Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қазір біз қалай сөйлейміз?

$
0
0

Қазір біз қалай сөйлейміз?

17 Наурыз, 2014
Қоғам028Баспаға шығару

Неміс ғалымы Вильгельм Фон Гумбольдт «Язык народа – есть его дух, дух народа – есть его язык»-деген екен. (Мен бұл сөзді нақты дәлел ретінде қазақша аудармай беріп отырмын...) Сондықтан да Д. Медведев өзі президент болып тұрған кезде мемлекеттік қызметкерлеріне тіл мәдениетін үйретуді қолға алған болар...

Ал біз болсақ әлі күнге орыс тілін мәңгілік көріп, тілі енді шыққан сәбиімізге орысша шүлдірлейміз. Қазір жастар түгілі үлкен кісілердің өздері бір-бірімен өзінің ана тілінде сөйлеспейді. Қазақ мектебінде оқитын оқушылар сабақ кезінде ғана қазақша, ал үзілісте бір-бірімен орысша сөйлеседі. Балабақшада да солай. Оқу орындарында да сол көрініс. Әрине, қазақ мектебін бітіргендердің бірқатырының екі тілде де біліп шығатынын көзіміз көріп жүр, бірақ жастарымыздың біразы өзінің ана тілінде сауатты жазбақ түгілі дұрыстап ауызша сөйлей алмайтын дәрежеде білім алып шығып жатыр. (Мен бұл жерде тек қана қазақ тіліне байланысты білімді айтып жатырмын) Себебі бала үйінде, көшеде орыс тілінде сөйлейді, соның әсерінен қазақша тілдік дамуы тежеліп қалады. Ал қазақша сөйлей алмайтын жанның қазақша ойлай алмайтыны тағы шындық. Тіпті қазақтілділердің өзі орысша ойлап барып, қазақша сөйлейді. Мысалы, «гонишь что ли?» – қуып кеттің бе?, «не интересует» – қызықтармайды, «кинул» – лақтырып кетті, «уломал» – сындырып кеттім, «брось» – таста т.б.

Орысша ойлағандықтан пайда болған осындай сөздерді ауылында бір орысы жоқ қалың қазақтың ортасы да қолданады. Тіпті тұрмыстық деңгейде де орысша білмейтін жастарымыздың көбі қазақ тілі оқулығындағы заттың түсі, пішіні дегендегі түсі мен пішіннің, киімнің өлшемі дегендегі өлшемін орысшалап «цветі, формасы, размері» демесең қазақшасының мағынасын түсінбейді. (мұндай мысалды көптеп келтіруге болады) Бұл қазақ жастарының санасының улана бастағанының белгісі емес пе екен?..

Енді қазақ балабақшасына, мектебіне барып жүрген балалар туралы әңгімемізге қайта оралсақ, оларды аяймын. Еліміздің болашағы – жастарымыздың арасында не орысша, не қазақша дұрыстап сөйлей алмайтын, анығырақ айтқанда айтар ойын қарапайым тілмен де жеткізуге шамасы жоқ дүбәра тілділер көбейіп келеді. Бұрын олар мектепте қана бар еді, енді жоғары оқу орындарында да пайда бола бастады.

Бірақ, өкінішке қарай, мұны әзірге ойлап жатқан жан жоқ...

Қорыта айтқанда атамыз қазақ «ауырғанын жасырған өледі» деген ғой. Бойымызға мысқалдап еніп жатқан дертімізді осы бастан емдемесек, мемлекеттік тілдің болашағына ғана емес, ұлтымыздың келешегіне де қауіп төніп келе жатқандай. Ойланайық, ағайын!

Күләш Керімбекқызы

Қазақстан оқу ісінің үздігі, журналист.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>