А. Бушков және "Ұлы Дала Моңғолдары" қайдан келген?
Автор Әбіл-Серік Әбілқасымұлы
Шын мәнісінде, асқан «зерделі тең жарым» ауыздарынан тастамайтын «моңғол-татар» ордасы қайда? Кейбір ыждаһатты авторлар Руске баса-көктеп енген әскердің әлдебір асыл тегін құраған деп түйіндейтін моңғолдар қайдан келген?
Сонымен, жердің тесігіне кіріп кетсеңдер де, бұл мәселенің ең қызықтысы да, әрі ең құпиялысы да сол болған оқиғаларды көзімен көргендер де (не болмаса сол кезеңге жақын уақытта өмір сүргендер де) моғолдарды бізге тауып беру үшін дәрменсіз! Ақиқатында данышпандыққа салынып:олар –қара шашты, қысық көз жандардеп ділмарсысақ та, ал, антропология «монголоид» деп атайтындар олардың арасында мүлдем жоқ.
Тек еш күмәнсіз Орталық Азиядан бізге келген екі тайпаның – джалаир мен барластардың іздерінің ұштығын қолға іліктірдік. Олар Шыңғыс әскерінің құрамында Руске емес... Жетісуға (Бүгінгі Қазақ жерінің аумағына) келген. Осы жерде XIII ғасырдың екінші жартысында жалайылар бүгінгі Ходжент маңында, ал, барластар –Қашқандария өзені бойында көшіп-қонып жүрді.
Олар Жетісуға «…тілі түркілене бастаған сәтте келген еді. Жаңа жерде олар мүлдем түркіленіп, XIV ғ., түгесе айтсақ, оның екінші жартысында түркі тілін өз ана тілдері деп санады» (Б.Д. Греков пен А.Ю. Якубовскийлерді «Рус пен Алтын Орда» (1950) іргелі еңбегінен – екі ғалымда барды жоқ, жоқты бар қылып – тегі түркі тайпаларды халхаландырып – моңолдың құрамында халхалар да болған деген жалған оймен оқырманын шатастырып отыр.
Өйткені, бір жалғандық екіншісін туындататын – А.Бушковтың ой түйіндеуі танытып отыр. Оған өзгелерді жоққа шығару үшін шын моңғол керек – ол оны ежелгі түркі тайпасынан тауып отыр.
Бушковтың орыстарға өтетін амалы бізге өте қояма екен? – Ә.Ә.Ә.).
Бар болғаны осы. Бұдан басқа моңғолдарды тарихшылар қанша жерден барын салғанымен табуға қауқарсыз (Таба да алмайды, автордың өзі сияқты сан соға шатасады. Ұлы қаһан армиясының құрамында болмаған ұлтты қалайша табуға болады – Ә.Ә.Ә.). Орыс жылнамашылары Бату ордасымен Руске келген халықтар арасында «құмандарды» алға шығарады, ал, олар болса – қыпшақ-половецтер! Олар бүгінгі Монголия жерінде орыс қала-шәрлерімен қарын-шектей араласып (мен кейін бұны дәлелдеп шығатын боламын) өмір сүрді!
Араб тарихшысы Эломари: «Көне дәуірде бұл мемлекет (Алтын Орда XIV ғ. – А.Б.) қыпшақтар елі еді, қай кезде оларды татарлар басып алды, сол кезде қыпшақтар олардың боданына айналды. Одан соң олар, яғни, татарлар, қыпшақтармен қаны араласып, бір атаның баласына айналып шыға келді».
Татарлар ешқайдан ауып келген жоқ, олар бағзыдан бастап, ғасырлар бойы орыстармен қоңсы тұрып келді, мен бұл турасында ақ адалын айтар болсам, кейінрек сөз ететін боламын, қай кезде өзімінің дайындап қойған өрелілік бомбамды жарған сәтте. Әл-әзір бар назарымызды ең маңызды жағдаят: ешқандай моңғолдардың болмағандығына аударайық.
