«SmartBesik» жобасы таныстырылды
АСТАНА. 17 сәуір. BAQ.KZ – Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Астана көктемі» атты Наурыз мерекесіне арналған бағдарламасы аясында отандық «SmartBesik» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мерекелік көрмедегі жаңа технологиялық әдіспен жасалған бесіктің авторы Серікбол Шәймерден келушілерге бесіктің құрылымымен таныстырды.
Серікбол Шәймерден, «SmartBesik» жобасының авторы:
- Бұл бесік бала жыласа автоматты түрде тербеледі. Бала тәрбиесіне арналған таңдамалы әлдилер кіргізілген, бала жыласа қалауыңыз бойынша әлдилеп отырып тербетеді. Оның үстіне бесік шуылсыз тербеледі. 12 вольттық кернеумен жұмыс жасайтындықтан балаға қауіпсіз, керек десеңіз батарейкамен де жұмыс жасайды.
Айта өтейік, бұл бесіктің өзге де пайдалы жақтары бар. Мысалы, қашықтықтан (пультпен) басқаруға болады. Бала қажетін өтеген жағдайда хабарлайды. Бір қызығы, баланың көрпесі ашылып қалса да хабарлайды. Сонымен қатар, бала температурасында өзгерістер болса автоматты сезеді. Құрылғы жеңіл әрі жиналмалы.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).