БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛГЕН
05.02.2015 19:15 Сұхбаттасқан Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, Қазақстанның құрметті журналисі, Ахмет Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Аймақтық менеджмент академиясының академигі
1373
Олар осыдан 400 мың жыл бұрын пайда болған алғашқы адамдардың үлкен бір тобы екен.
Уәлихан ӘБДІБЕКОВ, Ахмет Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
– Профессор мырза, биыл Елбасы¬мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың баста¬масымен Қазақ хандығының 550 жыл¬дығын тойламақшымыз. Осыған орай мынадай сұрақ туындайды. Соңғы жыл¬дары, әлемде тарих тереңіне үңі¬луге мүмкіндік беретін жаңа зерттеу әдісі пайда болды ма? Болса қандай? Қазақстанда сол жаңа зерттеу әдісін қолданып жүрміз бе?
– Соңғы 5-6 жылда әлемде тарихты адамның геномы немесе генетикалық әдіс бойынша зерттеу қолға алынды.Жалпы құны 3 миллиард АҚШ дол¬лары тұратын халықаралық генография жо¬ба¬сы бойынша жүргізілген зерттеу¬лерге сәйкес, қазіргі адамдар осыдан 400 мың жылдай бұрын пайда болып¬-ты. Алғашқы адамдардың бірі шығыс Африкада дүниеге келген. Осыдан 65 мың жыл бұрын сол адамдардың үл¬кен бір тобы Таяу Шығыс пен Орталық Азияға қоныс аударған, қазіргі Қазақ¬стан аумағына келген (суретте). Содан соң арада 20, 30, 40, 45 мың жылдай өткен соң қалай қарай қоныс аудар¬ған¬дары сызылған. Ескерте кетейік, бұл сызбаны біз жасаған жоқпыз. Оны жа¬сағандар әлгі жоба бойынша генети¬ка¬лық зерттеу жасап жатқан мұхиттың арғы жағындағы шетелдік ғалымдар.
Зерттей келе сол қоныс аударған¬дардың генотипі біздің қазақ ата-баба¬ларымыздың генімен сәйкес келетін¬-дігі анықталған. Әлгінде айтылған адам генетикасын зерттеуге арналған жоба¬ның қорытынды мәліметіне сәйкес, ген¬ді тасымалдаушы халықтың 58 па¬йызын С3-М130 гені барлар (қазақтар¬дың гені) құрайтыны белгілі болды. Екін¬ші бір тәуелсіз дерек бойынша С3-М217 гені осыдан 48 мың жыл бұ¬рын қазіргі Қазақстан аумағында пайда бол¬ған. Бұл ген қазақ халқының 40 па¬йыздан астамын құрайтыны белгілі. Алғашқы және соңғы аталған маркерлер біздің ұлы тайпаларымыздың барлы¬ғында кездеседі. Халқымыздың басым бөлігінде бар.
Қазақстанда тарихымызды бұл әдіс бойынша зерттеу әлі шындап бас¬талған жоқ. Бұл әдіске сирек жүгі¬не¬міз. Бір азаматтың генін зерттеу керек бол¬са қыруар қаражат төлеп, шетелдік зерт¬ханаларға жүгінетін жағдайла¬ры¬мыз кездеседі.
Осы әдіс бойынша зерттеу нәтиже¬сін¬де, адамзат үшін маңызды, жаңа, тың толып жатқан басқа да деректер пай¬да болды. Солардың арасынан қа¬зақтарға қатыстыларын ғана алып отыр¬мыз.
«Ген» дегенімізді қазақша «тек», «тегі», «шыққан тегі», «тұқымы» деп тү¬сіндіруге болады. Аталғандардан басқа да «маркерлер» бар.
– Зерттеу нәтижелері бойынша қа¬заққа қатысты деректерді шетелдік ғалымдар неге айта бермейді?
– Осы мәселеге қатысты бірқатар түйткілдерді айтайын.