Алтын Орданы монголоидтерге еш қатысы жоқ, қалыпты европеоид текті /автор – діни таңдау жасауда – мәсіхтенген(европеоид текті сақтап қалған//тілді жоғалтып түрді сақтаған) – қазақтар мен мұсылманданған (европеоид тектенайырылып қалған//түрді жоғалтып тілді сақтаған)– казақтардың антропологиясын әдейі шатастырып тұр: моңғол және сарттармен болған аралас неке бабалар тілінсақтап қалған қазақтардың түрін ғана өзгерткен жоқ: атақты Иман-Жүсіп бабамызға: «Көзі көк, аузы түкті сары орысты лақтай бауыздар едім» деген өлеңде шығартты/(Жәнеде олардың тілі славян тіліне ұқсас еді – А.Бушковтың өзге тарихшылардан артықшылығы барды жоққа шығармайды, қайта оны панславяндықпен орысқа бейімдеуге даяр тұрады, осысы біздің тарихты «болмаған орыс ұлтының» иеленіп кетуі үшін тарихи үрей тудырады) ақшыл шашты, көк көзді, ешқандай қисық көзді емес...татар және қыпшақ-половецтер құрады.
Шыңысхан мен Батудың кейпі тап осындай еді (автордікі дұрыс). Көне дерек көздері Шыңғысты еңгезердей, ұзын «жирен» сақалды, жасыл-сары көзді жан ретінде сипаттайды. Парсы тарихшысы Рашид ад-Дин («моңғол» шапқыншылығының куәгері) былай деп жазады: Шыңғыс тұқымында нәрестелер «көбіне шағыр көзді және ақ шашты болып туатын еді».
Г.Е. Грумм-Гржимайло Шыңғыстың оныншы атасы Бодуаньчар – ақ шашты және көк көзді болған деген «моңғол» аңызын (халханікі ме өзі?!) еске салады!
Ал, өз кезегінде Рашид ад-Дин Бодуаньчардың ұрпақтарының рулық атауы Борджигин шағыр көзді дегенді білдіретініналға тартады(Алтын Орда тарихы біз орыс пен қытай пайдасына жоғалтқан тарих қана емес – ұлтымыздың 80 пайызы жоғалтқан – антропология – осы жанды жерімізден А.Бушков аярлықпен ұстап алып отыр – Ә.Ә.Ә.)!
Демек, Батудың келбетін – ақшыл шашты, ақ сақалды, көк көздідеп…айқындап суреттеп береді.Осы жолдардың авторы алыпқашпалықпен «Шыңғысхан өзінің қисапсыз әскерін құрған» деп танылатын аймақтан тым алыста емес өңірде өзінің саналы ғұмырын өткерді.
Қандай десеңізші, бағзыдан монголоид халықтар – хакас, тува, алтайлықтарға,әрі халхалардың тап өздеріне назар салудан тойып болдық(Тәржімашы – түркі-моңғол туыстығына қарсы, сан ғасыр бойы біздің пайдамызға оларды ассмилацияға ұшыратып (әсіресе, хан иеміз, Абылайдың кезінде) қан араласқанмен діл араласпады –оған себеп: біз олармен туыс болуымыз үшін – есептік сан есімдеріміз ұқсауы керек, бір дінді тұтынуымыз керек.
Бұндай басты екі факторға байөлкелік қандастарымыз еш көнбей – түркі-моңғол туыстығын алға тартуынан еш тыймайды//қазақ айырылған ата мекеніміз өзгеге бұйырып, өз жерінде жат атанып отырғандықтан өздері қарайтын елдің саясаты үшін ұлттық рухты және милети ділді сақтап қалу үшін осындай қадамға амалсыз барады//әрі ондағы және бүгіндері тарихи отанындағы қазақ ғалымдарының жазғандарындағы халханы адам қылған біздің бабаларымыз деген астар мәтінді ұғына білуіміз керек). Моңғолдар арасында ақшыл шашты, көк көзді жандар кездеспейді, мүлдем өзге антропологиялық тип…
Оның үстіне, моңғол тіліне жататын топтарда «Бату»немесе «Батый»деген кісі есімі мүлдем ұшыраспайды. Есесіне «Бату» башқұрт тілінде, біз жоғарыда айтып кеткендей: «Бастый»– қыпшақ тілінде ұшырасады. Шыңғыс әулетіндегі есімдер Моңғолиядан шыққан жоқ.
