жібек жолының жазғы тарауы мен Ұлы Далалық тармағы (Жайлау Жібек жолы) Үйсіннен өтпей қоймайтын-ды. Үйсін елі Батыс пен Шығыс арасына көпірлік рөл атқарды. Бұл Үйсінге, қазыналық пайда келтіріп қана қоймай, мәдениет пен өнер, шаруашылық пен сауда сықылды жақтардан да ауыс-түйістік көп орай ұстатты. Шығыс пен Батыс елдерінің артық тарапынан үйренуіне ыңғайлылық туылды
Әрі ежелден байланысы қою, әрі жап-жақында тұрған батысы мен оңтүстігіндегі елдердің (мысалы Екіөзен – Аму мен Сыр, Қосөзен - Тигр мен Эфрат сияқты көне мәдениет ошақтарының) озық жақтары Үйсінге, қай тарапынан болса да, тіке әсер етуші еді. Оған кейін келе Жұңго жақтың озық мәдениеті де ықпал жасай бастады.
Жылқыны қолға (әлемде ең бірінші болып) үйреткен, “қанатты” сарыарқалықтар қатарындағы үйсіндердің харекет өрісі өте кең еді. Соған орай көргені көп болды, естігені одан да асып түсті. Қазіргі тілмен айтқанда, информация алу орайының молдығы үйсіндердің өзгелерге (әсіресе маңындағы талай отырықты жұрттарға) қарағанда көзін тіпті ашты, көкірегін анағұрлым оятты. Оларға мүлде отырықтылыққа көшу қиын емес-ті. Бірақ, жері кең, малы көп, егіншілігі өзіне жетерлік болғасын, жартылай көшпенділікті экономикалық озықтық, ұтымдылық, тиімді әдіс санады. Үйсін қоғамында дала мен қала, көшпенділік пен отырқтылық, малшылық пен егіншілік, сауда мен қолөнері, т.б. өзара толқтырысып, демесіп отырды.
Үйсін мемлекеті тәуелсіздік алған соң, әлде неше ондаған жылдар, сұрапыл соғыссыз, негізінен бейбіт өтті. Өзгелер үйсінге тиісе алмады. Ал, үйсін қажет тапқанда іргесін оп-оңай кеңейтіп алатын болды.
Біз енді экономикаға тән басты салаларды атай кетейік.
1. Малшаруашылығы. Бүгінде мол суына, тың құйқасына, шүрайлы көгіне, орманды тауына, мол жауын-шашынына, жылы ауа-райына бола жер жаннаты атанған Жетісу өңірінде (ҚХР дің Іле Қазақ Автономиялы облысы мен ҚР дің Алматы қаласында, Алматы обылысында және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде) кемінде 6-7 миллион халық ауқатты өмір сүруде. Бұл 2000 жылдың алдындағы 2 миллионға ғана таяған үйсіндер үшін өте жайлы табиғи ресурсты қоныс еді. «Ханьнама. Үйсін баянында»: олардың “Елінде жылқы көп. Байларында 4-5 мың жылқы бар” делінген. “Шижюн ханшаны айттырғанда ‘қалыңға мың жылқы’ айдатқанының өзінен-ақ жылқыларының көп екендігін аңғаруға болады. Жылқыларының сапасына келсек, Хань әулеті тұсында Үйсін жылқылары өте даңқты болды. Жаң Чянның Ханьге үйсіндерден алып барған асыл тұқымды сайгүліктері, алғашта ‘тәңірлік сайгүлік’ (天马) делінді де, Дад-уанның (Ферғананың) сайгүліктері Түнязыға әкелінгеннен кейін ғана олардың аты ‘қиыр батыс қазанаты’ (西极马) дегенге өзгертілді. Іле өңірі - ісжүзінде сол кездегі үйсіндердің мекені - қазіргі таңда да бүкіл елімізге әйгілі ‘Іле жылқысының’ өндіріс базасы болып отыр. Бұл жылқының дене бітімі тым зор болмағанымен, мүсінді, жүрісті, жүйрік. Бұл да - олардың сол бұрынғы тегіне тартқандығынан болар... Шижюн ханша ‘Аққу жыры' деген бәйітінде: ‘Қорегі тек ет екен, айран, қымыз-сусыны’ дегендегі ‘ет’ жылқы, сиыр, қой еттерін қамтиды. Бірақ қой басты орында тұрады. Обадан қазып алынған қой сүйектері көп ретте кездікпен бір жатады. Тіпті кездіктің сүйекке түйрелген күйінде табылғандары да бар. Бұл сол кездегі сүйек шығарушылардың өлгендердің о дүниеге барғандағы ет жейтін құралына дейін орналастырғанын нақты бейнелейді” [ ]. Бүгінде кей ғалымдар ол кездегі Үйсін ұлысындағы малдың жалпы санын 4 миллион 536 мыңнан асады десіп жүр. Үйсіннің мал байлығына, осы Жетісуды кіндік еткен ежелгі Үйсін жеріндегі обалардан табылған асыл дүниелер түгіл, сол обалардың сыртқы келбетінің өзі-ақ зор айғақ. Өйткені олар өте ауқатты елдің ғана қолынан келетін, көп еңбеккүш пен талай азық-түлікті және қаржыны қажет ететін алып та ауыр құрылыстар.
Бұл обалар арғы сақтардан бастау алып, Үйсін кезінде жалғасып, түріктердің алғашқы кезеңіне шейін ұласым тапқан. Көбінесе конус пошымды келеді, көбі тақ санды (1, 3, 5,... ) болады, солтүстіктен оңтүстікке қарай тізіледі. Бір тұсқа 10 шақтыдан 200 ге шейін шоғырланады. Кей үлкен обалардың (мысалы 20 метрлік биік, табан периметрі 200 метрден асатындарының) төрт тарапына төрт кішірек оба да қойылған.