Әлем халықтарының біразы, тіпті, австралиялықтар, швейцариялықтар, жапондар, көрші қытай мен үндістер, орыстар «біз кезінде Орта Азияның сол¬түстігінен келіппіз» дейді. Бірақ «қа¬зіргі Қазақстан аумағынан келіппіз» демейді. Түбі қазақтардан тараған¬да¬рын мойындағылары келмей, қай-қай¬да¬ғыны шығарып, жалған сөйлейді. Мы¬салы, АҚШ-тың Аризона универ¬си¬тетінің профессоры Т.Карофед, т.б. про¬фессорлар Американың «Генетика» журналының 1999 жылғы №64 нө¬мі¬рінде «Африкада пайда болған адамдар алғашында Алтайға барды, сол жерден жан-жаққа тарады» дейді. Ал Қытай зерт¬теушісі Хуа Жонг 2010 жылғы «...Хуман Генетик» журналының №55 нөмірінде «Адамзат пайда болған соң Қы¬тайда жиналды, содан соң Якутияға т.б. жаққа қоныс аударып, көбейді» деп өтірікті соғады. Сондай-ақ Оксфорд университетінің орыс тектес ғалымы Та¬тьяна Зержал негізі жоқ, қисынсыз әңгімені қозғайды. Ол қазақтар туралы «ұйғырлардан, қырғыздардан, өзбек¬терден құралған «сорпа» дегісі келеді. Ға¬лымдардың барлығы «Қазақстан», «қазақтар» деген сөздерді айналып өтеді.
Тіпті, мынадай да жағдайлар болып жатыр. Бір америкалық ғалым 9-10 қа¬зақтың генін тексеріпті. Бәрі осыдан пәленбай жыл бұрын Еуропаға көшіп кеткендердің ұрпақтары. Солардың гендеріне қарап тұжырым жасапты. Олар¬дың гендері мутацияға ұшыра¬ға¬нын ескермейді.
Бір орыс ғалымы «қазақтардың ген¬дері жас» деген ойын білдіріпті. Шын мәнінде, жағдай басқаша.
Еуропа, Ресей халықтарының ген¬дері R1а1. Бұл геннің иелері көбінесе ағыл¬шындар, немістер, орыстар, ла¬тыш¬¬тар т.б. болып келеді. Геннің пайда болғанына 20 мың жыл болыпты. Яғни, өздері жас халықтар. Осыдан 15 мың жыл бұрын осы гендегі халықтардың саны көбейген кезде олар Еуропаға, Шығыс Азияға қоныс аударған. Қа¬зақ¬тардың гені олардың маркерінен он¬даған мың жыл бұрын пайда болған. Жас ген ескі гендерден пайда болаты¬нын түсіну үшін профессор болудың қа¬жеті жоқ.
– Неге шетелдің ғалымдары шын¬дықтан ауытқып, жалған ақпарат та¬ратады?
– Мұның екі себебі бар. Бірінші¬-ден, жоғарыда біз айтқан халықаралық генография жобасы әу баста адам¬зат¬тың шығу тарихында ақ нәсілді адам¬дардың бірінші пайда болғанын дәлел¬деу мақсатында дүниеге келген сияқты. Нәтиже мүлдем өзгеше, мақ¬сат¬тарына керағар болып шықты. Соны айтқысы, мойындағылары келмей жүр. Екіншісі, қазақ ғалымдарының қолына бүгін біз жариялап отырған карта түсе қоймаған болуы мүмкін. Түссе де бүгiнге дейін еш¬кім ауыз аша қойған жоқ. «Өз¬дерің үн¬демесеңдер тарихтарыңды өзімізге қа¬рай бұра саламыз» деген көзқарасты да аңғару қиын емес.
Жағрапиядан белгілі. Орта Азиядан шыққан соң қоныс аударушылар теңіз, мұхит жағалауларына тіреледі де, сол жер¬лерде қалып, өсіп-өніп тіршілік етеді.
Біздің ата-бабаларымыз жыл са¬на¬уымыздан шамамен, 10 мың жылдай бұрынға дейін аңшылық құрған, жеміс-жидек теріп, қазір ұрпақтары мекен ет¬кен аумақта күнелткен. Ол кезде қа-зіргі Қазақстан аумағының климаты мүлдем басқаша болған. Өзендер көп екен. Солардың жағалауларында шо¬ғыр¬¬ланған. Осыдан 12 мың жыл бұрын климат күрт өзгереді. Халық қуаңшы¬лық¬тан зардап шеге бастайды. Сон¬дық¬тан ата-бабаларымыз осыған орай өмір сүру тәсілін өзгертеді. Мамонттар жо¬йылғаннан кейін ұсақ жануарлар өсі¬руге машықтанады. Қолға мал үйретеді. Мал шаруашылығы сол кездерден бас¬тап қазіргі қазақтардың атакәсібіне айнବлады.
Мезолит, неолит, тас дәуірлері біз¬дің ата-бабаларымыз үшін қолайлы бо¬ла қоймаған. Мал баққан халық үнемі көшіп-қонып жүрген. Сондықтан күн¬де¬лікті тұтыну тауарларының арасында тастан жасалған заттар болмады. Олар¬дың салмағы ауыр, көшіп-қонуға жай¬сыз еді.
