
ӘБЛЯЗОВ ТҰТҚЫНДАЛДЫ
01.08.2013 00:23 Айдос Әріпбаев
390
БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Францияның оңтүстігіндегі Канн қаласына жақын жерде тұтқындалды.
"Бұл туралы Әблязовтар отбасына сілтеме жасай отырып, Financial Times газеті хабарлады", - деп жазады Тенгриньюс сайты.
"Бұл туралы Әблязовтар отбасына сілтеме жасай отырып, Financial Times газеті хабарлады", - деп жазады Тенгриньюс сайты.
Газеттің жазуынша, олигархты француз арнайы жасақтары тұтқындаған. Ресей оны экстрадициялауды сұрап та үлгеріпті.
Адвокаттың айтуына қарағанда, банкирдің отбасы Әблязовтың Қазақстанға жіберілуінен қорқып отыр. Дегенмен, қашқынның қорғаушысы тұтқындау кезінде Әблязовтың қолында Орталық Африка Республикасынан алынған жеке куәлік болғанын алға тартады.
Тұтқындау мен Әбләзовтың қазіргі жағдайы жайлы әлі ешқандай ақпарат берілген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әблязовқа ақшаны қолды етуге, ұйымдасқан қылмысқа және басқа заң бұзушылықтарға қатысы бар деген айып тағылған. Банкир БТА-ның ең кемі алты миллиард долларын жымқырған.