Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Геосаясат геометриясы

$
0
0

Геосаясат геометриясы

13-Наурыз, 2014 Апта-шолу 49 рет оқылды 0 пікір

Украина мәселесі сөз болды

Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен, Германия Федеральдік Канцлері Ангела ­Меркельмен және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Пу­тинмен телефон арқылы сөйлесті.
Б.Обамамен әңгімелесу кезінде Н.Назарбаев Украинадағы дағдарысқа бай­ланысты Қазақстан осы елдің аумақтық тұтас­тығын қамтамасыз ететін және барлық мүд­делі тараптарды жақындастыруға сеп­тігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пай­да­лану қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Барак Обама Украинадағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді ха­лықара­лық ұйымдардың атсалысуымен пәр­мен­ді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.
Елбасы Германия Федеральдік Канц­лері Ангела Меркельмен сөйлесу кезінде екі елдің көшбасшылары Қазақстан – Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Н.Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.
Ал Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты. Н.Назарбаев Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украи­на­дағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қор­ғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Мем­лекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін білдірді. Қазақстан Президенті Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі туралы өзінің пікірін айтты.

Мүдделер қақтығысы

Дәл қазір Украина жерінде болып жатқан дүрбелеңді мүдделер қақтығысы деуге толық негіз бар. «Майданда» тұтанған от ауа жайылып, өртке ұласып кетті. АҚШ пен Еуроодақ бір жақ, Ресей бір жақ. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» кері келді. Украина аумақтық тұтастығынан айырылып қалудың аз-ақ алдында тұр.
Мәскеу Қырымды бөліп алудың алғы­шарттарын жасап қойды. Қырым өзінің қарулы күштерін құрғанын мәлімдеді. Жарты аралда тұрған Украина армиясына қарасты кейбір бөлімшелерді орыстар ың-шыңсыз өздеріне қаратып алды.
«Украинская правда» басылымы «Украина Қарулы күштерінің дербес радио­­локациялық ротасын басып алуға тырысты» деп жазады. Дүйсенбі күні нөмірсіз сегіз жүк машинасына тиелген 120 ресейлік десантшы әскери қалашықты қор­шап, жеке құрамға қаруларын тастап, берілуді талап еткен. Сол күні түнде 14 машинамен келген 200-дей Ресей әскері Қара теңіз дербес ракеталық техникалық бөлім аумағына кіріп, бөлімнің жеке құрамын қарусыздандырып, қаруларын қоймаға тапсыруға көндіріп, есігін жауып тастаған. Кейін ресейлік және украиндық әскерилер арасында келісім жасалған.Бақшасарайдағы бір әскери бөлім де басып алынған. Егер аталған басылымда жазылғандай, расымен мұндай жағдай орын алып жатса, онда мәселенің өте шиеленісіп кеткені деуге болады.
Қайда қарасаң да Ресей туы, «Ресей!» деп ұрандаған жұрт. Қырым Ресейге қосылу жөніндегі референдумға дайындалып жатыр. Ресми Киев бұған жол бермейміз деп, автономиялық республиканың есепшоттарын ­жауып тастады. Оған керісінше, Ресейдің Мемлекеттік Думасы Киевпен халықаралық келісімсіз-ақ Қырымды қосып аламыз деп әзір отыр. Қазір ол жерде Ресей рублі айналымға жүре бастады. Бір жағынан «Газпром» Украинаның газға берешек 2 миллиард доллар қарызын дереу қайтаруын талап етуде.
«Комсомольская правда» газеті «референдумнан кейін Украина әскерилері Қырымнан кетеді» деп тағы бір мәселенің шетін шығарып қойды.
Ресейдің кейбір дереккөздері Ук­раинадағы жағдайды ушықтыруға сырт­қы күштер дем беріп, Польша мен Литвада арнайы дайындық жасалған дейді. Батыс Украинадағы ұлтшылдар елде фашизмді орнатпақшы. Электронды ақпарат құрал­дары күн құрғатпай осы мәселені қозғап, Украинаның Шығыс облыстарында қарсылық акциялары күшейіп тұр. Қарсылық толқыны бүкіл Ресей қалаларын шарпып, «Фашизмге – жол жоқ!» деген ұранмен митингтер өтуде.
Дегенмен, АҚШ пен Батыс Ресейге қояр талабын күшейтіп отыр. «Российская газета» жазғандай, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде, егер Ресей Қырым мен Украинаның өзге аумақтарындағы әскери әрекетін тоқтатпаса, Украина дағдарысын шешетін барлық дипломатиялық жолдардың жабылатынын ескерткен. Америкалық әскерилердің пікірінше, бұл Украинада жағдай шиеленісіп кетсе, АҚШ-тың Батыстағы одақтастарына көмектесуге даяр екенін білдіреді.
Украина саяси дағдарыстан қайтіп шы­ғады? Халықаралық күштер ел тағдырын қалай шешеді? Жауабы жоқ сауалдар бастан асады. Ресей Президенті журналистерге берген сұхбатында «Қырымды қосып алу біздің жоспарымызда жоқ» дегенімен, қазірше Ресей мен Украинаның шығыс облыстары «көп қорқытады, терең батырады» деген қағиданы берік ұстанып отыр.

Ғабдул Мерқұрман


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>