Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all 818 articles
Browse latest View live

Дүниеге кеңінен таралған 13 сурет

$
0
0

Дүниеге кеңінен таралған 13 сурет

  АСТАНА. 16 қараша. BAQ.KZ - Адамның өзін тануы ешқашан аяқталмайтын күрес деуге болады. Төмендегі суреттер әлемдегі танымал әлеуметтік желілер мен форумдарда ең танымал, әрі, кеңінен таралған суреттер.

 


Өмірді ұзартудың 5 жолы

$
0
0

Өмірді ұзартудың 5 жолы

Шындығында, ғұмыр жасыңызды ұзартатын әдіс-тәсілдер жетіп артыларлық. Жолдарын сұрасаңыз, төменнен оқи аласыз.

* * *

1. Шәйді жиі ішіңіз

Гарвард атындағы қоғам денсаулық сақтау мектебінің мамандары әр күні ең аз дегенде екі кесе шай ішіп отыруды кеңес етеді. Шәйқұмарлар шәй ішпейтіндерге қарағанда 44 пайызға жүрек ауруына аз ұшырайтын болып шыққан. Тәжірибеге қатысқан 1900 адам соны растауда.

2. Жұмысқа көп уақыт бөліп, жетістікке ұмтылыңыз

Лайықты баға алу мен еңбекте өсіп-өну жолы өміріңізге екі жыл артық өмір сыйламақ. Мұндай тоқтамға британдық Уорик университетінің ғалымдары келуде. Нобель сыйлығына ұсынылған 500-ге жуық адамның өмір сүру ұзақтығын зерделей келе, олар "қарапайым жандарға" қарағанда жетістікке ұмтылған жандардың көп өмір сүретіндігін анықтаған.

3. Уақытылы ұйықтаңыз

Калифорниядағы ғылым ордасының ғалымдары тәулігіне сегіз сағаттан көп және төрт сағаттан аз ұйықтайтын жандардың өзгелерден аз өмір сүретін анықтаған. Және мұндай тоқтамға жайдан-жай келіп отырмаған болып шықты. Ұйқының дұрыс аралығын анықтау үшін, олар 32 мен 102 жас аралағындағы миллиондаған адамдардың өмір деректеріне қол сұққан.

4. Үй жануарын асырап алыңыз

Бәтіңке кеміру мен диван, төсенішті былғаудан бос уақытта үй жануары адамның жүрек талмасына ұшырау өлім қаупін сейілтеді. Миннесота университетінің зерттеушілер бұған көз жеткізу үшін он жыл бойына 4 мыңға жуық американдықтың өмірін зерттеп келген.

Ақ халаттың жандардың айтуынша, үй жануарымен арадағы қарым-қатынас стресс тудыратын бездерді өсірмей, жүрек қантамыр жүйесінің жақсаруына алып келіп соғатын көрінеді.

5. Тоңазытқышқа кіріңіз

Мәңгі өмір сүргісі келген жандарға крионика орталықтары ашылуда. Бәрі қарапайым: компаниямен келісімге қол қойып, 10 мың - 150 мың доллар шамасында қомақты қаржыны төлейсіз. Мұздтатқыш ішіне қатырып, күндердің бір күні жібітуі мүмкін. Мүмкін. Бір айта кетерілігі, қайта жан бітіру (мұздан арылтудың) технологиясы әлі күнге жасалып бітпегендіктен, өмір бойына мұз болып қалу қаупі бар.

Дайындаған: Әкежан Дәке

Интернет-сыйлығы

$
0
0

ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсы басталады

130926-logo-2Елімізде Интернеттің дамуы үйреншікті жағдайға айналғаны соншалық, біздің қоғам осы бүкіләлемдік торсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетті. Қазақстанда осы Интернет және IT-технология саласымен айналысатын көптеген үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Жақында ғана ашылған «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі қазақша Интернет-кеңістікті дамыту мәселелерімен айналысуды көздеп отыр. Ол үшін ол негізінен осы бағытта жұмыс істейтін сайт жасаушыларды, сайт иелерін, тіпті қарапайым қолданушыларды ынталандыру мақсатында іс-шаралар өткізіп тұрмақшы.

Ертең ұйымдастырылатын баспасөз конференциясы ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығын өткізу мәселелеріне арналмақшы. Бұл шара Қазақ Интернетінің дамуына ерекше серпін береді және жаңа ақпараттық технологияны ендіру мен ҚазНеттің жетістіктерін насихаттау үшін қызмет етеді.

ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы Ұлттық Интернет Ассоциациясының жыл сайынғы өткізілетін конкурстық жобасы болып табылады және ҚазНеттегі ана тіліміздегі үздік сайттарға, сайт жасаушыларға және Интернет пайдаланушыларға беріледі. Биыл конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілмекші:

1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары

Конкурстың соңғы кезеңі биылғы желтоқсан айының басында жоспарланған Екінші Астана Интернет Форумы кезінде өткізілмекші.
Осы жағдайларға байланысты ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсының жұмысына ат салысамыз деген барлық адамдар мен заңды тұлғаларды қолдау көрсетуге шақырамыз.

Ұлттық Интернет АссоциацияныңБаспасөз қызметі

Тантайдай батыр болғанын білеміз бе?

$
0
0

Тантайдай батыр болғанын білеміз бе?

0 45

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Атақты ғалым А.Н.Бернштам өз заманының кемеңгері, Қытайда 14 жыл тұрып, архивтерінде көз майын тауысып, 1821 жылы Бейжіннен 15 түйеге салмағы 400 пұт ескі қытай кітаптарын артып әкелген (Иакинф) Никита Яковлевич Бичурин (1777-1853) туралы «Н.Я.Бичурин (Иакинф) и его труд «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты шығармасында былай деп жазады:

«Как справедливы слова самого Бичурина, который с горечью писал: «Привычка руководствоваться чужими, готовыми мнениями, неумение смотреть на вещь своими глазами, неохота справляться с источниками, особенно изданными на отечественном языке; своему-то как-то не вериться; то ли дело сослаться на какой-нибудь европейский авторитет, на какого-нибудь иноземного писателя, хотя тот так же не имел понятия о деле».

 

Аталық дәрежесіне жеткен тұлғалар

Ойлансақ, осы жағдай тура біздің де басымызда бар. Осыған байланысты және жалпы тарих саласындағы көптеген еңбектерді оқи келе ой түйгенім, біздің тарих ғылымында да бірер ескерілмей жүрген мәселелер бар екен. Мысалы, 2011 жылы белгілі тарихшы-этнограф Жам­был Омарұлы Артықбаев «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» атты кітабында біздің бабаларымыздың қазақ еліне сіңірген еңбегін, Арыстан бабамыз­дың Хақназар ханның аталығы болғанын, Барқы батырдың Тәуке ханның аталығы, Нияз батырдың Әбілмәмбет ханның ата­лы­ғы болғанын ресми мұрағат құжат­тары­мен әбден дәлелдеп жазып шықты.

Сол шығармада біздің мемлекеттік тари­хымыз туралы жазған өзге ұлт өкіл­дері­нің маңызды мәліметтерді бүгіп қала­тынын, бұра жазудың қаншалықты біздің тарихымызды кейін тартқанын көруімізге болады: «Бір қызығы, ХVІ-ХVІІІ ғғ. қатысты деректерде «аталық» сөзі кездескен күннің өзінде зерттеушілер оны білместікпен бас­қаша түсіндіреді. Мысалы, ХVІІ ғасырдың соңындағы орыстың Петр-I патшасының елшісі А.Неприпасовтың елшілік жазбала­ры­ның ішінде Тәуке ханның жанындағы ақылшысы Барқы аталық Ресейден келген елшілік мәселесінің тағдырына қатысты хан сарайындағы кеңесте сібірлік татар Таушке Мергеннің «нам де до государевых слобод какое дело, хотя де и всех вырубят и пожгут нам де до того дела нет, для того, что де мы люди торговые, а не воинские» деген сөзі үшін ұрысты дейді: «И Тевки ханов лутчей человек Аталык Барху батыр стал его Таушку бранить за то, что он такие непристойные слова говорит. И Тевки хан Таушку Мергеня с товарищи, по его челобитью, в Бухары отпустил, а их Андрея задержав сказал...» (36,с,387). Енді осы дерек Н.Г.Аполлованың «Присоединение Ка­захстана к России» кітабында (Алма­ты,194 8) «один из лучших людей Тауке, Берху батыр, стал упрекать Таушку в том, что он непристойные слова говорит» – деп берілген (8,с.126). Бұл жерде зерттеуші екі қатені қатар жіберіп отыр, біріншіден «Бар­ху» атауын «Берху» деп берген, екін­шіден «аталық» лауазымын мәтіннен алып тастаған. Тарихи зерттеу үшін көне дерек­тердегі әр бір сөз қадірлі екені белгілі, егер математика сабағында есепті шығару үшін теңдеу элементтері түгел берілмесе шешіл­мейтіні сияқты тарихи зерттеулердегі сәл ағат­тық, сөзге мән бермеу өз кезегінде үл­кен қателіктердің туындауына себеп бо­лады». 

Бұл ғажапқа не дейсіз? Үш-төрт ғасыр бұрын Ресей елшілік құжаттарында аталық деп дұрыс жазылған сөзді, бүкіл түркі мемлекеттеріндегі ең үлкен лауазым аты екенін біле тұра 1948 жылдардан бастап мүлдем алып тастағандарын, тек Нияз аталықты 1740 жылғы Ресей Қазақ елшілік құжаттарында бір жерде ғана «байқамай» «дядька хана» деп аударғанын не деп бағалауға болады?

Бұл жерде бір сөзді алып тастауынан біз Қазақ мемлекеті әкімшілік және идео­логиялық жұмысын ұйымдастырып, ол түгіл ханның өзін ел басқаруға жастайынан тәрбиелеп, жас ханзаданың болашақта ел басқарғанда жүргізетін саясаты мен дипломатиясын анықтап, бойына сіңіріп, кейін хан болғанда бас кеңесшісі болып тұрған аталық тұлғасын жоғалтып тұрмыз, яғни ханның әкімшілік кеңсесі, басқару аппараты, оны ұйымдастыруда бір жүйе бол­ғанынан бейхабар қалып тұрмыз. Н.Г.Аполлова кітабын оқыған адам Ресей­ден келген саудагерге аталық Барқы емес, бір Берху деген батыр ұрысқан екен деп ойлайды және ол адамның кім екенін Ж.Артықбаев түп нұсқадан қарамаса еш уақытта таба алмас едік.

Тек бұл ғана емес, жалпы, шетел тарих­шы­лары, орыс тарихшыларын қоса айтып отыр­мын, бірнеше ғасырлардан бері тама­ша зерттеулер жүргізгендерімен, олардың шы­ғармаларында авторлардың қазақ немесе түркі тілдерін, түркі халықтарының салт-дәстүрлерін, әр ұлттың өзіне тән құн­ды­лықтарын, ұлттық философиясы мен идеологиясын жетік білмегендіктері де көзге ұрып тұрады. Сондықтан, олардың кей­де үстірт тұжырымдар жасауларын және қателіктер жіберіп алуларын ақыры басқа ұлт өкілдері екендіктерінің себебінен деп ойлаймын. Әрине, ол еңбектер болма­са, бізге қазір мүлде қиын болар еді, ол зерт­теулердің құндылығы көп екенін мо­йын­дау керек. Дегенмен де, дұрысы әркім өз тарихын өзі жазғаны және өз тілінде жазғаны абзал ғой, сонымен бірге бізге шетел тарихшыларының еңбектерін ой­лан­бай көшіре бермей, ой жүгіртіп, дұрыс-қатесіне қарап, келіспейтін жер болса, не себепті олай жазғанына сын көзбен қарап пайдалану жетіспейтін сияқты.

Тантай батыр шежіресі

Біз осы мақаламызды жоғарыда аты аталған Барқы аталықпен қатар өмір сүр­ген, аталықтың жақын ағайыны Тантай батырға арнамақпыз. Әуелі қазақ тәртібі бойынша кейіпкеріміздің шежіресінен бас­тайық. Жалпы, Арғын тайпасы Бес Мейрам және Жеті Момын деп екі үлкен топқа бөлі­неді. Бес Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек тараса, Қуан­дықтан Ағыс, Қалқаман, Бөрші, Те­меш, Алтай, Қарпық туады. «Арғынның бір атасы Қуандық-ты, Кезінде қылған екен жуа­ндықты. Аққошқар-Сайдалының зама­нында, Бір көлден қырық мың жылқы суарыпты», – деген атақты Шөже ақынның өлеңін, Арғынның Бесмейрамын қазақтың «Абылай аспас Сарыбел» деп атағанын, Бесмейрамның Қуандығын Абылайдың өзінің «Басынан сөз асырмайтын асауы бар» , «Ә-десең, мә-деп едірейіп тұрған Қуан­дығы бар, Атасынан үзілмеген жуандығы бар,» – деп мойындауын бала кезімізде қариялардан естіп өстік.

Қуандықтан Алтай, одан Сайдалы, ол Сүгірәлі, Арыстан болып екіге бөлінеді. Сүгірәлі батырдан Қабай, Жабай, Әлсейіт, Дүкеней аталары тарайды. Арыстанның тоғызының тірісі Мамадайыр, Мамашық, Барқы, Тоғызақ. Ертеде қариялар осылар­дан жалғыз Барқыдан тұқым бар (одан Мөңке, Нияз, Құлғара), ал Мамадайыр, Мамашық, Тоғызақ үшеуі үш жүз жыл бұрын қалмақпен соғыста жау қолында қалыпты, тоғыз ұлдың қалған бесеуі соғыста өлген, тұқым жоқ дейтін. Олардың «Барқы батыр қарадан хан болған», ал оның ұлы «Нияз батыр Түркістанды билеген» дегендеріне түсінбеуші едік. «Хан да Барқы,қара да Барқы» деген мәтелді де сол кісілерден естігенбіз. Түркістан қайда, Арқа қайда деп ойлаушы едік.

Сөйтсек, көрнекті тарихшы-этнограф Ж.Артықбаевтың «Аталықтар әулеті: Арыс­тан, Барқы, Нияз» атты кітабында дәлелдеп жазғанындай, алмағайып замандарда хан өлгенде, басқа хан сайланғанша аталық уақытша хан міндетін атқарып, елге ат шап­тырып хан сайлар құрылтайға жинай­ды екен. Туған әкесіндей боп өзі тәрбиеле­ген мұрагер ханзаданы таққа отыр­ғызуға аталықтар қаншалықты мүдделі болса, болашақ хан тағынан үміт­кер де тақ үшін күресте аталықтарға соншалықты сүйеніп, әрқалай қастандықтардан сақ болу үшін, ауылымен тәрбиешісінің елінің арасында бірге тұрып, көшсе бірге көшіп жүреді екен. Шапқыншылық жылдарында ел жинау оңай емес, оған кейде бірнеше жыл кетеді, ондай жағдайда аталықтар елді сол қалпы басқарып, елшілерін қабылдап, соғысқанмен соғысып, Орданы құлатпай ұстап тұрады екен. Қарадан хан болмағы сол екен. Ресей патшасы Петр I-ге елші болып барған, Қытай императорымен кездескен елші бабаларымыз, би, батыр аталарымыз бар екен.

Қабайұлы Бақыбек батыр Қанжығалы Бөгенбай батырдың ұстазы болған, Бөген өзенінің бойында жерленген. Ауыз екі әңгімеде қарт батырды өлтіргені үшін Бөгенбай батыр қалмақтан құн алған.

Сүгірәліұлы Әлсейіт керуенбасы, сауда істерімен шетелге жүрген, елші болған, есімі Тобыл архивіндегі XVII ғасырдың аяғындағы Қазақ-Ресей елшілік құжат­тарында«Торговый Казачьей Орды Аль­сейт­ко Шугуров» деген атпен кездеседі.

Дүкенейұлы Олжа батыр 1769 жылы Абылайхан атынан қытайдың Улясутай мекеніне саяси мәселелер бойынша елші болып барған.

Қарамағына үш жүз ғана емес, қырғыз бен қарақалпақ елі қараған, заманы «алтын ғасыр» аталған, қазақ елінің ханы Әз Тәукеден кейінгі хандықтағы екінші тұлға Барқы аталықтың қаншама ұлдарының хан Кеңесі тапсырмасымен шартарапқа бытырап кеткенінен елде қалғандары тек Мөңке би, Нияз аталық, Құлғара батыр ғана.

Нияз аталық туралы 1740 жылдардағы Ресей елшілік құжаттарында көп кездеседі. Генерал-губернатор князь Урусовпен келіссөзді Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан және Нияз батыр жүргізгенін жаза келіп, орыс деректері Нияз батырға көбірек тоқ­талып, ол кісіні «дядька хана» деп, (аталық­ты аударған түрі ғой), «Он пригласил Абуль­мамбета в Туркестан и утвердил его на троне», «Он духом хана владеет» деп жазды.

Ал, Құлғара батыр – ағасы Нияз аталық­тың сенімді серігі болған, орыс жазба деректері бойынша 1742-1744 жылдары екі жас бозбалаға, Әбілмәмбет ханның баласы Әбілпейіз сұлтанға және Нияз аталықтың баласы Әлдеберліге, бас болып қалмақ қонтайшысы Қалдан Цереннің қолында Абылай сұлтанның орнына ақ үйлі аманатта болған атақты батыр, саяси қайраткер.

Мөңке бидің баласы Ақтайлақ би, әрі батыр қытай елшілік құжаттары бойынша 1773 жылы Әбілпейіз сұлтан атынан Пе­кин­ге елші болып барып, қытай императо­ры Еженханмен кездескен.

Соңғы бір-екі жылда біздің ізденістері­міздің арқасында Мамадайыр, Мамашық тұқымдары табылды, олардың бір-екі тобы XVIII ғасырдың орта кезінде шығысқа найман еліне басшылыққа жіберілген Әбілпейіз сұлтанның аталығы, сенімді серіктері ретінде жіберіліп, кейін Шұбартау төлеңгіттерінің ішіне сіңген екен. Оны Әлихан Бөкейханов өзінің кітабында бұлар төлеңгіт емес, Арғын Алтай Сайдалы деп жа­зып кеткен болып шықты. Ол кісі Алтай­дан аталықтар шыққанын білген сияқты. Мәшһүр Жүсіп атамыз жазатын «Арғын болсаң, Алтай бол» – деген сөз сол уақыттан қал­са керек.

Тоғызақтар Ташкент түбіндегі Шыр­шық­та Шанышқылы ішінде екен. Әз Тәуке басқарып кемеліне келіп тұрған қазақ хандығының аталығы, ханнан кейінгі екінші тұлға Барқы аталықтың інісі Тоғызақ та Ташкент түбіндегі Шыршықтың екі өзені­нің арасындағы ең шұрайлы жерді тегіннен қоныстанбаған сияқты.

Барқынның тағы бір інісі Арыстан ата­лық­ұлы Тантай батырдың Қайып ханның жарлығымен 1718 жылы Ресей патшасы Петр I-ге әскери одақ мәселелері бойынша бас елші боп аттандырылғанын Ж.Артықбаевтың «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» кітабынан білдік:

«... Біздің кітабымызға өзек болып отырған аталықтар әулетінің негізін салушылардың бірі Арыстан аталықтың деңгейін Қайып ханның 1718 жылы Петр патшаға жазған хатынан кішкене үзінді көрсетіп бере алады «А послал я от себя к Вашему величеству старинного своего слугу и аталыка Араслан-батыря, лутчего человека, сына его Тантая-батыря большим посланником» дейді. Бұл жерде Қайып хан алдымен Арыстан аталық әулетінің Қазақ хандығына сіңірген еңбегін ерекше атаған. Екіншіден, Арыстан аталықтың баласы Тантай батырдың бас елші ретінде Санкт-Петербургке аттанғанына аса маңыз беріп, Петр патшаға да салмақ артып отыр. Үшіншіден, Қазақ хандығының Әз Тәуке хан заманындағы елшіліктерін көп бастаған Тайқоңырдың өзі бұл жолы бас елші Тантай батырға көмекшілікке бекітілгені де көп мәселені аңғартса керек.»

Батырдың жұмбақ өлімі

Тантай батырды Жоңғар шапқан аласапыранда жолда өлді ме, артында тұқым қалмаған, шежіресі үзіліп қалған, ру үшін емес, ел үшін шейіт болған талай есіл ердің бірі ме деп ойладық. Артынан ұрпақ қалмаған. Қалса, қайда екені белгісіз. Есімі Ресейдің ресми елшілік құжаттарында, аты Қарқаралы керуен жолының Бетпақтан өтіп кеп Шуға келгендегі соңғы шоқысы Тантайтауда қалды. Ол Ю.Шмидттің «Очерк казахской степи» кітабының (Астана, Алтын кітап, 2007, 50-том, 110-бет) және Ә.Марғұланның «Тарихи дәуір­дегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті» кітабында (Астана, Алтын кітап, 2007, 8-том, 26-бет) Тантай шоқы­сы, патшалық Россияның ескі әскери топографиялық карталарында Тантай тау. Жанындағы серігі, Россияға талай елші боп барған Құлтабай аталықұлы Тайқоңырдың атында сол маңдағы керуен жолында Тайқоңыр құдық бар, тәрізі екеуі әскери одақ мәсе­лесі бойынша барған. Жобамен 1720-1723 жылдары Ресей сапарынан қайтып келе жатып, Түркістандағы хан Ордасына жете алмай жау қолынан сол жерде мерт болып, Тантай шоқысының етегіндегі 7-8 шақырым жердегі Кісеміс және Бегазы қорымының бірінде жерленгендей. Өзі өліп отбасы жау қолына түсті ме, әлде ата­лықтардың басқа тұқымдары сияқты басқа елге қосылды ма, әйтеуір тірі болса қазір ең кемі он ұрпақ тараған ру болары сөзсіз текті тұқым еді.

Негізі, мұндай тегі асыл ердің тұқымы­ның мүлдем жоғалып кетуі де мүмкін емес қой, бар болса аталықтардың табылып жатқан басқа ұрпақтары сияқты бір жер­ден жарып шығуы тиіс еді деп те ойлаймын. Қазақ жеті атадан кейін тектілік қасиеті қай­таланады дейтін, тірі қалған болса, ата­лық бабалары сияқты ел үшін адал қызмет етер біреу шығар еді.

Осының бәрін талмай зерттеп, жазып жүрген тарихшы-этнограф Ж.Артықбаев­т­ың аталықтар туралы әлі талай дерек шығуы мүмкін екенін айтқан жобасы тура келді. Шынында да, жоғарыдағы еңбек­тер­ден, әскери топографиялық картала­лар­дан Тантайтауды тапсақ, оған қоса еліміздің әр түкпірінен Алтай аталықтар ұрпақтары туралы деректер шықты. Алтай Сайдалы Арыстан аталықтың ұрпақтары қарақалпақ, қырғыз, өзбек, Ұлы жүз, Кіші жүз елдеріне кейбіреуі сұлтандарға ата­лық, кейбіреуі сол елдердегі үлкен ханның тұрақ­ты өкілі ретінде жіберілсе керек. Олардың дипломатиялық міндет атқарып, барған еліндегі хан кеңестерінде елеулі орында болғандықтары жөнінде де мағлұ­мат­тар кездесті.

Құдайдың құдіретімен Арыстан ата­лық­тың үлкен ұлы Мамадайыр тұқымы Хақ­назар­дың ұлы Ахмет-Кереймен Кубань­ға кеткені, Кавказдағы Арғын сайы­ның жанында Мамадайыр селосы болғаны анық­талды. Мамадайыр тұқымы Өмірзақ аталықтың Әбілпейіз сұлтанмен Найман еліне барғанын Қазақстанның Шығыс айма­ғындағы халық біледі. Одан әлдеқай­да бұрын Мамадайырдың баласы Көкен, одан Сүйіндіктің Кіші Жүзге Әбілқайыр ханға аталық боп барғаны жаңа ғана бел­гілі болып отыр.

Совет қысымы кезінде көптеген төре тұқымдары сияқты төлеңгіт атын жамылып жасырынып аман қалған аталық ұрпақтары Атыраудан, сонау Астрахань қаласынан бізді іздеп тауып, байланысқа шықты. Олардың да ізденіп, шежірелерін түгендеп жатқан жайы бар екен.

Кіші Жүз төлеңгіттері ішіндегі Алтай-Арғын Мамадайырлардың арасында Бақы би, Нияз батыр аталарының кездесуі де қызықты дерек. Әбілпейіз сұлтанның Қытайдағы Абақ Керейлер төре қылуға сұрап алатын баласы Көгедай ұрпақтары­мен бірге барған Барқы аталық ұрпақтары Жантекей руына сіңді деген де дерек бар. Сонымен бірге Барқы тұқымы Шанышқылы руының Боқа атасының арасында Барқы тобы болып кездесуі де ғажап. Оның үстіне Бибол және Барқы тобын жалпы Бектер деп те атайды екен. Шанышқылы шежі­реші­лері арғы атасы белгілі, бірақ одан кейін олардан арасы үзіліп қалған, бірнеше ағайынды адамдардан тараған елді топ деп атап, бір атаға кіргізіп отырған екен. Ал Боқаның Шәкерім атамыздың жаугер­шілікте ел Арқаға ауғанда сартпен бірге егін салып жүргенде өзбек арасында қа­лып қойды деп жоқтап жазғанынан біле­міз. Ташкенттік жазушы, Қазақстан Жазу­шы­лар Одағының мүшесі М.Омаров өзінің «Шанышқылы шежіресінде» («Ёзувчи» баспасы, Ташкент, 2000, 190-бет) «Боқа, Тас, Тоғызақ үшеуі қыз алыспайды» – деп жазған еді және «Боқаның шалдары Ша­ныш­қылыға қоссаң қос, бірақ, Тоғызақпен қыз алыспайды деп жаз, әйтпесе шежі­рең­нің керегі жоқ деген еді» – деп Алла аты­мен 2011 жылы Тоғызақтың екі азаматы­ның ал­дын­да куәлік етіп еді. Ал Тоғызақ Арғын Алтай Арыстан аталықтың (Хақна­зар хан­ның аталығы) Тәшкен маңындағы елге үлкен ханның өкілі болған кенже ұлы деп білеміз. Одан үлкені Ресейге елші бо­лып барған Тантай батыр, оның ағасы Тәу­ке ханның аталығы Барқы батыр. Арыстан ата­лықтың үлкен ұлы Мамадайыр ұрпақ­тары­ның Әбілқайыр және Әбілпейіз сұл­тан­дардың аталықтары болғанын жоға­ры­да айтып өттік.