2. Егін шаруашылығы. Ежелгі Үйсін аумағының шығыс шеті саналатын, Үрімжінің шығысындағы Боғда маңынан (мысалы Боғда көліне шығар сайдан, яғни Сәнгұң ауылынан) тас кетпеннің шығуы [ ] бұл өңірде сонау тас дәуірінен (Хан әулетімен еш барыс-келісі жоқ заманнан) бастап егіншілік болғанын растап отыр. Бұл жақ егіншілігінде тары мен арпа, тіпті бидай сияқты дәнді дақылдар басты орын ұстаған сықылды. Нығымет Мыңжанұлы “Ежелгі үйсіндердің отырықшы егіншілік мәдениетінің дамуына олардың Ұлы Жібек жолы бойында болуының, Жұңгоның ішкі өлкелерімен, Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасының игі ықпал жасағаны даусыз” [ ] дейді. Жақып Мырзаханов та, “Көне Хән жазба деректемелерінде ежелгі үйсіндер кілең көшпелілер ретінде сипатталған. Ал археологиялық материалдар үйсіндердің, малшылықпен ғана емес, отырықшы болып, егіншаруашылығымен де айналысып, жартылай көшпелі, жартылай отырықты ел болғанын көрсетті” [ ] деген екен. М. Нәбижан: “Қазақстан жеріндегі Ақтас қыстау-қонысынан тас кетпендер және егін жинау құралы – қола орақ сынығы, 11 бүтін дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сынықтары табылған. Ақтас қыстау-қонысының төңірегінде қарапайым суармалы егіншіліктің болғандығының белгілері байқалған. Тек Ақтас қана емес, қарапайым суармалы жүйелердің іздері Жоңғар Алатауының, Шолақ (Іле аңғары) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайында да кездеседі” дейді. Бұл көзқарасты құптаған Уаң Биңхуа сықылды ғалымдар да “«Ханьнамада» үйсіндердің қоғамдық шаруашылығының ерекшеліктеріне аялдағанда, олар ‘Ағаш шаншымайды. Халқы сулы, шүйгін қоныс қуалап көшпелі малшылықпен шұғылданады’ деген дерек көрсетілген. Мұның өзі - осындай шаруашылық ерекшелігінің қысқаша қорытындысы болмақ. Бұл арада назар аударарлық мынадай жайт бар: мұндай салыстырмалы түрдегі тұрақсыз көшпелі тұрмыс тәсілі оларда салыстырмалы отырықты елді мекендердің болмағандығынан дерек бермейді. Біздіңше, Үйсін қоғамында салыстырмалы түрдегі тұрақты қоныстар болған. Құжаттарда үйсіндердің астанасы Чыгу қаласы, ол сол кездегі қоғамның саяси, экономикалық және мәдениет орталығы есептелінеді делінген. Бұл олардың отырықты қоныстары болғандығының тіке дәлелі” [ ] дейді. Бұл арада “тұрақсыз көшпелі тұрмыс тәсілі” дегендегі “тұрақсызды” аграрлық елде өскен азаматтың сонау үйсіндерден тартып бергі қазақтарға шейінгілерде тұрақты қыстау, тұрақты көктеу мен күзеу, тұрақты жайлау болғанын ескере алмаудың нәтижесі деп отырмын. Ал енді, «Ханьнама. Үйсін баянындағы» үйсіндерді “ағаш шаншымайды” дегендік әрі егін екпейді дегендік емес, әрі жалпыбеттік ахуал бола алмайды. Өртекес (Моңғолкүре) ауданындағы Үйсін обаларынан табылған ауырлығы 3 кг келетін тіл тәріздес шойын түрен сықылдылар да үйсіндерде егіншілік болғанына айғақ [ ]. Үйсіндерге қатысты Қазақстандағы археологиялық зерттеулер олардың егіншілікпен шұғылданғандығын (астық және басқа егіс дақылдары, сондай-ақ қола орақ, диірмен тас, тастан жасалған қол диірмен, т.б. астық өңдеу құралдары табылғандығы арқылы) дәлелдеп отыр [ ]. Қазақстан мен АҚШ ғалымдары бірлесе отырып жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының Талғардың батыс - солтүстігіндегі Түзусайдан тапқандары мұны тіпті растай түседі [ ]. Егінге қолайлы жер жаннаты Жетісудағы үйсіндер түгіл, олардан әлдеқайда солтүстікте жатқан, негізінен малшылыққа жайлы өңірдегі Ғұн қағанатындағы тайпалар да егін еккен. Оған сол «Ханьнаманың» өзіндегі “Жауди патша тұсында, Лю Жиею патшаның құзырына хат жолдап: ‘Ғұндар Касиға (Жүйчыға, қазіргі Тұрпан маңы. - С. Ж.) тың игеруші атты жасақтар жіберді...’ деуі”, “Ғұндар тың игеретін төрт мың атты әскерін Касиға тағы жіберген... Толассыз бірнеше ай бойы жауған қар-жаңбырдан ғұндардың малдары қырылып, еліне оба таралды. Астығы пысбай қалды” дегендер-ақ дәлел. Уаң Биңхуалар ғұндарда қамбашы деген мансап болғанын айта келіп, “Бұл мансап ғұндарда егін шаруашылығының белгілі көлем алғанын түсіндіреді” дейді. Мұндайда Үйсін елінде егіншіліктің ғұндардың солтүстіктегі тайпаларынан да тәуір дамығанына сене беріңіз.
