Ашаршылық пен қуғын сүргінде шеттегі қазақтар талай текті қазақтың аман қалуына себеп болған
434_a23b6cd1fd787bb218ff23b847559b56
2015/06/01 Ол - қазақ 15 Пікір 744 Рет
Бұл күнде ата тарихымызды білмеген кісілер шеттегі қазақтар ашаршылық пен соғыста отанын тастпап қашып кеткендер деп жүр. Олардың ата мекенді тастап кетпегенін, қазақтың өз жерінде отырғаны талай айтылда да жазылды. Қазақтың түңғыш астанасы Орынбор мен Төле би бабам жатқан Ташкентке, Ұйсін мен Ғүннан бастап Ұлы жүз бен орта жүзге ұлы қоныс болған Іле, Алтай, Тарбағатайды ешкімде қазақтың жері емес деп айта алмас. Тек, Россия мен Қытай арасындағы теңсіз келісімдердің құрбаны болып осы күнде өзгеге өгей бала болып жүргені болмаса.
Алтай мен Іле арасын Қазақ хандығы кезінде Найман, Керей, Уақ, Албан рулары ен жайлап жатқан еді. 18- ғасырдың басында Жоңғарлар сол қоныстарымызды тартып алып Қазақты бастысқа ығыстырған еді. 18- ғасырдың 50- жылдарынан кейін қазақ өз жерін Жоңғарлардан азат етіп бұрынғы ата қоныстарына қарай ат басын тарта бастады. Жоңғарды жер бетін жойып жібердім деп Жиң патшалығыда қазақ жеріне қарай сұқтанып ол жерлерді өз меншігіне айналдыруға күш салды. Қазақ билері не болсада қазақ жерін сақтап қалу мақсатында өз ата қоныстарына барып ірге тебуге бекіді. 18- ғасырдың аяғы мен 19- ғасырдың басында қазақ Орыс патшалығының отарына айналып болды. Ендігі жерде қазақтың қонысын қазақ емес екі империя белгілеп өзара келісімдер мен қазақпен еш санаспай бөлісіп шекара бекітті. Осы теңсіз келісімдердің соңғы нүктесін 1881- «Петербург шарты» деген келісім қойды. Міне содан бастап сол жерде, сонда тұратын қазақта қазақтардың еш қалауынсыз қытайдың құрамында кетті.
Содан бастап ағайынды екі қазақ екі мемлекеттің адамы болған тағдыр басталды. Тек бұның бір ғана қайыры ғана болды. Орыс патшалығы кезінде де патшалықтың қудалауына ұшыраған қазақ пана тұтып шегара бұзып бауырына барып паналап отырды. КСРО құрылғаннан бастап қазақтың асыл тектілеріне қанжар қадалып, қуғын сүргін басталған кезде асылдан ұрпақ қалу үшін шамасы келгені отбасы мен шамасы келмегені ұрпағын аман алып қалу үшін бала шағасын жіберіп отырды. Оның бір мысалы ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлын айтуға болады, өзі ажалға бас тігіп ұрпағын аман сақтап қалды. Сол кездегі қазақ байлары мен ел ағалары дерліктей осылай істеді. Егерде сол кезде шекараның сыртында қазақтар болмаса сол асыл текті қазақтардан ұрпақ та қалмай қалған болар еді. Ашаршылықта қазақты тастап қашты деп Сталинның қылышынан құтылып ұрпағын аман сақтап қалған қазақтар жасағандай көреді. Ол кезде дерліктей байлар мен ұрпақтары ұсталғаны ұсталып, аман қалғаны шекара аттап болған. Ол кездегі Сталин қорасында бір ат, екі сиыры, 10 қойы болсада қудалауға ұшыратқан еді, ал олардың қашқандары болса байлықтарын арқалап емес, жандарын шүпірекке түйіп шетел аттаған болатын. Міне солай бір талай қазақ аман қалған болатын, ал сол қазақтардың басым бөлігі 60- жылдары келіп алған болатын. Қытайдағы қалған қазақтар орыстың апанынан талай қазақтың аман қалуына себепші болған еді. Бірақ олардың қытайдан көрген қуғын сүргіні аз болмады. Алтай қазақтары Гималай асып, Европа мен Түркияға барып табан тіреді. 60- жалдардағы ашаршылқ пен 1966- жылдан 1976 жылға дейінгі қуғын сүргінде аз болмады. Бірақ енді ондағы қандастарымызды елге дер кезінде оралуға себепкер болмасақ ендгі жоғалтуымыз оданда көп болмақ. Өзгенің отарында болып 4 миллион қазақтан арылудан өз тәулелсіз отанымызда тұрып өзге елдерде тұрып жатқан 5 миллион қазақтан тірідей айырлатын болсақ тарих алдындағы күнәміз одан ауыр боламақ. Сталин жасаған қуғын-сүргін мен ашаршылықта талай қазақтың жанын алып қалған қазақтардың ұрпақтарын енді біз аман алып қалайық.