Ираннан Қасымханның Байрам (Мей­рам) атты аталығы болғаны, оның 1513 жылы Қасымханнан әскери көмек сұраған Өзбек хандығының Иран патшасы Исмаил шахпен соғысына қазақ әскерін бастап барып, өзбек Убайдулла ханның кесірінен Қасымханның баласы Әбілқайыр ханза­дамен бірге қоршауға түсіп қаза болғаны туралы деректерді Табризидің «Тарихи Сефевиа» шығармасынан ираншы Ғалия Қамбарбекова тауып әкелді. Сол еңбектің бір тізімінде ол жарықтық бабамыз Мейрамхан аталық деп те жазылған екен, ол кісіден де, Иран тарихшыларынан да Иран шахы Исмаил тарихы туралы шығар­малардың үш нұсқасында да аты толық көрсетілмеген, руының атымен жазыл­ғанға ұқсайды деген жауап алдық. Осы парсы дерек­терін­де Қасымхан ордасында Мейрам аталық есімі ерекше ықыласпен аталатынын атап жазған. Бұл талантты ғалым марқұм С.Қондыбайдың «Арғық­азақ­­тар мифология­сы» шығар­масындағы есенқазақтардың ішінде (бұл да XV-XVI ғасырлар) бір елдің басшысы Мейрамхан деген біреу бар деп, оның әркіммен соғысқанын жазғанына да сәйкес келеді екен. Және «Шетпеден 18 шақырым жердегі «Әләу-Мейрам» әулие деген қос атпен аталған қорымда екі қабір бар, сондықтан Әләу дегеніміз Кіші Жүз Әлім, ал Мейрам осы Мейрам сопы емес пе, Мейрамдар бастаған, абыздық функциясы бар арғын тайпасы Қазақ хандығын құрғанда Алтын Ордаға таяу Маңғыстау жерінен елді бастап Шу бойына кетті, ал олар сол уақытқа дейін осы есенқазақтардың ішінде болды» деген жорамал жасаған еді. Әрине, Мейрам сопының мыңдаған жылдар бұрынғы өте көне атау екенін білеміз, сондықтан ол қорымда жатқан Мейрам сопы емес, осы Мейрамхан аталық болуы керек, өйткені Әзірет Сұлтанға дейін елдің ардақтылары жерленетін пантеоны (әулиелер мекені) Маңғыстау екені белгілі. Ал Кіші Жүз Әлімнің де одан әлдеқайда ертеректегі атау екені анық және Қасымхан уақытында Ноғай Ордасына қараған ел еді, сондықтан бұл қорымдағы екінші қабыр сол Иран мен өзбек соғысында Мейрам аталық әскердің оң қанатын басқарса, сол қанатты басқарған және сол соғыста өлген Алуб аталықтыкі болуы тиіс. Ал оның кім екені әрине, бөлек әңгіме.

Осы тақырыпты зерттеуші Ж.Артық­баев­тың пайымдауынша: «Аталықтар, көбіне өз руларының мүдделерін ба­сымырақ қоятын рубасы батыр, билер сияқты емес, орталық билік үшін, мемле­кеттің мүддесі үшін ханға, елге адал қызмет етіп, өздерін де, ұрпақтарын да сол жолда құрбан еткен, хан баласы қайда барса сонда барып, бірге өлген ұлы тұлғалар, мемлекетке адал қызмет етудің үлгісі». Арыстан аталықтың «тоғыз арыстан» аталған тоғыз ұлынан елде жалғыз Барқы қалып, қалғанының дүниенің түкпір-түкпірінде шашырап қалғаны сондықтан екен...Дана қарияларымыз осыны өсиет қылып, «туғандарымыз ел үшін, мемлекет мүддесі үшін тапсырмамен, ауыр міндет арқалап жан-жаққа кетіп еді, енді солардың тұқымдарын іздеу сендердің міндеттерің, туған жерге қайтып әкеліп, елге қосу керек, шежіресін түгендеу қажет», – деп әңгіме айтады екен ғой.

Бізден бұрын бұл аталарды 1897 жылы «әкем Қаңтарбай батыр елге қайтатын уақыты болды, алдырыңдар деп өсиет қып айтып кетіп еді» – деп болыс атамыз Иса Қаңтарбайұлы іздеген екен. Ол кісінің осыдан 116 жыл бұрын туысқан екенін шежіреден көрсетіп, Шұбартау елінің болысы мамадайыр Меңаяқ бидің баласы Оспанқұлға «Міндеттеріңді артығымен орындадыңыздар, ел риза, енді елге қайтыңыздар, сіздерге жер жетед.Бір өкініштісі, бірнеше ай жүріп, Тәшкенге іздеп барып едім, Тоғызақтар үйреніп қалдық деп қайтпады», – деп жазған хаты мұрағаттан табылды. Мамадайыр, Мама­шық, Тоғызақты тапқаннан кейін, елге қайт­паса да, шежіреде тірі, бар деп атта­рын қалдырмай жазатыны содан екен. Ал қалған бесеуін таба алмаған соң, қал­мақ­пен соғыста өлген екен деп шешкен тәрізді. Әрине, айта берсе мұндай дерек көп.

Ежелгі елшілер тарихы толық зерттелмеген

Біз осы кітаптың көмегімен үш жүз жыл бұрын мемлекеттік тапсырмамен жан-жақ­қа аттанған аталықтар әулетінің біразы­ның тұқым-жұрағаттарының табысу сәтіне куә болдық. Дегенмен жоғарыда айтылған елшілер, тұрақты өкілдер, шетел мемлекеттерімен сауда қатынастарын жүргізген керуенбасылар тарихы осы уақытқа шейін толық зерттелмеген. Тек қана 1683-1799 жылдар арасында Қытаймен және Ресеймен ғана 72 елшілік алмасқан, ал ол туралы жалғыз тізім ғана жарияланды. Мысалы, шетелдіктер біздің елшілерден қазақтың елшілік тарихы жөнінде сұрап қалса, Коллонтайдан бастап жүрмеуі үшін не істеу керек? Қазақтың елшілік институтының бірнеше мыңдаған жылдық тарихы бар екенін қалай дәлел­деп, қалай түсіндіреміз? Қазақ хандығы­ның қарым-қатынасы бар көптеген елдер­де өзінің тұрақты өкілдерін ұстағанын неге зерт­темейміз?

Жалпы уақыт алыстаған сайын тарих ұмытыла беретіні, тарихи тұлғалар жөнін­дегі деректер мен оқиғалардың халық жадынан алыстай беретіні сөзсіз. Мысалы, елдің есінде XVIII ғасырдың басында басталған зұлмат «ақтабан шұбырын­ды­ның» сұмдығының әсерінен сол дәуірден бергі тарихи оқиғалар көбірек сақталған, ал одан әрідегісі ұмытылыңқыраған екен.

Сонымен бірге, кеңес заманында ел жақсыларына қырғын тиіп, қазақ елінің генефонды, яғни көбірек дерек білер текті де білімді тұқымының басым көпшілігінің жойылуы салдарынан халықтың есінде күні кеше осы рудың қолын бастап шыққан, яғни ел ішінде жүрген батырларының әңгімесі ғана көбірек қалған сияқты. Ал мал баққан қара шаруаның есінде қолды болған биесі мен түйесін даулап әперген, көбіне ауыл-елмен бірге, оларды бастап көшіп жүрген, сол рудың есесін жауға жібер­мейтін билердің әңгімесі ғана қалды.

Міне, Тантай батыр туралы деректердің ұмытылуына да осындай себептер бар. Әз Тәуке хан заманында толыққанды өмір сүріп тұрған елшілік институтының тамаша бір өкілі туралы әлі де жазылар деген ойдамыз. «Алмас пышақ қап түбінде жатпайды» деген қазақтың сөзі бар емес пе, аталық әулетінің өзге де өкілдері сияқты Тантай батыр ұрпақтарының да табылатын күні алыс емес деп үміттенеміз.

Серікбай ЖАРКЕШОВ, өлкетанушы

СУСАМЫР

$
0
0

СУСАМЫР САРСАҢЫ ЖӘНЕ СЕМІЗДІКТІҢ ЗАРДАБЫ

Отандық медицинада ең өзекті мәселенің біріне айналған сырқат – қант диабеті немесе сусамыр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, ел бойынша 700 мыңнан астам адам сусамыр ауруына шалдығыпты. Онкологиялық және жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларынан кейінгі үшінші орында қант диабеті сырқаты тұр. Ең қауіпті жағдай, бұл ауру күн санап асқынуда. Мәселен, өткен жылдың өзінде еліміз бойынша бұл кеселге душар болғандардың саны 20 мыңға жетіпті. Ал дүниежүзінде 366 миллион  адам қант диабетімен ауырады екен.


Отандық «Диабет қауымдастығы» маман­дарының айтуынша, халықтың медицина саласындағы немкеттілігі мен сауатсыздығы салдарынан қант диабетімен ауыратындардың саны арта түскен. «Науқастар уақытында дәрігерге қаралмайды. Тіпті есепке де тұрмайды. Қант диабетіне шалдыққандардың өзі дертіне мән бермей жүре береді. Елемеудің салдарынан ауру асқынып кетеді», – дейді қауымдастық мүшелері. Сондай-ақ елдегі өлім-жітім көрсеткішінің 60 пайызы қант диабеті салдарынан болады екен. Бұл сусамыр сырқатының қауіптілігін көрсетсе керек.
Қант диабеті ауруы – эндокринді зат айналу жүйесінің бұзылуы салдарынан пайда болатын сырқат. Ұйқы безі бөлетін гармон – инсулин жетпеген жағдайда дерт сыр бере бастайды. Диабет – «балалар сусамыры», «ересектер сусамыры» болып екіге бөлінеді. 1991 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 14 қараша – «Дүниежүзілік диабет күні» болып белгіленген. Мұндағы мақсат – ғасыр сырқатына айналған аурудың алдын алып, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу. Ал осы аурудың  белгілеріне келер болсақ, дімкәсті үнемі шөл қысып тұрады, сонан соң кіші дәретке жиі барып, тамақ жегісі келе береді екен. Сондай-ақ ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ал жас балалардың кіші дәреті тоқтамайды, екі шабының арасында бөртпелер пайда болады, іш киімі крахмалдан­ғандай қаудырлап тұрады.
Қант диабетінің белгісі анықталғанда бірден емделмесе, ағза әлсіреп,  қол-аяқ сырқырап, ашуланшақ күйге түсетін көрінеді. Сондай-ақ көздің көру қабілеті нашарлап, бүйрек қызметі бұзылады. Бұған қоса, артық салмақты   сырқаттарды емдеу де қиын нақтырақ айтқанда  компьютерлік томография жасау мүмкін емес,  – дейді мамандар. Жалпы, қант  диабетіне шалдығудың себептері мен салдары көп. Бірақ бүгінде ең бас­ты  себептің бірі – артық салмақ немесе семіздік болып отыр. Семіздік дертіне шалдыққандар санының өсу тенденциясы Орталық Азияның барлық елдерінде байқалады. Алайда БҰҰ-ның «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы» Кіндік Азияда ең етжеңді адамдар біздің елдің азаматтары екенін мәлімдеген. Бізде 40 пайыз, яғни 3 миллионға жуық адам семіздікке шалдыққан. «Бұл – әрбір 4-ші адам артық салмақпен ауырады» деген сөз. 1 Күн санап дендеген сырқатқа шалдыққандар еліміздің оңтүстік- шығыс аймақтарында көп.  Ал  батыс өңірлерде сусамырмен  ерлер көбірек ауырады екен. ТМД елдері арасында, айталық Ресейде артық салмақты адамдардың үлесі – 40 пайыз болса, Өзбекстанда – 17,3, Қырғызстанда – 17,2, Түркімен­станда – 14,3, Тәжікстанда – 9,9 пайызға жетіпті.
Жас айырмашылаққа бөлінбейтін семіздік медицинада ағзадағы зат алмасудың созылмалы дерті ретінде қарастырылады. Денеде май тінінің шамадан тыс жиналуынан жүрек талмасы, миға қан шабу, қан қысымының көтерілуі, холецистит, артрит, панкреатит сияқты аурулар пайда болады екен. Мұның ақыры қант диабетіне жеткізеді.
Қазақ: «ауру – астан» деп бекер айтпа­ған шығар. Күн­делікті ауқаты­мыздағы фасфудтан бастап, майлы, нан тағамдар бұл дерттің себепшісі. Сондай-ақ күнделікті спортпен айналыспау, бір орында отырып жұмыс істеу де семірудің бір себебі. Мамандардың айтуынша, құрамында майы көп тағам мен газдалған сусынды үнемі пайдаланудан және аз қозғалыс жасаудан асқазан қызметі әлсірейді, тамақ қорыту қабілеті нашарлап, семіру мен диабетке шалдығу арта түседі екен. Жалпы, майлы тағам мен спортпен шұғылданбаудан қан құрамында инсулин гармоны көбейеді, қанда қант мөлшері артатын көрінеді.
Басының сақинасы бар және өтіне тас біткен адам да қант диабеті ауруына бейім болады екен. Бізге осылай деген кісі бұрын қалалық ауруханалардың бірінде дәрігер болыпты, кейін өзі де сусамырға шалдыққан көрінеді. Жасы елуден асқан Шолпан ханым (тегін айтпауымызды өтінді) сусамырмен осыдан 5 жыл бұрын ауырыпты. Ол диабетпен ауырғанға дейін майлы тағамдарды көп жепті. Сондай-ақ оның салмағы 90 келіден артық болған. Ол бұл ауруға артық ұйқы мен майлы тағамдарды көп тұтынудан шалдық­қанын айтады. «Бұл қиын ауру екен. Бұрынғы­дай таңдаған тағамыңды жей алмайсың. Қонаққа барсаң да, әртүрлі астан тәбетіңді тежеп отырасың. Көп тамақтансаң немесе күнделікті ауқаттанудың режимін бұзсаң, қандағы қант құрамы артып кетеді. Сосын ашулансаң, қуансаң да ауырып қаласың. Үйде арнайы аппаратым бар, сонымен, екі күнде бір рет қантымды тексеріп отырам. Дәрігерге қаралып, дәрісін ішіп тұрамын. Ауру белгісі пайда болған кезде, уақытын өткізбей қаралмағаныма қазір қатты өкінемін», –  деді ол.
Осы тақырыпты жазу барысында біздің бір қызықты ақпарға көзіміз жетті. Егер жүкті әйелдер тәтті тағам мен майлы асқа жақын болса, онда оның сәбиі сусамыр ауруына бейім немесе жүрек-қантамыр ауруымен туылады екен. Нақты санмен айтсақ, еліміз бойынша дүниеге келген әрбір мың баланың оны осы дертпен өмір есігін ашатын көрінеді.
Ғасыр дертіне айналған семіздік пен сусамыр жайлы нақты әрі толық мәлімет алу үшін Алматыдағы бірнеше емхана мен аурухана есігін қағып, мамандармен тілдестік.  

Біле жүріңіз!

Ғалымдардың айтуынша, әдетте инженерлер мен мұғалімдердің ағзасы тез семіруге бейім болады екен. Медицина мамандарының сөзіне сенсек, әлемдегі барлық мамандықтарды – аздыратын және семіртетін мамандық деп екіге бөлуге болады.
Зерттеушілердің сауалнамасына 3700 адам қатысқан. Олардың жартысынан астамы артық салмақтан құтыла алмай жүргендер. Қысқасы, зерттеудің нәтижесі мынадай болып отыр:

директордың көмекшісі ............... 69%
инженер ........................................ 56%;
мұғалім мен медбике ...................  51%;
заңгер   ...........................................  45%,
ғалым   ...........................................  39%

Саулнама жүргізілген азаматтардың 56 пайызы семіздіктің басты себебін бір орыннан қозғалмай жұмыс істеудің кесірінен деп көрсеткен.
Өзге себептердің қатарында: күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, әріптестердің қысымы секілді жайттарды келтірген. Айта кетейік, зерттеуге қатысқан әртүрлі мамандық өкілдерінің тек 16 пайызы ғана өз жұмыстарынан азатындықтарын (арықтайтындықтарын) айтқан.

 

Маман пікірі

Етжеңді – ауру жеңді

Тұрысбек Еділбаев, эндокринолог дәрігер:

– Сіздерге келетін семіздік пен сусамырға шалдыққан адамдардың дені қай жастағылар?
– Біз өзі қайда болса да, жай басып, кешігіп келетін халықпыз ғой. Сол секілді  менің алдыма да ауруы асқынған жандар жиі келеді. Емделуге келетіндердің көбі 30-дан асқандар, 60-ты аралағандары да бар. Қант диабеті асқынып, ауру жанына батқанда дәрігер іздейді біздің халық. Ауырып жүргенін біле тұра шыдап, дәрігерге қаралмай жүре беретіндеріне қарның ашады, бірақ амал қанша!..
– Маман ретінде айтыңызшы, аурудың алдын алмай, уақытын өткізіп алған жағдайда, науқасқа шипа қона ма?
– Семіздік пен қант диабеті бүкіл әлемде белең алған ауру. Өкінішке қарай, екеуінің көрсеткіші де күн санап артып отыр. Бұрынғы заманда да, қазір де ер мен әйел үшін толықтық сән-салтанаттың белгісі сияқты. Қозы қарын ер-азаматтардың атақ-абыройын, қаражат табысының жоғары екенін, шен-шекпенінің мықты екенін білдірсе, әйел затының толықша келуі мүсініне ажар береді деп түсінеді. Сонан соң әйелдер жағы толықтықты ерлердің көзіне түсудің кілті деп қабылдайды. Нәзік жандылардың тоқ балтыр, толық мықынын ақындар жырға, әншілер әнге қосады. Алайда олардың көбі артық салмақтың ар жағында сусамыр дертінің тұрғанын ескере бермейді.
Ауыр салмақтан аяққа күш түсіп, қан-тамыр ауруы пайда болады. Зат алмасу үрдісі бұзылып, эндокриндік ауруларға шалдығады. Бауыр, бүйрек қызметі нашарлайды, атеросклероз сырқаты дендейді. Ең бастысы, жазылмас дерт сусамырмен ауыратын болады.
– Бұл екі түрлі аурудың жаппай көбею себебін айтып, оқырмандарға дәрігерлік кеңесіңізді бере кетсеңіз.
– Әлем бойынша әрбір үшінші адам қант диабетінен зардап шегеді. Бұл сырқаттың белең алуына ең басты себеп – тамақсаулық, сосын спортпен шұғылданбау. Адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тәбетін тежей білу керек. Мөлшер, қанағат ұғымдарының парқын білуі қажет. Керек болса, рамазан айында ораза ұстаған жөн. Жалқаулыққа салынбай, жас болсын, кәрі болсын, ер болсын, әйел болсын, бәрі спортпен шұғылдану керек. Жастар мен аға буын ер-азаматтар газдалған сусын мен сыраға құмар болғанша, қымыз бен шұбат ішуді әдетке айналдырғаны дұрыс. Өйткені құрамында А, В1, В12, Д, Е, С  дәрумендері бар қымыз бен шұбат, қант диабеті, туберкулез,  асқазан, жүрек, жүйке ауруларына таптырмас ем. Ал аруларға берер  дәрігерлік кеңесім, донер, самса, торт, кәуап, кофеге әуестенбей, дене сымбатын сақтауларын сұраймын. Өйткені сусамыр ауруына тамақтануын қадағаламайтын кез келген адам шалдығуы әбден мүмкін. Сосын кез келген адам жылына бір рет дәрігерге көрініп, кеңес алып тұруы керек.

Сырқаттан сабақ алса...

Алматыда осы дертпен ауыратын адам саны қанша? Емделушілердің қаншасы дәрігер кеңесімен тамақтанып, ас мәзіріне көңіл бөледі? Бұл туралы эндокринолог дәрігер Айнұр Асанованың өз пікірі бар.

Ал «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының» статистикалық мәліметіне сүйенсек, 2010 жылы әлемде 285 миллион адам қант диабетіне шалдығыпты. Яғни 20 мен 70 жас аралығындағы тұрғындардың 90 пайызға жуығы семіздіктен келетін қант диабетімен ауырады екен. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 438 миллионнан асады деген болжам бар. Нақтырақ айтсақ, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан адамның ұйқы безі зақымданып, қант диабетіне шалдығады. Ауру белгісі – адам әлсіреп, күш- қуаты азаяды. Сусамыр дертінің 2-ші түрі артық салмақтан болады.
Біздің ауруханаға түскен емделушілер туралы айтатын болсақ, 2012 жылы эндокринология бөліміне 1411 адам қабылданса, оның 1115 –і қант диабеті сырқатына шалдыққандар, 143-інде сусамыр дерті алғаш анықталды. Яғни бізде 1 айда сусамыр ауруына жаңадан шалдыққан 12 адам ем қабылдады. Ал  2013 жылдың алғашқы тоқсанында 7066 адам ем қабылдаса, оның 661-і қант диабеті сырқатымен ауырғандар. Яғни 1 айда 110-нан аса жан емделуге келеді.

Көбінесе қант диабетіне артық салмағы бар адамдар шалдығатындықтан, толық, жиі шөлдейтін, аузы құрғап тұратын жандар өзі тұратын жердегі  жергілікті емханаға барып, анализ (сараптама, талдау) тапсырулары керек. Негізі, адамнын қанында қант мөлшері 3,5 – 5,5-ке дейін болуы керек. Ал бұл көрсеткіш 5,7 немесе 6,0 болса, онда дәрігер тексеруінен толықтай өтуі қажет. Әдетте емделушілер 10-15 күн ем қабылдайды.Ауруханаға түсетін емделушілердің барлығы – ауруы асқынғанда ғана дәрігерден көмек сұрайтындар, не болмаса, сусамырмен ауратынын біле тұрып, «диета» ұстамай, салауатты өмір салтына мән бермей жүре беретіндер. 10-15 күнде бұл дерттің бетін қайтарып, асқынуын толықтай тежеу мүмкін емес. Сондықтан біз сырқаттарды дәрі-дәрмекпен емдеумен қатар, қант диабеті жайында арнайы сабақ өткіземіз. Сол 1-2 сағаттық сабақта ауруханадан шыққан соң, адам күйзеліске ұшырамай, уайымдамай, «диета» ұстап, салауатты өмір салтымен шұғылданып, дәрігердің бақылауында болуы қажет екенін түсіндіріледі.

Арайлым Қайып

Әбдіманап ӘБЕУҰЛЫ, аудармашы: Қытай патшасы Түрік қағанына мадақ жыр жазған

$
0
0

Әбдіманап ӘБЕУҰЛЫ, аудармашы: Қытай патшасы Түрік қағанына мадақ жыр жазған

 

–        – Әбдіманап аға,алдымен оқырмандарға өзіңізді таныстыра кетсеңіз? Қай жерде туып-өстіңіз, қандай оқу орнынан білім алдыңыз дегендей…

– Мен, 1937 жылы желтоқсан айында (бұрын біз бұл айды «қаңтар» деп атайтынбыз) Шыңжаң Іле қазақ облысының Күнес ауданы, «Үшбұлақ» деген елдімекенінде малшы отбасында, он құрсақ көтерген шешеміздің төртіншісі болып дүниеге келіппін. Алғашында әкеміз қонақтық қойы, сауындық сиыры мен биесі бар орташа дәулетті болған екен. Кейіндеп бала-шағасы көп, балалары жас болғандықтан, жұмысқа жарар қолқанаты болмай тұрмыс тақсіретін тартады. Әкем 1953 жылы сәуірде ауырып, бар-жоғы төрт күн төсек тартып қайтыс болды. Оқымаған адам болғанымен ашық ойлы, жаңалықшыл адам еді. 1944 жылы қыста Әділқайыр деген жас молданы шақырып әкеліп, ауылдың ұл-қыздарын, жегжат-жұрат, көршілердің балаларын жиып, дін сабағын оқытып, намазға жықты. Сонда мен жұлқынып әкеме: ‹‹Мен де оқимын›› деген екем, әкем: ‹‹Ой, балам, талабыңа нұр жаусын. Өте жақсы, оқи ғой, оқи ғой!» – деп алты жасымда ересек балалардың қатарына қосып отырғызып қойды. Басы ойын болғанымен, аяғы шынға айналып, осылайша алғашқы сауатты дінмен аштым. Зеректеу, ұғымдтал болсам керек, Күнестегі сол дәурдің ғұламасы Тұрсыбай Әлімақын деген кісі батасын беріп, аузыма түкіріпті.

Оқу жасына жеткенде бастауыш мектептің бірінші, екінші сыныбын Үшбұлақта оқыдым. 1948 жылы қыркүйекте Күнес ауданының орталығы Бестөбеде орта мектеп ашылып, Күнестің ой мен қырынан оқушы жиып, төменін 3-сыныптан, жоғарысын 5-сыныптан бастап оқытты. Мен 3-сыныпқа кіріп оқып, орталау мектепті 1953 жылы маусым айында бітірдім. Сол жылы ағаларыма көмектесіп, егін егіп, мал бағыстым. Қыста екі ай ауылдағы сауатсыздарды оқыттым. 1954 жылы тамыздың соңында аудандық Оқу-ағарту бөлімінің шақыртуымен мұғалімдікке қабылдандым. Сонымен менің алғашқы еңбек жолым Күнестің ең басындағы Ластай бастауыш мектебіне оқытушы болумен басталды. 1955-1956 оқу жылында Бестөбе бастауыш мектебінде, ал 1956-1957 оқу жылында Күнес аудандық орта мектепте оқытушы болдым. Қызмет барысында білім өремнің төмендігін, өзімнің таяздығымды сезініп, 1957 жылы тамызда өз өтінішіммен жұмыстан босадым. Арманым жоғары оқу орнына түсіп таяз білімімді толықтыру еді. Сол жылы мектеп оқушыларымен бірге жоғары мектеп емтиханынна қатысып, жақсы нәтижемен Үрімжідегі Шыңжаң тіл институтының ханзу тілі факультетіне оқуға түстім.

Бала кезімде әкемнің қадағалауымен қиса-дастандарды, Абай, Таңжарық өлеңдерін жатқа оқып, әдебиетке қызығушы едім. Ол кезде «Ханзу тілі» маманы боламын деп ойламайтынмын…

  – Институт бітіргенен кейін қызмет жолыңызды қай жерден бастадыңыз? 

– 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басы Қытайда шаруашылық құлдыраған, экономикалық қиыншылық ауыр жағдайда болды. Сол себепті, үкімет органдарын ықшамдау ісі жүрілді. Сол тұста бұрынғы Шыңжаң тіл институты мен Шыңжаң педагогика институты біріктіріліп, Шыңжаң педагокика институты болды. Кейінтінен ол Шыңжаң университетімен бірігіп, Шыңжаң университеті болып құрылды. Мен 1960 жылы оқу бітіргеннен кейін Шыңжаң университетінің кадрлар басқармасына бөлініп, жай қызметкер болып 4 жыл қызмет жасадым. 1964 жылы сәуірде Шыңжаң халық басбасы қазақ бөлімінің шақыртуы бойынша жұмысым баспаға ауысты. Қытай-қазақ тілінің аудармашысы бола жүріп, жай қызметкерден қазақ бөлімнің басшысы дәрежесіне көтерілдім. 1975 жылдың соңына дейін тапжылмай осы орында жұмыс жасадым.

– Естуімше, сіз Орталық аударма мекемесінде ұзақ жыл істепсіз. Аталған мекемеге қай жылы бардыңыз? Ол мекемеде қандай жұмыстар атқардыңыз?