Меніңше де «Ханьнама. Үйсін баянындағы» сөздің бәрін дұрысқа жатқыза беру келіспейді. Ондағы үйсіндерді “ағаш шаншымайды” дегенінің өзі де біржақтылы сөз. Үйсін байлары егінге құлдарын салады және ол байлар жұртынан аулақтағы, “шыбын-шіркейлі”, “құл- күңдер жатағы” саналады. Әуелі, бертінгі ғасырларға шейін, қазақ ішіндегі қыстауынан ұзап шыға алмайтын, өзге үш маусымның рахатын көре алмайтындар төмен жік, жатақ саналып келгені белгілі. Ол ғадеттің беті қайтқан бергі заманда да, дихан қазақтардың бір талайы жазғытұрым қыстау маңына егінін егіп тастап жайлауға шығып кететін, күзде бір-ақ келіп орып алатын ғадетін бертінге шейін жалғастырды. 2000 жылдың арысындағы үйсіндер де шетелдік қонақтарын не ғұрлым тәуір тұстарында қабылдайтын шығар-ау. Түзу келіп-кетіп жүрген Хән елші, арқыштарының жатақтар жағына ат ізін сала алуы да, Үйсін жерін түгел шарлап шығуы да мүмкін емес. Мүмкін күнбиге жайлауда кезіккен Жаң Чян олардың егіндігін көрмеген де болар. Ал, фактілер үйсіндерде егіншілік те болғанын дәлелдеп отыр. “Кеңестер Одағындағы Үйсін регионына жүргізілген археологиялық жұмыстардың дәлелдеуінше, үйсіндердің егіншілігі негізінен өзен, көл жағалауларында болған. Ақтас қыстауындағы археологиялық жұмыстар үйсіндердің сол кездегі диқаншылық арықтарын және ауданы 36 дан 150 шаршы метрге дейінгі жеміс бақшасының орнын тауып отыр. Бұл Үйсінде суармалы егіншілік болғанын дәлелдейді. Олардың бидай, қонақ, тары сықылды дақылдарды өндіргенін, оны дөңгелек диірмен таспен өңдеп істеткенін аңғартады. Істетушілер қол тиірменнің үстіңгі тасын тесіп, оған ұстайтын тұтқа да орнатқан. Бұл орыннан бұдан басқа қола орақ,... сықылдылар да шықты” [ ].
Үйсіндегі егіншілік, бағбаншылық, терімшілік атаулылардың келу көзін тек сыртқа ғана және сыртқа болғанда тек бір көзге ғана тірей салу да әділдік болмайды. Бұл шаруашылықтың түп көзі, ең алдымен, олардың арғы ата-бабалары және жерлестері саналған сақтарда және онікіне мұрагерлік еткен өздерінде жатыр. Одан қала берсе ғана өзгеден үйренді деген жөн. Бұл үйренудің де ең басын қасындағы (мысалы, Аму мен Сыр бойындағы) елдерден көрсеткен қисынды, әрине. Сосын ғана лайықты дәрежеде өзгеге кезек келмек.
3. Қолөнер кәсібі. Ұлы Дала тұрғындарының б.з.д. бірінші мыңжылдықтың өзінде–ақ өнерлі болғанына сол заманның тарихшысы Геродоттың «тарих» дейтін еңбегі арқылы Сақ-скиф ақсүйектері «Құдай берген алтын бұйымдарды игілікке жаратып отыр. Олар белін алтын белбеумен буынады, өлген адамды жерлегенде алтын бұйымдарды қоса көмеді» деп жазуы айғақ. Үйсіндер - солардың мұрагерлері. Адамзат тарихындағы қола дәуірінен соңғы, аса маңызды (жанжақтылы зор өзгерістерді әкелген, заттық мәдениетке негіз болған) темір дәуірінің Ұлы Далалықтардағы тарихы да зерделеуді, ескеруді қажет етеді. Бұл кез - шикізаттан алғашқы тәсілмен (мысалы Үйсін ұлысына тым алыс емес Кіші Азиядағы Хетт тайпаларының үрлеу әдісімен) темір ала бастағанына 1300 жылдай болған шақ. Аса абыройлы ғалымдардың қолынан шыққан әдебиеттер “Ерте темір дәуірі б.з.д. Ⅷ-Ⅶ ғасырлардан бастап... б.з. Ⅵ ғасырына дейінгі уақытты қамтиды... Ерте темір дәуірінде суармалы егіншілікке негізделген көнешығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Солтүстік Африка, т.б.) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды... Далалық тұрғындар қоғамы бұрынғыға қарағанда ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді... Ерте темір дәуірінің соңын алатын уақытты, яғни скиф-сақ дәуірінен кейін келетін кезеңді ғылымда ғұн-сармат дәуірі деп атау қалыптасқан (б.з.д. Ⅲ- б.з. Ⅴ ғасырлары). Бұл кезде тарих сахнасына жойқын өзгерістер шықты” [ ]. “Дүниеде ең ерте, мөлшермен б.з.д. 1400 жылдары, темір шығарған хет (赫梯) хандығы. Жұңгодағы өңірдің дені б.з.д. Ⅴ ғасырда темір қаруларды қолдана бастады”[ ] дейді.
Ұлы Далалықтардың, әсіресе үйсіндердің темір өндіруді қашан игергенін, өзі таппай, өзгеден үйренсе қашан, қай жақтан (хеттерден бе, жоқ әлде Жұңгодан ба?), қалай үйренгенін тәптішті зерделеу керек. Зерделемей тұрып, “өзгеден үйренген”, тіпті “өзге елден жай игерген” дей салу Ұлы Дала мәдениетіне жеңіл қарайтын көне ойдың жемісі болып қалар.
