Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Шындығын жоғалтып алғандар

$
0
0
Сөзi мен iсiне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар

(Жаңа ұстаным хақында)

Қазiргi кезеңде, Қазақстанда, ақын да, жазушы да, ғалым да, саясаткер де жетiп артылады. Өкiнiшке қарай, солардың көпшiлiгiнiң сөзi бiр басқа да, iсi бiр басқа. Әр адамның сөзi мен iсiнiң сәйкес келмеуi, бiр бағытта болмауы, ол пенденiң екi жүздi екенiн аңғартады. Мысалы, Қазақстан Жазушылар Одағының 777 мүшесi бар. Соның 7-еуi ғана елдiк, ұлттық, тiлдiк және өзге рухани күрестерде бiзбен бiрге. Егер олардың 70-i қасымызда жүрсе, ұлтсызданған, космополиттенген, тiптi заңдастырылған ұрыға айнал­ған билiктегi кейбiр топтар, бiздiң көп ұсыныстарымызға мойын бұрған болар едi. Ендi елдiк мүддеден бойын аулақ ұстап жүрген сол ақын-жазушылардың кез келгенiнiң кiтабын ақтара қалсаңыз ұлт туралы, тiл туралы, өзге рухани құндылықтар туралы өлеңдерi немесе жазбалары аз емес. Сол мүдделердi билiктен талап етуге келгенде, түрлi себептермен жаңағылардың бәрi дерлiк, үстелiнiң астына жасырынып қалады. Себебi, өзiнiң немесе ұл-қызының, немерелерiнiң қызметтерi бар. Яғни, “билiкке қырын келiп қалармын” деп қауiптенедi. Қызмет, бала-шаға бiзде, бiздiң айналамыздағы адамдарда ғана жоқ сияқты. Сөзi мен iсiне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар. Осындай күрделi шақта, елiмiзде шындығын жоғалтқан адамдардың тым көбейiп кетуi, тiптi, рухани саланың өзiнде, әдебиет, өнер қайраткерлерiнiң сөзi мен iсi ашық түрде екi бағытқа жол алуы ұлт қасiретi екенi даусыз.
Ал мына үзiндi өлең – менiң бүгiнгi дәуiрдегi ақындық ұстанымым. Мұнда тек ақындық қуат төңiрегiнде ғана ой өрiлгенiмен, ұстаным барлық салаға бiрдей тиесiлi. Мейлi жүз жерден талантты болсын, егер ол адам шындығын жоғалтып алса, ондай ақынның, ондай жазушының, ондай ғалымның, ондай ұстаздың, ондай саясаткердiң ел үшiн құны көк тиын. Бiз, қазiргi кезеңде барлық салада осындай көзқарас қалыптастыруымыз қажет. Онсыз Қазақстанда қанатын кең жайған жалған бөспелiк пен жағымпаздықты, жеке адамға табыну қасiретi мен жемқорлықпен өтiрiк күресудi және өзге пенделiк ағымдарды мүлде тоқтата алмасымыз хақ. Ендi ұстанымға жол берелiк:
“Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бiр түрi.
Тек сол үшiн оны ардақтау, жөнсiздеу һәм күлкiлi.
Дәуiрi мен билiгiне саналғанмен алымды,
Ұлтын сатқан ақындар бар, бiрақ жыры дарынды...
Ерлiгi жоқ, елдiгi жоқ, аузы ғана белсенер,
Сөзден iсi алшақ жатса, оған қалай ел сенер?
Неге бүгiн ұлт мүддесi науқас жандай теңселер?..
Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер.
Нағыз ақын әр кезеңде өзiн қағып үлестен,
Рухани мүдде шыңы – шындық үшiн күрескен.
Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,
Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.
“Ақындар аз сын сағатта сөзден iсi зорайған”,
Десек-тағы “Абай қашан жол iздептi оңайдан?”
Ел, ұлт жайлы сырларымен, Жыры биiк тұрғанымен,
Iсi үшiн мен Махамбеттi биiк қоям Абайдан!
Бұл ақындық ұстанымым қалыптасқан талайдан...
...Шындығы жоқ пенделердi басар уақыт көшкiнi.
Даңққа мойын созғанымен,
Том-том өлең жазғанымен,
Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбiрi!
Шындығы өлген мiнезсiздiк болмақ кiмнiң мақтаны?
Қазiр барлық салаларды мiнезсiздер қаптады.
Басшыларға жағымпаздық бұл кезеңде дара күш,
Содан ақынсымақтардың көбi “туфли жалағыш”...
Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы,
Сол азапқа төзе бiлу – ғажаптың ең ғажабы…
Басты мақсат – өз халқыңның сан ғасырлық ағысын,
Жеңiсi мен жеңiлiсiн, тiлiн, рухын, намысын,
Жүрегiңнiң санасынан, елегiнен өткiзу,
Және оның қасiретiн,
Ұлтқа, тiлге бас иетiн,
Қалың елге жырмен, iспен, мiнезiңмен жеткiзу.
Жеткiзе алмай дiрiлдесең... ол – шошыну, тосылу,
Үркектердiң, қорқақтардың қатарына қосылу.
Ондайлардың маңдайына мәңгiлiкке сор қатқан,
Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан!..
…Ақынға егер ойына сай шындық парқы қонбаса,
Одан үлкен өрiс күту, жеңiс күту далбаса…”
Мұхтар ШАХАНОВ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (9)
Қария | 20 маусым 2013 11:47
Мұхтардың әр уақытта өз жүрегінің қалауымен ғана жырлайтыны ұнайды. Ал оның жүрегі әр қашанда ұлтым деп жырлайды. Ісімен де сөзімен де халқы үшін отқа да суға түсуге дайын, әрі түсіп те жүрген ақын бар болса , халайық, атаңыздар. Қазіргі кезде қазақ баласының басына қиын жағдай туып отырғаны анық. Осындай өтпелі кезеңде елге тұтқа боларлық, ие боларлық азаматтар керек ақ.