– 1975 жылдың қазанында Бейжіңде тұңғыш рет мемлекет бойынша аз ұлттар баспасөз мәжілісі ашылды. Сол мәжіліске Шыңжаңнан баратын уәкілдердің қатарында қазақ баспасөзіне уәкіл болып мен қатыстым. Мәжілісте аз ұлттардың баспасөзін қалай дамыту мәселесі жөнінде ақылдасты. Жиын соңына ала Мемлекеттік баспасөз мекемесі мемлекеттік кеңестің бір құжатымен таныстырды. Ол құжатта Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин шығармаларын, сол кездегі көсем Мау Зыдұңның шығармаларын, Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің құрылтайларының құжаттары мен мемлекеттік Халық құрылтайларының, мемлекеттік Саяси кеңес мәжілістерінің құжат, материалдарын аудару мекемесі құрылатындығы айтылған. Ол орталық аударма мекемесі деп аталып, моңғол, заңзу (тибет), ұйғыр, қазақ, карей тілдерінде (кейін жуаңзу, изу деген ұлт тілдері қосылды) жұмыс істейтіндігін жариялады.

Шапалақ ұрып, қолдау көрсеттік. Іле-шала артымыздан Шыңжаңға Орталық аударма мекемесіне маман таңдауға адамдар келді. Үрімжіні бір айдай дүрілдетіп жүріп қабылдайтын кадрдің біреуіне мен таңдалған болып шықтым. «Кәрі шешем бар, балаларым жас, Бейжіңнің тұрмысына көндіге алмайды, мен бара алмаймын» дегеніме қаратпады. Ұйым сол мекеменің қазақ бөліміне барып жұмыс істеуге бұйырды. «Дәм айдаса қалмайсың» демекші, 1975 жылдың соңынан бастап, 1992 жылдың соңына дейін Орталық аударма мекемесінің қазақ тілі бөлімін жоқтан бар етіп, аздан көп жасадық.  Жасымыз ұлғайған шақта ержетіп келе жатқан ұл мен қыздың келешегін ойлап, ұйымның мақұлдауымен, жұбайым екеуміз де қызметімізді Шыңжаңға ауыстырып келдік. Ел-жұртқа, бауыр-туысқа бір табан жақын, барыс-келісіміз жиі, құдайға шүкіршілік.

  – Кезінде Қытайда болған атышулы ‹‹Мәдениет төңкерісінде›› қазақтың марқасқаларын күреске алынғанын жақсы білеміз. Сіз де бұл солақай саясаттың құрығынан құтыла алмаған шығарсыз?

  – Өтірік айту қажетсіз. Мәдениет төңкерісінде көп күреске алынбадым. Десе де, қаңқу сөзден құры емеспін. Шыңжаң университетінің кадрлар басқармасынан оңай аусып кетуіме де осындай себеп бар секілді. 1966 жылы «мәдениет төңкерісі» басталғанда Шапчал ауданында социалистік тәрбиеде ауыл-қыстақта болатынмын. «Социалистік тәрбие жүргізуге салауаты жоқ, қайтарып әкеліп күреске алу қажет» дейтін Дазыбаулар (үлкен харіпті қабырға газеттер) жауыннан кейінгі  саңырау құлақтай қаптады… Шыңжаң университетінен, қатысты мекемелерден адам жіберіп тексеріп көріп, пәлендей бірдеме таба алмаған соң кері шақыртып әкелмепті.

Жағдай біраз оңалып, алды-алдына бөлініп кеткен топтар бірігіп, жұмыс арнаға түсе бастаған жылдары бір үйлі жан екіге, үшке бөлініп 7 жыл жүргеннен кейін 1973 жылы жазда жұбайым Бағдат қызмет бабымен Шыңжаң оқу-ағарту баспасы мекемесіне ауысып келді. Үй ішіміз бірігіп, басымыз қайтадан құралып, көңіл орнына түскен соң, жолдастармен бірге баспасөздің кітап шығару жұмысын табандап істедім. Қазақ бөлімнің қызметін басқарғанда көбінше ханзушадан тәржімалап қана кітап шығаратын жайтке тамамша бұрылыс жасап, қазақ қаламгерлері жазған ғылми, көлемді әдеби кітаптардің шыға бастауына мұрындық болдым.

– Сіз аудармашы ғана емес, ақын-жазушы да екенсіз. Әдебиетке поэзиямен келдіңіз бе, әлде прозамен бе? Тырнақ алды шығармаңыз есіңіздеме?

–        Өмірімнің көбі аудармамен өтсе де, әйтеу әдебиеттен алыстап кете алмадым. Алғашқы өлеңдерім 1962 жылы ‹‹Ауыл жырлары›› деген атпен ‹‹Шыңжаң әдебиеті» (қазіргі «Шұғыла») журналында жарияланды. Жоғары мектеп бітіріп, ауылға барған кезім. туыс-туғандар қоғадай жапырылып, астыға ат беріп, қасыма жолдас болып еріп, үлкенге сәлем беріп, алыс-жақындағы жегжат-жұратқа амандасып жүрдік. ‹‹Ойымның тұғыры да, аспаны да,

жанымның жайлауы да, асқары да,

өзіңсің, сендегенде кеудемдегі,

кетеді жырдың селі ақтарыла›› («Туған жер»)

«Ән көтеріп жүр құрбым,

аға, жеңге, қарындас.

Менде білек түріндім,

орақта екен қалың жас›› («Егінжайда»)

‹‹Қана ішіп қоймалжың сар қымызын,

елік атып, аюдың шалдық ізін.

Айлы түнде бедеумен жылқы иіріп,

әнге қостық күзетте малшы қызын›› Таспа жайлауында»).

Осындай көңіл күй лирикалары туған-ды.

«Жастықта көңіл шіркін қайда аумаған» делінетін қалық өлеңіндей, жастықта бірен-саран әңгіме, очерктер жазып көрсем де, өзімнің бұл жақта талантымның таяздығын сезініп, көркем әдебиетте көбінше аудармаға бой ұрып кеттім.

  – Қандай шығармаларыңыз баспадан шықты, қандай еңбектеріңіз марапатқа ие болды?

  – Өз туындым көп емес. 1982 жылы ‹‹Балқұрақ››, 1993 жылы ‹‹Иірімде›› деген екі шағын өлең жинағым жарияланды. 1982 жылы марқұм шешемді еске алып жазған ‹‹Аяулы ана›› атты өчерігіме қосып жарияланған өлең ән мәтіні болатын, соған Иманәлі деген жас сазгер ‹‹Аяулы ана›› деген ән жазды. Сол «Аяулы ана» әні ‹‹Іле әуені›› атты ән фестивалінде бірінші жүлдені жеңіп алды. Халыққа әсері күшті болды, ел арасына кең тарады. Бұл ән түрколог ғалым Алтай Аманжоловтың дәнекерлігінде Қазақстанның асқақ дауысты әншісі Нұрғали Нүсіпжановтің орындауында шырқалды.

Бұдан басқа «Көркем әдебиет аудармасы туралы ізденіс» деген мақалам ханзу тіліне аударылып, 2002 жылы Дүниежүзі мәдениет-көркемөнер зерттеу қоғамы жағынан «Үздік туынды» болып бағаланса, 2003 жылы мамырда «Қытай басқару ғылымын зерттеу институты мен кәсіпкерлер қоғамы» жағынан 2-дәрежелі сыйлық еншілеп «Жұңхуа үздік мақалалар» жинағына, «Қытай қарттарының абройлы өмірі» жинағына енді. «Шипагерлік баянға байырқалағанда» атты мақалам 2003 жылы «Шипагерлік баян қанбайтын бұлақ» топтамасына, осы мақаламның ханзуша аудармасы 2003 жылы «ХХІ ғасырдағы Қытай энциклопедиялық мамандардың назариялық жаңалық қамбасы» атты көлемді жинаққа енді. «Үйренудің жолы» атты мақалам 1980 жылы Іле қазақ автономиялы облысы жағынан 1-дәрежелі сыйлыққа, ал ‹‹Әлемдегі ғажайыптар›› деген аударма кітабым 1987 жылы Қытай география ғылыми қоғамы жағынан мемлекеттік сыйлық алды.

  – Сіз және ғылыми жұмыстармен де айналысып жүр екенсіз, қандай ғылми еңбектеріңіз бар?

  – Ғылыми салада шынымды айтсам, пәлендей үлкен жұмыс тындырғам жоқ. «Орхон-Енисейден түрки жазуы табылды, оның сырын ашқан кілт Қытай жазуы болған» екен дейтін ғылыми еңбектерді оқығаннан кейін Таң патшалығының патшасы Таң Шуанзоң, сірә, недеп жазды екен дейтін қызықты ой туып, көп іздестірдім. Ақыры 1998 жылы көне тарихи кітаптан хан тіліндегі нұсқасын тауып, ежелгі жазуды ханзу тарихшысының көмегімен ежіктеп, мағыналап оқып жүріп, «Орхон-Енисейдегі түрки руникалық жазуының сырын ашқан кілт» деген зерттеу мақала жаздым. Бұл мақалам Үрімжіде шығатын ‹‹Мұра›› журналында жарияланды. Сондағы патшаның мәңгілік тасқа қашатқан сөзі:

«Далалық ел көшелі, диңлиңдердің мекені.

Ата-бабаң ежелден, қас батырлар жетелі.

Ел басқардың айдынды, көршіге даңқың жайылды.

Тұтынған жолды тура ұстап, Таңға болдың қайырымды.

Ажал қақпан құрулы, қысқа қиды ғұмырыңды.

Тас ескерткіш таудағы, мәңгі етер ерлік жырыңды» деген мадақ жыры болып шықты.

  – Сіз көркем әдеби аудармамен көп айналысыпсыз, кімдерді қазақша сөйлеттіңіз? Көркем әдеби аудармаларды тапсырысымен аудардыңыз ба, әлде өз қалауыңызбен аударып жүрсіз бе?

– Қытайдың әйгілі жазушылары Ба Жинның «Ызғарлы түн», Жаң Яңның «Екінші кездесу» романы мен «Ян Уынжіңнің баллалар ертегілерін» және шетелдік жазушылардың «Женни бөйжеткен», «Гүл таққан келіншек» (бұл екеуі ықшамдалған нұсқа), «Алтын тонау» және Тай уан жазушысы Сан Маудың ‹‹Мылқау құлын›› романдарын аудардым. Жоғарыда аталған көлемді туындылардың бәрі де тапсырыспен аударылған болатын. Ал өз таңдауым бойынша шетелдік, қытайлық жазушылардан аударған «Он жас шегеру», «Әкемнің қолы», «Мылқау қыз», «Қайтарда», «Жарты бет қағаз», «Жасқаншақ» т.б. ондаған әңгімелер мен поэстер түрлі басылымдарда жарияланды. Сонымен бірге Орталық музика зерттеу орнымен селбесіп «Шыңжаң қазақ әндерін» (екі жүз ән) ханзу тіліне тәржімалап, қалың ханзу оқырмандарымен дидарласуына ат салыстым.

– Нобель сыйлығын иегері Орхан Памуктің ‹‹Менің атым қырмызы›› романын жеңгеміз Бағдат Тұрсынбекқызы екеуіңіз хан тілінен аударыпсыздар. Орханның Нобель сыйлығын алуындағы басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

– Нобель сыйлығын берудегі құзырлы орган Шветция әдебиет институтының хабарында, «2006 жылғы әдебиет сыйлығын Түркия жазушысы Орхан Помуке атамекенінің шерлі рухы жөнінде ізденіп жүргенінде, өркениет арасындағы қақтығыс пен араласудың жаңа нышанын байқағандығы үшін берілді» делінген.

Орханның «Менің атым қырмызыда» суретші мен сурет өнері үзілмес арқау болады. Жас кезінде өзі де суретші болуға қызыққан екен. Ол «барлық көркемөнер шығармалары түрліше мәдениеттің арласуынан жарыққа шығады» деп есептейді. «Осы романды жазуға көбінесе исламияттық еркін өрісті сурет себеп болды, өзім көрген сан-санақсыз еркін өрісті суреттегі мән-жайды романыма сіңірдім. Сүйіспеншілік пен соғысқа жасырынған исламдық хикаялар елдің бәріне таныс, десе де, батыс мәдениетіне бой ұрған қазіргі жағдайда оларды еске сақтайтындар тым аз. Романымда осы ұмытыла бастаған хикаияттар мен көздің жауын алатын қисапсыз тамаша суреттерге тағзым етуді ойладым» дейді ол және бір сөзінде.

Автор осы романды жазуда 6 жыл дайындалыпты. Ол: «түркиялықтар тамаша сақтаушылар, үкіметтің бұрынғы құжаттары мен көркемөнер шығармалары толық сақталған. Сол ескі үйінділерді айналсоқтап, қызықты көп істерге жолықтым» дегенді де айтады. Меніңше, түрік халқы Орхан Памуктей жазушы туғанын мақтаныш етуі тиіс.

–        Әңгімеңізге рахмет!

    Әлімжан ӘШІМҰЛЫ,

  Алматы – Үрімжі – Алматы.

qamshy.kz

Оңбаған қазақ қазаққа орысша сөйлейді

$
0
0

Р.Халмұрадов: Қазақ депутаттары қазақ министрлеріне орысша сөйлейді

АСТАНА. 19 қараша. BAQ.KZ Бүгін «Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жұмысы туралы айтып, қазақ тілінің мәселесін көтерді.
«Қазақ депутаты қазақ министрге орысша сөйлейді. Мен осыған қатты ренжимін. Үнемі қазақтың қазақпен өзге тілде сөйлесіп, өз тілін менсінбеуін, үйренуге деген құлшыныстарының аздығын сынға аламын. Тіпті, ағалық назымды да айттым. Оны олар біледі. Тіл елді біріктіретін фактор. Сондықтан осы факторды ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан сайланған Р.Халмұрадов Парламентте және халық арасында қазақ тілінің үстем болғанын қалайтынын және үстем болуы тиіс екенін жеткізді.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС 

Қазақтың тазысы

$
0
0

Қазақтың тазысы

Стефан Бодио – АҚШ-тың танымал жазушы-саятшысы. Ол өзінің Eagle Dreams: Searchіng for Legends іn Wіld Mongolіa («Қырани армандар: жабайы Моңғолия аңыздары жолымен») атты еңбегінде бала күнінде Natіonal Geographіc журналынан баcында тымағы, үстінде шапаны, қолына қыран құсты қондырып тұрған қазақ бүркітшісінің суретін көргенін жазыпты. Бұл бүркітшінің бала Стефанға әсер еткені сондай, ол өмірлік мақсаты ретінде – Орталық Азия, Сібір, Моңғолия мен Қытайдың саятшылық өнерін зерттеуге бір-ақ бұрады. Көшпенділер өркениетімен танысқан зерттеушінің аңшылық өнерге құмары ерекше артады. Төменде автордың қазақ тазысын қалай АҚШ-қа апарып, жерсіндіргені жөнінде жазған мақаласын аударып, жариялап отырмыз.

Мен алғаш «Тазы» деген атауды осыдан он жыл уақыт бұрын Иранда өмір сүрген неміс әйелдің аузынан естідім. Ол бұл сөзді менің Луна атты салуки тұқымдас итіме қарата қолданған еді: «Не деген әдемі тазы!»
Сол уақытта мен бұл сөздің тек иттердің аймақтық, яғни парсы тіліндегі атауы шығар деп қойғанмын. Алайда біршама уақыт өткен соң маған орыс достарым Орталық Азиядағы «салукилердің» Қазақстанда бүркіттің көмегімен түлкі аулап жатқандары бейнеленген таспаны көрсетті. Бұл оқиға Ресейде болғанымен, бейнефильмдегі көрініс – биік қыраттар мен таулар менің туған өлкем – Нью Мексиконы есіме түсірді. Ал аңға шығып жүрген иттер менің салукилеріме өте ұқсас келеді екен, тек артқы аяқтарының түгі ұзындау әрі қалыңдау көрінді.
Қазақ тазылары менің құмарлығымды бірден оятты. Менің соңғы салукиім тоқсаныншы жылдардың басында-ақ өлген болатын. Ал мына тазылар біздің өлкенің ауа райына тез-ақ бейімделіп кететіндей көрінді. Өйткені Нью Мексиконың табиғаты мен таспадан көрген қазақ даласына өте ұқсас келеді. Демек, маған керегі дәл осы ит тұқымдастары деп шештім. Оның үстіне, жақсы аңшы салукилерді табу өте қиын шаруа.
Ақыры, қазақ тазыларына деген құмарлық мені батыл қимылдарға итермеледі. Ғаламтор арқылы қажетіңді іздеп табу бүгінде оңайлаған, мен де соның көмегіне жүгіндім. Тазыны іздеу барысында Финляндияда тұратын Сари Мантила есімді азаматпен және Украинадағы «Натуралист» интернет-журналының редакциясымен байланысқа шықтық. Сари біздің сұрауымызға орай жауабын лезде-ақ берді. Оның жазуынша, Санкт-Петербург қаласында тазының екі тұқымдасын асырап жатыр екен. Бірі – қазақ, яғни таулық тұқымдастары болса, екіншісі - түрікмен тазылары екен. Оны басқаша шөл дала тазылары деп атайтын боп шықты. «Қазақ тазылары ірі әрі мықты, бас сүйегі мен құлақтары үлкен және аяқтары қалың түктес келеді», – деп жазды Сари.

Нью Мексиконы көп адам ауа райы ыстық штат деп ойлағанымен, шын мәнінде, оның климаты құрғақ. Біз теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте өмір сүреміз, ол тау оңтүстікке қарай 3500 метрге дейін созыла биіктей береді. Мұнда көктем ыстық, желді әрі құрғақ. Температура 35 градусқа дейін көтеріледі. Ал, негізінен, шілдеге тап келетін жаңбыр алқапты суарып, ыстығын басып, біршама жасылдандырып кетеді. Дегенмен, қазан айы туысымен ызғар біліне бастап, көп ұзамастан-ақ жерді қалың қар басады. Қаңтар айында температура – 20 градусқа дейін төмендейді.
Биік таулардың бәрі қарағайлы орманмен көмкерілген. Дегенмен құрғақ жайылымдар мен арша өскен ашық ормандар да кездеседі. Қарап отырсаңыз, Қазақстан табиғатынан айырып алар ештеңесі жоқ. Осы атырапты қояндар мен түлкілердің бірнеше түрі мекен етеді. Сондай-ақ қасқыр, борсық, бөкендерді де кездестіруге болады. Осы жағдайлардың бәрін ескере келе, біздің таңдауымыз қазақ тазыларына түсті.
Сари жазған хаттармен қатар, украиналық «Натуралист» журналының тілшісі Сергейдің жазған мақалаларын да тамсанып оқып жүрдім. Әсіресе, оның тұмсығы қара түсті келген Қабылан атты ұрғашы тазысы қатты ұнады. Түрі барысқа келетін, тұмсығы қара иттерді АҚШ-та кездестіру мүмкін емес, сондықтан, бұл түстес тазы асырау біз үшін үлкен мәртебе болар деп санадық. Сергейге хат жазып едік, 2001 жылы ол өзінің тазылары жайлы баяндап, жауап жазып жіберді.
«1995 жылы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстаннан Киевке екі тазы әкелдім. Өзім қазақ даласының Жетісу жерінде 1970 жылдан бері мекен еткенмін. Бүкіл өмірім сол тазылармен байланысты. Олармен үнемі аңға шығатынмын. Қос тазымнан бөлек тұйғыным бар болатын, ол көзіне іліккен қоянды аман қалдырмаушы еді. Кейін түлкі, қарақұйрық, жабайы мысықтар, қабан, тау ешкісі, борсық және өзгелерге де аңға шығуға машықтанып алды. Қазақ тазылары – аңшылық ит атаулы­ларының ең мықтысы десе болады» деп жазған Сергей Қабылан мен Аққұс атты тазыларының қыста күшіктейтінін жазды. Біз тағатсыздана күтумен болдық. Ақыры, 2002 жылдың 17 ақпаны күні Сергейден қысқа хат келді: «Қабылан күшіктеді. Күшіктерінің бірі анасына ұқсас – барыс жүнді, қара тұмсықты. Сіз күшік сатып алу ойыңыздан айнып қалған жоқсыз ба?»
«Әлбетте, жоқ» еді, біздің жауабымыз. Осы күнді көптен күтіп жүрдік қой. Сергейге қысқа хабарлама жазып жіберіп, жолға дайындала бастадық. Логистика өте қиын еді. Алғашқыда Сергей күшікті Финляндияға жеткізіп берсе, біз сол жерден алып кетерміз деп шештік. Алайда бұл мүмкін болмайтын болды да, екі ай бойына Магдалена – Киев – Хельсинки арасында толассыз электронды хат жолданып жатты. Мәселе жалғыз нәрсе – күшікті қалай АҚШ-қа жеткізе аламыз? Ақыр аяғы Микола Руд есімді азаматтың көмегімен біз жаңа жоспар әзірледік. Күшік Киевтен Амстердамға, ол жақтан Лос-Анджелеске ұшатын болды. Мен сол жерден күтіп алып, үйге алып кететін болып келістік. Бұл уақытқа дейін Сергей апта сайын күшікті суретке түсіріп, маған жолдап отырды.
Расы керек, күшік өте сүйкімді болатын. Өскен сайын денесі салмақтанып, бітім-болмысы аңшы итке лайықтанып келе жатқанын суреттен-ақ анық аңғаруға болатын. Күшікке Киевте-ақ ат қойылып қойды. Қазақтың «Лашын» деген аты берілген екен. Сергей тазыға құс атауын жүйріктігіне қарап беріпті. Мен бұл сөзді Моңғолияда мекендейтін қазақ ауылдарына барған кезімде алғаш естіген едім.
Әйтеуір, Лашынды күтіп алатын күн де жетті. Біздің мекеннен Лос-Анджелеске дейінгі жолдың өзі 2 күн уақытты алады. Оның үстіне, жол шөл дала арқылы өтеді, ал күн болса ми қайнатарлық. Бақытымызға орай, көлігімізде желдеткіш бар болатын. Біз Лашынды күтіп алуға өзіміз ғана емес, екі қыран құсты және қоян аулап әдеттеніп үлгерген «Пламмер» атты итімізді де ертіп шықтық. Қайтар жолда Лашынның аңшылық қасиетін сынап көрмек ойымыз бар. Әрине, Сергей оны ешқандай өнерге баулымағанын жазған, алайда нағыз аңшы иттері табиғатынан бұл іске бейім келетінін естуші едім. Мені, қызықтырған нәрсе, міне, осы болды.
Бақытымызға орай, сапарымыз оқыс оқиғасыз болды. Құстар мен итті бір көлікте тасымалдау, негізі, дұрыс емес. Өйткені біреуі жолды көтере алмай ауруға шалдығып қалар болса, дерт лезде өзге жануарларға жұғып кетуі мүмкін. Бірақ мұндай қиын жағдай орын алмады.
Ұшақ Лос-Анджелеске таңертең қонғанымен, құжаттарды рәсімдеу ұзақ уақыт алып, тек кешкі 17-50-де ғана күшікті көру бақытына ие болдық. Тор себетте жаңа адам, жаңа мекеннен үрке қарап тұрған күшікті жұмсақ қана «Лашын» деп шақырдым. Оның бұдан басқа бірде-бір сөзімді түсінбесін де білдім. Десе де орыс тіліндегі өзім білетін бірнеше сөзді қайталай бердім. Мүмкін, бұл сөздер оған таныс боп қалар деген үмітпен. Менің таң қалысыма орай, Лашын себеттен ытқып шығып, менің қолыма асылып секіріп берді. Құдды ендігі қожайыны мен екенін сезінгендей. Мен оны көтеріп көлікке мінгізіп ем, аяғымның арасына оралып жатып алды. Бұған дейін мен асыраған бірде-бір ит салған жерден мұндай достық пейілін танытпаған еді. Лашынның жаңа мекенге үйренісуі үшін біз Лос-Анджелесте бірнеше күнге аялдап қалдық. Бұл күндерде Лашын жаңа қожайыны мен, тек қана мен екенін анық түсініп үлгерді. Алғашқы 4-5 күн бойы менің қасымнан екі елі ұзамай қойды. Тысқа шықсақ, құдды мойнына қарғыбау салынғандай, соңымнан ереді де жүреді, үйге кірсек, арқасын маған жанап жатып ұйықтайды. Тіпті жуынып жатқанымда да, жуынатын бөлмеге басын кіргізіп қойып жатып алатын.

Алайда бұл әдеттің бәрі үш-төрт күннен соң үйге қайтқан соң басылды. Лос-Анджелесте жүргенде мені басқа ит пен құстардан қызғанып, шабуылдап жүрген Лашын менің фермамда олардан әлдеқайда көп жануарлар барын байқап, сабасына түссе керек. Әйтеуір көп ұзамастан-ақ, енді бір төсекте жатпайтынымызды түсінді. Лашын үй кептерлерімен тез-ақ «достасып» кетті. Алайда ол құстарды өзінің жолдастары емес, азық деп түсінеді. Қанша уақыт өтсе де, бұл әдетінен айықтыра алмай қойдық. Сірә, бұл да қазақ тазысының аңшылық инстинкті болар. Сондықтан кептерлер аулада Лашын жүрсе, кепелері­нен шықпайтын боп алды. Сергей өз хатында «Лашынды ерте жастан қыран құстармен бірге баулып үйрету керек. Әйтпеген жағдайда ол құстарды аңшы емес, жемтік ретінде көретін болады» деп ескерткен. Айтқаны айдай келді, Лашынды қырандарға қосып, баулимын дегенше, бірнеше кептердің басын жұлып үлгерді.
Дәл осы Лашынша құс аулай алатын жалғыз итім салуки тұқымдасынан болатын. Алайда ол бұған есейіп, біраз тәжірибе жинағаннан соң ғана машықтанса, қазақ тазысы оған табиғатынан бейім екенін аңғартты. Оның аңшылық инстинктінің күштілігі сол, жемтік көрсе, өзін тоқтатуы қиын. Соған орай, Лашын кептерлерімді аяусыз өлтіріп жатқанда, құсты қанша аяғаныма қарамастан, тазыға ешқандай ашу блдіре алмадым. Өйткені тазы – табиғаты­нан жыртқыш жан­уар. Тазы асырап-бағушылар жақсы білуі қажет, бұл жануар күшік кезінен-ақ талағыш келеді. Соған орай Лашынға біз қойған алғашқы ат – Шреддер (қағаз жоятын аппарат атауы) болды.
Оның аузына түскен заттың аман қалуы мүмкін емес. Ойыншықтар, құстардың томағалары, доп, аяқ киім, тіпті бұған дейін он шақты иттің аяғы боп келген пластмасса ыдыстың өзін тістеп, ұнтап, әбден ұсақтап тастады. Бірақ соған қарамастан, тазылар өте сезімтал келетінін аңғардым. Бір жолы оған мән бермей, итеріп тастаған сәтімде қатты материал саналатын бонзай ағашын 15 минут ішінде уақтап, теріс қарап жатып алды. Қызығы, ол әлі күнге дейін өзін менің «қызым» ретінде санайтын сияқты.
Лашын таза аңшылық ит екенін көп ұзамай дәлелдеп берді. Бар болғаны төрт айында алғашқы қоянын ұстап, рекорд жасады. Қанша ит асырасам да, дәл мұндай ерте жасында аң аулаған бірде-бірі жоқ болатын.
Лашынның ерек қасиеті сол, жемтік таңдамайды. Жүгірген қоян болсын, төмен ұшқан құс болсын, атылып тұрады. Ешқандай қорқыныш жоқ, үнемі тек алға ұмтылады. Мен оған «қолға үйретілген жыртқыш» деп баға беремін. Қазақ тазысынан асқан талантты аңшы ит көргенім жоқ. Лашынды Америкаға әкелу қанша қиын болса да, оған қанша шығын кетсе де, ол соның бәрін ақтады деп есептеймін.

