Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Рухани бағдар сілтеген дала данышпаны Ақыт Үлімжіұлы

$
0
0

hal.kz/media/k2/items/cache/cca34d17b5186097267678a76444a0b0_L.jpg

Рухани бағдар сілтеген дала данышпаны Ақыт Үлімжіұлының есімі ұмытылмауға тиіс
Жұма, 03 Сәуір 2015 16:20 Жарияланған: Тарих Қаралғаны 10 рет
Рухани бағдар сілтеген дала данышпаны Ақыт Үлімжіұлының есімі ұмытылмауға тиіс
Қазақ әдебиет тарихына құнды шығармаларымен елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі, ғұлама ғалым, ақын Ақыт Үлімжіұлы еді. Ол біртұтас қазақ даласы отаршылдық жүйенің бөлшектеуіне түскен, ондағы қазақ ұлтының бөліне-жарыла өмір сүріп жатқан кезеңінде, өз ортасының рухани әлемін әлсіретпей, айналасына ойлы шығармаларымен білім сәулесін шашқанымен дараланып тұрды.
Қазіргі Қытай мен Моңғо­лия ау­мағына қарайтын жерлерде қо­ныстанған қазақтар арасына Абай­дың, Шәкәрімнің, Ма­хам­бет­тің мәйекті туындылары жетпей жатқан тұста, Ақыт Үлім­жіұлы өз ұлтының рухани кө­шін бастап, ағартушы ұстаз рө­лін ат­қарды. Сондықтан да, бү­гін­ге дейін Қытай мен Моң­ғо­лия қазақтары және осы жерлерден кейіннен қоныс аудар­ған Түр­кия, Еуропа қазақта­ры­ның ортасында Ақыт Үлім­жі­ұлы­ның өлең-тол­ғаулары, қисса-дас­тан­да­ры мен арнаулары ұр­пақ­тан ұр­паққа дәріптеліп, сақ­талып кел­ді.
Ендеше, халқына кемел бі­лі­мімен өлшеусіз еңбек еткен ға­лымның тарихи тұлғасы мен өмір шежіресін көктей шолып баян етіп көрелік.
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов 1868 жылы ҚХР-ның Алтай ай­мағы, Көктоғай ауданында дү­ниеге келеді. Ақыт бала кезінде сауатын ауыл молласынан ашып, хат таныған соң, орыстың жә­бі­рінен Бұқарадан қашып келген, қазақтар Мырзабақа деп атап кеткен түрік ғұламасы Ма­х­бу­бұл­ладан тереңдеп білім алады. Мол білімді ұстазы араб, парсы, шағатай тілдерін үйретуге ден қояды. Сондай-ақ, талантты әрі талапты шәкіртіне көп үміт арт­қан ғалым, Қазан, Ыстамбұл қа­лаларынан басылып шыққан кі­таптарды оқытып, шығыс әде­биетімен сусындата бастайды.
Бала күнінен өлең шығарып, бозбала жігіттік шағында ауыл арасында айтысқа түсіп ақын­дық дарынын аңғартқан Ақыт ендігі жерде ұстазынан алған тағылымды тәлімімен ұш­талып, көзі ашық, көкірегі ояу білімді азамат болып қо­ғам­ға араласады. 1890 жылы Ақыт­тың қарым-қабілетін ескерген үкі­мет адамдары Ежен ханнан және Ресейден келетін хат-чектерді Алтай, Қобда, Зайсан ара­лы­ғында атпен таситын пошта қыз­метін атқаруға жұмысқа ша­қы­рады.
Бардам отбасыдан шық­па­ған Ақыт үшін бұл жұмыс ал­ға­шын­да мал тауып, жан бағу­дың амалы болса да, кейіннен осы қа­дамы ғылым жолына тү­су­дің, қоғамды танудың, бі­лі­мін жетілдірудің де даң­ғыл жолы екенін аңғарады. Ол осы кезден бастап Ресей мен Моң­ғолия елдерінің қоғамдық жүйе­сі­мен танысудан басқа, пошта қыз­метінде жүріп, әр кезек­те­гі мың­даған шақырымдық жолсапарында халық ортасынан рухани тағылым жиып, ел болмысын етене тани түседі. Жұмыс қа­жет­тілігіне байланысты моң­ғол ті­лін үйреніп, орыс тіл-жазуынан сауат ашады.