“Сөз теңізі” (“辞海”): “Түрік - ертедегі ұлттар аты. Кең мағынада Түрік - Теле сықылды тайпалар, тар мағынада - Түрік қағанаты. Б.з. Ⅵ ғасырында Алтайдың оңтүстігінде көшпенді еді. Көсемінің тегі (фамилиясы) Ашына (阿史那) болатын. Алтайдың пошымы дулығаға (соғыста басқа киетін жабдық - доумоу, 兜鍪- С. Ж.) ұқсайтындықтан түрік (тужө, 突厥. – С.Ж.) атанып кетті. Басында нөнендердің (жужан, роуран, 柔然. – С.Ж.) теміршісі (锻工) еді” дейді. Бұдан түрік тайпаларының (соның ішінде үйсіндердің) темірді өзгелерден тым жай игермегені байқалып тұр.
Расында да, Үйсін ұлысының қолөнер кәсібі (метал қорыту және одан әр алуан дүниелрді жасау, керамикалық нәрселерді өндіру, жүн тоқу, ыдыс-аяқ пен әшекей не жасану бұйымдарын дайындау, т.б. лар) едәуір көлемге ие бола дамыған. Ол тек отбасылық қосымша кәсіп қана болып қалмай, кәдімгідей өнеркәсіп деңгейіне өркендеген. Бұл арада, өзге мәдениеттері сықылды, Үйсін қолөнерінің де оның алдындағы Сақ қолөнерінің сабақтастықпен жалғасуы екенін баса айтуға тиістіміз. Үйсін ата-бабаларының - сақтардың қолөнер жағында да мықты болғанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Оны төмендегі суреттерде тұрған өнери деңгей тіпті де дәлелдей түседі [Төмендегі суреттерде Құты, сырғалар көрсетілген. Ұлы Даланың орта шенінен яғни Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жақтан археологтар тапқан ежелгі сақтардың ыдыстары мен бұйымдары (б.з.д. Ⅳ ғасыр)].
Әрине үйсіндер сақтардың ұрпағы ретінде ата-бабаларының осы деңгейдегі жоғары дәрежелі өнеріне мұрагерлік етті және оны одан ары дамыта да берді. Ежелгі үйсіндерді зерттеуші ғалымдар былай дейді: “Қолөнеркәсібі - Үйсін қоғамында аса келелі маңыз алған тағы бір өндіріс саласы болып саналады. Археологиялық материалдарға қарағанда және жазба деректерге негізделгенде бұл тұста оларда металл қорыту, қыш ыдыстар жасау, жүн тоқыма кәсібі, сүйек-мүйіз өңдеу өнері болды. Металл қорыту - үйсіндердің басты қолөнер өндіріс саласы болып есептеледі... Олардан күнделікті тұрмыста пайдаланылатын пышақ, біз және т.б. соғылған түрен, жебе масағы сықылды заттар да табылды. Қоладан жасалған біз, телпек, сәндік бұйым сияқтылар да шықты. Бейіттің төрт қабырғасы мен ақым ағаштарын мәнерлеу іздерінен металдан жасалған күрек, қашау және т.б. еңбек құралдарын қолданғандығы айқын байқалады. Сонымен қабат, тат басып шіріген қола бұйымдар және алтыннан жасалған сақина, сырға, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі алтын жалатқан әшекейлі заттар табылды” [ ].
“Ежелгі үйсіндерде темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары – балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақтар, қанжарлар мен жебелердің ұштары және сәндік заттар – білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалған....Зергерлік бұйымдары – алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар, қола түйреуіштер болып келеді. ... Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердіңзергерлік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Табылған заттардың ішінде айыр өркешті түйенің мүсіні салынған екі жүзік, тау текелердің он мүсіні, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырға, көптеген қаптырмалар бар. Бұл заттардың барлығы алтыннан жасалып, перузадан өрнек салынған” .
Ғалымдар: “Метал қорыту - үйсіндердің негізгі қолөнер кәсіптік өндіріс саласы... Метал қорытудың, метал құрал жабдықтар жасаудың өзі бір қыдыру арнаулы өндіріс өнеріне саяды. Бұл өндіріс тәсілі ендігі жерде отбасылық қосымша кәсіптің қолөнеріне симас еді. Бұл тәсілдің малшаруашылығынан, егіншаруашылығынан дербес жаңа бір өндіріс саласы болып бөлініп шыққаны табиғи. Үйсіндердің метал қорытуда кен байлығын пайдаланған Тәңіртаудың батыс сілемінде қола, мыс, темір рудалар байлығы мол. Бұл туралы тарихи материалдарда жазба деректер бар” [ ] немесе Үйсін “қабырларынан байқалған темір құралдардың өте жалпыласқаны байқалады. Мысалы темірден істелген қанжар, қылыш, бәкі, пышақ, балға, соқа сықылдылар” [ ] деп отыр.