«Бүгінде Лашыннан тараған тазылардың саны жиырмадан асады. Қазақ тазысы болғандықтан, олардың көбісіне қазақ есімдерін бердік. Сұңқар, Жеңіс, Жел, Қыран, Бүркіт сынды. Ал Лашыннан туған жалғыз ұрғашы күшікке сол уақытта классикалық музыканың үздігі Лариса есімді қыздың құрметіне орай осы атты еншіледік».

(Стефан Бодионың жеке блогынан)
Аударған: Нұрболат Аманжо


Дұрыс ұстаным

$
0
0

Қазақстанның өз мүддесі жолында Ресеймен келіспеуі – заңдылық

0 28

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Әлемдік сауданың сорпасын сапырған ДСҰ-ға қосылу туралы әңгіменің тықыры былтырдан бері таяған секілді еді. Кеден­дік одақтағы әріптесіміз Ресей өткен жы­лы алпауыт ұйымның табалдырығын ат­тағанда, ендігі кезек Қазақстанда де­ген­­біз. Меже биылғы жылдың соңына дейін деп белгіленген тәрізді еді. Алайда экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова ауыл шаруашылығы сала­сындағы келіссөздер көңілден шық­паса, өту кезеңінің созыла беретінін алға тартады. Бір сөзбен айтқанда, эко­но­ми­ка­лық интеграция істері министрі Қазақ­станның ДСҰ-ға өту мерзімі емес, ондағы мем­ле­кеттік мүдденің қорғалуы маңызды бол­ғанын аңғартады. Кеше ДСҰ-ға кіру үде­рісінің мән-жайы туралы «портфельсіз министр» ханым Мәжілісте есеп берген болатын. 

1996 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына бақы­лаушы ел мәртебесін алған Қазақстан 2003 жылы  ұйымға қосылудың ақпараттық кезеңін тауысты. Содан бергі уақыт аралығында 11,5 мыңнан астам келіссөз жүріпті. «Осы біздің Үкімет те, ондағы жігіттер де қызық: анадай алпауыт ДСҰ секілді дүние нарығының акуласына қарсы біздің бес қызымызды жіберіпті. Жанар Сейдахметқызы басшылық ететін осы коман­даның құрамындағы бесеуі де «бола­шақ­тықтар». Маған белгілісі – осы уақытқа дейін ДСҰ шеңберінде 11,5 мыңнан астам келіссөз жүргі­зіл­ді, хатта­ма­лар­ға қол қойылды, кездесулер болды. Қазіргі таңда бұл үдеріс те аяғына тақап қалған секілді. Дегенмен ше­телдерге шығып жүрген кездері осы командаға қатысты барлық қолдауларды жасап жүрсеңіздер», – деп кеше Мәжілістегі Үкімет саға­тына жетекшілік еткен вице-спикер Қабиболла Жа­қы­пов ескертті шен-шек­пен­ділерге қарата. Шын­ды­ғында, министрліксіз министр­лікке бас­шы­лық жасап жүрген Жанар Айтжанова ханымның ДСҰ келіс­сөздері тізгінін әу бастан-ақ берік ұстап келеді. Қы­руар шаруа тынды, енді «қырық біріншісі» ғана қалды. «ДСҰ-ға мүше болып кіру Қазақстанның әлем­дік қауымдастықтан қолайлы инвестициялық және бизнес климаты бар сенімді сауда әріптесі ретінде танылуына ықпал етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымы, ең алдымен, дүниежүзілік тауарлар мен қыз­меттер саудасын реттейтін қағи­да­лардың жиын­тығы. Аталған қағидаларды бүгінгі таңда ДСҰ-ға мүше болып отырған 159 мемлекет, оның ішін­де әлем­нің ең ірі дамыған және дамушы экономикалары өз­дерінің күнделікті экономикалық һәм сауда сая­сатын жүргізу барысында қолданып отыр. Осыған бай­ла­ныс­ты Қазақстанның заңдарын ДСҰ келісімдер ере­же­ле­рінің қағидаларына келтіру үшін Үкімет бірқатар шара­ларды атқарып келеді», – дейді Жанар Айтжанова.

Мәжілісмендер алдында атқарылған істердің мән-жайына кеңінен тоқталған экономикалық интеграция істері министрі Қазақстанның ДСҰ-дан кейінгі кезеңіне де арагідік көз жүгіртіп отырған болатын. Мәселен, министр Жа­нар Айтжанованың айтуынша, Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейін елдегі байланыс са­ласы күрт арзандап, шетелдік банктер ішкі нарыққа ентелей енетін болады.

Жанар АЙТЖАНОВА, экономикалық интеграция істері министрі:

– Қазақстан  ДСҰ-ға өткеннен кейін 2,5 жылдан соң  қалааралық және халық­ара­лық қызмет көрсететін компаниялар­дағы шетел капиталының үлесі 49 пайыз мөл­шерінде белгіленген шектеу жойыла­ды.  Сөй­тіп, осы салаларда шетелдік теле­ком­­му­ника­циялық компаниялар тарапы­нан жа­салынатын инвестицияларға жол ашы­лады. Айта кетерлігі, біз «Қазақтеле­ком» компаниясындағы шетел капиталы­ның көлемі 49 пайыз мөлшерінен аспайт­ын шектеуді сақтап қалуға тырыстық, бұл  ДСҰ-ға кіргеннен кейін өз күшінде болады. Сосын ДСҰ-ға өткен күннен бастап 5 жыл­дан соң шетел банктері мен сақтандыру ұйым­д­ары Қазақстанда тікелей филиал­да­рын ашуға мүмкіндік алады. Өз кезегін­де Қазақстан қаржы нарығында тұрақты­лық­ты қамтамасыз ету мақсатында шетел қаржы компанияларына арнайы міндетті талаптарды қолдана алады. 

ДСҰ-ға өту мерзімі екі бағыттағы келіссөздің қалай өрбитініне тәуелді 

Сөйтіп, экономикалық интеграция істері министрі Жанар Сейдахметқызының сөзіне қарағанда, ДСҰ келіссөздері тү­гесіл­­ген десе де болады. Дегенмен Қазақ­стан үшін барынша маңызды болып табылатын екі мәселе бо­йын­ша әлі ортақ ұстаным айқындалмаған секіл­ді. Оның бірі – ауыл шаруашылығын­дағы субсидия­лау­лар­ға қатысты. Министр тіпті бұны өте күрделі келісссөздер деп атап өтіп, оның  әлі күнге жүргізіліп жат­қанын ерекше атап өтті. Бақсақ, дәл осы ауыл шаруашы­лы­ғын­дағы субсидиялау мә­селесі ДСҰ ая­сын­дағы келіссөздердің был­тырдан бергі күр­меуі­нен ажырамай тұрған бағыты болып отыр. Ендеше, дәл осы келіссөздер қалай түгесілсе, сол күннен бастап ДСҰ-ға өту туралы әңгіме шын­дыққа айналатын тәрізді. Мұны Ж.Айтжанова ханым да біл­дір­ді. «Қазіргі таңда Үкіметтің алдында тұр­ған аса маңызды мақсат ретінде келіссөздер шеңберінде болашақта ауыл шаруашылығы саласын да­мытуға мүмкіндік беретін мем­лекеттік суб­си­дияларды жеткілікті деңгейде сақтап қалу болып отыр. ДСҰ ережелері бо­йынша сала­ның институционалдық дамуы­на және ауыл­дағы инфрақұрылымды ұйым­дастыру­ға бағытталған  мемлекеттің көмек ша­ра­лары шектеусіз жүзеге асырыла ала­тынын атап айту қажет. Келіссөздер бары­сын­да түп­кілікті тауардың бағасы мен өзін­дік құ­ны­на әсер ететін субсидиялардың көле­мі тал­қыланады. Біз агроөнеркәсіптік кешен­ді да­мытудың «Агробизнес – 2020» мем­­ле­кеттік бағдарламасымен белгіленген дең­­гей­де аталған субсидиялардың көлем­де­рін бе­кітуді ұсынып отырмыз», – дейді Жанар Сей­дахметқызы.

Қазақстан тарапы келіссөздер бары­сын­да келісімге келе алмай жатқан екінші бағыт жер қойнауын пайдаланушылар үшін қазақ­стан­дық қамтуды қолданудың өтпелі кезе­ңі­не қатысты болып отыр.  «Ауыл шаруа­шы­лығын субсидиялау бойынша келіссөздер өте күрделі. Дегенмен келесі жылы уағ­даласатын шығармыз. Ал осы аяқталса, бір­ден ДСҰ-ға кіруге қатысты техникалық құ­жат­тарды рәсімдеуге кірісеміз. Ал ДСҰ-ға кіру елімізге ауыр болмайды деп санай­мын. Өйткені аса күрделі деңгейде өткен келіс­сөздер соңғы 10 жылдан бері жал­ғасып келеді. Сондықтан Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінде «қамыт» сияқты шарттар бол­майды деп ойлаймын», – дейді Жанар Айтжанова.

Автокөлік нарығы: Ресей алымнан бас тартпаса, Қазақстан да қатаң шараға барады 

Былтыр Ресей ДСҰ-ға өткеннен соң Кеден одағы аясында күрт өзгерістерді күт­кендер де, соған орай Қазақстан да әлемдік ұйымға апаратын қадамын шап­шаңдататынын айтқандар да болып еді. Ондай болжам далаға кетті десе де бо­лады. Өйткені Қазақстан ауыл шаруа­шы­лығы саласындағы позициясын әлі берік ұста­нып тұр. Айтжанова ханым бұның со­лай болуы тиістігінен еш танбайды. Енде­ше, бізге асығыстық жоқ. Ең басты­сы, еліміздің жанды жері – ауылшаруа­шы­лық саласындағы мемлекеттік мүд­деге берік болғанымыз ләзім. Қош делік. Ал ДСҰ аясындағы Ресейдің халі нешік? Әл­бетте, онда да еш өзгеріс жоқ. Деген­мен «орыс автопромы» осы алпауыт ұйым аясында өзінің абыройынан айы­ры­лып қала жаздады десе де болады. Мә­селен, автокөліктер импортына Ресей утил­изациялық (қалдық алымы) алым қа­былдап, кейін бұған ДСҰ-ға мүше бірне­ше мемлекет өре түрегелген. Қазір дәл осы әңгі­ме түгесілген жоқ. Тіпті біздің мүд­демізге кері әсерін тигізетін бол­ған­дықтан Қазақстан да Ресейдің же­тегінде кет­пеуге тырысады. «Ресей қабыл­даған ути­лиза­циялық (қалдық алымы) алым – бұл импорт­тық автокөлік­терге импорттық кеден­дік бажды төмендету мақсатында РФ Үкіметімен қолданылып отырған шар­ғы. Әлбетте, Ресей өзінің автокөліктерінің өндірісіне басымдық беруді қалайды. Осы бағытта ресейлік автоөнеркәсіпті дамытуға арналған шетелдік және отандық инвес­тор­лармен жасалған 2020 жылға дейінгі ме­морандумдары бар. Ал мұндай мемо­ран­думның міндеттемелерін орындау аясын­да Ресей импортталатын автокөлік­тер үшін утилизациялық алым енгізген бола­­тын. Бұл үдеріс ДСҰ нормаларына да қай­шы. Менің білуімше, Кеден одағының ая­сында көлік нарығына енуге ниетті Еуро­палық одақ пен Жапонияның бастама­сы­мен ДСҰ шеңберінде осы ресейлік алымға қатысты пікірталас қатты өршіп тұр. Ал бұған жауап ретінде Ресей қалдық алымды тек импорттаушыларға ғана емес, соны­мен бірге шығарушыларға да енгізіп отыр, бұ­дан бөлек олар көлік құралдарын шы­ғару­мен айналысып жатқан кәсіпорын­дар­ға субсидия мәселесін де қарастырып жатыр», – дейді Ж.Айтжанова. Министрдің сөзіне қа­ра­ғанда, Кедендік одақ қалып­тас­қалы бері Қазақстанда да автокөлік құрал­дарын шығару өндірісі алға жылжып келеді. Қазір қазақстандық көліктің жыл­дық өндірісі 19 мың данаға жеткен. Де­генмен Ресейдің енгі­зіп отырған алымы қазақ­стандық авто­өнер­кәсіп дамуына да тұсау болуы ықти­мал. «Біздің жаңа жеті кәсіп­орын Ресей мен Беларусь нарығына бағ­дарланып еді. Сол үшін біз қазір Рес­ей­мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар біздің алдағы экспорты­мыз­ға қатысты қалдық алымды қолдан­бауы керек немесе Қазақстан да ресейлік автокөліктердің біздің елімізге импортына қатысты шара­лар қолдануға мәжбүр болады», – деді министр. Ал Ресейдің ығы­на жығылып, ке­дендік әріптес секілді «ути­ли­зациялық алым» енгізу біз үшін ешқандай опа бер­мейді. «Керісінше біз бұндайды енгізсек, ДСҰ шеңберіндегі келіссөз сол күні-ақ тоқ­тап қалады», – дейді эконо­ми­калық интеграция істері министрі.

Автор: Қанат ҚАЗЫ

Ершат Ахметбекұлы Кірішбаев

$
0
0

ЕМІ ШИПАЛЫ ЕРШАТ

Ықылым заманда тәуіптерден шипа іздеген халқымыз бүгінде ХХІ ғасырдың игіліктеріне, оның ішінде әуелгі байлығы саналатын денсаулығын күтуде медицинаның жаңа заманғы құрылғылары мен кәсіби мамандар көмегіне жүгінетін болған. Ғалымдар медицинада кәсіби, әсіресе, шетелден білім алып, тәжірибе жинақтаған мамандар тапшылығы байқалатынын алға тартады. Десек те, айырықша емдеу тәсілдерін меңгеруімен ерекшеленетін, жедел сұхбатымыздың бүгінгі қонағы Ершат АХМЕТБЕК бұл пікірдің жаңсақтау екеніне дәлел бола алатын сияқты. Жоғары санатты маманмен өткізген шағын әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Хирургиялық урология саласының көпші­лік біле бермейтін қырлары көп шығар. Сіз не­гізі қандай ауруларды емдейсіз?
– Клиникалық урология және андрологиямен ай­налысқаныма жиырма екі жыл болды. Хирур­гия­лық урология саласындағы жазылуы қиын, күрделі жә­не созылмалы ауруларды емдеу мен анықтауда үлкен тәжірибе жинақтағаным рас. Өмірде түрлі жағ­дайлар болады. Бүгінге дейін бүйректі алмастыру, қуықты кесу, қуықты ауыстырып салу, ота жасау, бүйрек обырын радикалды емдеу, простат обырын то­лық емдеу, бүйрек безінің әртүрлі ісігін кесу, қуық жолындағы мүйізденген тастарды алатын ота, жы­ныс мүшелерінің пластикасын реттеу және қайта қал­пына келтіру, урологиялық жүйедегі ісіктер мен тас­тарды (бүйрек обыры, қуық обыры, еркектік без обы­ры) инвазиялық әдісті қолдана отырып, хирур­гиялық жолмен емдеу сынды көптеген күрделі оталарды жасауға машықтандық қой.
– Ал осылардың ішінде өзіңізді ең көп тә­жі­ри­бе жинақтау тұрғысынан алғанда қай сала­ның мықты маманымын деп есептейсіз? 
– Жоғарыда аталған ауруларды емдеудегі тәжі­ри­беге ден қойсақ, мен үшін бөле-жарып қарау қиын. Себебі, осы саладағы кез келген ауруды ем­деу­ге әбден маманданғанмын. Десек те, жиі кез­десетін аурулардың қатарына еркектік без ауруларын, сондай-ақ, жыныс мүшесінің қалыптан ауыт­­қыған түрін қайта қалпына келтіру мен пластикасын емдеуді жатқызуға болады. Мысалы, несеп, қуық тесіктері, несеп жолы, қынап, жасырын жыныс мүшесі, жыныс мүшесінің сколиозы, қысқа жыныс мүшесін қалпына келтіру оталары бізде аса сәтті өтеді. Сонымен қатар, жыныс мүшесінің про­тезін салу отасын жасап, жыныс мүшелерінің күре та­­мырларын қалпына келтіру де еш қиындық туғыз­байды. Бедеулікті және өзге де микрогра­фикалық хирургиялық ауруларды да емдейміз. Арнайы ота­ның көмегімен еркектік бездің қалыптан тыс ор­наласуының зарарсыз түрін емдеп, простатэк­томия­ны толық жазуға қабілетіміз жетеді.
– Сізді Қытайда білім алған деп естіп жатамыз, жалпы өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. 
– 1989 жылы Қытайдағы Синьцзян медици­на­лық университетін тәмамдадым. Сол жылдың шілде айын­да Синьцзян медициналық университеті жанын­дағы №1 клиникалық аурухананың хирур­гиялық уро­логия бөліміне жұмысқа орналасып, еңбек жо­лым­ды бастаған едім. Қазір (хирур­гиялық урология бөлімінің) бас дәрігер, Қытай меди­ци­на­лық ассоциациясы жанындағы Синьцзян уро­ло­гия­лық хиругиясы ассоциациясының және Синьцзян андрологиялық ассоциациясының мүшесімін.
– Сізге қалай хабарласып, қайдан табуға бо­лады?
– Қазір Алматы қаласындағы «Ақсай – 3 а» ық­ша­мауданындағы 90-шы үйдің «Б» блогының үшінші қа­баты, 30-бөлмедемін. Байланыс телефондарым: 8 (727) 316-45-90; 8 701-223-19-72; 8 701-176-09-00.

Айнұр МҰРАТҚЫЗЫ.

Е,...солай де,...

$
0
0

ұмаділовтің «жауы», Шахановтың дауы бітер емес...

Бүгінгінің фельетоны

(Атаққұмарлар мен шатаққұмарларға шапалақ)

«Семіздікті қой көтереді» деген мақалға «Бүлікшілер бой көтерді» деген тіркес қосқаныма ғафу өтінемін. Олай дейтінім, кейінгі кездері әдебиет ауылындағы атақтылардың шатақтары көбейіп кетті. Әу басында сірке деп еді, бүгінде битке айналды. Күні ертеңдер китке айналып кетуі де ғажап емес. Солардың оңды-солды сапырып жүрген сорақы сөздерін «Тәйт, әрі!» тежегішімен тоқтатуды жөн көрдім. Иншалла, оған да құқығым қомақты екен. Өйткені, Жазушылар одағына мүше болғаныма ат пен түйені қосқандай алпыс жыл болыпты. О кезде одақтың бар болғаны қырықтан астам ғана мүшесі бар еді. Қазір 800 санын тұспалдап тұр.
Қазақта «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақал да бар ғой. Бүгінде пәленің көкесі жеті жүздің сыртындағы ат төбеліндей ғана қырықтың қырсығында екеніне көзім әбден жетті. Содан соң «Бір қарын майды бір құмалақ шірітедіні» шимайлап тастап, «қарын майды қырық құмалақ құрытады» деп өзгерттім. Ал, бұған қалай қарайсыз, оқырман? Бұл қалай? деп күмәндансаңыз, ненің неден екенін басынан нетейін...
...Иә, гәп әлгі атақтылар айналасында. Атақ өз алдына десек те, шатақ атаулының бәрі де солардан лапылдайды. Топ құрып, тайраңдағандардың тілдеріне тежегіш қоюға қарманып көрейін, бәлемдердің. Отқа май құюға шебер басылымдарды жең ұштарынан жалғасқан қараниет қаламгерлер пайдаланудан тайынбайтынын да байқадық.
Шатағы таусылмайтын алауыздардың басында қой бастаған текедей текіреңдеп Қабдеш Жұмаділов тұр. Оның «Соңғы көшін» оқып, осымен керуені шөгерілген шығар деген ойда едім. Жо...ға қатты жаңылған екенмін. Қабдеш енді керіс керуенінің «көсеміне» айналды. Жолы теріс, сөзі керіс керуені жүк арқалаған жәй керуен емес, қазақ қаламгерлеріне қарсы бағытталған керуен. Жәдугейлік жолдары орыстардың «дальнобойщигінен» де дөкей. Көптен бері Қабдеш қарап жата алмайтын дертке шалдықты. Қақтығысуға қара іздеп, қара тер болғыш қасіретпен сырқаттана бастады. Бастабында Әбдіжәміл Нұрпейісовпен «жекпе-жекке» суыт шығып, сөз садақтарымен соғысып, ақыры соттасып, шоттасып шатақтасқан еді. Соңғы кезде Несіпбек Айтовпен аяқталмас айқасқа шыққан сыңайлы. Бұлар ғана емес-ау, Жұмаділовтің Жазушылар одағының Төрағасы (қазір сенатор) Нұрлан Мырқасымұлы Оразалиннің соңына шам алып түсіп, өсек аузын көсеп, шу шығарып жүргеніне де талай жыл болды. Жеке жағаласуға пәрмені жетпегендіктен қарсы тұрар қару ретінде қырық қаламгерден жасақ құрып, таусылмас дау жолына аттанған түрі бар. Сайып келгенде сайрайтындары:
– Төрағалықтан тайып тұрыңыз, қауырт құрылтай шақырып, Одаққа оңтайлы басшы сайлаймыз!..
Ал, керек болса!
Сол баяғы ескі әуен... Өткен құрылтайларда да жабылған жалалар, өкіре көйіткен өсектер...
Оны айтасыз-ау, әлгі қыңыр қырықты «бұйдаларынан» жетектеген Жұмаділовтің «төрағалығымен» жақтас жасақ, көзсіз күрескерлер атынан Елбасына да айбарлы ашық хаттарын айдап үлгерді. Сол баяғы ескі «әләуләйлар». Төрағаны тағынан тез арада тайдыру...
Көпті көрген, нені болса да әлемдік деңгейде, парасатпен пайымдайтын, жақсылықты жалғағыш, болашақты болжағыш Елбасымыз Нұрлан Оразалинді Сенаторлыққа ұсынғанда Жазушылар одағының беделін арттыруды ойластырғанын, қаламгерлерге деген қамқорлықты күшейтуді басты негізге алғанын кегежелері кейін кеткен кертартпалар неге түсінбейді?
Кеңестік кезде де Одақтың бірінші хатшылары Жоғарғы Кеңес депутаттығына, Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланатын еді ғой. Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Олжас Сүлейменов, Жұбан Молдағалиевтар сол лауазымдарды иеленгендері есімізде. Керек десеңіз, ұзақ жылдар бойы сөзуарлары көп одақты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай келген Оразалин мырзаға білдірілген үлкен сенім ғой бұл. Қасиетті қара шаңырақтың қалпын, алыптарымыздың салтын сақтап келген ыспар басшыға рахмет айтып, қаламгерлердің бірлігі мен шығармашылық тірлігіне шүкіршілік ету қажет емес пе? Қырық қыңыр бір жақ, мыңға тарта қаламы шымыр бір жақ болғаннан не ұтамыз? Халық жазушысы деген қасиетті лауазымдарына Ғабиден Мұстафин, Қалижан Бекхожин, Дихан Әбілев, Әзілхан Нұршайықов, Қуандық Шаңғытбаевтар қылау түсірмей, бақилық болғандарын неге ұмытамыз?
Алдыңғы ағалардың адалдықтарын естен шығарып, ерсігөй есіргеннен не ұтамыз? Сұрқай өтінішпен өкініш өртін лаулатпаңдар!
Жұмаділов жасақтың бас басшысы болса, оның белсенді қосшысы – Мұхтар Шаханов. Құдайға шүкір, ол да атақтан ада емес. Нар көтере алмас атақтарын өзі де көтере алмай жүр-ау!.. Біз білетін Шаханов қайда жүрсе де екі иығын жұлып жеп, жөтеліп те, қақалып та, ашуына шашалып, қызбалана сөйлеуді әдетіне айналдырып алды.
Дәлел дөптейік. Үстіміздегі жылы ҚР Президенті іс басқармасына қарайтын Орталық аурухана ұжымының жолдамасымен мені сауықтыру үшін «Алматы» санаторийіне жіберген еді. Таныстар жетерлік екен. Академик Сұлтан Сартаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, жазушы, ғалым Уәлихан Қалижан және басқа зиялылар...
Айтпақшы, Мұхтар Шахановтың санаторийде екенін түскі астан соң палатамда тынығып жатқанда білдім. Сенесіз бе, әр бес минут сайын: «Кешкі сағат 19.00-де санаторийдің жиынжайына келуге асығыңыздар! Әлем ақыны (?) Мұхтар Шахановпен кездесу болады!» – деп қайта-қайта берілген хабарлама зықымды құртып, әбден мезі қылды. Сұқ саусақпен өшіріп тастадым (оның үстіне Мұхтарды бір кісідей білем ғой).
Жиынжайда сараң қатынның сықпасындай қылтиысқан сауығушылар.
...Кездесу басталып кетті. Ақыры әлімсақтан өзін-өзі әйгілегіш «Әлем ақыны» әлекедей жаланып, екі иығын жұлып жеп, шықты-ау сахнаға. Ежелгі әдетімен қолы ербеңдей жөнелді. «Анау-мынау емес, алдарыңызда Шахановтың өзі тұр» – дегендей, ерекшелене шабыттана шаба жөнелді. Бекер обалы, кәні, жырын жатқа оқып, шешен сөйлейді, тек сөздерін асығыс айтамын деп қақалып-шашалып қалатын тұстары да бар. Қолдары дирижерлардай ербеңдейді. Өзінің кім екенін, ана тілін қастерлеу қажеттігін айта кеп, өлеңдерін де өкіртті. Біраздан кейін баяғы әдетіне басты. Түсі кенеттен сұрлана өзгеріп:
– Біздің Жазушылар одағында жеті жүзден астам мүше болса, соның жетеуі ғана нағыз жазушы! – деді даусын көтере даурығып. Пістік тұмсығын біздите бір айтқанын қайта-қайта қайталаудан жалықпайтын тотықұстан аумайды. Тап сол кездесуде жазушыларды қыстырмалаудың қажеті бар ма еді? Басқа ақын-жазушыларға «Батыраш, Қотыраштана» аузыңнан түкірігіңді шашырата шытынағаннан не табасың. Әлгілердің, яғни, «нағыз еместердің» көпшілігі өз «командаңда» жүр емес пе! Есіріктене аптығып, айтарыңды айтып алған соң сол «командаластарыңның» бетіне қалай қарайсың?
Десе де өзің айтып жүрген сол жетеудің ішіне өзің кірер ме екенсің? Сенің ойыңдағыңша санайықшы... Мұзафар Әлімбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Иранбек Оразбаев, Фариза Оңғарсынова, Марфуға Айтхожина, Ақұштап Бақтыгереева ... Ой, ой... асып кетіпті ғой, ішінде қараң көрінбейді ғой!..
Жоқ, әлде Шахановтың өзге қаламгерлерде төленбеген пайы, қайтарылмай қалған тайы бар ма? Дап-дардай адамның саудың тамағын ішіп, сырқаттың сөзін көйітетінін көзінен де, сөзінен де көріп тағы да қатты түңілдім. Ол менімен қарама-қарсы үстелде тағамды бірге ішсе де апта бойы маған сәлемін сататындай бұлдап, танымаған, білмеген қалпын танытқан еді.
Мен Шахановтан мүшел жас үлкенмін ғой. Оның жүйкесін жегілеген жеті жүзден астамның ішінде болғаным үшін бе? Кешіріңіз, 83-ке келсем де әлі өз күшімде, қаламгерлік ісімде жүрген қария екенімді сезеді құрғыр ішім де. Мейлі, Шаханов мырза, Мыңбай ағаңды түсінбесең түсінбе, – деген топшылаумен мен де теріс айналдым.
...Сол күні палатамда көзім ілінген жоқ. Дөңбекши берем. Бес минут сайын селектордан сұңқылдаған қыздың: «Әлем ақыны» деген сөзі барған сайын жиіркенішті көрінеді.
«Қазақ», «Қазақ тілі» деп қақаңдап, дүйім жұрт алдында ұпай жинап жүрген Шаханов «Қазақ» атауын қомсынып, даңғаза, «әлем» атауына сонша неге құмартып жүргеніне таңым бар. «Тфу!» – деп қалғып кеттім. «Қазақ» сөзін қомсынып, өз дегенін оңсынып жүрген Шахановқа не дерсің? Ау, аты айдай әлемге мәшһүр Расул Гамзатов, Мұстай Кәрім, Давид Кугултдиновтер, – Авар, башқұрт, қалмақ атауларын айрықша қастерлеп, мақтан тұтқанына куәгерміз ғой. Шахановтың өзі кеше ғана қолтығының астынан шыққан, талай жерде өзіне қалқан тұтқан Шыңғыс Айтматовтың өзі де қырғыз ұлтын сатпап еді, «әлем» атауымен алмастырмап еді.
Қазақ ақындары Жұбан Молдағалиев «Я – казах» деген айдармен кітабын Мәскеуден орысша шығарса, Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев өз ұлтын ерекше әспеттеген. Ұлы Абайдың өзі де ұлт намысын аяққа басқандарға: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»... – демеп пе еді? Ал жоғарыдағы аты аталған ақындардан деңгейі аласа бола тұра Шаханов неге шатынайды? Атақтарын арқа тұтып, адыраңдаған Шаханов шулы шатақтарын қояр түрі жоқ. Оған әй дер әже, қой дер қожа да болмай жүр.
Қиястық құрығы ұзын Қабдештің «қаһары» әдебиетіміз бен өнеріміздің нағыз қаймақтарын қамтитынын қайтерсің! Астапыралла, оның сұрқай сөз оғымен көздеп атып «көздерінен тигізгендеріне» іліккендер: Әбіш Кекілбаев, Тахауи Ахтанов, Асқар Тоқпанов, Сайын Мұратбеков, Әкім Тарази еді. Ағалары мен тұрғыластарына шиті оғын бұршақтай боратқаны өз алдына, енді Несіпбек Айтұлы, Жанат Ахмади, Алтай Асқар сынды талантымен тас жарған інілерін арбалетпен атқылауды бастады.
Осы тұлғалардың қай-қайсына да сүрленген «Сұрқайлық сыбағасын» аямай үлестіріп үлгерді. Бірін аяқтан шалса, бірін күндеп, бірін жүндеп, өзгелердің де, өзінің де жүйке тамырын жұқартуды әдетіне айналдырды Жұмаділов.
«Бөлінгенді бөрі жейді» демеуші ме еді. Бүлік іздегіш Жұмаділовтің бейпілауыздығына қарасақ «іріген ауыздан шіріген сөз» болады да шығады. О, тоба!
...Сонымен мейлің сен, мейлің сенбе, оқырман, дау-дамай дүрбелеңіне – ақиық алыптарымыздың аруақтары да қозып, жатқан жерлерінен өре тұра келгендей. Әкіреңшілдердің әрекеттерін байқап қалған Әуезов:
– Пәлі, сан сорақы, көп көргенсіздікті көйіткен жетесіздер! десе, Асқар Тоқпанов шәкіртіне түнере түйіліп:
– Ой, сайтан алғыр, түбі түскірлер... Сығаев-ау – сахнаңды сығаламай, сыңаржақтар тобына топ ете түскенің қай қоқайың? Мына тоқпақпен төбеңнен кеп-кеп төпейін бе? – деді. Асекең қолындағы тоқпағын сілтей Жұмаділовке тап беріп айтқаны:
– Жап аузыңды!
Ал, Бейімбет әдетінше шекесіне түскен шашын шиыра:
– Әбдікұлы жерлесім, Төлен-ау, түлен түрткендей саған не болған? «Бүлдіргіштер бірлестігінен» бүлдіргі алғың келген бе? – деп кекесін күлді.
Жазушылар одағының жүйрік жетекшісі болған Сәбит Мұқанов ашуын былай бажайлап:
–Пыр-р... Осы еркінсінгендерің де жетеді! – деп бейпілауыздардың божысын кейін тарта қойды.
Тәңірім-ау, тырнақ астынан кір іздеген басылымның таспасына таңбаланған «төңкерісшілер» тізімінде кімдер жоқ дейсіз! Шақпа тілді шаян да жүр, атақтары биік ноян да жүр...
...Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні: атаққұмарлар шатақ-құмарлықтарын қашан қояды? Қаламгерлердің қыңыр ойлы қырық «сарбазын» желілеріне жетектеп, алауыздық әрекеттермен айналысып жүрген Жұмаділовтің жалақұмар, керісшіл көші қашан шөгеріледі? Шахановтың айқай-шулы шағымсымағы қашан басылады? Міне, сүттей ұйыған одаққа ойран салушы одағай іріткішіл «ірілер» өшпенділіктерін қашан доғарады? «Жақсыға айтса, біледі. Жаманды жақтан тартса, біледі» дегендей, «Жұмаділовтің жауы», Шахановтың дауы басыла ма? Менің жанайқайым осымен тәмәм.
Қаламгерлердің қалыптасқан бірлігі мен тірлігін бүлдірушілерге айтарым:
– Пасық пиғылдарыңнан қайт, әрі! Тәйт, әрі!.. Топтасқандар жалаңаяқ шоқ басқандар!..