Ел аттап, сыртқы әлемге есік ашқан ақын өзінің жаз­ған еңбектерін баспадан шы­ға­ру­дың да жолын тапты. Ақыт сау­дагер Керімберді Бабаевпен таныстығының арқасында 22 жасында жазған алғашқы кітабын «Жиһанша Тамұз Шаһ Ұғы­лы» деген атпен 1891 жылы Қа­зан­да бастырады. Осыдан кейін, 1891 жылдан 1914 жылға дейін оның Қазан, Орынбор, Семей, Санкт-Петербург бас­паларынан 10 кітабы 17 рет ба­сы­лып шығады. Олар­дың ішін­де «Жиһанша», «Ахирет­тің баяны», «Сәйпілмүлік – Жамал» дастандары, «Абият ға­қи­дия», «Сейітбаттал Ға­зы», «Ишан Махмұд» аталатын кі­тап­тары бірнеше рет жа­рық көр­ді. 1898 жылы орыс­тың түр­кі тілдерін зерттеуші ға­лымы, Қазан университе­ті­нің про­фессоры Н. Ф. Катанов Ақыт шы­ғар­ма­шы­лығы туралы «Деятель» жур­налында ал­ғаш рет арнайы ма­қа­ла жа­рия­лай­ды. Ақыт­тың баспадан шық­қан кі­тап­тарының бір бө­лі­мі Қа­зақ­стан ғылым ака­де­мия­сының көне кітаптар мен қол­жаз­балар қорында сақталған екен.
Ақыт Үлімжіұлы 1907 жылы Алтайдан шыққан Лайық, Оразбек қатарлы «Қажышылардың жол бастаушысы болып, бізбен бір­ге жүр» деген өтінішімен жос­пар­ланбаған, тосын сапарға жол-жөнекей ілесіп кетеді. Олар Семей арқылы Омбыға барып пойызға отырып, одан ары Қара теңізге жетіп кемеге мінеді. Осылайша Меккеге жолы түскен ақын, қажылық рә­сім­дерін аяқтап, елге қайтпақ бол­ған сапарластарынан бөлі­ніп қа­лып, бірқатар елдерді аралап кө­ру­ді жөн санайды. Ақыт Араб ел­дері мен Түркияның мә­де­ни, рухани орталықтары Медине, Құ­дыс, Ыстамбұл, Дамаск қа­ла­ла­рында болып, білі­мін же­тіл­діріп, бұл сапардан еліне ара­ға екі жарым жыл салып қай­та оралады. Халқыма жеткіз­сем деп асыққан ең қымбат қазынасы қоржын толы кітаптары мен осы екі жарым жылда зерде­сі­не құйып алған мол білімі болды. Араб, парсы тілдерін толық­тай мең­геріп, араб мәде­ние­тін, жара­тылыстану, дүниета­ну ғы­лым­дарын үйреніп келді.
1912 жылы Ақыт Үлімжіұлы Алтайдағы ел ағаларының ша­қыруымен Моңғолияның Қоб­да аймағынан туған жері Көк­то­ғай ауданына қайта көшіп ке­ле­ді. Алтайға келген соң Ақыт қажы мектеп ашып, бала оқы­тумен айналыса бастайды. Қы­тай­да тұ­ратын әдебиет зерттеу­шісі, профессор Әуелқан Қа­ли­ұлы­ның айтуынша, бұл білім ордасында арабша хат танытудан бөлек, география, есеп, тарих са­бақ­тарын қосып оқытылып отыр­ған.
«Ақыт қажы шәкірттеріне тү­рік тілінде басылған дүние гео­графиясын, татар тілінде ба­сыл­ған тарих, астрономиялық бі­лім­дерді, ислам тарихын, араб тілі грамматикасын, шы­ғыс әдебиеті тектес бірегей ғы­лым­дарды оқытып отырған. Ғұ­ла­ма ұстаз ұл балалармен қа­тар қыз­дарды да шәкірттікке қа­был­да­ған», – дейді профессор Әуел­қан Қалиұлы.
Сан құбылған заман ағы­мы­ның соққысына ұшыраған осы бір нәубетті жылдарда өз ұл­тының білімін көтеруге, хал­қы­ның рухани тәрбиесіне ден қой­ған ғалым салт-сана, өнер-бі­лім, заман ағымы, адам­дық болмыс секілді саналуан та­қы­рып­ты өзек еткен жыр, тол­ғау­ларын жазып отырды. Осы­мен қатар қоғамдық жұ­мыс­тар­ға да белсене араласып, ел бас­шы­ларының және халық­тың сұ­ра­ны­сы­мен 18 жыл бойы Өрал­тай аталатын үш аудан хал­қы­на қазылық міндетін де атқар­ды. Ел арасындағы түрлі даулы мә­селелерге әділ кесім айтып, ха­лық­тың ықыласына бөленді. Қа­зақ­тың Жеті жарғы сияқты көне заң­дарын қоғамның ыңғайына қа­рай бейімдеп, даудың түйінін шешуге пайдаланып отырған. Өзі қазылық жасаған даулы іс­тер­ді қағазға түсіріп, жазып сақ­таған.