Шынында да, біз сөз қозғап отырған б.з.д. Ⅲ - І ғасырларда, Үйсін ұлысы ғана емес, сақтардың бұл өңірдегі ұрпағын билеген Ұлы Ғұн қағанаты тұтастай темір мәдениеті сатысында болатын. Бұл туралы Лин Ган: “Ғұндар шаңырақ көтерген б.з.д. Ⅲ ғасырда, олар игерген басты еңбек құралы, мыс емес темір болатын. Мемлекет іші-сыртындағы неше ондаған жылдық археологиялық қазбалар толып жатқан бұған қатысты материалдық фактілермен қамдап отыр” [ ] деп өте дұрыс айтқан, сондай-ақ ол 1979 жылы Жұңго Ішкі Моңғолиясынан табылған, б.з.д. Ⅴ-Ⅲ ғасырларға тән алуан түрлі темір қарулар сықылды талай мысалдарды көрсеткен. Ғұн қағанатының құрамында болған Үйсіннің бұл қағанат ішінде озық өрелі екені, соған сай ондық темір мәдениетті ыспаттайтын археологиялық табыстардың мол екені беп белгілі. Бұл негізінен Бегазы-Дәндібай заманынан бастау алады. Қазір кеңінен танымал болып отырған Пазырық, Берел, Шілікті, Бесшатыр, Тасмола, Есік, Қырықоба, Қызылүйік, т.б. ескерткіштерден шыққан дүниелер мұны тіпті дәлелдей түседі. Профессор Су Бейхайша айтқанда, “Алтайдағы Тұяқтының (Тұйықтың шығар. - С. Ж.) ежелгі молаларынан шыққан жүген ауыздықтарының бәрінің шығырығы бар. Оның төртеуі темірден соғылған, тек біреуі ғана қоладан құйылған. Бұл б.з.д. Ⅵ ғасырда жалпыласқан сақ темір ауыздықтарына мүлде ұқсайды... Б.з.д. Ⅴ-Ⅲ ғасырлардағы Алтай өңірінде жарыққа шыққан жаңа тұрпатты қару-жарақтар Енисей бойындағылардан бұрын пайда болды. (ШҰАР ІҚАО Нылқы ауданы Қас өзені бойындағы Нұра сайынан табылған мыс кенінің қалдықтарын ескеріңіз). Оны қорыту өнері де тез жақсарып, батыстағы скифтер мен иран-сакалардың қару - жарақ жасау әдістеріне ұқсап кеткен” [ ]. Бұл дәуірде, шынында да жоғарыда Лин Ган айтқандай, “олар игерген басты еңбек құралы, мыс емес темір болатын”. Үйсіндер осының белортасында жүрді. Демек, ең алдымен, үйсіндер темір өндіру мен одан пайдалануды біз сөз қып отырған кезеңнен (б.з.д. Ⅱ-Ⅰ ғасырлардан) неше жүз жыл бұрын игерген ата-бабалырынан үйренді және дамытты. Сосын, өзге елдермен ауыс-түйіс жасады десек, ол және жалқы емес көп векторлы болды. Жұңгомен де, Иран, Қосөзен, Кіші Азия, т.б. жақтармен де байланыс жасады. Үйсіндердің және сол тектес түрік тайпаларының бір ұрпағының - Алтайдағы түрік тайпаларының өзі бағынышты болған тайпаларға темірші болып беруі де талайды ұғындырады [Жоғарыдағы сурет: ҚХР Іле өңірінде жүргізілген археологиялық қазу жұмысы барысында, Өртекестен (Моңғолкүреден) шыққан ежелгі үйсіндердің жақұтты, әшекейлі, қақпақты құтысы].
Үйсіндердің оның алдындағы сатыларды нық-нық басып өткеніне де дау жоқ. ЖХР Іле аймағы Нылқы ауданының оңтүстігіндегі 3 шақырым жерде жатқан, Нұра сайындағы, ежелгі (б.з.д. 500 жылдың) мыс кені талайды түсіндіреді [ ]. Бұл кенге жасалған зерттеу ол жерде кенді (5 м кеңдікпен 20 мтер еңдікке шейін) қазу мен қорыту жұмыстарының қатар жүргенін айғақтап отыр. Кеннің қазу орнынан қажетті тас құралдар, ағаштар, т.б. дүниелер шыққан. Қорыту орны да соған таяу жазық жерде. Мұнда отын, көмірлерден сырт, мыс құрамы 60 пайызға шейін баратын кентастар да жатыр. Соған қарағанда бұл өте сирек кезігетін құрамы бай, қамтымы жоғары кен болған. Демек, үйсіндер ғана емес, олардың арғы ата бабалары да қола мәдениетінен, соның ішінде кен көзін табу, ашу, таңдау, тасу, қорыту, өңдеу саласынан да едәуір деңгейге көтерілген екен. Бергі сөз болып отырған заманға келгенде, сақ ұрпақтарының, соның ішінде үйсіндердің ол өнерге мұрагерлік етіп, тіпті дамытқаны шындық. Іле дариясының басындағы Күнес ауданынан табылған (жүгіне отырған, шошақ бөрікті, тұрқы 40 см келетін) сарбаздың (суретке қараңыз) қола мүсіні мен Іленің сол жағасынан (Шапшал ауданынан) шыққан (тіктөртбұрышты, сирақты, ұзындығы 76 см келетін) қола табақ [ ] сақтар мен үйсіндердің метал өңдеу өнерінің арғы ғасырларда-ақ недәуір өрлегеніне көп айғақтың бірі бола алады. Бұл туралы өзге ғалымдар да “Үйсін обаларынан табылған сәндік бұйымдардағы... суреттер,... ерттеулі атты ұстап тұрған адам мүсіні қойылған шамдалдар тым тамаша. Әйелдердің әшекейлі бұйымдарына түйелікөш, әр алуан құс бейнелері нақышталған. Бұлар өте әсем. Күнес ауданынан табылған cарбаз мүсіні[ ]Үйсін өнерінің даму деңгейін дәлелдейді” [ ] деп, бұл пікірімізді құптай түседі.