Ең қызықтысы, бүгінгі «нағыз» Моғолстандағы оның тайпаластары өздерінің даңқты бабасы Шыңғысхан туралы не деп жазды екен, ә!?
Жауап көңіл құншытпайды: XIII ғасырда моңғол әліпбиі деген еш болған емес (Шыңғыс құрған империяның кейін моңғол жазуына негіз болған түркі жазуының наймандық вариантын қолданғанын А.Бушков қолында дерегі болмағандықтан білмей отыр – Ә.Ә.Ә.). Моңғолдардың барша жылнамалары ертерктегі XVII ғасырдың еншісіне тиеді.
Ал, бұдан шығатыны, кез келген Шыңғысхан Моңғолиядан шыққан дегеніміз өңі айналдырылып үш жүз жылдан кейін жазылып алған ескі аңыздардың жаңғырығы (Бұл арада автор мәселенің байбына бармай отыр: Ұлы Қаһанөзі туып өскен Шығыс Түркістанның алаштан халхаға кеткен бөлігі ата-жұрты Байөлкеден қуылып, қазақтан РФ Алтай өлкесіне екі елдің шекарасында қалған алаш баласы бір-бірімен шектеспес үшін, тікелей байланыспас үшін 1957 жылы тартып алынып берілген ШҚО Қосағаш ауданы арқылы қазіргі ШҚО Абай ауданында Орда тауы мен Найман тауда (Шыңғыстауда) болашақ империясын құруға негіз салған деген де пікірлер бар (осы және басқа да түркі-қазақ тарихына қатысты құпиялардың жабулы қалуы үшін – археологиялық қазба жүргізбеу үшін – полигон әдейі құрылғандығы Мұрат Әжіде сөз болады)–Ә.Ә.Ә.)…
Әлбетте түркінің көлеңкесінде қалып келген екінші сортты ұлтқа сендер "нағыз" моңғолсыңдар деген, бабаларың қару кезеп, тұлпарының тұяғы басып, ауасын жұтпаған Адриатикаға дейін соққан құйындата бәрін жайпай жеткен деу... қатты ұнады(бұл түркіні жабайы көшпенді етіп, оның үстіне – құны бізден төмен нағыз көшпендіге атқосшы шабарман етіп көрсету үшін даңқты бабаларымыздың 300 жылдан кейінгі өтірік тарихын жазушы мәсіхші иезуиттерге түркі өркениетін «Болмаған Ресейдің» пайдасына өмірге әкелу үшін өте керек болды (Иезуиттердің Ұлы Қаһанымыз Шыңғысханның кіндік кескен жері Байөлкеде қазақтар тұратынын білмей қалғаны қандай өкінішті). Осыны А.Бушков өз концепциясын түзудегі пікірі бізбен қрсылмаса да, санасыздықпен ақиқатқа жақаурата айтып отыр – Ә.Ә.Ә.)
Осылайша, біз өзіміз үшін ең маңызды жағдаят: шындық өмірде ешқандай «моңғол-татар» ордасының ешқашанда болмағандығының басын ашып алдық, яғни, қара шашты, қысық көз Орталық Азияны мекендеушілер ХІІІ ғасырда мамыржайлықпен өз беттерінше көшіп-қонып жүрді. Керісінше Руске мүлде басқалар еуротекті ақ шашты, шағыр көзді, көк көзді бөтен жандар«келді». Ал, шын мәнісінде, олар тым алыстан ат арытқан жоқ, қоңсы жатқан қыпшақ даласынан келді.
P.S. Тәржімашыдан: келесі жолы А.Бушковтың 24 үзікті ойының бір бөлігі «“Моңғол-татарлар” қанша болған еді?» топтамасы "Ұлт кз" оқырмандары назарына ұсынылатын болады.