Абылай Карашокыдан | 20 маусым 2013 12:12
Нағыз президент болатын кісі ғой...

Мұрат Отырардан | 20 маусым 2013 13:56
Қазіргі заманның ащы шындығын қалың қауымға жеткізуден шаршамаған ақынның тілектестері көп болсын....

Қазақ | 20 маусым 2013 14:53
Қазiргi кезеңде, Қазақстанда, ақын да, жазушы да, ғалым да, саясаткер де жетiп артылады. Өкiнiшке қарай, солардың көпшiлiгiнiң сөзi бiр басқа да, iсi бiр басқа. Әр адамның сөзi мен iсiнiң сәйкес келмеуi, бiр бағытта болмауы, ол пенденiң екi жүздi екенiн аңғартады.
- Соның бірі менмін! - деп қосып қойсаңыз, толыққанды болатын еді! соңғы күндерде өлеңіңізде бір бөлек дүние, өміріңізде бір бөлек дүние, аға!

Қазақ үні | 20 маусым 2013 17:44
БАБАЛАР РУХЫНЫҢ ҚАЛДЫҒЫ М.ШАХАНОВ АҒАМЫЗДА ҒАНА САҚТАЛҒАН! ҰЛЫ СӨЗ БЕН ҰЛЫ РУХ ТЕК ҰЛЫ АДАМНАН ҒАНА ШЫҒАДЫ!!! МЫҢ ЖАСАҢЫЗ МҰХТАР АҒА! СІЗБЕН ДӘУІРЛЕС БОЛЫП, ЖЫРЫҢЫЗДЫ ОҚЫҒАНЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН!!!

Қонақ | 20 маусым 2013 20:58
Ұлтымыздың бағына жарай, алла Мұхтар Шахановқа ұзақ ғұмыр берсін!

Жамбыл | 21 маусым 2013 09:57
Мұхтар аға сіз толықтай саясатқа мойын бұрғаныңыз жөн-ау деп ойлаймын!

Сенбек Сансызбайұлы | 21 маусым 2013 12:32
Мұқтар ағаның өлеңдерінде, ешкімнің өлеңдерінде кездеспейтін бір сарын бар. Ол халқының көз жасын, қасіретін, қайғысын, мұңын өз жүрегі елегінен өткізіп халқына қолжетімді муза тілімен қайта ұсынады! Қазақта Мұқтар Шахановтай дарынды ақын бүгінгі күнге дейін болған емес. Алла қашан да қолдап, қорғап жүргей ұлы ақынды!

Мұхтар | 21 маусым 2013 19:29
Ерторы.Мұхаңның 777 -сі мен Нұрекеңнің 777-сі дөп келгенін қараңызшы! Кереметі- ол 777 де, бұл 777 де шіп- шикі. Қазаққа берері шамалы. Мұхаңның 777 сін 7-ге дейін қысқартсаңыз да, Нұрекеңнің 777- сін 7- ге бейін қысқартсаңыз да ештеңе өзгермейді. Қайран қасиетті сандар- ай!
Айтпақшы,Мұха! Өзіңізбен бірге жүрген күрескерлерді атаңызшы. Іздеп барып, амандасып жүрейік.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 818


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>