Уаң Биңхуалардың археологиялық жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, үйсіндердің қорымдарында, ежір бұйымдар жаппай бірге көмілген екен. Бұл үш кезеңді бастан кешірген сықылды:
А. Алғашқы кезеңдегі қолдан дөрекі жасалған саз балшық ежірлер.
Ә. Орта кезеңдегі қолдан жасалған, бірақ білдекпен мәнерленген, едәуір нығыз әрі майда, нәзік, пішіні де әжептәуір жүйеге түскен ежір дүниелер (табақ, шұңғыл тегеш, т.б.).
Б. Соңғы кезеңдегі дами түскен, білдекпен жасалған, пішіні толық жүйеге түсіп, сындарланған, сұңғат деңгейдегі, бабымен өртелген керамикалық бұйымдар. Бұл тұста керамикалық бұйымдарды жасау отбасылық қосалқы өндіріс санатындағы күйден өз алдына бөлек жаңа қолөнеркісіптік өндіріс сатысына көтерілген көрінеді.
“Осы кездегі ыдыстар ішінде мүлде ерекше қауашақ пішінді ыдыстар да бар. Бұл ыдыстардың мойны жіңішке, аузы тар, иығы кең, бүйірі шығыңқы, түп жағы дөңгелек, екі иығына дөңес тұтқа салынған. Шәйнектің жалпы тұлғасы қауашақ секілденгенімен, бір жақ бүйірі дөңес, енді бір жағы жалпақ. Бұл ол ыдыстарды қанжығаға байлап жүретін, керегеге іліп қоятын, арқалайтын ыдыстар екенін түсіндіреді[ ]. Қазіргі малшылардың киіз үйлерінде де осы тектес ыдыстардың ілулі тұрғанын көретініміз қызығарлық-ақ. Бұл екеуінің жасалу форымы бүкілдей ұқсайды. Бірақ қазіргі торсықтар фарфордан емес, теріден жасалған. Оған су немесе ақ құйылады. Демек бұл ыдыстар екі мың жылдан бері мұра болып келген, төтенше ұзақ тарихқа ие”[ ]. Бұдан біз, өз заманындағы Үйсін өнері жайлы мәлімет алып қана қоймай, бүгінгі қазақтардың сол үйсіндер ұрпағы екеніне де тағы бір фактіні байқаймыз.
Әрине жүн мен тері өңдеу кәсібі жартылай көшпелі ұлыстар өмірінде аса маңызды орын ұстаған. Күмбез пішінді киіз үйлер олардың негізгі баспанасы іспетті. Лю Шижюн ханша назалы көңілмен жазған «Аққу жырында» “күмбезденген үйлері, қабырғасы - туырлық” деп үйсіндердің киіз үйлерін айтқан ғой. Уаң Биңхуаларша айтқанда, “Киіз үйден жел де, жаңбыр да өтпейді. Көшіп-қонуға оңтайлы. Көшпелі малшаруашылық өндірісі мен тұрмысының нақты ерекшелігіне қабағат үйлеседі; сондықтан ол күні бүгінге дейін малшылық өңірлердегі қалың қауымның өте ұнататын баспанасы болып келеді. Соның үшін киіз басу, оны білектеп пісіру малшы отбасыларының игеруге тиісті техникасы болып табылады... Лобнор, Құмыл және т.б. жерлерден табылған ерте заманғы жүн тоқыма бұйымдарына қарағанда, Шынжаң өңірінде жүн тоқыма өнерінің өте ұзақ тарихи дәстүрі бар. Ауасы ылғалды, жауын-шашыны көп болғандықтан, Іле өңіріндегі Үйсін қорымдарынан күні бүгінге дейін жүн тоқыма үлгілері табылған жоқ. Дегенмен киіздің тозыққан бопырлары ақымның астынан да, ағаш ақымдығының қабырғаларынан да кезігіп отыр. Үйсіндерде сол кездің өзінде жүн тоқыма өнерінің болғандығын нақты айтуға болады” [ ].
Н. Мұқаметханұлы “Ақтас-2 қытау-қонысын қазған кезде иірілген жіпті орап отырған айқыш-ұйқыш торласқан 4 тесігі бар сүйек қалақша табылған. Мұндайлар Үйсін елінде жүн тоқыма қолөнер кәсібінің айтарлықтай өркен жайғандығын және оның әлеуметтік қосымша кәсіпке айналғандығын байқатады” деп жаады..
Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылар: “Қорымдардан қазып алынған сырлы ыдыстардың сынығы және жібек тоқымалардың қалдығы сияқтылар үйсіндерде жібек пен сырлы бұйымдардың болғандығын аңғартады. Бұлар түгелімен Түнязы өңірінен (Жұңгодан. - С. Ж.) әкелінген тартулар немесе тауарлар болса керек. «Ханьнама. Үйсін баянында» Үйсінге ұзатылған Шижюн ханша мен Жиею ханшаның Хань үкіметі тартуға жіберген қыруар жібек бұйымдарын ала келгендігі жазылған. Моңғолкүреде жауын-шашын көп болғандықтан, бұл мәдени жәдігерліктер бізге жетпеді” деген екен. Қисыны бар. Олар да әкелген шығар, Жібек Жолымен керуентартқан саудагерлерден сатып та алған шығар. Өздері де тоқыған болар. Алайда сырлы ыдыстар өзінен шықпады деу қисынсыз. Өртекестің Бомасынан шыққан, алтын зері көздің жауын алатын, бетіне ұшқат гүлі жіппен тоқылған, өрнек жолына інжулер ұсталған, бүгінге жеткен тамтығының өзі 25/23 см келетін бұйым да, қызыл жақұт ұсталған алтын маска да, қызылжақұт ұсталған алтын көзе, т.б. сөзімізге айғақ .