Ата-бабаларымыз тұрмыста орга¬никалық заттарды кеңінен қолданды. Ағаштан, тері мен жүннен, сүйектен жа¬салған заттарды пайдаланды. Сон¬дық¬тан Қазақстан аумағында мезолит, нео¬лит дәуірлерінің заттары өте сирек кез¬деседі. Бұл да қазіргі Қазақстан аума¬ғында сол дәуірлерде көшпелі өмір сүр¬¬ген ата-бабаларымыз мекен етке¬-нін көрсетеді.
– Бізде ғалымдар тарихты зерт¬те-¬гісі келсе жазба тарихты іздейді, ар¬хео¬логиялық қазбалардан табылған жәдігерлерге жүгінеді, көне ауыз әде¬биеттерін ақтарады дегендей...
– Солай екені рас. Тарихшылары¬мыздың зерттеулері негізінен, сіз айт¬қан 3 түрлі тәсілге саяды. Қазақ тарихын жазба мәліметтер арқылы зерттеу өте күрделі. Жазба деректер қоры өте си¬рек кездеседі. Археологиялық жәдігер-лер ұзақ сақтала бермейді. Темірден не¬месе қоладан жасалған заттар 3-4 мың жылда тозады, топыраққа айналып кетеді. Генетикалық зерттеулер қайсы аймақта тұратын халықтың көнеден келе жатқанын дәл анықтайды, кімнің байырғы ұлт екенін дәл көрсетіп береді.
– Профессор мырза, қазақ та¬рихында мал шаруашылығы ерекше орын алатынын білеміз. Осы мәселенің маңызды жақтарына тоқтала кетсек қайтеді?
– Біздің ата-бабаларымыз мал ша¬руа¬шылығымен айналыса жүріп, оны тәжірибе жүзінде бүге-шігесіне дейін, терең зерттеген. Қой, ешкі, жылқыға қарап, олардың өсіп-өнуіне терең мән беріп отырған. Мысалы, қой мен ешкі 3-4 атадан кейін ұсақталып, генетикалық ауытқуға ұшырап отырған. Бабала¬ры¬мыз мұның дәл диагнозын қойған. «Ол қан алмасудың нашарлауынан» деп тапқан. «Ген таза болмаса, мал қыры¬лады, бұл адамға да ортақ мәселе» деп шешкен. Сол кезден бастап қазақ ұлдар мен қыздарын рулық жүйе бойынша үйлендіру мәселесін қолға алған. Осын¬дай пәтуа жасалғанына, шешімдер қа¬был¬данғанына күмән жоқ.
Қыздарын туыстық қатынасы бар әулетке беруді бүкіл қазақ даласында үзілді-кесілді тоқтатқан. Осы жүйе қа¬зақ халқының ұрпақтары гені таза, ден¬сау¬лығы жақсы, әртүрлі климатқа тө¬зім¬ді болып өсуіне тікелей ықпал етті. Ұлт¬тың болашағына тікелей әсері бар осы мәселені бабаларымыз қазақты руға, тайпаға бөлу арқылы тиімді шеш¬кен.
Бұл – ұрпақтың генін таза сақтау¬дың баламасы жоқ үлгісі. Мұндай гене¬тикалық жүйе басқа ұлттарда жоқ. Біріншіден, руға, жүзге бөлу кемшілік емес, теңдесі жоқ жетістік деп баға¬лауы¬мыз керек. Екіншіден, қазақ халқы руға, жүзге бөлінбейді, халқымыз рудан, жүзден құралады.
– Қазақтың гені әлем халықтары ара¬сында ең таза ген екенінің жемі¬сін көріп, сезіп жүрміз бе?
– Геннің тазалығы жас ұрпақтың күнделікті тыныс-тіршілігінде, айталық жұмыста, қарым-қатынаста, спорттық жарыстарда, жауынгерлік іс-әрекеттер кезінде т.б. сәттерде айқын аңғарылып тұрады. Тұқымы таза адамдардың барлық уақытта мысы басым болады.
Мысалы, қазақтың рубасылары, тай¬палардың көшбасшылары, билері батырларды өздерінің жанында ұс¬та¬ған. Олар бастарына күн туа қалса елді шапқыншылардан қорғаған. Қазақтың жас жігіттерінің кез келген уақытта ел¬ді қорғауға дайын тұруына сол батыр¬лар қамқоршы болған. Мұндайда шын мәнінде, мысы басым батырлар қол бас¬таған. Олар шапқыншылардың қол бастаған мықтысын жекпе-жекте жең-генін көрген соң қара ниетпен келген басқа жауынгерлері бытырап, бет-беті¬мен кеткен. «Жүрегінің түгі бар» бір жауынгер он шақты шапқыншыға қар¬сы шыққан. Осы тұрғыдан қарасақ, қа¬зақтың батырлар жырларында шын-дық бар.
