Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Бекең жігіт!

$
0
0

Еркежан Жұматай

Б.САПАРБАЕВ ТЕЛЕАРНАЛАРҒА ҚАЗАҚТІЛДІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ КӨБЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
http://static.nmn.kz/images/w400/media/upload/327/2014/12/05/585ade92b32047cac034a402e0fc0aab.jpg

Таяуда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталу мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралардың саны мен сапасын арттыру күнтәртібіндегі мәселе. Белдібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді. Осы уақытқа дейін қазақ тілді бағдарламалар рейтингісінің төмендігін алға тартқан отандық арналар бағдарламалардың үлес салмағы 50 де 50 болу керек екендігін назардан тыс қалыдып келеді. Мысалы, телеарна басшыларының дерегінше, 31-ші арна таратып отырған бағдарламалардың 43,7 пайызы қазақ тілінде. Әйткенмен бұл көрсеткішпен келіспейтіндер де бар көрінеді. Радио хабарлардың да қазақ тіліндегі нұсқасы көп жағдайда түнгі уақытта берілетіндігі жасырын емес. Осындай қулыққа көшетіндер бағдарламалар үлесі таразы басын теңестіріп тұр деуден еш қымсынар емес. Көтерілген мәселе алдағы уақытта орын алған олқылықтардың орнын толдырады деп сенейік.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>