Үйсіндерге алдымен өз өмірі, қала берді арғы сақтар мен бергі Ұлы Жібек жолын бойлаған ауыс-түйістер талайды үйреткен. “Қазбалардан табылған үш қырлы сүйек жебе масағы, тоқылған ши (өрнекті) сықылды материалдар сүйек өңдеу, ши тоқу өнерлерінің де болғандығын түсіндіреді”[ ]. Ал мұны Су Бейхай: “Үйсін қабырларынан қазып алынған үш қырлы жебе масағы, бойра сықылды материалдар сол кезде сүйек жабдықтар жасау, қамыс тоқу ( ши тоқу. - С. Ж.) өнерінің өркендегенін де түсіндіреді... Үйсіндердің қолөнер кәсібі едәуір жоғары деңгейге жеткен. Археологиялық қазбалардан шыққан алтын, күміс, мыс ыдыстардың бүйірінен әр алуан хайуанаттардың, әйелдердің қола шашқыстырғыштарынан құстардың, жүзік-сырғаларынан түйенің мүсінін көруге болады”[ ]деп мұны анағұрлым мықтайды.
Әрине мұндайдың бәрін түгел тізбелеудің қажеті шамалы.
4. Аңшылық, саятшылық, аушылығы. Бұл ол кездегі талай ұлтта әбден дамыған маңызды кәсіптердің бірі болды. Адам аз, жер кең ол заманда табиғат дүниесі бүгінгідей бұзылмаған, жануарлар әлемі мыңғырған күйде болатын. Күнделікті тіршілік үшін де, соғыстық азық-ауқатқа да аңшылық, саятшылық, аушылық қатты ес қататын. Оның үстіне Үйсін ұлысы тұрған Жетісуды кіндік еткен мекен мұндай ресурсқа тіптен бай-ды. Бұл тұстағы соғысқа аттанған қалың қол үшін ер азығы жолда-тын. Қосарға ат алса да, азыққа тұнияздықтардай тым көп мал айдамайтын.
Аңшылықтың жеке, топтық және қаумалап аулау (ұлық ау) түрлері Үйсіндерде кең етек алды. Мұның сонау сақтар кезінен келе жатқан шаруашылық екені бұл даладағы петроглифтерден айқын байқалады. Не не жыртқыш аңдар бар ол кезде аңшылық, саятшылық үшін көбінесе жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран құс, мықты қару қолданылған секілді. Петроглифтерден садақ пен сүңгі жиі көрінеді. Илин Сегалдың: “Жебе жасауға адамдар неше мың жыл уақыт жұмсады. Бастабында садаққа жебе істетпеді, қайта сүңгіні (дұрысы жыданы. - Ш.А.) пайдаланды. Соған орай, ол кезде садақты адам бойындай қып өте үлкен жасады”[ ] дегенінің жаны бар секілді. Алайда біз сөз етіп отырған заманда - петроглифтер түсірілген кезден 6-7 ғасыр өткен дәуірде үйсіндердің қару- жарағы замандастарынан қалыспайтын деңгейде мықтап дамыған болатын. Олардың садақтары өте серпімді, жебе масақтары недәуір үшкір, жақ тарту техникалары көп көтерілген-ді. Сүңгі мен найза да мықты қару саналатын. Мал бағуға төбеттерді, аң аулауға тазылар мен қыран құстарды салатын. Бұл бүгінгі қазақтарда мықтап жалғасуда және ондық қоғамдар да бар.
Өз аумағында үлкен дариялар мен көлдер болғасын, үйсіндерде тіршілік үшін аушылық та болды. Алайда балыққа, ауға, қайыққа байланысты деректер әзірше кезіге қойғаны жоқ.
5. Сауда-сатығы. Үйсін ұлысы Ұлы Дала жібек жолының өткелінде тұрғандықтан, өз заманына сай сауданың да базары болды дей аламыз. Оның үстіне қасындағы Соғды елі саудагерлері көп, саудаға шебер болғандықтан сынықтан басқаның бәрі жұғатыны рас. Үйсіндер Жетісуды кіндік еткен өңірге келуден бұрын Боғданы кіндік еткен аумақта (Тәңіртау мен Алтай арасында) тұрды дедік. Таулы Алтай өлкесін ерте темір дәуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мәдениеті (б.з.д.Ⅵ - Ⅲ ғасырлар), Еуразия археологиясындағы ерекше құбылыс саналған, “кезінде Руденко бұл мәдениеттің бүгінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары деген”, К. Ақышев, т.б. ғалымдар сақ мәдениетінің бірі деп, ал өзге ғалымдар байырғы түріктердің мәдениетіне жатады деп есептеген[ ] Пазырық - патша обаларындағы “көп шыққан қыш-ежір ыдыстар, алтын зейнет бұйымдар, өте-мөте Жұңгоның торғын-торқасы мен басқа да кездемелер, жады (нефрит, jade, қастас) бұйымдар, сырлы дүниелер, қола нәрселер, т.б. сол тұстағы Алтай сахарасында сауда мен айырбастың төтенше дамығанын, Жұңгодан Алтайға, Орта Азияға баратын жібек жолы әлдеқашан ашылғанын бейнелейді”. Бұдан ғасырлар аттағаннан кейінгі Үйсіндердің, батысы мен оңтүстігі түгіл, қиырдағы Жұңгомен де дипломатиялық–құдандалық байланыс орнатқандығынан, олармен айырбас саудасы жасалып тұрғаны белгілі.

