Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Ресейлік қазақ жастары Қазақстанға қашып жатыр

$
0
0

Ресейлік қазақ жастары Қазақстанға қашып жатыр
25.01.2015 820 1
Қазақстанның батыс аймақтарында Ресейдің шекаралас өлкелерінен келген қазақ жастарының саны күрт артыпты деп жазады өз парақшасында белгілі журналист Жасұлан Көжеков. Олар еш ойланып жатпастан БҚО, Атырау және Ақтөбе облыстарында жұмысқа тұрып жатыр. Жұмысқа тұру үшін оларға ЕурАзиялық ЭО аясында қарастырылған жеңілдіктер бойынша шетел жұмыс күші ретінде квота алу қажет емес.
Ресейлік қазақ жастарының ағылып елге келе бастауын Астраханда туыстары тұратын танысым қарапайым тілмен түсіндіріп берді дейді журналист. "Екінші Шешен соғысы кезінде менің ағамның үлкен ұлын әскерге алып кетті. Ол Қапқаз тауларында қаза тапты. Ал 2014 жылы Еділ маңындағы өңірлердің қазақ сарбаздарын "Ростов облысына оқуға жібере" бастағаннан-ақ ағамның соңғы ұлын да армияға алып кететіндері анық болды. Енді ол бізбен тұрып жатыр, атыраудағы автосервистің бірінде жұмыс істейді" - депті танысы.
P.S. Бұл жастармен жергілікті билік жұмыс жүргізіп жатыр ма? Олардың болашағы қандай болмақ? Украинадағы болып жатқан соғыс туралы видеолардан қазақтарды да көруге болады. Қанша қазақ ол жақта соғысып жүр, Құдайға ғана аян. Ал бұл соғыс оларға парыз ба? Ресей емес, Қазақстандағы қазақ жастарын Украинаға барып мәнсіз өлім құшуға шақырып жүргендердің көздегені не? Сіз не дейсіз?


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>