P.S.
Ашаршылқта байылқты алып қашып кетті дейтіндерге:
Кеше Ашаршылық және Қуғын сүргін құрбандарына қойылуға тиісті ескертікштің орынына гүл шоғын қою барысына бір ағамыздың әңгімесін шала тыңдап қалдым. Ол кісінің бір туысқан апасы ашаршылықтан аман қалған ауылдағы екі баланың бірі екен. Аман қалған кісі мал соятын жердегі бір аталарының көмегімен тірі қалған екен. Аталары түнде сойылған малдың қанын ұрлап алып шығып ауылдың шетіне апарып қайнатып беріп жүріп өмірін сақтап қалған екен дейді. Еттің бәрі Ресейге кетуі керек, бірақ уақытында кетпей көктемде сасып кетті дейді. Сонда да сасыған етке аш қазақ жақындаса атады екен.
Ал енді көріңіз, жанын аман алып қалған қазақ артық па, Астығың мен етіңді тартып алып сасытып қойып жанына жолатпаған орыс артық па?
Тұрдыбек Құрметхан
"Қамшы" сілтейді
ﻩﺭﺗﺎﻱ 2015/06/01 Жауап беру
1864 جىلى 7 قازاندا قول قويىلعان 10 بابتان تۇراتىن شاۋەشەك كەلىسىمى، التاي، تارباعاتاي قازاقتارىنىڭ چيىڭ پاتشالىعىنا قاراۋى، 1881 جىلى 12 اقپان پەتەربۋرگ كەلىسىمى ناتيجەسىندە ىلە ءوڭىرى قازاقتارى مەن قوسا چيىڭ پاتشالىعىنا ءوتۋى.
قازاقتان دالاسىنان، قازاق ۇلتىنان شىققان ۇلى ادامداردىڭ كوبى شەتتە جاتىر. وتىراردا تۋىلعان ابۋ ءناسىر ءال فارابي سيريادا جاتىر، شۋ، تالاستا تۋىلعان ماحمۇد قاشقاري قاشقاردا، جامبىل وبلىسىندا تۋىلعان ءجۇسىپ بالاساعۇندا شەتتە قالعان، قازاق دالاسىندا تۋىلعان بەيبارىس سۇلتان سيريا دا قايتىس بولعان، جەتىسۋدا تۋىلعان مۇحاممەت حايدار دۋلاتي ينديانىڭ كاشمير ولكەسىندە، جەتىسۋدا تۋىلعان قادىرعالي جالاير رەسەيدىڭ قازان قالاسىندا، جامبىل وبلىسىنىڭ جۋالى اۋدانىندا تۋىلعان تولەبي وزبەكستان تاشكەنتتە، سىر بويىندا تۋىلعان ايتكە بي وزبەكستان ناۋاي وبلىسىندا، تاۋەكەل حان وزبەكستان بۇحارا وبلىسىندا، اتىراۋ وڭىرىندە تۋىلعان قۇرمانعازى ساعىرباي ۇلى رەسەيدىڭ استراحان وبلىسىندا، كەشەگى الاش قايراتكەرلەرى ءاليحان بوكەيحان، تۇرار ىرسقۇلوۆ، مىرجاقىپ دۋلاتوۆ رەسەيدە سونىمەن قاتار مۇستافا شوقاي گەرمانيادا جاتىر، بەيسەنبى دونەنباي ۇلى، قوجەكە نازار ۇلى، اقىت ۇلىمجى ۇلى، زۋقا باتىر، قاسىم باتىر، تاڭجارىق جولدى ۇلى ت.ب. قىتايدا جاتىر.