Атағы да, шатағы да жоқ
Мыңбай РӘШ.

Латынға әркімнің бар таласы…

$
0
0

Латынға әркімнің бар таласы…

12 ҚАРАША, 2013 12:39 PM0 ПІКІР

Латынға әркімнің бар таласы...

Бүгінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты елімізде бірқатар бастамашыл тұлғалар өзіндік жобаларын қоғам талқысына ұсынып жатқаны белгілі.  

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Арман Байқадам (суретте) ұсынған жобасы

Мақсаты:

- Латын графикасы негізіндегі қазақ жазуын енгізу.

Міндеті:

- Латын графикасын енгізуде қазақ тіліндегі сингармонизм заңын негізге алу;

- Қазақ тілінің технологиялық, ақпараттық, коммуникациялық мүмкіндігін кеңейту;

- Мемлекеттік тілдің және қазақ халқының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін тиімді графика ұсыну;

- Қазақстан қоғамын лингвоцентризм арқылы мемлекеттік тілдің аясында ұйысуын жеделдету және қалыптасқан қоғамды нығайту.

 

Талабы (Байқадам стандарты):

1. Латын әліпбиі 26 әріптен аспауы шарт;

2. Қолдануға өте ыңғайлы әрі қарапайым болуы тиіс;

3. Сингармонизм заңын барынша тиімді пайдалану;

а) жіңішке және жуан дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу;

б) еріндік және езулік дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу;

4. Транскрипция енгізу және сингармонизм заңына бағынбайтын өзге тілден енген сөздер мен қосымшалар, жалқы есімдер және терминдер, сондай-ақ,  жазылуы дау тудыратын сөздер мен қосымшаларды ұтымды берудегі транскрипцияның рөлін арттыру;

5. Сөздің жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда оны (‘) дәйекше арқылы анықтау;

6. Халықаралық терминдердің және адам аттары мен географиялық атауларды жазылуын бұзбай, түпнұсқа күйінде беру;

7. Қаржылық-экономикалық тұрғыдан барынша үнемді болуы шарт.

 

 

Латын графикасына көшу мәселесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деп атап көрсеткені көншілікке белгілі. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Әлемдегі елдердің 70 пайыздан астамы латын тілін қолданады. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Компьютердегі жазу графикасының негізгі драйвері латын тілі. Біздің пікірімізше криллица әліпбиі орасан зор экономикалық шығынмен қоса уақытты талап етеді.

1. Компьютерлік құрылғыларға криллица негізіндегі қазақ әліпбиінің драйверін орнату үшін миллиарттаған теңге жұмсалады.

2. Компьютерде қазақ әліпбиінде бір беттік мәтін теру үшін орта есеппен алғанда 15 минут уақыт жұмсалса, латын әрпінде 10 минут жұмсалады. 1 сағатта кирилл әрпінде 4 парақ жазылса, латын әрпінде 6 парақты теруге мүмкіндік бар.

3. Кирилл әрпінде 15 баспа табақ шығатын болса, латын әрпінде сол мәтін 10 баспа табаққа дейін азаяды.

4. Латын тіліне көшу мемлекеттің және халықтың бәсекелестік қабілетін арттырады.

Жалпы сипаттама

1. Қазақстанның латын әліпбиінің жаңа жобаларын талқылау барысында лингвист ғалымдар мен әлеуметтанушы, саясаткерлер жаңа сападағы жазуды қалыптастыру туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жариялап келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері қазақ тілінің әліпбиін жасау үшін лингвистер, программистері және тағы басқа саланың мамандары өзіндік жобаларын ұсынды. Кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын әрпінде берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркесімдері арқылы берілген. Сонымен қатар негізінен тағы бір тобы түрік тіліндегі жазу вариантын да беріп отыр. Ол бойынша ә, ө, ү, і, ғ дыбыстарының төбелерін арнайы диакретикалық белгілер арқылы беруді ұсынған. Және де дауыссыз дыбыстарға қатысты ш әрпін ş түрінде, жәрпін ç түрінде, ң дыбысын ŋ түрінде, ғ әрпін ğ түрінде берген. Ғалымдардың пікірінше, Microsoft Word форматындағы мәтіндерде арнайы таңбалары бар әріптердің өзгеріске ұшырап, бүлінуі мүмкін. Ағылшын тіліндегі мәтіндердің өзгермей, жақсы сақталатындығының бір себебі, оларда ешқандай диакретикалық таңбалар жоқ деп түсіндіріледі.

2. Латын графикасын енгізудің екінші варианты – дауысты дыбыстардың жіңішке нұсқаларын дәйекше арқылы беру. Ол бойынша ә әрпін а’, ө – о’, ұ – u’, ү – y’ түрінде берген.  Бірақ әріптерді дәйекше арқылы беру жазу тәжірибесінде оңтайлы болмайды. Ол үшін әрбір жіңішке әріптерден кейін тағы бір таңба салу керек. Бұл пернатақтада жазу жылдамдығын баяулатады.

Осы орайда қазақ тілінің сингармонизм заңын басшылыққа алудың қажеттілігі туындайды. Себебі қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде сингармонизм құбылысы барынша жетілген тіл. Бұл туралы В.Радловтың, П.М.Мелиоранскийдің, Казем-бектің пікірлері бар.

 

Латын әріптерін үндестік заңдылығына сай бейімдеу

Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады. Сингармонизм – гректің syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

А.Байтұрсынов сингармонизм заңы жөнінде былай деген: «Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз (немесе бір буын) етіп тұратын лингвистикалық құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы) болып табылады. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын сингармонизм құбылысы дейді».

Сингармонизм заңдылықтары:

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.

Осының бәрінің негізінде А.Байтұрсынұлының «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады» деген пікірі жатыр.

А.Байтұрсынұлы сингармонизм заңына сәйкес, қазақ тілінде 43 дыбыстың бар екендігін, бірақ оны 24 әріппен беруге болатындығын ескерткен. Тек кейбір жуан, не жіңішке екендігі даулы болып қалатын сөздердің жіңішкелігін белгілеу үшін дәйекше қолдану керектігін көрсеткен. Оған сәйкес, қазақ тілінде 5 дауысты дыбыс бар: а, о, ұ, ы, е. Ал қалған дауысты дыбыстарды сингармонизм заңына байланысты туындайды деп түсіндіреді. Олар: ә, ө, ү, і. Ал, – е дыбысы ылғи да жіңішке айтылады.

3. Қазақ тілінің айтылу заңдылығына сәйкес, сөздің алғашқы буыны еріндік дауысты дыбыстан басталса, қалған буындары да еріндік дауыстылармен дыбысталады. Мысалы: өнер – өнөр, көгершін – көгөршүн, жүрегім – жүрөгүм.

Қазақ тілі табиғатынан өте үнемді тіл. Яғни, еріндік дауысты дыбыстарынан басталған буын соңына дейін еріндік дауысты болады. Академик І Кеңесбаевтың айтуынша қазақтарда ерін үндестігі соңына дейін созылмаса да, кемінде үш буынға дейін жетеді. Яғни, көгершін деген сөз ерін үндестігіне салғанда көгөршүн болып айтылуы керек. Кирилл әліпбиі пайда болған кезде, бұл үндестік заңдылығы сақталмады және жоғалды. Сондықтан, Арман Байқадамның әліпби нұсқасы аясында ерін үндестігі заңдылығын қайта қалпына келтіруге болады.

Бұдан шығатын қорытынды, қазақ жазуына негізделген латын графикасының мүмкіндігі сингармонизм заңына тікелей тәуелді.

Арман Байқадам ұсынған әліпби нұсқасы бойынша 26 әріп беріліп отыр. Олар:

Әліпби Айтылуы Транскрипциясы                               Кирилшe
1 Аа A [ʌ], [ә] а
2 Bb By [b] бы
3 Cc Cy [k] кі
4 Dd Dy [d] ды
5 Ee E [e] е
6 Ff Fy [f] фы
7 Gg Gy [g] гі
8 Hh Hy [h] хы
9 Ii I [і], [i:] и
10 Jj Jy [j] жы
11 Kk Ky [k:] қы
12 Ll Ly [l] лы
13 Mm My [m] мы
14 Nn Ny [n] ны
15 Oo O [ɔ], [ɔ:] о
16 Pp Py [p] пы
17 Qq Qy [q] ғы
18 Rr Ry [r] ры
19 Ss Sy [s] сы
20 Tt Ty [t] ты
21 Uu U [ɛ], [ɛ:] ұ
22 Vv Vy [v] вы
23 Ww W [u], [u:] у
24 Xx Iks [ks] икс
25 Yy Y [ı], [ı:] ы
26 Zz Zy [z] зы
Дифтонгтар немесе екі әріппен белгіленетін дыбыстар:
1 sh Shy [ʃ] шы
2 ch Chy [tʃ] чы
3 ng/ing Ng [ŋ] ң

Біріншіден, әлемдік тәжірибені ескере отырып, латын әліпбиінің реттік орналасу тәртібін сол күйінде қалдырдық. Мысалы, ағылшындар, немістер, италиялықтар, түріктер, тіпті әзірбайжан мен өзбектердің де латын әліпбиінің орналасу реті (кейбір ерекшеліктерді қоспағанда) бірдей. Ал, айтылуы, оқылуы басқаша. Біз әріптердің дыбыс беруін сол күйінде қалдырдық.

Екіншіден, латын әліпбиін пайдаланатын елдерге ортақ заңдылық транскрипция. Транскрипция – сөздің оқылуын, дыбысталуын білдіреді. Сондықтан Қазақстандағы жазу тілі латын графикасына көшкен жағдайда, оның транскрипциясы да қоса ұсынылады.

 

Дауысты дыбыстардың ережесі

Латын әліпбиіндегі a, o, u, y дыбыстары арқылы а – ә, о – ө, ұ – ү, ы – і сыңар дыбыстарын таңбалауға болады. Жуан буынды сөздерде бұл заңдылық толық сақталады. Ал жіңішке буынды сөздерді айқындау үшін мынадай заңдылықтар керек:

- а әрпі жуан дауыстылар келген кезде [ʌ] болып оқылады. Ал жіңішке е, і, ө, ү дыбыстары келген кезде [ә] болып оқылады, яғни полатаризация (жұмсарту) заңдылығы жұмыс істейді.

а

[ʌ]                               [ә]

Karakat  [kʌrʌkʌt]         arecet  [әrecet]

Arna      [ʌrnʌ]              alem    [әlem]

Aspan    [ʌspʌn]         aсe      [әce]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Бұл жерде А.Байтұрсынұлының дәйекшенің жіңішкелік белгісі екендігін көрсететін пікірін басшылыққа алдық. Мысалы,

Аi:   1. Зат есім (ай). Астрономиялық атау.

2. Одағай (әй). Бұл жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол одағай сөз ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ai’ [әi]. Ал, дәйекше қойылмаған жағдайда ai [ʌi] зат есім күйінде қалады.

- о әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɔ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ү дыбыстары келген кезде [ɔ:] болып оқылады.

о

[ɔ]                               [ɔ:]

orak     [ɔrʌk]                oner   [ɔ:nɔ:r]

orman  [ɔrmʌn]                      ornec [ɔ:rnɔ:c]

otan     [ɔtʌn]              ozen   [ɔ:zɔ:n]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:

Оz:  1. Етістік (оз). Іс-қимылды білдіреді: озу.

       2. Өздік есімдігі (өз). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол өздік есімдігі ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: oz’ [ɔ:z]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: oz’ – oz + ge [ɔ:zgɔ:].

- u әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɛ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ө дыбыстары келген кезде [ɛ:] болып оқылады.

u

[ɛ]                               [ɛ:]

urpak  [ɛrpʌk]                 ustеm [ɛ:stɛ:m]

uran    [ɛrʌn]                 ulken  [ɛ:lkɛ:n]

ustam  [ɛstʌm]              urcer   [ɛ:rcɛ:r]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы,

Ush – 1. Етістік  (ұш). Іс-қимылды білдіреді: ұшу

2. Сан есім (үш). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол сан есім ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ush’ [ɛ:ʃ]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ush’ – ush-ten [ɛ:ʃtɛ:n].

- y әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ı] болып оқылады. Ал жіңішке ә, e, ө, ү дыбыстары келген кезде [ı:] болып оқылады.

y

[ı]                                [ı:]

yntymak  [ıntımʌk]             ylmec [ı:lmec]

yngqaily  [ıŋqʌilı]              yscer   [ı:scer]

yrymdar  [ırımdʌr]                     ylgery [ı:lgerı:]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:

Ys – 1. Зат есім (ыс). Түтіннің қалдығы.

2. Зат есім (іс). Жұмыс. Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол жұмыс ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ys’ [ı:s]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ys’ – ys-cer [ı:scer].

- i [i] әрпі кириллица графикасындағы и [i], й [i:] әрпін білдіреді.

- w [w] әрпі кириллица графикасындағы у әрпін білдіреді.

А.Байтұрсынұлы i мен w әрпін шала дауысты дыбыстар қатарына жатқызады. Өйткені олар дауыссыз дыбыспен қосарланып келсе дауысты, дауысты дыбыспен қосарланып келсе дауыссыз дыбыс болып табылады. Егер – і немесе w әріптері дауысты дыбыспен қатар келсе, дауыссызға айналып транскрипцияда [i:], [w:], болып оқылады. Ал, дауыссыз дыбыспен қатар келсе [і], [w] болып жазылады.

- е [e] дыбысы қазақ тілінің төл ережесіне тек жіңішке дауысты дыбыстармен ғана үндесіп келеді.

Бұдан бөлек сингармонизм заңына біріккен, кіріккен, кірме, қосарлама қос сөздер және шет тілінен енген қосымшалар бағынбайды. Оларды тек транскрипцияның көмегімен пайдаланамыз:

 

1. Біріккен сөздер (оның ішінде жалқы есімдерді де қарастырамыз) атамекен, қараөткел, сарыбел, желбау, Болатбек, Нұрлыбек, Жанаркүл
2. Кіріккен сөздер кейуана, керенау,  қыстыгүні, жаздыгүні,
3. Кірме сөздер кітап, мұғалім, қазір
4. Шет тілінен енген қосымшалар мен көмектес септігінің жалғауы - қой, – паз, – гей, – нікі, – дікі, – тай, – хана, – қор, – кер, – мен, пен, бен

Сингорманизм заңына бағынбайтын сөздер мен қосымшаларға байланысты алдағы уақытта арнайы ережелер әзірленетін болады.

 

Қазақ тіліндегі термин сөздер

Қазақ тілінің термин сөздігіне қатысты үш ереже ұсынамыз.

1). Қазақ тілінің ережесінде - қой, – паз, – гей, – нікі, – дікі, – тай, – хана- қор, – кермен, пен, бен қосымшалары бұрыннан бар. Сондықтан, бұл ережені -шын, -шіндеген қосымшалармен толықтырамыз. Себебі, қазақ тілінің терминологиясына орыс тілі арқылы енген информация, коммуникация, станция сынды сөз аяғы -ция қосымшасымен аяқталатын сөздер бар. Мамандардың айтуынша –ция қосымшасы қазақ тілінің дыбысталу ерекшелігіне қайшы келеді. Себебі, -ц, -я дыбыстары қазақ тілінде жоқ. Сондықтан, жоғарыда аталған информация, коммуникация, станция сынды сөздерді латын әліпбиінде бергенде information, communication, station түрінде беруді ұсынамыз.

Біріншіден, бұл сөздер халықаралық термин. Латын тілін қолданатын елдердің 80% халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырған. Бірақ, айтылуы әртүрлі. Сондықтан, әлемдік озық елдердің тәжірибелерін пайдалана отырып, біз де халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырамыз. Бұл қазақ тілінің ережелеріне қайшы келмейді.

Екіншіден, оның айтылуына келгенде -шін, -шын деген қосымшаларды пайдалануды ұсынамыз. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, - ц, -я  дыбысы қазақ тілінің дыбысталу ережесіне жат әрі күрделі. Сол үшін, ағылшын тілінің тәжірибесін пайдалана отырып, -tion, -sion қосымшаларын  -шын, -шін түрінде оқуды ұсынамыз. Қазақ тілінде алшын, баршын, аршын, көгершін, лашын сынды сөздер бар.

Үшіншіден, жастар арасында және бизнес, дипломатия саласында -tion, -sion (-шын, -шін) қосымшалары арқылы жасалатын information, communication,, station сөздерін информейшін (информация), коммуникейшін (коммуникация), стейшін (станция) түрінде айту тәжірибеге еніп кетті. Сондықтан, оны қолданыс тәжірибесіне қалдырған жөн. Алдағы уақытта tion, sion (-шын, -шін) қосымшасы арқылы жасалатын сөздердің тізімін жасап бекітеміз.                 

2) Ц немесе ts әрпімен берілетін сөздер қазақ тілінде санаулы. Атап айтқанда, цирк, цемент, цистерна т.б. Сондықтан, олардың халықаралық термин екендігін ескере отырып және оның пайдаланылуын оңтайлы етіп, түпкі жазылымын сол күйінде circuscementcistern деп қалдырамыз. Шеттен енген сөздер сингармонизм заңдылығына бағынбайтын сөздер болғандықтан, оның айтылуын транскрипцияда ұсынамыз. Тек жалқы есімдерді ғана екі әріптің қосындысы, яғни –ts арқылы беруді ұсынамыз. Мәселен, Tsoi, Tshai

3) Компьютер, футбол, баскетбол, волейбол сынды танымал халықаралық терминдер мен бренд сөздердің де жазылу ережесін computer, football, basketballvolleyball, Coca-Cola, Toyota, iPhone түрінде қалдырамыз. Ал, оқылу тәртібін транскрипцияда жүйелейміз. Себебі, аталған сөздердің жазылуы жұртшылыққа өте таныс. Алдағы уақытта жазылуы сол күйінде қалатын бұл термин сөздердің де тізімін жасап бекітетін боламыз.

 

Арман Байқадам,

«Baikadam» холдингінің бас директоры

Abai.kz

Томат тұздығы өмірді ұзартады

$
0
0

Томат тұздығы өмірді ұзартады

Астана. 20 қараша. Baq.kz - Барселона университетінің ғалымдары томат тұздығын өмірді ұзартатын өнімдер қатарына қосуды ұсынып отыр. Олар бұл өнімнің мидағы қан айналымы жұмысын реттеп, ұстамалы жүрек ауруының алдын алатынын анықтады.

