Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Алаңдама! Оңтүстік орнын басады.

$
0
0

Солтүстік халқы қайда кетті?

Қазақстанның солтүстігіндегі халық саны күрт азаюда. Солтүстік Қазақстан облысының халқы 10 жылда 100 мың адамға кеміген. Еліміздің солтүстік аймағындағы халықтың азаюына өңірдегі жалақының аздығы және этникалық орыстардың Ресейге көше бастауы себеп болып отыр. Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, аймақтағы нәресте өлімінің 10 пайызға азайғаны да халық санының өсуіне әсер ете алмаған. 2004 жылы еліміздің солтүстігінде 674,5 мың адам қоныстанса, бұл көрсеткіш 2009 жылы 597,5 мыңға кеміген. Ал биылғы жылы Солтүстіктегі халық саны 572,9 мың адамды құраған. Солтүстік өңірдегі халық санының күрт кемуі қазір өзекті мәселеге айналды. Тіпті, бұл мәселе Үкімет мүшелерін де алаңдата бастады. Өңірден көшіп жатқандар 20 мен 60 жас аралығындағы жандар. Халықтың бұлай үдере көшуі солтүстіктегі аймақтардың дамуына кері әсер ететіні анық.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>