ﻩﺭﺗﺎﻱ 2015/06/01 Жауап беру
قازاق جەرى بۇگىنگى قازاقستان تەرريتورياسىمەن عانا شەكتەلمەيدى.
Нуреке 2015/06/02 Жауап беру
Оте дурыс айтылган пикир,Казак халкы не кормеди, ендиги жерде тек Казак камын ойлайтын багдарламалар жасалу керек
Болат 2015/06/02 Жауап беру
Бізге қытай мен орыс не істемеді…
Қазақ 86 2015/06/02 Жауап беру
Сасыған ет пен астыққа жақындаса атады дейді. Міне көрдіңбе қандай қорлық көрсеткенін. тағы сол мемлекет өздерін комунисбіз дейді. Атасының басы.
Райгүл 2015/06/02 Жауап беру
Осындай мақалалар әр жерде , әрі көбірек жарияланса екен. Оралмандардың бәрін қашқын , сатқын санайтын, тарихтағы ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс атаулыға оралмандар кінәлідей көретін, бір пікірмен қалып қойған ел саласына басқаша ой, жаңаша көзқарас қалыптастыра алсақ жақсы болар еді.
Қазіргі кездін өзінде оралмандардың басым бөлігі өздерінің оралман екенін айтқысы келмейді. Неге? Өйткені сендер оралмандар, сатқындар деген сөзден қорқады. Түсінбеймін олар сонда қашанға дейін бұға беруі керек.
Ал нағыз шынтуайтына келгенде оралмандар деп отырған сол шет қазақтарында қашып-пысып, қуғында жүрсе де ұлттық сана мен тұнығы таза салт-дәстүр, ана тілі мен діни наным- сенімдер, ұлттық тәрбие толығымен сақталған. Оның қазіргі мынау ескі салт-дәстүрді қайта жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды қалпына келтіруде көп көмегі тиіп жатқаны тағы бар.
Қазақты қазақ ойламаса басқа кім ойлайды. Орыс ағайындардың 70 жыл бодандығында қазақтың қамын қалай ойлағаны бәрімізге аян)))
Тобылғы Семсер 2015/06/03 Жауап беру
Оралман сатқын ден өтрік.ол саясатпен орыстардың бізді бірліктен айыру үшін оиластырған амалы еді.Ал қазірҚазақтың көпшілігі олай ойламайды.Аллаға шүкір халық ес жиып келеді.Оралмандар өз бауыры екенін,олар келсе кемелдене түсетінімізді түсінеді.
Латифа 2015/06/04 Жауап беру
Осы айтылған әңгімеге менің ата-әкелерімнің де қатысы бар. Қытайдың СУАр-нда талай туыстарымыз тұрады. Солардың айтуы бойынша менің әкем -Жылқыбайұлы Тобажан талай қазақ отбасыларын орыстардан аман алып, жер асырған екен.Құлжада мектеп салып, бала оқытқан. Бар байлығын халқы үшін шашып, қалмақ-қытайлардан еркін өмір сүруге жағдай жасаған екен. Кейіннен 1957-60 жылдары ар жақтан талайларды бері көшірген. Нарынқолдың Тұзкөл деген жерінде алғашқы мектеп тұрғызған.