The Daily Mail-дың хабар­лауын­ша, ғалымдар зерттеген томат тұздығының құрамы қыза­нақ, зәйтүн майы, пияз бен сарымсақ қоспасы және жүгері ұнынан тұрады. Ал химиялық-биологиялық құрамына келсек, онда антиоксидант бола алатын 40 полифенол бар. Жүрек пен қан айналымы жүйесін қышқыл­да­ну­дан сақтайтын заттар - осы. Испан ғалымдарының айтуынша, дәл осындай қосындылардан тұратын қызанақ тұздығы адам ағзасы үшін аса пайдалы. Әсіресе ол жүрегі ауыратын науқас­тардың өмірін ұзарта алады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Ғаламтор және қазақ тілі

$
0
0

Ғаламтор және қазақ тілі

23-Қазан, 2013   Талқы   52 рет оқылды   0 пікір

Жуырда Қазақ ұлттық өнер университетінің мәжіліс залында «Ақпараттық кеңістікте қазақтілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары» атты республикалық семинар болып өтті. Оған қазақтілді ғаламтор желілерінің басшылары, сарапшы мамандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Аbаi.kz» ақпараттық сайтының бас редакторы Дәурен Қуат бүгінгі таңдағы қазақтілді ақпарат кеңістігінің жай-күйіне тоқталып, бірқатар мәселелер туралы өз пайымын ортаға салды. Оның айтуынша, Қазақстанда жаңа медианың дәл қай уақыттан бастау алатынын дөп басып айту қиын. Себебі кейбір азаматтар ғаламтор туралы сөз қозғағанда, аумақтық ерекшелікті негізге алады. Кейбір мамандар ғаламтор шекара талғамайтын болғандықтан, өзге елде пайда болған контент те Қазақстанның жаңа медиа-нарығының дамуына әсер ететінін айтады. «Қазақстанның интернет тұтынушылары қазақ тіліндегі алғашқы қызықты контенттің шетелде тұрып жатқан қандастарымыздың күшімен жасалғанын жақсы біледі. Бұған 2005 жылы дүниеге келіп, жастар арасында танымал болған «massagan.сom» порталын дәлел ретінде келтіруге болады. Қазақстанның өз ішінде жасалған контенттің дені орыс тілінен аударма күйінде көрініс тапты. Алайда жекелеген адамдардың күшімен сапалы қазақша ғаламтор ресурстардың да пайда болғаны аян. Мысалы, «arkamedia.kz», «tarlan.kz», т.б. Сондықтан да қазақ тіліндегі Интернет туралы айтқанда шетелде тұрып жатқан қазақтардың да қазақ тіліндегі жаңа медианың дамуына үлес қосып отырғанын ескеруіміз керек» деген ол Қазақстанда ғаламтор медиа тұрғысынан емес, ақпарат құралы тұрғысынан қарастырылып, дамытылып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, осыған орай «электронды үкімет» жобасы қолға алыныпты. Бұдан бөлек ғаламтор қызметін қажет ететін интерактивті қызмет көрсету түрлерін салалық ведомствалар енгізген. Мысалы 2009 жылы үкімет басшысы жеке блогын ашқанын хабарласа, соңғы жылдары Премьер-министрдің, министрлер мен депутаттардың әлеуметтік желідегі аккаунттары көзге үйреншікті бола бастады. «Бұдан бөлек Қазақстанның ғаламтор кеңістігінде ұлттық контентті дамыту мақсатында ресми ұйымдар жеке сайттар ашып, мемлекет әлеуметтік желілер мен порталдар құруға бюджеттен ақша бөлді. Мемлекеттің қолдауымен ашылған порталдарға «kaztube.кz», «bnews.­­kz­» cайттарын, ал ғаламтордағы ең алып энциклопедия саналатын Wikipedia-дағы қазақша мәтіндердің саны мен сапасын аз жылдың ішінде арттырған «WikiBilim» сайтын жатқызуға болады» деді Д.Қуат.
ҚР Мәдениет және ақпарат министр­лігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы Қазақстандағы ғаламтор тұтынушылар саны 9 миллионнан асып жығылатынын атап өтті. «Бұл жалпы халықтың 40%-ынан астамы деген сөз. кz доменінде тіркелген сайттардың 80%-ға жуығы орыс тілінде болса, тек 8%-ға жуығы ғана қазақ тілінде. Қалғаны өзге тілдердің үлесінде. Бұл тек Қазақстанда тұратын ғаламтор қолданушыларға қатысты жағдай. Ғаламтор – шекара тал­ға­майтын құрал болғандықтан, Қытай мен Моңғолия, Өзбекстан мен Ресейде қазақ тілінде қанша сайттар бар екенін дөп басып айта алмаймыз» деді. Сонымен қатар қа­зақ тіліндегі ғаламтор сайттардың дамуы­на нарықтық қатынастың қазақ тілінде жүр­гізілмеуі себеп болып отырғанын айтты.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай «Қазақтілді интернет қолдаушылардың қызығушылықтары мен ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Ғаламторды қолдану, оған әр түрлі ақпараттарды енгізу арқылы біз қазір ғаламторды бағындырудың орнына, сол технологиялық құралға бағынышты болып барамыз. Ғаламтордың да өз ережесі, даму заңдылығы бар» деді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына қазірден бастап жай ғана компьютер қолдануды емес, соның ішіндегі контентті саралаудың да жолдарын, ғаламторға жеке басқа қатысты мәліметтерді құпия сақтаудың жолдарын түсіндіруіміз керек екендігін атап өтті. «Қазақ ғаламторы дегенде мен көбіне қазақ тіліндегі контенті бар ресурстарды көз алдыма елестетемін. Өкінішке қарай, бізде ондай сапалы ресурстар өте аз. Мен бұны ағылшын немесе өзге тілдегі ресурстармен салыстырып отырмын. Бізде неше түрлі сайттар бар, бірақ сапа төмендеу, болашақта сан бірте-бірте сапаға алып келеді. Нәтижесінде қоғамда сапалы ақпарат пайда болады. Өзара бәсеке күшейеді» деді А. Еркімбай.
Жиында сөз алған «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім қазконтенттегі мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары жөнінде тарқатып берді. Н.Әшімнің айтуынша, жаңа медиа компьютердің есептеу әдісі мен медианың коммуникативтік мүмкіндіктерін біріктірген құбылыс болып табылады. Сондықтан ол жаңа медиа термині жоғарыдағы дижитал мен онлайн сипаттарды да қамтуда. «Бірақ «жаңа» деген сөз әлі де дамып жатқан медианың түрлеріне орай кездеседі. Интернеттің пайда болғанына 40 жылдай уақыт өтсе-дағы жаңа медиа деп қолданудың сыры осында. Медианың өзегі – хабар, ақпарат, мәлімет десек, ол жаңа медиада өзгеріске түскен жоқ» деді ол.
«Қазақстан» телерадио корпорация­сы Интернет жобалар бөлімінің жетекшісі Мейірхан Жәпек мемлекеттік саясат­ты насихаттаудың көзі –интернет, журна­листика екенін тілге тиек етті. «Бүгінгі әлемде интернет технологиялар қарыш­тап дамуда. Интернет басқа салалармен қатар журналистикаға да үлкен өзгеріс­тер әкелді. Бүгінгі әлемдік БАҚ жаппай ғаламторға көшті. Дәстүрлі медиа түсіні­гі­мен қатар жаңа медиа өнімдері пайда болды. Ғаламтор мүмкіндігі тұтынушыға бір сайттан мәтін оқып, видео көріп, аудио­сын тыңдап, суреттері арқылы ақпарат алумен қатар, оны әрі қарай дамы­туға да мүмкіндік беріп отыр. Осылай тех­но­логияның дамуы ақпаратты әзірлеу, тұ­ты­ну және таратуға үлкен төңкеріс алып келді.
Бұған дейін оқырман тек мәліметті оқумен, көрумен немесе тыңдаумен ғана шектелетін болса, бүгінгі оқырман интернет арқылы мәліметті көріп, тыңдап, оқып қана қоймай, өзінің пікірін қосып, әрі қарай ол туралы достарына хабарлап, тіпті өзі де ақпарат жасаушыға айналып отыр. Интернет тұтынушыны қызықтыратын қазақша мультимедиалық өнім болмаса, интернет қолданушы сөзсіз өзге тілдегі өнімді тұтына бастайды» деді ол.
Семинар соңында тақырыпқа орай өзге де қатысушылардың түрлі пікірлері тыңдалды. Осылайша қазақтілді ақпарат кеңістігіндегі ғаламтордың рөлін талқы­лау­ға арналған жиында айтылған ой-пікір­лер іс жүзінде орындалса деген тілек бар.

Жұмамұрат Шәмші,
тарих ғылымдарының кандидаты

Астана

30 миллионға жету керек

$
0
0

«Экономиканы тұрақтандыру үшін 30 миллионға жетуіміз керек»

Астана. 21 қараша. Baq.kz – Мемлекет өз экономикасын бір деңгейде ұстап тұруы үшін немесе алға қарай қадам басуы үшін елдегі өндіріс орындарын игеретін жеткілікті халқы болуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанның халық саны кемінде 30 миллион болуы керек. Мұндай мәлімдемені Астанада өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік Конференцияда жастармен кездескен ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев жасады.

«Экономикамызды дамытып, өзге елдермен иық тірестіреміз десек, халқымыздың санын арттыруға жіті көңіл бөлуіміз керек. Бұл үшін мамандардың есебі бойынша, Қазақстан халқының саны кемінде 30 миллион болуы керек. Бұл межеге қалай қол жеткіземіз? Өткенімізге үңілсек, қазақ отбасыларында кемінде 10-12 баладан дүниеге келетін. Ата-бабаларымыз аттың жалында жерімізді қорғаумен күн өткізбеген. Елі мен жұртына қамқор бола жүріп, халықтың санын арттыруды да ұдайы бақылауында ұстаған. Тәуелсіз елдің ертеңі болар, ел тұтқасын ұстар болашақ буынды тәрбиелеуді бір сәт те естен шығармаған. Бабалар мұра еткен байтақ дала – біздерге жеткен аманат. Осыны үнемі жадымызда ұстауымыз керек. Болашақ сіздердің қолдарыңызда».
Еркін Құлымбайұлының жастарды жігерлендіру үшін жүректен айтқан әрбір сөзі жүректерге қонғандай. Отырған жастар езу тартып, айналасын бір шолып өтті, теңім осы ортадан табылар дегендей. Жалпы алғанда, Конференцияға өз өңірінің мәселесін арқалай келген студенттер айтар ойларын ірікпей, ашық жеткізді. Жастарды толғандырған мәселелердің қатарында: барлық өңірлердегі белсенді жастардың басын бір арнаға біріктіретін ортақ алаң құру, ел билігіндегі азаматтар мен шенеуніктердің назарына жастардың мәселелерін жеткізіп отыру үшін арнайы торап ашу, жоғарғы оқу орнын тәмамдаған жастарға лайықты жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау және осы сынды басқа да мәселелер бар.
Назардан тыс қалдыруға болмайтын жастардың әрбір ұсынысын қағазға түртіп алып отырды Комитеттің ресми өкілі. Әттең уақыттың келтелігі болмаса, жастар әбден көсіліп, бірталай жағдайдан хабардар етер еді. Тізгінді тартып отырған Еркін Құлымбайұлы Комитет төрағасы қатысатын негізгі жиынға үлгеруді ойлаған болуы керек, әрбір студенттің уақытын шектеумен болды.
«Бұл ұсыныстарыңыздың әрқайсысы біз үшін өте маңызды. Өңірлерде қалыптасқан жастар проблемасын өз ауыздарыңыздан тыңдадық. Алдағы жұмысымызда бұл мәселелердің әрбірін күн тәртібіне қоямыз», - деді Еркін Үйсімбаев.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ


Келбеті ерекше 10 актер

$
0
0

Келбеті ерекше 10 актер

Астана. 21 қараша. Baq.kz  –  Кино әлеміне мінсіз сұлулығымен емес, дарынымен, ал кейде ерекше түр әлпетімен тап болған актрисалар жайлы осыдан біраз бұрын жазған едік. Ендігі сөз сымбаттылығымен емес, келбетімен, тамаша рөлдерімен есте қалған актерлер жайлы болмақ.

 

"Жоғалғандар/Остаться в живых" телехикаясының жұлдызы Хорхе Гарсияның шашы – оның басты көзірі. Шоу-бизнес «толық денелілерді» жақтырмағанымен, Хорхе әрдайым өзіне тән рөлдерді сомдап, ешқашан жұмыссыз қалмаған.

Карел Стрёйкенге танымалдылық «Адамстар отбасы» фильмінен кейін келді. Нидерландық актердің ұзын бойы мен ерекше түр әлпеті бірнеше мінезді кейіпкерлерді сомдауға мүмкіндік берді. Көптеген фантастикалық фильмдерге гриммен түссе де, бейнені экранға шығару үшін оған аса күштің қажеті шамалы еді. Өйткені бет бейнесінің өзі ерекше кейіпкерге сұранып тұрады.

Кристофер Уокен келбетімен көрермендерге ерекше әсер етеді. Үлкен көздерімен тік қарап тұрған сәтте әр адам өзін жайсыз сезініп қалатын болар. Уокен сомдаған барлық кейіпкерлер осы түр әлпетімен ерекшеленеді.

Лайл Ловетт музыкант ретінде көптеген жетістіктерге жеткенімен, оның ерекше келбетін ескерген режисер Роберт Альтман оған "Игрок" және "Короткий монтаж" фильмдеріне рөл беріп, еш ұтылмады.

«Сұлу мен құбыжық» телехикаясындағы рөлі үшін Рон Перлман «үздік актер» номинациясы бойынша «Алтын глобусқа» ие болған. Оның кейіпкері дәл Ронның өзі сияқты ерекше келбетті, бірақ романтик болатын. Перлманның көптеген рөлдері гангстерлермен байланысты болса да, ол Голливудта өз орнын таба білді. Мысалы, Хэллбойды одан басқа кім ойнай алар еді, тіпті оған ғашық болғандар да болды емес пе?

Дэнни Трехоның жас кезіндегі анашаға әуестігі мексикандықтың бетіне ізін салмай қоймады. Көптеген қыздарды кинотеатрға тартатын сымбатты актерлер болғанымен, қалыптан тыс келбетті актерлер қайталанбас кейіпкерлерді салуға көмектеседі. Мысалы, Дэнни Трехоның «Мачете» фильміндегі рөлі сияқты.

Владимир Басов (1923 – 1987 жж) көзі тірісінде сегіз қырлы әртіс болатын. Оның өзіне тән ерекше келбеті, әртістік шеберлігі мен сүйкімділігі экранда жүздеген айқын кейіпкерлерді сомдауға мүмкіндік берді. Табиғатынан музыкаға бейім ол қарлыққан дауысымен фильмдердегі әндерді де орындайтын. Мұндай дарынды актерлер кино әлеміне жүз жылда бір келеді.

Жарқын кейіпкерлерімен есте қалған актерлердің бірі – Майкл Кларк Дункан (1957 - 2012). Ол Голливудқа актерлердің оққағары болып жүріп тап болған. «Жасыл миля» фильмінен кейін түрлі фильмдерге шақырылып, кино әлеміне толыққанды аяқ басқан еді. Қыршыннан қиылып кетпегенде, әлі де талай есте қаларлық рөлдерді сомдайтын ба еді...

Дәулет Әбдіғаппаровтың бейнесі қазақтың батыр-балуандарын еске түсіреді. 2 метрлік бойы мен ірі денесінің арқасында көптеген фильмдерге түскен. Және көбі эпизодтық рөлдер болғанымен, ол қыздардың сүйікті актерлерінің қолы жетпей жүрген шетел режисерлерімен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған.

Қазақстан кинематографиясында тағы бір ерекше келбетті актер – Төлепберген Байсақалов. Жастайынан музыкаға әуес ол, Қостанайдың кішкентай бір ауылында кештер ұйымдастырып, тұрғылықты диджей болған. Ал техникум бітірген соң, сол жердің мәдениет үйін басқарып, қойылымдар қойып, өзі рөлдерді сомдаған. Ол – актерге керегі сымбаттылық емес, дарын мен құлшыныс екенін толықтай дәлелдеген майталман.

 

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, meloman.kazakh.ru, ria.ru

 

Смартфондар адамнан ақылды болады

$
0
0

2017 жылы смартфондар адамнан ақылды болады

Төрт жылдан соң ұялы байланыс құралдары саналатын смартфондар адамнан ақылды болмақ. Бұл туралы арнайы тәжірибе жүргізген Gartner агентігінің вице-президенті Каролина Миланези айтып отыр.

Тәжірибе жұмыстарының қорытындысы бойынша, 4 жылдан кейін смартфондар адамзат баласының бар қажеттілігін, кез келген тығырықтан алып шыға алатын көмекшісіне айналады. Қазіргі таңның өзінде ұялы байланыс құралдары бұл қызметтің алғашқы қадамдарын жасап үлгерген көрінеді. Мәселен, мұның басты көрінісі - карта арқылы өзіңнің қайда жүргеніңді, қалаған барар жолыңды дәл көрсетіп беруімен байланыстырылуда. Gartner агентігінің мәлімдеуінше, адам қиялына сия бермейтін бағдарламалармен толықпақ. Сол арқылы смартфондар бір күніңнің толық жоспарыңдағы істер мен оны қалай жүзеге асырудың жолдарын дайындап бере алатын күшке ие бола алмақ. Сонымен қатар жауапты бір кездесуге кешігіп бара жатсаңыз, күтіп қалған қонақтарға адам еркінен тыс автоматты түрде хабарлама жіберіп, смартфоныңыз кешірім сұрайтын болады. Өзіңе қажетті дүние туралы смартфонға нұсқау берсең, сауда жасауға да бейім болатын көрінеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

ҚАЗАҚ РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӨРІСІ

$
0
0

ҚАЗАҚ РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӨРІСІ

ХХ ғасырдың басында жазыла бастағанымен де дүние-болмыс туралы халықтың кең аялы таным, пайым дәстүрін шапшаң сіңіріп ілгері озған қазақ романы күні бүгінге шейін қалыптасып, даму жолында жанрлық бағытта біршама олжаға кенелді. Жазылу үлгісі, қоздатып көтерген құбылыстары сан тарап тұтас бір көркемдік әлем түзілді. Роман теориясының білгір мамандары жіліктеп, жіктеуге татитын бай рухани қор жинақталды. 

Қанипаш МӘДІБАЕВА,
әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дің
қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы
кафедрасының профессоры,
филология ғылымдарының докторы

