Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Жарайды Ерлан! Қазақстан визасын алуды жеңілдетті

$
0
0

Қытай қазақтарының Қазақстан визасын алуы жеңілдеді

18 Шілде 2013, 11:203391

АСТАНА. 18 шілде. BAQ.kz - Шыңжаңның орталық қаласы Үрімжі шаһарында орналасқан еліміздің Төлқұжат-виза қызметі орталығы Қытайдағы қазақтарға бір жылға көп мәрте виза беруді бастады,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі masa.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 

Тәуелсіздік жылдарынан бері қалың даудың ортасында келе жатқан Қазақстанның Үрімжідегі виза қызметі кәсіби дипломат Қайыржан Сәрсебаев басшы болғаннан бері тәртіпке түскен. Қазір Ерлан Ибрагим тізгінін ұстап отырған мекеме Қытайдағы қазақтарға бір жылға көп мәрте виза беруді бастады. Бұл өте құптарлық жайт. Бірнеше жылдан бері БАҚ өкілдерінің тікелей араласуымен виза төңірегіндегі жемқорлық сейіліп, Қытайдағы қандастарымызға оңтайлылық туған. Дегенмен 3 айға ғана берілетін виза Шыңжаңдағы 3 аймаққа қоныстанған бауырларымыздың Үрімжіге барып-келуін жиілетіп, уақытқа да, қаражатқа да ауырлық түсіріп еді. Ерлан Ибрагим мырза басшылыққа келе салысымен 3 айлық визаның қандастарымызға қиындық тудырып жатқанын айтқан. Енді міне, Сыртқы істер министрлігінің тікелей қолға алуымен Қытайдағы бауырларымыз 1 жылдың ішінде қалаған уақытында Атажұртына келу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ең алдымен ағайындарымыздың елге оралуына игі ықпалын тигізеді. Өйткені қандастарымызға ол жақтағы баспанасын, дүние-мүлкін ақшаға жаратып, бала-шағасын бір жола Қазақстанға әкелу үшін аз уақыт кетпесі анық.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>