Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қырым татары Мұстафа Джемилевпен сұхбат.

$
0
0

Қырым татарларының қайраткері, Украина парламентіндегі жалғыз өкілі, Жоғарғы Раданың депутаты Мұстафа Джемилевпен эксклюзивті сұхбат.
Автор Ұлт ақпарат

Бүгінде 5 мыңға жуық қырым татары туған жерін тастап, Украинаның Львов, Ивана-Франковск, Тернопольск сияқты батыс аймағына үдере көшіп жатқаны мәлім болды. Неге?

Мұстафа аға, 16 наурызда Қырымда өткен референдумның нәтижесі бойынша тұрғындардың 95 пайызы аралдың Ресей құрамына енуін қолдап дауыс берген екен? Соның ішінде қырым татарларының үлесі қанша?

- Негізігі бұл референдумды біз есті шара деп елемедік, өйткені референдум – жаплыхалықтық, жалпыұлттық деген ұғыммен тең. Ал жарты аралдың жарымжан пікірі – жердің тұтастығы үшін жауап бермеуі тиіс. Алайда Путиннің көкірегін буған империялық саясатқа деген сасық ұмтылысы дегеніне жеткізді. Референдумға тұтас халық қатысты деген жалған апқарат жария етілді. Шынайы мәлімет бойынша референдумға тұрғындардың 95 емес 34,2 пайызы қатысқан, соның ішіндегі қырым татарларының үлесі 0,5 пайызды құрайды. Референдумның алдында Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, қырым татарларының таңдауы тек Украина екенін айтқан едім, алайда Ресей басшысы мұндай пікірді естігісі келмеді..

Маған салса, сол Қырымнан Жапонияға, АҚШ қа қосылғысы келетін бір шоғыр тұрғындарды оңай тауып беретін едім, бірақ сол бір шоғырдың пікіріне сүйеніп, жерді жатқа беруге болатынын бұрын-соңды естігем жоқ..

Қырымдағы қазіргі ахуал қандай, ақша айланымы ресейдің рубліне айланып жатыр, көптеген кәсіпорындарды екі ел қалай бөліске салмақшы?

- Ешқандай кәсіпорын бөліске салынып жатқан жоқ, барлығы шетінен күшпен Ресейдің қарамағына өтуде. Тіптен алғашқы күннен-ақ украин және қырым татарларының тілінде сөйлейтін теле-радио арналар жабылды. Әзірге Қырымдағы бір ғана «Заман» телеарнасы қызметін тоқтатқан жоқ, дегенмен арнасы басып алу, атып алу амалы тоқтаған жоқ. Теларна тілшілері «өліспей беріспейміз», - деген ниетте. Жалпы, Қырымдағы жағдай ушығып тұр, мұның бәрі азаматтық соғыс, қала берді ұлтаралық қақтығысқа ұласуы мүмкін деп қауіптенем..

Сізді Қырымның жаңа билігі «нон грата» тұлғасы деп жария етіпті, енді Қырымға қалай бармақсыз?

- (мысқылмен) неге бармаймын, туған жерім емес пе? Жаңа «билік» мұндай топас шешім шығармас бұрын, оның салдарын тереңірек ойластырсын деп кеңес беретін едім.

Қырым татарлары жаңа референдум өткіземіз деп жария еткен еді?

- Иа, 29 наурыз күні Симферополде қырым татарларының Ұлттық сьезді өтпек, жиналыс қорытындысы бойынша референдумның өтетін күні және референдум сұрағы пысықталмақ.

Қырымдағы жағдай Қазақстанға ой тастауы тиіс пе?

- Әрине! Қазақстан ақпараттық қауіпсіздігінен бастап қорғаныс саласына мықтап көңіл бөлуі тиіс деп ойлаймын. Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі, үкімет жетекшісі, қауіпсіздік комитетінің басшысы орыс ұлтының өкілдерінен болған еді, енді ойлап қарасақ жылдар бойы олар Украинаның ұлттық қауіпсіздігін қорғаудың орнына ФСБ Украинадағы бөлімшесіне айналғанын кеш түсіндік..

Қырымның қайта қайтып келуі мүмкін бе?

- Біз Қырым үшін күресті тоқтатпайтын боламыз. Ислам елдерінен, мұсылман бауырларымыздан, Еуропа, Батыстан Ресейге қатысты санскцияның күшейтілгенін күтеміз. БҰҰ, басқа да әлемдік қауымдастықтан Ресейдің Украинаның тұтастығын кұрметтеуін талап ететін боламыз.

Қырымда орыс ұлтының құқығы тапталды деген қаншалықты рас?

- Жарты аралда 598 жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеме бар. Оның тек 14 мектебі қырым татарларына тиесілі және тек 7 мектек украин тілінде дәріс беріп келген. Мемлекеттік қызметте дені орыс ұлтының өкілдері. Күні кеше билікті басып алған Аксенов – 10 жылдан бері Ресейдің азаматы, осыдандай ақпараттан кейін кімнің құқы тапталып жатыр деп ойлайсыз?

Арнайы "Ұлт.kz" порталы үшін

Киев қаласынан

Назерке Барлыбек


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>