«Ақындар бізден бұрын өткен талай,
Әсіресе, Құнанбай баласы Абай.
Дәл сондай өткір сөзді болмасам да,
Ойымды жеткізейін құрай-жамай» – деп жазған Ақыт Үлім­жіұлы дара талантты Абай өлеңдерін алпысты ал­қым­дап, ег­делеген жасында қо­лына тү­сіріп оқып, тамсана та­ңыр­қай­ды. Ендігі жерде Абайша толғап жыр жазуға, оның ой иірімдеріне үңілуді мақсат тұтты. Міне, осыдан кейін 55 өлеңнен тұратын «Ғақылиялық үндеулер» атты өлеңдер топтамасын жазады. Ақыт өзінің осы шығармасы туралы «..мар­құм Абай Құнанбай қажы ұлы­ның кітабынан өрнек алып, осы ғақылиялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген екен. Мен де сондай есіме түсе қал­ған сөз­дер­ді кіргіздім. Сондай-ақ Абай өлең­де­рінің үзіндісін басына алып, күр­де­лі лебіз­де­рін шештім», – деп түсінік бере­ді. Осыған қа­рап Ақыт Үлімжі­ұлын ал­ғаш­қы абайтанушылардың бі­рі бол­ған деп айта аламыз.
Саналуан тақырыпты қам­ты­ған бұл өлеңдерінің елге үл­гі, өнеге шашқан жауһар жырлар еке­ні шұбасыз. Зүфар Сейіт­жан­ұлы «Абай мен Ақыт» атты ма­қа­ла­сын­да Ақыт өлең­де­рі­нің Абай өлеңдерімен үн­дес­тігін талдайды. «Ақыт адам портретін жасауда да Абайдан үл­гі алған. «Алпысты ара­ла­ған ел ағасы» шаққа жеткенде сұ­лу әйелдің сымбатын сөз­бен мү­сін­дейді. Ақыт­тың бұл өле­ңі ұлы ақынның «Қақ­та­ған ақ кү­міс­тей кең маңдайлы» өле­ңі­нің үл­гі­сін­де жазылған...
Үлбіреген тамағы.
Жазық-жаттық қабағы.
Кеудесінде қос алма
Қисаймаған сабағы.
Немесе:
Ақ саусағы әжімсіз,
Еріне таза жүрегі.
Қолаң шашы жібектей
Балтырын соғып жүреді, –дейді.
...Ақыт ұлы Абай мұрасы­ның әсе­рімен жазған топтама өлең­де­рінің бірінде сұлу әйел­дің көз тартарлық көркін осылайша ке­лісті бейнелейді» – деп жазады Зүфар Сейітжанұлы.
Осындай еліне өнегелі болмысымен жан-жақты қызмет еткен, кемел білім иесін, 1939 жылы Шынжаңда билік құрған жауыз Шэн-ши-сай үкіметі жа­зық­сыз түрмеге жабады. Өмір бойы еңбектеніп жазған шы­ғар­ма­лары, мыңға жуық кі­тап қа­зыналары тәркі­ле­ніп алынады. Ақынның осы өмі­рі­нің соңғы кезінде Үрімжі түр­ме­сін­де жазған өлеңдері мен соң­ғы өсиеті туралы дерек­те­рі де та­был­ған. 2014 жылы Қы­тай­да жа­сал­ған, Қуаныш Ілия­сұ­лы­ның «Дала дәнішпаны» атты 4 бөлімді деректі фильмін­де Ақыт Үлімжіұлының өмір ше­жі­ресі толық деректермен ай­шық­тал­ған. Фильм деректе­рін­де ақынның түрмедегі кешу­ле­рі­нен мәліметтер келті­ріл­ген. Онда Ақыт қажымен бір­ге қамалған тұтқындардың ес­теліктері айтылады. Ақын түр­меде қисса айтып отыратын бол­ған. Сол түрмеде жазған бір өле­ңінде;
«Толғансам көңілім қозады,
Бір ойдан, бір ой озады.
Пайымдап байқап ойлансам,
Патшаның тағы тозады.
Тозбайды халық өседі,
Бір ізде дүние тұрмайды
Ауысып тұрар есебі», – деп шер толғайды.