Рахат Әлиев қылмысының мотиві

$
0
0

Вена прокурорлары Рахат Әлиев қылмысының мотивін жариялады

Вена прокурорлары жариялаған Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша айыптау қорытындысы жобасында саяси мотив алынып тасталған деп хабарлайды Die Presse.

Жобаға сәйкес, "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтіруге себеп "Нұрбанктің" Хасенов фирмасына бөлген 30 миллион доллар көлеміндегі несие ақша болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл іс бойынша 90 куә сұралған, тергеу амалдары Қазақстан тарапынан тартылған куәгерлерге қысым көрсетілу ықтималдылығын да жоққа шығарған.

Онда Рахат Әлиев "Нұрбанкті" сатпақшы болған, алайда тексеру кезінде банк қызметкерлері жетекшісі боп табылатын компанияның көптеген жабылмаған несиесі анықталады делінеді. Олар "екіжүзділік танытты" деп күдіктенген Әлиев, бір жағынан, солардың ақшасынан байый түскісі келеді. Сол секілді Рахат Әлиев "несие бөлгенің үшін сыйақы алып отырдың" деп Темірәлиевті айыптайды әрі Хасенов компаниясына берілген 30 миллион доллардың несиесін анықтайды.

Рахат Әлиев Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтен осыларды мойындатқысы келгені туралы айтылады. Алайда іс "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің өлімімен аяқталады. Алдында Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты айып желтоқсан айында жария болады деп хабарланған.

Еске сала кетелік, Рахат Әлиев Венада 5 маусымда ұсталған. Оған "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлау мен өлтіру туралы қозғалған іс негіз болған. Қазақстанда бұрынғы елшіні сыртынан 40 жылға бас бостандығынан айырған үкім шыққан. Австрия астанасының прокуроры Томас Вичай алдында адвокат тарапынан оны кепілге босату туралы арыз түсіп жатса, ол қанағаттандырылмайтындығын мәлімдеген. Кейіннен экс-елшінің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты барлығы анықталған. Осыған байланысты елімізде бұл іспен сотталған Ержан Өтембаев шартты түрде шұғыл босатуын сұрап, арызданған, сот оны қанағаттандырды.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/vena-prokurorlaryi-rahat-aliev-kyilmyisyinyin-motivn-jariyaladyi-59136/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Қазақ тілі Google аударма жүйесіне қосылды

$
0
0

Астана. 15 желтоқсан. Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ тілі күніне 500 миллион адам қолданатын әлемдегі ең танымал автоматты аударма қызметіне қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қазақ тілін Google аударма жүйесіне қосу жобасын «WikiBilim» қоғамдық қоры «Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асырды. Қор қызметкерлері, еріктілер мен арнайы тартылған мамандар екі жыл бойы қазақ және ағылшын тілдеріндегі дәлме-дәл аударылған мәтіндерді жинаумен, жаңа мәтіндерді аударумен және оларды жүйеге жүктеумен айналысты. Содан кейін автоматты аударманың сапасын бағалау мен жетілдіру жұмыстары атқарылды.

Қазақ тілінің Google аударма жүйесіне қосылуы жүйеде бар 90 тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, мәтіндерді және тұтастай веб-парақшаларды бір мезетте әрі тегін аударуға мүмкіндік берді.

«Бұл — жүздеген еріктілер мен ана тілі үшін жеке уақыттарын, күші мен білімін аямаған шын патриоттардың 2 жылдық жұмысының нәтижесі. Технологиялық тұрғыда аса күрделі бұл лингвистикалық платформаға кіре алған небәрі 90 ғана тіл бар, бұлар сол тілде сөйлейтін тегеурінді ортасы бар, іздеушісі мен жанашыры бар тілдер. Аталған платформа болшақтан үмітті тілдердің күрес алаңы», – дейді «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.

«Beeline Қазақстан» бұл жобаны 2012 жылдан бері қолап келеді. Серіктестік аясында біз мобильді және «Үйдегі интернет» қызметін пайдаланушыларға Google Translate-ке және аудармашының арнайы парақшасына тегін кіруге мүмкіндік бердік. Beeline еліміздің жоғары оқу орындарында жобаға қалай үлес қосуға болатынын түсіндіру мақсатында студенттермен арнайы кездесулер ұйымдастырды. Сондай-ақ біз білікті тілші мамандарды жобаға тарту мақсатында грант бөлдік. Алдыңғы қатарлы ғаламдық қызметтердің қазақ тілін қолдауы және біздің қолданушыларға қолжетімді болуы өте маңызды. Біздің команда осы жобаға қолдау көрсету арқылы қазақстандықтарға ең танымал аударма қызметін қолдануға және қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көмек көрсетуге атсалысқанына қуанышты», – деді «Beeline Қазақстанның» Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко.

Google аудармашының аударма жүйесі статистикалық алгоритмге негізделген, яғни, машинаның жадында әр сөз бен сөз тіркесінің аударма нұсқалары неғұрлым көп болса, аударма сапасы да соғұрлым жақсы бола бермек. Сондықтан аударма жүйесі өзін-өзі жетілдіруге бапталған, ал қолданушылар аудармалардың сапасын жақсартуға үлес қосу мүмкіндігіне ие. Аударма сапасын жақсартуға үлес қосуға ниетті кез келген адам қатені байқаса, қарындаш суретін басу арқылы, түзету енгізіп, «Аударманы жақсарту» деген батырманы басуы қажет.

Қазақ тілінің ең озық және ең танымал аударма қызметі болып табылатын Google аудармашыға қосылуы тілдің қолданысын дамытуға ықпал етеді. Атап айтқанда, интернеттегі қазақтілді контенттің дамуын жылдамдатады. Ақпараттық технология саласының алпауыттары (Apple, Microsoft, Adobe және т.б.) саналатын компаниялар өнімдерінде қазақ тілінің кеңінен қолданылуына жол салады және қазақ тілінде сөйлейтін және сөйлемейтін қауым арасындағы кедергілерді азайтады.

Қазақ тілін Google Translate-ке қосу – «WikiBilim» қоғамдық қорының қазақтілді интернетті дамытуға арналған жобаларының бірі.

Айдар Өрісбаев.

Дерек: egemen.kz.

Viewing all 818 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>