Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Көлеңкесi зорайды, бiрақ халық сенiмi төмендеп барады

$
0
0

Путиннiң көлеңкесi зорайды бiрақ оған деген халық сенiмi төмендеп барады
Ресей тұрғындары В.Путиннiң шұғыл шешiм қабылдайтын сергектiгi мен жiгерiне және тәжi­рибесiне жоғары баға бередi. Алайда оның адалдығы мен саясаттағы ұқыптылығына келгенде халықтың пiкiрi қожырай бастаған. Мұндай мәлiметтi “Левада-Центр” сараптамалық орталығының деректерiне сүйенiп РБК агенттiгi таратты. 2015 жылдың наурыз айында жүргiзiлген сауалнамаға 18 жастан асқан 1600 адам қатысқан. Олар Ре­сейдiң 46 аймағының 134 елдiмекенiнде тұрады.

Зерттеу қортындысына үңiлгендер Путинге көңiлi толатындар мен оны қолдайтындардың саны соңғы екi жылда “аспанға шыққанын” айтып отыр. Мәселен, 2012-14 жылдары президентке оң көзбен қа­райтын жұрттың саны 52-60 па­йыз аралығын көр­сетсе, қазiргiсi – 72-73 пайыз. Бұған не себеп? “Левада-Центр” орталығының сарапшысы Карина Пипияның ойынша, Қырымды “қайтару” үшiн сiңiр­ген еңбегi мен Батысқа көрсеткен қарсылығы Пу­­­­­тиннiң мәрте­бесiн көтерген. Бiр еске­ретiн мәселе, бұл – рекордтық көрсеткiш емес екен. 2008 жылы Грузиядағы қақтығыс кезiнде Путинге разылық таныт­қандардың саны бұдан да көп болған.
Путиннiң халыққа та­ғы бiр ұнамды тұсы – “Кавказдағы жағдайларды тұрақтандырды” дейтiн тiрлiгi. Мұндай ойдағылар 12 пайыздан 34 па­йызға дейiн өскен. “Се­па­ратистiк пиғылдың мұр­­тын басты” деп қа­былдайтындар да 24 пайыздан 33 пайызға көбейген. Ал “Ресейдiң ұлы державалық мәрте­бесiн қайтарды” деп қабылдайтындар тiптi көп. Олар 49 пайыздың шамасында.
Дегенмен Ресей басшысының шұнтиып бара жатқан тұстары да аз емес. Әсiресе ар-иман тұрғысындағы келбетiнен сиық қашқан. 2007 жылы сұрау салынғандардың 17 пайызы оның адалдығына имандай сенсе, қазiргi деңгей – 6 пайыз ғана. Мұның себебiн сая­саттанушы Дмитрий Ореш­кин арыдан iз­дей­дi. Айталық ап деп би­лiк­ке аяғын артқанда Путин қандай едi? Немесе ол жұрттың көзiне қандай адам бейнесiнде көрiн­дi? Ең алдымен қылшылдаған жас болатын. Кiл шал-шабырдан шаршаған жұрт оған үлкен үмiт­пен қарағаны анық. Оның үстiне Путин Германияда жұмыс iстеген. Сондықтан халық оны демократияның “дәмiн алған” сая­саткер деп таныды. Егер бұл тұрғыдағы се­нiм азая бастаса, Путин­нiң үмiт үдесiнен шыға алмағаны да.
Ресей басшысын “мем­­­лекеттiк табысты қарашаға әдiл бөлу мүм­кiндiгiн қалыптасыра алмады” деп жазғыратындар да бар. 2010 жылы олардың саны 31 пайыз болса, қазiр 39 пайызға ұлғайған. Өндi­рiс­тiң құл­дырауын тежеуге және экономикалық дағдарысты еңсеруге қа­бiлетi өз­гермеген, 22-23 пайыздың арасында “теңселiп” тұр.
Ең бастысы, Ресей басшысын аса iрi капиталдарға қатысы бар деп санайтындар 4 жыл iшiн­де екi есеге өскен. 2011 жылы олардың саны 9 пайыз болса, 2015 жылы 21 пайызға жетiптi. Пу­тиндi жемқорлық iндетiне iлiктi деп ойлайтын ре­сейлiктердiң де қарасы қалың. 1999 жылы 2 па­йыздық көрсеткiш қазiр 19 пайыздық межеге бiр-ақ шыққан.
Ендi мұндай сауалнама қортындысын газет бетiне не үшiн шығардық? Себебi бар. Кеден­дiк одақпен басталып, Еуразиялық одаққа жал­ғасқан бiрлесудiң әлi шегi көрiнбейдi. Керiсiнше, Кремль тарапынан “жақындаса беру” саясаты “жабыса беруге” тiптi “қусырып тынуға” ұласып барады. Ендеше, көршi ел халқының өз пре­зи­денттерi туралы не ойлайтыны бiз үшiн маңызды. Алдымен ресейлiк­терге В.Путиннiң ұнамды көрiнген қырларын сараптап көрейiкшi. Ең қауiп­тiсi, жұрттың “Ресейдiң ұлы державалық мәрте­бесiне” қатысты пайымы. Егер Ресейдiң Грузиядағы соғысқа соқтырған саясаты, Қырымды қосып алуға жасаған қадамы орыс халқына ұнап жатса, бұл Путин үшiн жақсы. Бiрақ бiз үшiн үлкен қатер. Мұны естен шығармауға тиiспiз. Жиринов­ский, Штыгашев, Лимонов секiлдi саясаткерсымақтардың кеше не айтқаны ел есiнде. Олардың түпкi пиғылы Путин билi­гiнiң “тамыр басуына” көбiрек ұқсайды.
Путиннiң өз халқына жағымсыз тұстары бiздi тiптен жирендiредi. Ендеше, Ресеймен әмпей-жәмпей болып, одақ құ­ру­­дың қандай қажетi бар едi? Өз елi сенiм­сiздiк танытқан Путин кiмге тұлға? Өкiнiшке қарай, бұл сұ­рақтардың “срогы” өтiп кеткен. Ендiгi мәселе – Кремльдi құбыла көретiн Ақорданың қандай қайла қылатынында. Әрине, қолынан бiрдеме келсе. Егер бар ойы – тағы бiр мәрте “талтайып отыру” ғана болса, жететiн жерге же­тiп те қалған шығармыз...

Сансызбай НҰРБАБА


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>