Қазақтың гені тазалығының жемі¬-сін қазір де көріп жүрміз.
Қазақ халқы саны жағынан әлемде 76-орында. Әлемдік білім сайыстарын¬да, спорттық жаһандық жарыстарда алдыңғы орындардан көрінеді. Кез кел¬ген мемлекеттегі университеттерге оқу¬¬ға барған жастарымыздың басым көпшілігі дараланып көрінеді. Бұл да геннің тазалығынан.
– Осы арада Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айту¬ға болады?
– Нұрсұлтан Әбішұлы – қазақ ұлты¬нан шыққан әлемдік деңгейдегі дара тұлға. Ол кісінің жаңашылдығы, әлемдік деңгейдегі бастамашылдығы, керек кезінде батыл шешім қабылдай білетін даралығы ерекше. Осы дара¬лы¬ғы¬ның арқасында Қазақстан тәуелсіз-дік алған 23 жылдан сәл ғана астам уақыт көлемінде экономикалық даму қар¬қы¬ны жөнінде озық елдердің, ал Нұрсұлтан Назарбаев әлемге танымал елбасы¬лар¬дың қатарына қосылды.
Бір шындықты айтайын. Өз басым талай рет аңғардым. Әлемге танымал мемлекет басшыларымен, ұлт зиялы-ларымен, басқа да әлемге танымал тұл¬ғалармен кездескен кездерде Елбасы¬мыз¬дың мысы басым болып тұрады. «Сен тұра тұр, мен айтайын» дейтін белгілі азаматтардың өзі Елбасы¬мыз¬дың алдында айтайын деген ойларын жеткізе алмай, тұтығып, сөйлей алма¬ған кездерін көрдім. Талайлардың ті¬¬зесі дірілдеп, қолы қалтырап кеткен сәттерін де білемін. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаевтың гені мықты – тұқымы таза. Ол – қазақ деген гені таза ха¬лық¬тың Көшбасшысы.
Президентімізде қаннан берілген мық¬ты басқарушылық, шығармашы¬лық, басқа да қабілеттер басым. Қазақ мұндай сирек кездесетін тұлғаларды «басына бақ қонып, қыдыр дарыған адам» дейді. Бақ көбіне гені таза адам¬дарға ғана қонады.
Жалпы, саясат сахнасында қазақ халқы басқа ұлттардан ерекше.
– Профессор мырза, бүгінгі әңгі¬меміз толықтау болуы үшін тағы да бір мәселеге тоқталуымыз керек сияқты. Ұлтымыздың негізгі гендері қазақтың ежелгі халық екенін дәлелдеді дедік. Осы орайда қазақ тілі туралы не дей аламыз?
– Тіл сол халықпен бірге пайда бо¬лады. «Тіл кейін пайда болды, әдепкіде адамдар бір-бірімен ыммен сөйлесті» деген сөздер жалған. АҚШ-тың бір про¬фессоры мынадай тәжірибе өткізіпті. Зертханаға екі тас алып келеді. Студент¬терді екіге бөледі. Бір топқа сөйлесіп, бір-біріңмен ақылдаса отырып мына тастан зат дайындаңдар дейді. Екінші топқа сөйлемеңдер, ыммен ұғысуға бо¬лады. Үндемей жүріп зат дайындаңдар деген тапсырма береді. Не керек, қанша талпынса да сөйлемегендер түк те шы¬ғара алмайды. Сөйлейтіндер біраз тір¬лікті тындырыпты. Сөз болмаса адам тығырыққа тіреледі. Адамзат, ұлт, ха¬лық сөйлемесе дамымайды. Ұлт бар жер¬де тіл бар. Тіл ұлтпен бірге пайда болады. Бірге дамиды.
Егер біз «бабаларымыздың қазіргі Қазақстан аумағында тұра бастаға¬ны-¬на 65 мың жыл болды» десек, тілімізге де сонша жыл. Осылай деуіміз керек.