Қазіргі дәуірде, көркемдік танымның тың қат­парлары түріле түскен ендігі кезеңде қазақ ро­манының сөз өнерінің сүбелі сыбағасы тиген осы жанр ауқымындағы қауқары туралы ой тү­седі.
Қандай бір қысталаңдарда да көркемдік өріс аш­қан қадау-қадау туындыларымыз туралы ке­зеңінде ұдайы ақиқат айтылып отырмағандығы, оның қилы себептері өз алдына ұзақ әңгіме.
Әлем әдебиетінде романшылдық үрдістің бай та­рихы бар, қилы бағыттары болды.
Қазақ романының қалыптасып, даму дәс­түрінде қаламгердің өз дәуірі, оның тарихи-әлеуметтік арқау-ағыстары ұдайы көркемдік үдеріске қосылып отырғаны бел­гілі. Міржақып Дулатұлы ХХ ғасыр басында «Ба­қытсыз Жамал» романында өз уақытының қал­пын, әлеуметтік болмысын иланымды жет­кізудің бағытында ден қоярлықтай елеулі көр­кем­дікке қол салды. «Бақытсыз Жамалға» ілесе жазылған қазақ прозасының озық үлгілері болды.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» тек қазақ әдебиеті емес, әлемдік жазу өнері ая­сындағы жаңашыл бір өріс болғандығы даусыз.
Дүние дүбіліп жатқан дәуір қолтығындағы ел күйі, ел мұңы, ел мұраты жан қозғап отырып оқы­латын талай шығармалар уақыт көшімен іле­сіп келеді.
«Тар жол, тайғақ кешу», «Қартқожа», «Қилы за­ман», «Көз көрген» сынды қадау-қадау туын­ды­­лардың уақыт пен кеңістік ауқымындағы ше­бер­лік сүрлеуі елеулі.
Ғ. Мұстафиннің «Көз көргендегі» жазу бағыты туралы дер кезінде едәуір татымды ойлар ай­тыл­ған болатын. Қаламгердің бұл шығармасы ав­то-биографиялық роман, мемуарлық роман жан­рындағы туынды есебінде аталып жүрді. Зерттеушілер осы бағыттағы дәстүр жайын, әлем­дік әдебиеттегі озық үлгілер туралы ой қоз­ғағанда аталған романның әдеби өрістегі өзіндік елеулі мәнін аша түседі.
Қазіргі заман дегенді қайнап жатқан ортасы­мен әдеби әлемге дер кезінде әкеліп қосып жі­беріп отырудың дүниежүзі әдебиетіндегі озық үр­дістерінен қазақ романшылдары да қалыс қал­ған жоқ. Адамы ашылған шынайы қазіргі за­ман өмірін шарпыған романымыз бірақ көп те емес сияқты.
Әлемдік романшылдықта өз дәуірінің кең ты­нысты тұтастығын ондаған томдарға арқау ете оты­рып егжей-тегжейлі айтып, суреттейтін дәс­түр­дің түу басында Бальзак тұр.
Әлемдік әдеби үдерісте ықпалды шығарма­шы­лығы мен жазу өнеріндегі реалистік мектеп үр­дісін орнықтырудың беломыртқасындай бол­ған О.Бальзактың көркемдеу негіздерін, шеберлік тәсілдерін үйрену, сіңіру бағытындағы ізденістер ықпалы біздің әдебиетімізде даусыз бар.
Мұхтар Әуезовтің туабітті дарынымен сәу­леленген жазу машығында әлемдік озық үрдістер, соның ішінде, Оноре де Бальзактың да игі әсері болды. Бальзак басқаларды да баулып отырды.
Бальзак шығармашылығында аса елеулі екі та­рихи кезеңнің табы анық көрінеді. Қайта құру дәуірі мен шілде монархиясы, француз қоға­мындағы шиеленіскен әлеуметтік жағдайлар Бальзакқа «Адамзатқа әжуаны» жазғызған еді.
Оноре жастайынан өзгенің өмірін ой сүзгі­сінен өткізіп, бақылап отыруға қызығатын. Жұрт қалай тіршілік етеді деп мазаң күй кешкен келешек қаламгердің өмірді аяусыз шындық ауқы­мын­да тану дағдысы қалыптасты.
Бойында бұлқынған шығармашылық қуат барын сезінген жас Бальзак жазушылық жолға ден қойды. Ол 1830 жылы «Тобсек» новелласын, бір жыл шамасында «Шегірен былғары», «Луй Лам­бера», «Танылмаған асыл», 1832 жылы «Полковник Шаберді», 1833 жылы «Евгения Грандені» жазып тастайды.
1834 жылы «Горио отағасы» романын жазу үстінде оған адам ғұмырының әр кезеңін, барша қо­ғамдық жіктердің өмірін тұтас қамтып, бы­лайша айтқанда, француз өмірі түгі қалмай тұтас алынып жазылған шығармалар циклі бойынша жұмыс істеу туралы ой келді.
Қоғамның барша таптары, барлық кәсіп түр­лері, жас та, кәрі де қатысуы, тартылуы керек. Ең бастысы, адам атаулының барлығы: бағы тай­ғаны мен тасы өрге домалап тұрғаны, ақ­сүй­ек пен қара, дәрігер мен студент, дін қызметшісі мен әскерилер, актрисалар мен үй қызметшісі, зайыр­лы ортаның бикелері мен кір жуушылар.
Қоғамды ұсақ-түйегін қалдырмай қар­мап оты­рып қилы тағдырларын күйзеліс, шат­ты­ғымен, өмір дағдысымен көрсету ке­рек деп түй­ген. Жеке бас тағдырлар тауқыметін тір­ші­лікті тұтас шолып барып таныған ақи­қат­пен ұш­тастыру қажет еді. Осы бағытта әрбір жеке ро­ман ауқым­ды дүниенің бөлшегіне айналды, ол бөл­­шек келесі бөлшектермен жалғасып, бү­тінге ұласты.
Бальзакқа шейін де, онымен тұстастар да өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік ах­уалын көр­сетудің көркемдік шешіміне дәл осылайша келе алған жоқ. Бальзак бар­лық мәнді құбылысты қалт жібермеуге ын­тықты. Барлығының құ­пия­сын ашып әш­керелегісі, барлығын ұғынғысы кел­ген. Қызу қанды, құштар көңіл, өз кейіп­кер­леріне қалтқысыз ғашық автор осыған қо­са, адамды аяусыз тергеп-тексеріп, сол ар­қылы тұтас халықтың күйін танып отыр­ған зерек зерт­теуші де болатын.
Қоғамды бүге-шігесіне шейін адам­гер­шілік мұраттар тұрғысында аяусыз ақи­қат талқысына тартуымен Бальзак ы­мырасыз, бірбеткей қаламгерге айналды. Ақсүйектердің азғындау үрдісін ол көр­мей тұра алмады.
Бальзак тұтасымен өз дәуірінің қай­на­ған ор­тасында тұрды. Халық өмірінің өт­кенін де, келешегін де ол айқын сурет­теуді мұрат еткен жоқ. Оның теңдессіз үз­дік туындыларының бар­лығы да өз уа­қы­тының шындығымен суарылған еді. ХІХ ға­сырдың бірінші жартысындағы, атап айт­қанда, 1789 жылғы революциядан кейін­гі ел өмірінің шындығымен.
Аяусыз әшкерелеп отырғанның өзінде Ба­ль­зактың адамсүйгіштік болмысы жо­ғары тұрар еді. Туған халқына деген құр­мет, өз дәуірінің озық жандарын таба білу, солар арқылы туған Франциясының жү­рек соғысын сезіну.
«Адамзатқа әжуаға» кіретін кез кел­ген шы­ғар­маны оқу үстінде Бальзактың өз­геше дара жазу машығын сіңіру қажет, осы бір автордың жан дауысын естуге ын­тығу керек, оның адамтану әлеміне еніп, шығармашылық болмысының өзін­дік бітіміне үңілген жөн.
Бальзак стилін замандастары бірден қа­былдай қоймайды. ХVІІІ ғасырдағы фран­цуз романшылдарындағы әшекей-ай­шық, ділмәрау мұнда жоқ. Шатобрианға да, Гюгоға да келмейді. Тұрпайы жазады деп жұрт ұнатпаған Ретиф де ла Бретоннмен, ХVІІ ғасырдағы ғұмырбаяндық шығар­ма­лар алыбы герцог Cен-Cимонға ұқ­сату­ға болар еді.
1887 жылы жарық көрген кітабында Эмиль Фаге Бальзактың асқан дарынын, өмірдің «сырт» құбылыстарын керемет бі­летінін мойындағанымен, оның бойында шынайы суреткерлік құштарлық пен да­рынсыз әуесқойдың дағдысы ұштасып жа­тыр деп тұжырым жасайды. Сонша­лық­ты байқампаз әрі қарабайыр, дөрекі, тым нәзік кейде тым надан көрінетін Бальзак дегенге дейін барады.
Фаге де, Лансон да, тіпті, Флобердің өзі де Бальзак стилінде көңіл бөлерлік дә­неңе жоқ деген ойлар айтқан. Соған қа­рамастан ақын Готье мен тарихшы Ип­полит Тэн ХІХ ғасырдың 50-жылдарында-ақ сыншы атаулыға қарсы Бальзактың стилі оның түп мақсатын айна-қатесіз жет­кізетіні, «Адамзатқа әжуадағы» тосын, ба­тыл және жеке құбылыстардан жаңа әрі маңызды байламдар жасайтынын айтты.
Бальзактың суреткерлік дарыны отандастарын мойындатты. Оның шығар­машылығын зерттеген Пьер Барберис: «Бальзак Флоберден, Золядан, ағайынды Гоннурлардан жоғарыда тұр. Ол Шекспир, Ми­келанджелолар қатарындағы дарын. Бальзактың құштарлығы мен тылсым сиқыры оның романдарының әрқай­сы­сының өзегінде жатыр... Болмысқа ол әр­қашан алапат құбылыстар ұйтқысы есе­бінде назар салған», – деген тоқ­тамдар жа­сайды.
«Өткен дәуірлердің, қазіргі уақыт пен ке­лешектің барлық Золяларынан гөрі мен үшін Бальзак әлдеқайда ірі реалист. Ол «Адамзатқа әжуасында» француз «қауы­мының» реалистікпен бейнеленген тарихын ашты» (Ф.Энгельс).
Бальзакты сіңіру үшін оның стиліне ден қою керек. Бальзак құйылған қор­ғасындай зілді сөз қолданыстарға бейім, ол сөздің сөлін сезініп отырып жазады. Оның әсірелеулері мысықтабандаған мыс­қылмен суарылған, оның сөз айшық­тарының астарында адам­ның арғы сырлары қылаң беріп тұ­рады, мығым, берік ұстанымдар жоталанып жатады. Күрделі оралымдардың ар­қауында адамдардың күрсінуі мен күңі­ренуі, тығырыққа тіреліп таусылған сәт­тері ашылады. Ол сомдаған адам бей­нелері мызғымайтын мүсіндей әлуетті. Оның қаламы көбіне елеусіз ғұмыр кешіп жат­қан кәдуілгі адамдарды сом­дауға бейім. Сонымен бірге, ол сон­ша­лықты нәзік әрі берік кісілікті бей­не­лерді де ше­берлікпен тұғырға қондырды. Көше бойын, үй-жайды, бөлме ішін су­реттеуінде адам­ның тіршілік тынысын дарыта жазады, кез келген сәт, құбылыс, әрекет оқу­шыға айтарын айдан анық жеткізіп бе­реді.
Ә дегенде баяу өрбіп басталатын оқи­ға желісі бірте-бірте жеделдікке ойысып, оқушыны адам тағдырының аяусыз күйі жа­­лаңаштана түскен оқиғаның ширыға өр­біп, тоқтаусыз дамыған легіне қосып әке­теді. Кейіпкер құлқы сізді өмірдің баяу ағы­сына қарамастан болмай қоймайтын, кенеттен келетін тосын оқиғаларға қарай жетектейді.
Адамның жеке бас тағдырындағы күй­лер ұдайы қала, деревня белгілі бір нүкте және Бальзактың қырағы әрі ын­тық ойы әрдайым астасып жататын Фран­цияның жай-күйімен қоса-қабат алынып отырады.
Бальзак стилінде жөнсіз ділмәрау, кейіпкер сөзі тұтас бір мақалаға айналып жүре беретін шұбалаңқылық та бар.
Бальзак күндіз-түні жазады. Тоқ­тау­сыз еңбектенеді.
«Алданған армандарды» аяқтауға та­қап, «Жарқырау мен жабығуды» бастан кеш­кен тұста Бальзак бел жазбай, бас кө­тер­мей еңбектенудің бейнетіне шағым­данатыны бар.
«Адамзатқа әжуаның» тіршілік симфониясын мың-сан әуенімен тұтасқан дауыс ұстап тұр. Сіз оны «Гобсекті» оқып отырып тыңдайсыз, «Адыра қалған армандарды» парақтап отырып естисіз. Мына бір мы­салға қараңызшы. «Полковник Шабер» новелласында графиня Ферро айтқан monsieur (мырза) сөзін алайық, мұн­да жазғыру да, жалбарыну да, кешірім де, күдік пен үміт те, жауап та, сұрақ та тұр. Барлығы бір сөздің аясында, алайда гәп осы сөздің қалай айтылуында. Графиня көл­гірсіп айтты оны. Осы бір бетке ұстар ор­таның өкілі тұла бойымен жалғандық еді.
Міне, Бальзактың әлеуметтік арқау­ла­р­мен өрілген шыншылдық бағыты осын­дай тұстарда қылаң беріп, айқын­дала түсіп отырады.
Бальзактың «Өсімқор» очеркі 1830 жыл­дың көктемінде «Мода» газетінде басылды. Бұл париждік кәнігі өсімқордың болмыс-бітімі баяндалған кәдуілгі очерктердің бірі болатын. Сюжеті жоқ шығарма. Бірақ осы туынды келешек өмір шындығымен суарылған новелланың, біртіндеп шыңдала түскен шеберліктің асыл өзегі іспетті болды. Әуелде оның атауы тәрбиелік мінде – «Ма­сыл­дық – тір­ліктің қауіп-қатері» еді. Бұл атау өсімқор­дан гөрі де Рестолар жанұя­сының қасіре­тіне келетін. Соған қара­мас­тан, өсімқор көркемдік тұрғыдан да, идея­­лық тұрғыдан да орталық тұлға мәнін­де танылды.
40-жылдардың басында шығар­ма­шының негізгі – «Тобсек» атауы айқын­дал­ды. Осы бағытта «Адамзатқа әжуасының» өзге бөлімдерімен Бальзак үшін аса маңызды байланыс түзілді. Көпшілік туындысында ара-тұра көрініп тұратын, ал «Полковник Шабер» новелласындағы ше­шуші бейне Дервиль тұлғасы сомдалды. Де Ресто әулетінің қасіреті «Горио ота­ғасы» романының тікелей жалғасы. Мак­сим де Трай – «Адамзатқа әжуасының» тұрақты кейіпкері.
«Арбау мен алдау» романындағы Эс­тер ван Гобсек – өсімқордың немере жие­ні. «Гобсек» – «Адамзатқа әжуасының» – дің­гек ұстындарының бірі.
Бальзактың 100 томға жуық туынды­сы­ның қай-қайсысын тарқатып әңгімелеу тау­сылмастан ұзаққа тарта берер еді. Тұ­тас бір дәуір, шырмауық тағдырлар шын­дығының астарындағы тіршіліктің жай далбаса әрекеттермен шым-шыты­рық шарпысқан дауасыз ақиқаты туралы әңгіме таусылушы ма еді.
Бальзак белгілі бір дәуір болмысымен бітімгершілікке құштарланып, өлер­мен­дік­пен өршеленіп естері шығып, ебі қа­шып жатқан адамдар ортасының қым-қуыт берекесіздігіне бей-жай қарап отыр­ғандай болып, кірпік қақпай бақы­лайды. Неге? Неге? – деген көп сауалға әуес емес. «Болғаны осы, міне», – дейді бір­де айызы қанып, бірде ашынып. Сол ұста­ныммен тұтас бір дүниенің бағыт ал­мас­тырған шақтағы қасірет ауанын, қал­­та­рыстағы ішмерез сұмдықтарын, адам­ның мысын басып, бағын байлайтын еріктен тыс кең жайылған кесапат албасты үстемдіктің қайырсыз масайрап, марқаюын мазасыз алаңмен лек-лек алмасып келе жатқан мың сан оқыр­ман­ның ой әлеміне табыстайды.
Әлем әдебиетінде уақыттың аяусыз ақи­қатымен арпалысқан он-сан тағдыр­лар көркемдік тұғыр тапқан. Қазақ әде­биетінде кең тынысты роман ауқымына тартып, адамды оның ор­тасымен астас­тықта аялап айтқан туын­дылар бар. Жазу бағыты схемаға түс­кен кезеңдердің өзін­де шынайы суреткер адамды алапат жа­сандылықтан құтқаруға құлшынысын бә­сеңдете алған жоқ. Бұл тұрғыда арнайы, кең әңгімелер қазіргі кезеңде қозғалуы тиіс. Ара-тұра айтылып жүрген дуалы ауыз тоқтамдар тұтас ғылыми жүйеде түзілетін кез де та­қап қалды.
«Абай жолы» – қазақ тарихи рома­нының белгілі бір кезеңде жазылған биігі. Осы туындысында дүние-болмыстың көркемдік өрісін алақандағыдай айқын сезінетін зерек Әуезов, жазу даралығы саяси жүйенің жасанды қыспағында мың бұлқынып, жүз қайтқан қайран Мұх­тар Әуезов тарихқа баруының өзінде Абай тұлғасын арқау ете отырып өз уа­қытының өзек өртеген өксікті мұнан да қо­са қабат өрбіткен еді.
Мұнда Абайдың ақын шәкірттеріне қа­тысты, әдебиет тарихының қилы бағыт­тарына, әсіресе, зар заманның жайына, артық туған ұлтының азғындауға бет ал­ған тарихи қасіретіне ден қоюды қалай­тын, қалап отырып, өз уақытының қамын қоса сөйлеуді мақсат тұтқан қаламгер мұ­раты айқын.
Романның жазылу тарихындағы шы­ғармашылық ұстаханаға қатысты назар аударылуы тиіс мәселелер әлде де жеткілікті қозғалмай жүргенін ойға салады. Кезінде Шәкәрім мен Мұхтар арақа­ты­насына қатысты сөз қозғау қиын болды. Қазірде осы мәселе жалпылай ға­на айтылады.
Мұхтар Әуезовтің абайтанудағы зерттеу еңбектері, «Абай жолы» романын жазу жолындағы ғылыми, шығармашылық өрі­сін­де Шәкәрімнің өзіндік ықпалы ай­қын.
Бұл жерде Әуезов қаламының әлемдік өре­дегі қамал бұзған, қиынды алған ше­берлік шексіздігі өз алдына бөлек әңгі­ме.
Ақиқат, ықтимал күйдің өзін қаламгер­лік мұратына жығып әкеп, иіп отырып илан­дыратын, иланғанда да жан жүйең дір етіп, өзегің күйіп, өксіп отырып илана­тын өзгеше бір аяусыз кепте қинап нандырады. Әсіре қолпаш Әуезовке келгенде түкке алғысыз құрғақ ділмәр сөз болып қалар еді.
Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Әр жылдар ойлары» еңбектеріндегі қа­зақ әдебиеті тарихының даму кезеңдері, жанрлық қырлары, әдебиет үлгілері, бай мұраны туғызушы шығармашылық тұлға­лар жайлы кезінде қилы себептен қасаң ай­тылған ғылыми дерек, болжам, тұжы­рым­дардың «Абай жолы» роман-эпо­пея­сында қиюы келіп, қисыны табылып баян­далғаны – мұхтартануда кеңінен қоз­ғалып айтылмаған, бағамдалып бол­ма­ған шығармашылық сырдың бірі.
«Әдебиет тарихындағы» сөз басында «Қазақ ескілігінен аз мағлұмат» тақыры­бымен берілген ұғымда Мұхтар Әуезов ел өмірі мен әдеби туындының біте қай­на­сып жататын ерекшелігін қозғап отырып, әдебиет тарихын зерттеудің елтану ілімімен астасып жататын мәнін көлденең тартады. Арада жылдар өткенде Мұхтар Әуезов Абай туралы роман жазуында осы ұстанымды шығармашылыққа ұластыр­ды.
«Әдебиет тарихында» айтылған қазақ әдебиеті тарихы жайлары, әдебиет үлгі­ле­рінің бірі – ел салтындағы шер өлеңдер: жоқ­тау, естірту, қоштасу, көңіл айту.
Осы жоқтау, шер өлеңдер айту жайы «Абай жолында» ел өмірінің бір салты есе­бінде әлденеше қайта суреттеліп, баян­далып отырған. Оспан, Әбдірахман қа­засына қатысты Абайдың жоқтау өлең­дермен қатар, ел ішінің күнделікті тіршілік ағымындағы қазаға қатысты айтылған жоқтау өлеңдер баяндалған басқа да тұс­тар бар.
Тәкежанның үлкен баласы 12 жасар Мақұлбай қайтыс болғандағы жайды ел ішінің, ағайын арасының қабақ баққан, аңдысқан суық бір сәттерімен салыстыра баяндай отырып, Мұхтар Әуезов қазаның ар­тын жоқтау жайын Мақұлбай өлімімен ас­тастыра келіп, «Әдебиет тарихында» жа­саған жоқтау түрлеріне қатысты тоқ­там­дарын нақтылы жағдайлармен, көр­кем­дік өріс аясында айқындай, айғақтай түсіп отырған.
Роман-эпопеяда ел руханиятында өл­шеусіз орны болған сал-серілік өнер, ән өлеңнің «Әр жылдар ойлары» зерт­теуін­дегі ғылыми негіздемелермен астасып жатқан сәттері де көркемдік шешім тапты.
Абай еліне Біржанның келгенін айтуын­да, Мұхтар Әуезовтің айтатыным мұнан да көп дейтіндей. Біржан өнеріне құлап отырған Абай ойы арқылы талай дүниені аңғарып өтеді.
Жазушы Біржан жаз бойы ән салған жайлаудағы кедей-кепшік жұрттың жүдеу өміріне ғана қатысты айтып отырғаны айқын. Есбикенің қызын Сақыштың жиын­ға жете алмай қыстығып жылайтыны, Бүрсінбайдың мұңы – бәрі де айтылып кеткен. Ел жүзін жапқан қаяу басқа. «Арқа жүзіндегі сан сұмдық» та айтылмай айтылған. Отаршыл билік тырнағы әбден батқан ел жадаулығы ол...
Мұхтар Әуезов қиын-қыстау замандарда рухани қорегін малданып жан сақ­таған, ар сақтаған жұртының қасиеті зор, қуат-тірегі мол екендігін меңзейді.
Сал Біржан еліне қайтқанда, ел ер­келігін оятып қайтты. Әмірдің жайы, Ке­рім­баланың жайы... Бұл да көп дүниеге мең­зейді.
Қаламы құрсаулы, қиялы тұсаулы күндер, аяусыз салған жан жарақаты көп шақтардың өзінде қаламгер Әуезов сонау «Қилы заманды» жазғандағы, «Хан Кенені» жазғандағы қайраткерлігінде, қатпарлы суреткерлігінде қалып отырғандығы уақыт көші ұзаған сайын ашыла түсіп отырған ақиқат.
Әдебите тарихында аты мәңгі қалған айтулы ақындар ғибратын шығармаға сыналап кіргізуінде Мұхтар Әуезов Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі жайында астасып жатқан арқаулары мол дерек, дәйектерді көркемдік өріске шығарды.
«Абай жолында» Мұхтар Әуезов Қа­дырбай (Сабырбай) ақынның сыр-толғамы арқылы Жанақтың тарихи тұлғасына қайта айналып, қайырылып, елеулі мән бе­реді. Осында Жанақ ақынның Абайдың алдындағы үлкен әдеби мектеп ар­на­сының бір көзі екендігін көрсету мақсаты бар.
Қарт ақын әр сөзінің тұсында әлдебір ертегідей алыс ақын Садаққа соға береді. Бала кезінде өзіне өзге ақындардан өз­геше көрінген сол Садекең екен. «Көргені мен білгені ұшан-теңіз. Ол кісінің айтқаны мен жеткізгенінің мың да бірін білмейміз. Тегін емес, кеудесінен нұр саулаған ақын сол еді, жарықтық!» – деп сөйлейді.
«Абай жолындағы» ХІХ ғасырдағы қа­зақ әдебиетінің жаңа бағыттары мен беталысы, Абайдың өзі де, ақын шәкірттері де құныға бас қойған әлемдік әдеби ағыс, орыс әдебиетінің жауһарлары туралы ой сілемі әдебиет тарихының Әуезов зерделеген өзекті жайларымен ұштасып жатыр.
Ұлан-ғайыр білім, ұшан-теңіз ойшыл­дықпен туған ұлтының тағдыр-талайын тарих таразысына тартуда қай бір күнде де қажымаған, алдағыны болжап, ар­тындағыны барлап, барын сарқып беріп кеткен дана Мұхтар Әуезовтің шығарма­шылық зертханасы тұрғысынан келгенде ғұлама ғалымның ғұмырлық ғылыми ұстанымдарын қаламгерлік, жазушылық өнерінде қалай ұқсатып жұмсағанын айқындай түсетін осындай да тұстары бар.
«Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая» мақаласында Мұхтар Әуе­зовтің суреткерлік парыз алдындағы адал ­еңбегі туралы ақиқат ойлар айтыл­ған.
Шығарманың жазылу тарихын тұтас қамтып баяндайтын бұл мақаланың да емеурінмен меңзеп жеткізетін қыр-сыры аз емес екендігін қазірде айқын ұғына түскендейміз... Ол – өз алдына және бір әңгіме арқауы...
Қазақ сөз өнерінің ғасырлар бойы түзіл­ген үздік үлгілерімен маңыздана тү­се­тін бай тарихы ХХ ғасырда жаңа туын­­­дылармен молықты.
Жазба проза бағытындағы жанрлық, көркемдік тәжірибелер, ізденіс, ізгі мұ­рат­­тар туралы бүгіннің талабымен ой қоз­­ғағанда ауызға алдымен ілінетін жоталы туындының бірі, сөз жоқ, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында жазылған «Қан мен тер» қазақ оқушысын елең еткізген. Сонау бір жылдарда өзіміз әрі тосырқай, әрі таңырқап, ынтыға та­быс­қан Ақбала, Еламан, Сүйеу қарт, Мөң­ке, Ақкемпір, Қаракемпірлер, Қарақатын, Судыр Ахметтер, Қален, Кенжекейлер арада жылдар өтіп жатқанымен, бізден бір сәт те ажыраған емес. «Қан мен тер» халықтық шығарма болып қалды. Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы қия­ға беттеп, қиыр шолған қилы ізденістерінің куәсінің бірі де осы – «Қан мен тер».
«Қан мен тер» қазақ әдебиетіне қанша жерден төңкеріс тақырыбын бүркен­гені­мен, әсіре саясиланбаған, алабөтен рухпен желігіп, елікпеген адамшылық қал­пы­мен, кісілік ғұрпымен өмір сүріп жүр­ген кәдімгі қарапайым пенделерді «қап­татып» алып келді. Кіршіксіз, мүлтіксіз ісі жоқтың қасы. Бірақ «Қан мен тер­де­гілер­дің» ішінде қымбатымыз да, қима­сымыз да, іздегеніміз де толып жүр еді.
Кезінде «Қан мен терге» қатысты әде­би сында әр алуан пікірлер айтылды.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің адамды, оның сынаптай сырғып ағып өтіп бара жатқан аз-кем қызық дәуренін көркем бейнелеудің әлемдік озық үрдістеріне қол салған жаңашылдығы туралы шындап ойлана бастадық.
Қай заманда да, қандай тарихи әлеу­меттік жағдай қолтығында да жеке адам қырып-жойып, дүниені түгендеп, түзетіп тас­тамасын енді-енді мойындап келе­міз.
Бальзак ХІХ ғасырдағы француз қоға­мы, қоғам аясындағы адам тағдырлары туралы том-том шығарма жазды. Өмірдің адам еркінен тыс суық бауыр қатты шын­дығын суреттеді. Етжақын жандардың жатсыну, адамдар ортасындағы өгейлік сынды аяусыз ақиқаттарды алдыға жайып тастады.
Бальзактың қоғам өмірін типтік құбы­лыстар ауқымында көрсетуде егжей-тег­жейлі тәптіштеуге бармай-ақ, емеурінмен көп дүниенің арқауын тарқатып тастап кетіп отыратын жазу мәнері әлемдік тә­жіри­беде із-түзсіз кеткен жоқ...
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен терді» жазуда дүние әдебиетінің бай дәстүрін, жаңа бағыттарын ұдайы ескеріп отырған, төлтума сипатты халықтың, ұлттық шы­ғар­­ма туғызу биік мұра абыройы оңай­шы­­лық­пен келмеген.
Осы «Қан мен тер» атты трилогия тура­лы сөз қозғау ХХ ғасырдағы қазақ әде­бие­тінің сүйекті туындыларының қай-қайсысы туралы айтудың қиын да күрделі міндетімен астасып жатыр.
Мұндайда көркем шығарма тудырудың атам-заманнан бергі ереже-мұраты, тір­шілік дариясының асау толқындарына жармасқан адам тағдырлары туралы көркемдік ақиқат бас көтереді.
«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұратын «Қан мен тер» романында ұлы даланың бір аумағында, теңіз қол­тығында ХХ ғасыр басындағы белгілі бір кезеңде өмір сүріп өткен ел тарихы баяндалады.
«Қан мен тердің» халықтық шығармаға ай­налуының себебі көп.
Романда орталық тұлға, кесек кейіп­кер әлденешеу. Автор белгілі бір дәуірдегі ел тарихын, адам тағдырын, жалпының ішіндегі жалқының өмір шырғалаңын ұдайы қатарластыра, қосқаптал ағыстар­мен, үзік-үзік, қадау-қадау айқын сәттер­мен астарлап алып отырады.
Шығарма оқушыны жұмбағына ын­тық­­тырып, Қарақатынның сыпсыңдаған өсек сөзімен басталған. Бірте-бірте Ақ­баланың жайына да қаны­ғамыз. Ақбала бейнесі беймәлім іштарту сезімін туғы­зып, көптің жүрегін қозғады. «Опасызды­ғына» қарамастан Ақбаланы автор «ағар­тып», Ақбала деп аялайды. Оқушы да Ақ­балаға ұғыныстық­пен қарады. Жек көре алған жоқ. Жерге қаратып кеткен Ела­манның өзі оған теңгерер түк таппай, жұмбақ бақытпен ғұмыр кешті. Ақбала­ның «сиқыры» неде сонда? Адам баласы әр уақытта да еркі­нен тыс дүлей сезімге, махаббатқа бір­түр­лі құрметпен қараумен келеді емес пе? Ақбаланы Аннаға (Каренина), Аксиньяға, т.б. толып жатқан сүй­гені үшін дәнеңеден іркілмей опат болатын әйел­дерге теңейді. Дұрыс та болар. Не дегенде де Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Ақбаласы қазақы ғұрыптың шындығынан шыққан ұлттық бейне болғандығымен де халық жүрегіне ұялады.
Судыр Ахмет – қазақ әдебиетінің ғана табысы емес, қала берді әлемдік деңгей­дегі олжалы бейне.
Бір көрмеге күлкі болып жүрген, жа­да­ғай, берекесіз біреу. Бірақ бұл – мей­лінше күрделі бейне. Оның тайқығыш, құ­­был­ма, опасыз аярлығы, суық немкет­тілік, масылдық пиғыл, аңқаусыған көлгір­лігі, байбаламшыл көз алдаушылы­ғы, т.б. толып жатқан кесел құлықтары тұ­таса келе осалдық кесапаты дейтін сұм­дық болып шыққан. Судыр Ахмет – адамның қоры. Автор Судыр Ахметті жағ­дай аясында, өмір ортасынан ойып алып, әр қырынан ашып, әшкерелейді.
Әбдіжәміл Нұрпейісов – кейіпкерді алдын-ала дайындап пісіріп, жетілдіруден гөрі өмірдің өзіндегідей тосын, қапелім сәттерде ашуды көздеп отыратын қалам­гер.
Сүйеу қартты да, Қаракемпірді де, Айғанша, Кенжекейлерді де, тіпті, «ішіміз жылуға» тиіс емес Тәңірбергенді де өмір ағысының әр иірімінде қолайын тауып көр­сетіп кетіп отыру арқылы тұтас тұлға түзіліміне тартады.
Сонау бір жылдарда «Қан мен тер» арқылы кешеуілдеп дамыған қазақ жазба көркем прозасының алысқа бет түзе­ген баянды бағыты жаңа бір сыр, сымбаттармен тұғырлана түсті.
Жазушының сурет сыйғызып отырып төгіп-төгіп өтетін баяндау тәсілдері, ара-тұра ұлттық бітімнің бүтін тұтастығын ай­­шықтап, аша түсетін, жылы мейірім шар­пыған жеңіл мысқылдау; өмірдің өзі­нен шыққан дара-дара, соқталы кейіп­керлердің аузымен айтылатын, айтушысына ғана сай тура тоқтам, табылған сөздер...
Жазушы оқиға қуып дүниені түген­де­мейді. Оқиға қажет кезінде, дер шағында оқу­шының алдынан «өзі шығады».
«Қан мен тер» өміршеңдігі қаламгердің қолдан мән жасауға ыңғай бермей, қай ғасырда, қандай тарихи жағдайлар ауқы­мында ғұмыр кешіп жатқандығына қара­мас­тан-ақ атам заманнан адам баласы маңдайын соғып, кеудесін төсеп сүріп өте­тін қысқа ғұмырдың қызуы мен ызғары туралы жүрек иланған баянды әңгіме айт­қан шеберлік сырларында жатса керек.
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы «Аяз би» романында кеңестік кезең характерін, қолдан шыққан қондырғы болмыстың шыңырау мағынасыздығын «қарадан шығып хан болған» көптің бірі Миятбектің қысқа ғұмырдағы қайтымсыз бақытсыз­дыққа бастаған татымсыз тіршілік әрекет­тері ауқымында қозғайды.
Романда дәуір, кезең беталыстары, жеке бастағы уақыт ықпалы, ел өміріндегі елеулі құбылыстар формасындағы Мият­бектің отбасылық аядағы, қызмет бабын­дағы сынаптай сырғыған күндері иланымды көркемдік кеңістік түзген.
Ел басқару ісі жақсыларға міндет болған замандар баяғыда өтіп кеткен. Ендігінің атқа мінгендері атаққұмар, дүниеқор, сері, селтең. Алыстан шолып, ар ойлап, абырой сақтаудан ада жаңа бір лек. Айлакер, аса сырдаң, асқан сұм. Жұма­бай Шаштайұлы кеңес әдебиетінде ұдайы жағымды қалыпта ғана алынып кел­ген партия адамының адым озғызбас кереғар пенделік күйкілігін жаппай жайыл­ған типтік сипаттар ауқымынан көз­дейді. Ауыл, аудан, облыс, республика деңгейіндегі алуан кейіпті басшы бейнесі біздің заманның адамдарының көпшілі­гінің таныс-бейтаныстары болғандығы рас. Жазушы үй іші, отбасылық әңгіме төңірегінде, жалпы Миятбектің айналасын, ортасын тарта отырып баяндайтын көпшілік өмір оқиғаларын бір қарағанда шарттылау болып та көрінетін ситуациялар төңірегіне шоғырландырып отырып, әлеуметтік ауыр ағысты күйлер аясын­дағы адамды боямасыз, бүкпе, бүркеусіз, барын­ша екіұдай, кереғар, күнәһар, бірде биік, бірде аласа табиғатымен тұтас­тықта алуға тәуекел еткен.
Жұмабай Шаштайұлы шығармада заман түзген ортақ сипаттары анық, сонымен бірге дара қалпындағы етенелігі де күмән туғызбайтын кейіпкерлер ортасында жүреді. Жазушының образ ашу шеберлігі туралы адамның жүзіндегі сәт сайын қылаң бермей қоймайтын ішкі аласапыранның жойқын ағыстарын аулау, соны өзіндік ұсталықпен ұқсатып түгендеу, тұтастандыру тәсіліндегі оқшау аңғарымпаздықты айтсақ болар еді.
Қанша жерден қымтағанымен қылаң бермей қала алмайтын адамның ішкі пиғылын аулауда Жұмабай көбіне көзді бағады. Маңдайдың терлеуі, мұрынның сулануы, шекенің тырысуы, аяқ асты жарқ ететін көңіл қошы, қолдың дірілі, еңсенің түсуі, тағы да басқа толып жатқан адам тұрқының жан мазмұнымен астасқан «опасыз» құбылуларын теруде жазушы алабөтен аңғарымпаз. Қырағы, суық көз сақшы.
Романдағы Байқадиевті жүз құбыл­тып қойған заман, басқаларды да аяусыз бұзған. Жұмабай Шаштайұлы өмір фак­тілерін сыналап кіргізіп отыруында осыны меңзейді.
Шығармадағы негізгі оқиға Миятбек­тің хатшылықтан түсуі. Осы тұс аярлық та, алдамшы да, арзан да жамырай жабылып, өзі де оңып тұрмаған Миятбектің опасыздықпен жанышталғандай болған өкпелі күйін шерте отырып, тіршіліктің талай-талай арсыз парақтарын ақтара түседі. А.Ісмақова айтқандай, қайсібір туындысында да идеализациялауға ыңғай бермейтін Жұмабай Шаштайұлы­ның Миятбегі партиялық кадр туралы стереотипке кірікпейтін біртүрлі ыңғай­сыз адам.
Қырымға баратынынан алдын-ала ақпар таратып, айналасындағылардан ақша дәметеді. Дәметіп қана қоймайды, қалтасын қампайтып кетеді демалысына. Іні болып, іші-бауырына кіріп жүрген бая­ғы шешесін сабайтын соқыр Жалбосын­ның Арқабегінің келіншегіне ынсапсыз көзі құрығыр қайта-қайта түсе беріп, ақы­ры ауға түсіреді. Ешкімге сенбейді. Елді жерге бөледі, руын, тегін теріп тексе­ретін әдеті да жоқ емес. Қоғам меншігін әкеден қалған мұрадай оңды-солды жайқап жатқан билік басындағылармен бірге туған. Айнымайтын әдеттері, дағды­лы машықтары бар.
Осы ортаның өзара сапырылысып қайнап жататын қызу өмірінде адам қызығатындай дәнеңе болмағаны – ұлы қасірет. Қожанасыр жарықтық алаң­ғасарлы­ғымен өзі отырған ағашты өзі шапса, мұндағыларға бәрібір, күл болмаса бүл болсын, бұтада қонақтап отыр­ған­дағы шырқы бұзылмаса болғаны сияқты. Ордалы жыланға теңесек, өзімізге өмірі беймәлім жылан жарық­тықтардың обалына қалуымыз мүмкін.
Жұмабай Шаштайұлы тозып таусылуға тақаған жүйенің жүлге құртындай жандана түскен атам заманғыны, адамның әу бастағы осалдығын заманына қолайлы қалыпқа ойысқан құбылысында жілік­тейді.
Бел стансасындағы апасына барып-қайтқан Нұржановтың жанын безек қақтырып, тыным бермей жүрген ар алдындағы арылу азабы ма, жоқ ауқымы тар өзімшіл өкпе ме? Ойлану керек. Өткенге өкініп, өмір бағытын түзей қалды дегенге емеурін білдірсе, қаламгер біртүрлі романтик болып кетер еді. Қал­пы, тұрқы қайсібір сынақ сәттерде мәлім болған Нұржанов, аяқ асты тақтан тайдым екен деп қалайша сүттен ақ, судан таза бола қалмақ? Ол – фантастика. Нұр­жанов өзін тудырған жүйенің «қайыр­лы» өнімі. Төлтума тұқымы. Тұқымқуалау­шы­лықтың зардабын әлі талай ұрпақ тартуы да кәдік.
Шығарманың кез келген тұсынан замана перзенттерінің бойындағы төлтума сипаттар қылаң беріп отырады.
Партияға соншалықты тәнті болған­дай, тәртіпке ғана құл сияқты, әсіресе қай­раткер шенеуніктердің осал тұсы – қу дүние. Ақша мен алтын. Жаппай осы дерт­ке шалдыққан.
Миятбектің әкесінің қарындасын араға жылдар өткенде іздеп барып, кейуананың біртүрлі суық қабақ танытуы сияқты қолайсыздау бұрынғы қазақ ішін­де салтқа сіңе қоймаған құбылыстар еді. Ендігі заман жатсынудың басын осылай байқатады.
Қасында жүрген әйел азаматының ғана емес, ел абыройын ойлаған, ел тілек­шісі болған заманалар да кейіндеп кетіп бара жатқаны қауіпті. Қиын күнде де қақырайып, ошақтың отын өшірмеген аналар дәстүрі берік болған қазақ дейтін халық үшін бұл – қасірет.
Оноре де Бальзак бел алып, дендеп бара жатқан капитал дүниесінің адамзат үшін ауыр зардаптары айқын көрінген ХІХ ғасырдың бел ортасындағы француз қоғамынан осындай сорақы сұмдықтарды көп көрсе, «өркениетке» жел айдаған қаңбақтай екпінмен қуылып қосылған қазақ баласының басынан бақ тайған заманалардағы қаламгер «қауіп еткеннен айтқан» осындай-осындай күйлері болды.
Бальзак сән, жан мен тән рахаты үшін туған әкенің өлігін аттап кетуден қымсын­байт­ын Горио отағасының қыздарын айт­­са, солармен жаны туыс ұрпақ қазақ­тан да ­туды. Жұмабай лама пальтоның тө­ңірегіндегі әңгімені тілге тиек ете отырып, жас буынның беталысынан бай­қалған тосын құбылуларға зер салады.
Өз заманының адамдарын бақылап отырып, барлап отырып, әр сәт, әр әре­кетін егжей-тегжейлі ақтарып жазу, осы­дан тұтас дәуірдің нышандарын айқындау мұратындағы көркемдік жинақтаулар жасаудың әлем әдебиетіндегі озық үрдістерімен үзеңгі қағыстырар шығар­маларға сусап отырған уақыттарда жазылған «Аяз би» романы – қазақ ро­ман­дары­ның тұтас шоғырында қазіргі заман­ғы романның әлеуметтік-психо­логиялық үлгісін дарытуда кеңістік аша келген туынды болды. Уақыттың құбы­лыстары пішіндеген замандас бейнесі барынша өміршең қалпында тұлғаланған шығар­маның тілдік құрылымындағы ынтықты­рып отыратын жан серпілтер тылсым қуат – ана тіліміздің байтақ әлуеті, баянды мәртебесі.
Шығармадағы орталық бейне іргелі адамшылық ұстанымдар жұтап бара жатқан белгілі-бір кезеңнің тұтас қалпы десек те болатындай. Уақытты түрлі дең­гей­дегі лауазымды қызметтегі бірнеше басшының жеке бас сипаттарымен сомдалған образ деңгейінде көркемдік кеңістікке алып шығу үлгісі қазақ әде­биетіне осылай келді.
Жұмабай адамға тән осалдықтарды адам еркінен тыс алақұйын сезім сергел­деңдерін, жан иітер жылы сәттерді барынша натурасымен, батыл жазуға бейім. Ер адамның жаратылыс құпияла­рын ашық-шашық жазу – жазушы Жұ­ма­бай Шаш­тайұлының шеберлік тылсымда­ры­ның бір қыры.
Әлемдік романшылдықта небір үздік үлгілер болғанымен, төл әдебиетіміздің ұлттық төлтума сипаттары қанық өзіндік игіліктерінің орны бөлек.