Ал, ақын еліме, ұрпағыма ай­та барыңдар деген 4 өсиетін, қа­сында бірге болған жолдастарына аманаттаған.
1. Артымда қалған қадірлі хал­қым алтыбақан алауыз болмай, берекелі болсын. Өз ішінде ынтымақты болсын.
2. Көршілерді ренжітпесін, бір ауыл өзінің көрші ауылын, бір үй өзінің көрші үйін, бір ру өзі­нің көрші руын ренжітпесін!
3. Бір мәселеге кезіге қалса, немесе тосын іске тап болса, алдымен ақыл көзінен, ой елегінен өт­кі­зіп барып одан кейін ше­шім жасасын!
4. Ел-жұртым, әсіресе ұрпақ­та­рым, нәсіл тазалығына көңіл бөл­сін, ол үшін, зинақорлықтан ау­лақ болсын!
Қазақтың биік ойлы, терең білімді ғұламасы тас қапаста жатып, шерменді күй кешіп, 1940 жылы тамызда Үрімжі түрмесінде жауыздықпен ұрып-соққан тергеушілердің қанды қолынан 72 жасында қайтыс болады.
Өмірін білім үйренуге, әлем­дік ғылымның кәусәрінен су­сын­дауға арнаған, сол меңгерген ілі­мін ақыл таразысында зерделеп, ел-жұртының игілігіне сый­лаған ғалым қазасы қара орман халқының қабырғасын қайыс­тырып кетті. Ақын басына қара бұлт үйірілген, қиын-қыс­тау кезеңде халқы оны жоқ­тау­сыз, сұраусыз қалдырған жоқ. Алғаш Ақыт қажыны ұстап алып кеткенде, шұғыл атқа қон­ған Есімқан батыр бастаған 60 аза­мат соңынан қуып жетіп, ақын­ды тартып алмақ болады. Бір­ақ, Ақыт қажы «маған бола мына қыста елге жау-жалам әкелетін жағдай тудырмаңдар. 12 әскерден тартып алып қал­ған­дарыңмен, бұл үкіметтің әс­ке­рі онымен түгемейді. Мен осы жасымда халқымның қара ла­ғы­на жарасам болды», – деп сайла­нып келген жігіттерге тоқтау салады.
Десе де, осыдан кейін де қан­ға құ­мартқан билік қазақтың бетке ұс­тар азаматтарын тұтқындауды одан әрі үдете түседі. Ақыры шыдамы таусылған халық 1940 жыл­дың басында-ақ, қо­лы­на қа­ру алып, көтеріліске шы­ға­ды. Бұл соғыс 1950 жылға дейін созылып, Алтай, Тар­ба­ға­тай, Іле қа­тар­лы қазақтар қоныс­тан­ған үш аймақтың 20-дан астам ауданын шарпыған қарулы қақ­ты­ғыс­қа ұласты.
Ақыт Үлімжіұлының артына қал­дырған мол шығармашы­лық мұ­расынан басқа, неше онда­ған жылдар бойы ұстаздық ет­кен тұста тәрбиелеген шә­кірт­те­рі халық арасында, ұстаз тә­лі­мін таратып, ел игі­лі­гі­не қыз­мет етіп жатты. Ақыт қа­жы өз ба­ла­ларының да тәрбиесіне аса ыж­да­ғат­тылықпен қараға­ны бел­гі­лі. Қалман Ақытұлы, Қа­зез Ақытұлы, Мақаш Ақыт­ұлы қа­тар­лы балалары бі­лім­ді­лі­гі­мен, әрқайсысы 4-5 шет тіл­де­рін меңгергенімен ерекше. Ақыт балалары да қоғамға өз үлес­терін қосып кетті. Олар­дың жаз­ған еңбектері, жасаған іс­те­рі жеке-жеке зерттеуді қажет ете­ді.
Бүгінде Ақыттану жеке ғы­лым саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Көптеген зерттеу ең­бектері жарық көрді. Өкіншке қа­рай, олардың басым бөлігі ше­ка­раның ар жағында жатыр. Онда да танымдық тұрғыда бел­гілі шектеулер бар. Ал Қа­зақ­стан­дағы көп жұрт Ақыт Үлім­жі­ұлы жайлы толық танып бі­ле бер­мейді. Сондықтан да, ақын тұл­ғасын халыққа дәріп­теу­мен бір­ге Қазақстанда Ақыт­та­ну ғы­лы­мын жүйелі жолға қою лазым.
Бақытжол КӘКЕШ.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>