Санат 2015/06/04 Жауап беру
Орыстар қазақтың мал мүлкін тартып алып, байлар алып қашып кетті деп қазаққа қазақты өшіктіріп қойған. ал сол санаммен осы күнге дейін жүретін адамдарға сана берсін,
Айдын 2015/06/04 Жауап беру
Жанын сақтау үшін кетіп бара жатқан адам атың жалында, түйенің қомында не алып қашпақ.
Айгерім 2015/06/04 Жауап беру
Сол кезде байлар алып кеткен байлық болса олар жараған байлар екен. Қазақтың байлары алып кетбеген мал мүлікті жетісітрдіме? Сасып шіп жатсада аштан өліп жатқан қазаққа ештеңе бермеді.
Жарас 2015/06/04 Жауап беру
Ол кезде Орыстар батысқа астықты тонналап сатып жатты, ал қазақтар бір үзім нанға зар болып ана дүниеге кетіп жатты. Сонымен қоймай бір қазақа бір қазақты жауындай көрсетіп кетті.
Сұрақ-Жауап 2015/06/05 Жауап беру
http://szh.kz/579605/
Бағлан 2015/06/07 Жауап беру
Оралмандарды ертерек елге көшіру керек.Оралмандарды жау сатқын көретіндер нағыз ақылсыздар.
قازاق 2015/06/10 Жауап беру
ورس پەن قىتايدىڭ زالىمدىعىنا قول قويماساڭ بولماس. بۇل ەكى ۇلىت باسقا لاردى جەگەنگە كەلگەندە الدىنا جان سالماس. كوردىڭبە سونشا عاسىردان بەرى بىزدى بۇلىپ بىر بىرمىزگە سالىپ ، تۇبەلەستىرىپ ، داۋلاستىرىپ قويعان.
Пікір қосу
Аты:
ҚАМШЫГЕР
Шетелдегі қазақтарға атажұртқа көшуі үшін үш жылға виза берілуі мүмкін
Шетелдегі қазақтарға атажұртқа көшуі үшін үш жылға виза берілуі мүмкін
4 233 Рет
«Казах+»: Қазақстанның жаңа бет-бейнесі – метистер
«Казах+»: Қазақстанның жаңа бет-бейнесі – метистер
1 665 Рет
Мұхтар ШАХАНОВ: Жарылқап Қалыбай менен кешірім сұрауы тиіс
Мұхтар ШАХАНОВ: Жарылқап Қалыбай менен кешірім сұрауы тиіс
2 945 Рет
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан! (Видео)
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан! (Видео)
385 Рет
БЕЗБЕН
СҮЙГЕНІМЕ ЖЕТПЕЙ СҮРІНДІМ
Сүйгеніме жетпей сүріндім
Нағашы әжем әңгімені майын тамызып айтқанда, сілекейіміз шұбырып, немерелері біздер бір орында мелшиіп, ұйып тыңдап отырып қаламыз. Әңгіме айт...
1 Пікір 116 Рет
ДАБЫЛ: БАЛАҢЫЗДЫ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАҢЫЗ
Дабыл: Балаңызды инфекциядан сақтаңыз
Жаздың ыстық мерзімінде жанұямен теңіз жағалауына барып, ашық су қоймаларында шомылу көп жағдайда баланың нәзік ағзасына күйзеліс алып ...
Пікір жазу 165 Рет
Сауалнама
Қазақ мектептерінде "Орыс әдебиеті" оқытылғаны дұрыс па?
Қолдаймын. Оқытылғаны дұрыс.
Қарсымын. Мүлдем алып тастау керек.
Оның орнына "Әлем әдебиеті" пәнін енгізу керек.
Сондай пән бар ма еді?
Нәтижесін көру
Санаттар
Санаттар
51.La 网站流量统计系统