Қазақ тілі – әлемдегі ең көне тіл¬дердің бірі. Мысалы, мамонтты қазақ¬тар «зіл» деген. «Қара зіл» деп атаған. «Зілдей ауыр» деген сөз осыдан келіп шыққан. Мамонтты көрмесе бұл сөз қалай пайда болды?! Айталық, ағылшын тілінде мамонт деген сөз жоқ. Оларда мамонтты білдіретін сөз латыншадан алынған. Мамонтты ағылшындар көр¬меген соң ондай сөз болмаған.
Салыстырып көріңіздер. Орысша, қытайша, үндіше, ағылшынша бәрі қа¬зақ тілінен күрделі. Біздің тіліміз әбден екшелген, бай, кез келген жағдайға ың¬ғайлы. Көне тілдер қолданыста қазақ тілі сияқты қарапайым болады.
– Бізге «қазақ» деп атанғанымыз кеше...» деп дау айтатындар табы¬ла¬тынына күмәнданбаймыз.
– Біріншіден, бүгін біз сөз етіп отыр¬ған жайттар – гипотеза. Екін¬шіден, ғалымдар, жазушылар, журна¬листер мәселе бойынша өзінің пікірін білдірсе қуанамыз. Ғылыми ой пікір-та¬ласта «піседі». Ал «қазақ» деген атаудың шығу тарихы туралы болжамдар көп. Аңыздар да жеткілікті. Оған тоқталмай-ақ қояйық.
Бабаларымыз «Кімнің баласысың?» де¬ген сұраққа «Адамның баласымын» деп жауап берген. Еврейлердегі Адам және Ева дегендегі «Адам» бізден алын¬ған сөз болуы мүмкін. «Адамгершілік», «Ардан аттағаның – адамдықтан ажы¬ра-ғаның» т.б. сөздер содан шыққан.
– Түркістандағы Ахмет Йассауи ун謬¬верситетінде қазақ ұлтының гені¬нің тазалығы туралы әңгіме жиі айты¬ла ма?
– Айтылғанда қандай! Бұл – терең, ғибраты мол әңгіме. Қазақ халқының генінің тазалығын сақтап келгендігі, алдағы ғасырларда да сақтап қалуы ке¬рек¬тігі бабаларымыздың салт-дәстүрін насихаттаумен тығыз астасып жатады. Университетімізде 9,5 мыңнан астам студент бар. Оның бірнеше мыңы түркі әлемінің 28 елінен келген шетелдік білім алушылар. Кез келген мәселе со¬лар¬мен бірге талқыланады, лекциялар бірге тыңдалады. Мысалы, жақында филология факультетінде оқу топтары¬ның бірінде «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» дегеннің мәнісін талқылады. Сонда профессорлардың бірі талқылауды:
– «Күйеу – жүз жылдық». Ерлі-зайыптылар осынша жыл бірге өмір сүруі мүмкін. Ал «құда – мың жылдық» дегеніміз, ерлі-зайыптылардан тарବғандар 40 ұрпаққа дейін туыс, бауыр болып қалады. Бір-бірімен қыз алыс¬па鬬ды дегенді білдіреді. 40 ұрпақ – мың жыл деген сөз. Қазақта жеті ата де-ген ұғым бар. Бірақ қырық атаға жет¬кенде барып қыз алысу тұқымның кір¬шіксіз таза болуының кепілі, – деп түйіндепті.
Логикалық тұрғыдан дұрыс тұжы¬рым.
Қазір университетіміздегі барлық деканаттар Қазақ хандығының 550 жыл¬дығы, қазақ халқының ұлттық мә-дениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау, т.б. бағыттарда кешенді шаралар бел¬гілеп, оларды іске асырып жатыр.
– Қазақтың тарихын дұрыс па¬йымдау, насихаттау, дұрыс жазу үшін бірінші кезекте қандай істі қолға алу керек деп есептейсіз?
– Біз қазақтың тарихын жасағанда өзге ұлттардың ғалымдары таратқан көп¬теген кереғар мәліметтерге сүйен¬генді тоқтатуымыз керек. Зерттеу әдіс¬терін мейлінше жетілдіруге тиістіміз. Бұл үшін өзіміз Генология ғылыми-зерт¬теу институтын ашуымыз қажет. Осы бағытта қазақ, ағылшын, т.б. тіл¬дерде әлемнің ғылыми әлеуеті жоғары ортада оқылатын, талқыланатын жур¬нал шығаруымыз керек. Біз өзіміз ғы¬лыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өз болжамдарымызды дәлел¬дегеннен кейін ғана өзге ұлттар «Біз қазіргі Қазақстан аумағынан шық¬қанбыз, әлемдегі ең көне халықтардың бірі қазақтардан тарағанбыз» деп мо-йындайтын болады.