PS. Замандас тұлғасын сомдау бағытында, уақыт, кезең шындығын көрсетуде құрсау бұзып, қайырлы бағыттар түзген қазақ романы баршылық. Сәті келсе, басқа туындылар туралы да әңгіме өрбіту ойымызда.

Рақым Айыпұлының жауаптары

$
0
0

Рақым Айыпұлы. Елбасы аталған заң жобасын кері қайтарады деп үміттенемін

 

 

 

 

Интернет-конференциямыздың мәртебелі мейманы Рақым Айыпұлының жауаптарын жариялапотырмыз. Әңгіме өзегі көші-қон мәселесі болғандықтан оқырман сауалы да негізінен осы тақырыпты қамтыпты. Сауалдардың арасында сырттан көшіп келіп жатқан ағайынды ұнатпайтындар да, олардың талап-тілегін  ел ішін бұзар ереуіл деп қабылдайтындар да бар екен. Сондай пікірдегі сауалға байланысты Рақым Айыпұлы: «Елге оралған милионға жуық қандастарымыздың бәрі өкпе айтып, ереуілге шығып жатқан жоқ. Құзіретті мекемелерден әділдік таппай қиналған бірен- саран ағайынның өкпе наласына бола елге оралған күллі қандастарымызға топырақ шашу азаматтыққа да Құдайшылыққа да жараспайды» ,  – басалқалы сөзбен жауап қайырды. 

– Реке, «Атажұртты бетке алып көш келеді» атты кітабыңыздағы өте құнды көзқарас-пікірге толы жазбаларыңызды оқып, ұлттық рухыңызға тәнті болдым! Енді мына бір сауалдарға ой қоссаңыз? Осы жолғы көші-қон заңына енген өзгерістерді “халық қалаулылары” қолдағанмен, Елбасымыз кері қайтаруы мүмкін. Сол арқылы ол кісі тағыда бір рет бедел жинау науқанын бастайма деген ойдамын. Бұл жөніндегі ойыңыз қалай? 2.”Нұротан” үшін жанын қия, белсенді еңбек сіңірген Аслан Мусин мен Бақытжан Жұмағұловтың осы жолғы Нұршылдардың құрылтайынан шеттетілуінің себебін қалай түсінеміз? Бекқожа Жылқыбекұлы

-Мен сіз сияқты Елбасы аталған заң жобасын кері қайтарады деп үміттенемін. Қалай деген күнде де Қазақстан Президенті көші–қон саясатын 20 жылдан аса табанды жүргізіп келді емес пе. Ойланбай жасаған осы бір қадам арқылы бір-ақ күнде барлығын сызып тастамайтын шығар. Екінші сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймын. Себебі мен «Нұр отан» партиясының мүшесі емеспін. Аталған партиядағы кадрлық өзгерістер сол партияның ішкі мәселесі болып табылады.

– Бұл заң қандай заң өз көзіңмен көрдіңізбе?

-Аталған заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  деп аталады. Сол заң  жобасында   ҚР «Азаматтық туралы» заңы:16. бапының 1) тармақшасында ҚР аумағында заңды түрде кемінде 5 жыл тұрақты тұрған, немесе ҚР азамттарымен кемінде 3 жыл некеде тұрған оралмандар ғана ҚР азаматтығын алатындығы айтылған. Ал,ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 23 бапының 1) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес тек «ҚР Үкіметі орамландарға қолайлы деп белгілеп берген аймақтарға қоныстанған этникалық қазақтар ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат аларда «төлем қабілетін растаудан босатылады»-деп жазылған. Демек, егер аталған өзгертулер шынымен қолданысқа енетін болса, бұдан былай елге оралған қандастарымыз ҚР Үкіметі орамландарға қолайлы деп белгілеп берген аймақтарға ғана қоныстануға мәжбүр. Заң жобасында бұдан басқа да елге оралған этникалық қазақтардың құқығын шектейтін өзгерістер жетіп артылады.

–       Рақым аға барша қазақты екіге жарған бұл заңға Президент қол қойса онда қазақ елін аңсайтын шеттегі қазақтың күні қараң болары хақ, сіз бұл ұлтқа жасалған қауіптің бетін қалай қайтаруға болады деп ойлайсыз?

-         Ең басты үміт Елбасында. Егер елдегі ақпарат ағынына зер салып отырған болсаңыз, аталған заң жобасы Сенатта қаралғалы бері ұлттық бірлікке қатер төндіретін мұндай кереғарлыққа ұлтымыздың бетке ұстар зиялыларынан бастап, тұтас ұлт болып қарсы болуда. Себебі, бұл тек оралмандардың ғана мәселесі емес, бұл біртіндеп қалыптасып  келе жатқан ұлттық мемлекетіміздің болашағымен тікелей қатысты мәселе.Сондықтан мұндай ауқымды мәселеге мемлекет басшысы бейжәй қарамайды деп үміттенемін.

–       Құрметті Айып мырза!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап АТАЖҰРТҚА қайтуды аңсаған ҚАЗАҚТЫ оралтуға бар ынтасымен, жар құлағы жастыққа тимей атсалысқан Қазақтардың Дүниежүзілік Қауымдастығының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев ағамыздың кезіндегі басталған жұмыстары қазіргі кезде одан әрі өз жалғасын табуда ма (Квота бөлдіру, Кіші құрылтай, оралмандарды жоғары оқу орындарына тегін оқыту, т.б.)?

 – Қауымдастықты басқаруға Қалдарбек ағамыздай төраға бола алатын адам қазіргі ҚАЗАҚ қоғамында бар ма? Болса кімді көрсете алар едіңіз (тек лексиконында “Ұрғаным бар” сөзі кездеспесе дұрыс болар еді)?

– Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына деген көзқарасыңыз қалай? Меніңше сол Ассамблеяға бөлінетін қаражатты шетелдегі ҚАЗАҚТАРДЫ оралтуға жұмсаса, Қазақ қоғамы көп нәрседен ұтатын еді (1.Тіл, 2.Дін, 3.Демография, т.б.)

 – Шетелдегі жоғары квалификациялы ДӘРІГЕР,ҒАЛЫМ,СПОРТСМЕН,ЖАЗУШЫ т.б. ҰЛТЫ ҚАЗАҚ азаматтарымызға “АЗАМАТТЫҚТЫ” бірден беру мәселесі шешілсе, қатарымыз шамамен қанша адамға толығар еді деп ойлайсыз?

 – Қазақтарды АТАЖҰРТҚА тезірек қайтарудың көкейіңізде жүрген тағы басқа да қандай механизмдері бар деп ойлайсыз(ҮНДЕУ тастау)?

 Ізгі ниетпен, қайтҚАЗАҚ бауырыңыз.

–       Өкінішке қарай, өз басым Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының қазіргі жұмысы екі деген бағаға лайық дер едім. Марқұм Қалдарбек Найманбаев ағамыз елге оралған және оралмаған қандастардың қамы үшін аянбай тер төгіп еді. Ол кісіні ерекше бағалап құрметтейтін Қабдеш Жүмаділов ағам «Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі» деп атаушы еді. Ол кезде басы ауырып, балтыры сыздаған ағайын аталған ұйымның алдын босатпайтын. Бүгінгі күнде Қауымдастық ғимаратының қаңғырап қаңқасы ғана қалғандай әсерге бөленесің. Қасынан өткен сайын өткен күндер еске оралып жүрегім сыздап кетеді.

Екінші сұрағыңызға байланысты айтарым, біздің қазақ өте дарынды халық. Бір Қауымдастық емес мемлектті басқаруға қабілеті қаптал жететін тұлғалар жетіп артылады. Әсіресе, 30 бен 40-тың айналасындағы іні-қарындастарыма үлкен үмітпен қараймын. Отаршылдық санадан ада, еркін ойлайтын бізден кейінгі буын өкілдерінің арасында өз ұлтын шексіз сүйетін, ел сенімін ақтайтын ондай тұлғалар жетіп артылады.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясы хақындағы менің жеке көзқарасым -мәселе Ассамблеяның құрылғандығында және оған мемлекет тарабынан қанша қаржы бөлінгендігінде емес. Ұлтаралық татулық пен ел тыныштығы жолында жұмсалған қаржыда арман жоқ қой! Гәп, оның қоғамдық ұйым ретіндегі мәртебесі мен құзіретінде болып тұр. Біз әлемде жоқ жаңалық ашып, жеке бір қоғамдық ұйым туралы заң қабылдадық. Ата заң мен заңдарға сәйкес барлық қоғамдық ұйымдардың мәртебесі тең болуға тиіс. Ешбіріне ешқандай да артықшылықтар берілмеуі керек. Бірақ, Қазақстан Халықтары Ассамблеясына Парламент сайлауында екі қайтара дауыс беру құқығы беріліп отыр. Осыдан кейін түсінбестік туындайды. Үй ішінен үй тігудің қажеті қанша дегендей. Әрине, қазақ көші Ассамблеяның ақшасына қарап қалған жоқ. Бұл екеуінің мүддесін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.

Шетелдердегі жоғары санаттағы этникалық қазақ мамандарын елге шақыру айрықша маңызды жұмыс. Оларды елге тартуды қазақ көшінің қалың нөпірімен қабаттастыра жүргізген тиімді. Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды дейді біздің қазақ. Оның үстіне, олар да қарға тамырлы қазақтың балалары. Ауыл-аймағы, туыс –туған, жұрат – жегжаттары бар дегендей. Оларды ел-жұртынан бөле-жарып арнаулы жағдай жасаудан қазақ көші ұтылмаса, ұтпайды. Ал, олардың қарым қабілетін ел мүддесі жолында тиімді пайдалану бұл мүлде бөлек әңгіме.

Өз қандастарын елге шақырудың дайын тәжиірбесін Израил мен Германиядан үйренуге әбден болар еді. Тек осы бағытта табанды саясат жүргізе алсақ. Ондай саясаттың жемісі тек ұлттың демографиялық өсімі ғана емес, ұлттық экономикамызға да тың серпін әкелер еді. Мысалы, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия қазақтары ауылшаруашылығына жан бітіріп, қаңыраған қазақ ауылдарының тамырына қан жүгіртер еді. Сенбесеңіз мына бір ресми дерекке жүгініп көрелік. Іргедегі көршіміз Қытайдың Шынжаң аймағында  табиғи жайылым аумағы 48 милион гектар ғана, яғни, бізбен салыстырғанда төрт есеге жуық аз. Соған қарамастан, 2011 жылдың  маусым айындағы мал басы 57 милион 990 мың бас, жыл соңында қолда қалатын мал басы 36 милион 970 мың басты құраған. Осы жылғы өндірілген еттің мөлшері 1 милион 990мың тонна. Бір қуанарлығы осы мал және мал өнімдерінің басым көпшілігін сол жақтағы өз қандастарымыз бағып өсіреді әрі өндіреді. Міне сол сияқты төрт түлігін мыңғыртқан Моңғолиядағы қазақтар, бақшасын жайқалтып, барды ұқсата білетін Өзбектегі ағайындар елге қосылса құт болар еді.

Салыстыру үшін айтар болсақ еліміздің тәбиғи жайылымы 189 млн гектардан асады екен. Өткенде , Парламенттік тыңдауда баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің дерегіне жүгінсек,өткен жылдың өзінде  сиыр етін өндіру көрсеткіші 373,5 мың тоннаны, қой етін өндіру 153,8 мың тоннаны, шошқа етін өндіру 192,7 мың тоннаны, жылқы етін өндіру 85,1 мың тоннаны, құс етін өндіру 123,1 мың тоннаны, сүт өндіру 4 миллион 851,6 мың тоннаны ғана құраған. Қытайдың жаз жайлауы, қыс қыстауы жалғасып жатқан бір өлкесінің тәбиғи жайылым аумағы мен өндірілген өнімнің салыстырмасына қарап жылайсың ба, күлесің бе?!

 Осы оралман атанып жүрген қазақтардың қашан көрсең де Қазақстанға өкпесі қара қазандай болып жүретіні неліктен деп ойлайсыз? Отан, туған жер, өскен орта – бір-біріне қабыса бермейтін дара ұғымдар екеніне келісесіз бе? «Бәлен жерде бақыр бар» -деп шауып келгеннен гөрі, ата мекеніме салмақ салмай-ақ өз күнімді өзім көрейін дейтін пиғыл неге аз оралмандардың арасында? «Не көрмеген қазақ едік, енді бірге жүрсек өлмеспіз» -деп өрге тартудың орынына, «Ойбай, үй керек, күй керек, заң керек, жанашыр басшы керек, шатырымнан су ағып тұр, еденімнен ызғар ұрады, светтің ақшасын төлемеймін …мін,…мін,…мін!» – деп байбалам салып жүргендерді ұлтқа жанашыр болатындар қатарына жатқыза аласыз ба?

Құдайберген Құрманұлы.

- Біле-білсек, өкпе тек өзімсінген жақын адамға ғана айтылады. Жатқа өкпе жүрмейді. Және де елге оралған милионға жуық қандастарымыздың бәрі өкпе айтып, ереуілге шығып жатқан жоқ қой!  Құзіретті мекемелерден әділдік таппай қиналған бірен- саран ағайынның өкпе наласына бола елге оралған күллі қандастарымызға топырақ шашу азаматтыққа да Құдайшылыққа да жараспайды. Ал, Отан, туған жер, өскен орта – бір-біріне қабыса бермейтін дара ұғымдар емес, керісінше өзара біте қайнасқан қасиетті ұғымдар. Мұның ішінде Отан деген ұғым бәрінен де қасиетті және ыстық. Елім деген адам Отан үшін бәрін де тәрік етіп, оның жолында от кешуден тайынбайды. Сол себепті де, елім, Отаным деп келген ағайын басқа түскен барлық қиындыққа төзе жүріп, ел қатарына қосылды. Бүгінгі күнде тәуелсіз еліміздің барлық саласында олардың қолтаңбасы бар, іздері сайрап жатыр! Олар өз күнін өздері көріп отырмағанда, ұрпағымен бір жарым милионнан асатын осы бір  үлкен қауымды мемлекет немесе сен асырап отырған жоқсың. Әрине, қазақ көшін көлікті ету үшін көп тер төгу керек екені шындық. Және ондай мүмкіндікке еліміздің күш-қуаты қаптал жетеді. Соған қарамастан, өзінің тәуелсіз Отанына жету және осында балдай батып судай сіңіп кету жолында жанкештілікпен еңбектеніп жүрген осы қауымды ұлтқа, Отанға ең жанашырлардың қатарына жатқызбау иманнан безгендік болар еді.

Құдайберген Құрманұлы, тозып кеткен әлаулайыңды айтып елді жікке бөлгенде не ұтасың? «Үй керек» деп жылаған оралманды қайдан көріп жүрсің? Ал, «жер керек!» деп тек оралман қазақ қана емес, жергілікті қазақта айтады. Айту керек. Өйткені жер еңбек ететін, тірлік жасайтын, адамға ғана емес, өлетін әке-шешеңе, туыс-туғандарыңа да керек. Ертең өзің өлсең сені қайда жерлейміз? Туалетке тастамайтын шығармыз. Әрине жер сұраймыз! Сондықтан сенің Құдайберген екенің рас болса,   онда әлден жер сұрай бер. Болмаса сатып алып қой.

Құрметпен, Тәңірберген Құрманұлы

- Тәңірберген ащылау айтыпты. Бірақ, пікірі дұрыс. Адамға жер керек. Оның үстіне біреудің жеріне көз аларатпай өз жерінде, байтақ даласында отырған қазақ өз жеріне иелік етсе, артық болмайтын шығар.

- Қытайдан келген өңшең байлар жиналып ашқан «Жебеу» қоры не жұмыс жасайды осы? Ұлтқа жасаған бір қызметін көрмептік… Қытайлармен өте тығыз байланыста деп естиміз. Сіз не дейсіз, атқарушы директор? Қазаққа мынандай жұмыс жасады деп санамалап беріңізші. Негізгі мақсаты, негізгі құрылтайшылары кімдер бұл қордың?

- Елге келгеннен кейін өздерінің адал еңбегімен табыс тауып, оның бір бөлгін арттағы ел-жұрттың қамы үшін жұмсап жатқан азаматтарға алғыс айтқан жөн шығар. Қазір «Жебеу» РҚБ –тігіне құрылтайшы болғандардың қатары үздіксіз өсуде.Олардың атын атап, түсін түстеп отыру міндетті емес шығар. Сұрақ қоюшы ретінде өзің де жақсы біліп отыр екенсің, бірлестік  шама-шарқынша қазақ көшін көлікті ету жолында еңбектеніп келеді. Естеріңізде болса, «Қызылағаш қасіреті» кезінде бірінші болып апатқа ұшыраған халыққа қаржылай және рухани көмек көрсеткен аталған қоғамдық ұйым болатын. 2009 жылы Үкімет тарапынан ұсынылған «Халықтың көші- қоны туралы» заң жобасының кереғар тұстарына бірінші болып қасы шығып, бір жылдан астам Парламенттегі жұмыс тобымен қоян-қолтық жұмыс істеп, заң жобасына оңды өзгеріс енгізуге барын салған да аталған бірлестік болатын. Ниеті адал, пиғылы түзу адам болсаң, көз алдымызда қазақ көшін құрдымға сүйрейтін заң жобасы Сенатта қаралып жатқанда тасада тұрып сын айтқаннан гөрі біздің қасымыздан табылғаның жөн болар еді. Арттағы елдің қамы үшін Қытай емес, ібіліспен де тіл табысуға дайынбыз!

Тәуелсіздік жылдыры Қытайдан келген оралмандардың ішінен ұлтшыл деп жалғыз адамды ғана айтуға болады; ол марқұм Ермұрат Зейіпханұлы. Aл қалған бүгінгі баспасөз беттерінде жүргендердің көбі бизнес жасау үшін келген дейді. Осыған қаншалықты келісесіз?

- Марқұм Ермұрат Зейіпханұлы өз отаны мен ұлтына бүкіл жан дүниесімен берілген арыс азаматымыз еді. Ал, Ермұратты өмірге әкелген ел-жұрты елім деген тек жалғыз ұл өсірді десек, бұл тұтас халықты қорлаумен бірдей. Өзінің адал еңбегімен байып, елге есе қосып жүрген азаматтарды күстаналау – нағыз бейшаралықтың белгісі.

Қазақстан оралманды көшіру түгілі, енді өзінің Қазақ елі болып тұруы екіталай нәрсе, өйткені билік жаттың қолында. Осыған не дейсіз?

         Өкіреш

-  Қалай десекте, тәуелсіз еліміздің іргесі күн өткен сайын бекемделіп келеді. Уақыт сіз бен біздің пайдамызға жұмыс істеуде. Біз бүгін өз Отанымызда 70 пайызға жақындадық. Мүмкін одан да көп шығармыз. Тәуелсіздігімізге төнген түрлі қауіп-қатерлердің барын жоққа шығармаймын. Билікке ықпалды, жаттың қолынан жем жеп отырған арам пиғылды топтардың бар екені де рас. Бірақ, еліміздің билігі түгелімен жат қолында деген пікіріңізбен келісе алмаймын.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде Өмірзақ Шөкеев пен Ермұқамед Ертісбаев оралмандады 2-сортты қылып көрсеткіс келді.Неге?

- Осы бір қан төгілген бақытсыз оқиғаға ең қорғансыз қоғамдық топтарды кінәлі етіп көрсету арқылы, өз бастарын жауапкершіліктен арашалаған түрлері шығар. Осындай пиғылдары арқылы аталған азаматтар өздерінің кім екендіктерін жалпақ жұртқа әшкерелеп алды.

Жағдайы жоқ отбасыларына көмек қолыңызды созып тұрасыз ба?

- Ең алдымен айтарым мен соншалық бай адам емеспін. Сонда да көмек сұрап келгендерден ақыл-кеңесімді аяп жүргем жоқ. Жақындарыма қол үшін беруді өзімнің мұсылмандық парызым санаймын.

Осы көші-қонмен айналысатын мекемелерге немесе көші-қон заң жобасының жасалуына не үшін өзіңіз секілді осы саланы жетік білетін мамандар қатыстырылмайды, әлде әдейі кедергілер жасала ма?

- Мүмкін бұл сұрақты сол мекемелерде қызмет жасайтын  адамдардың өзіне қойған дұрыс болар. Бірақ, мұндай жауапты кезеңдерде біз орайын тауып қағыс қалмауға тырысып келеміз. Мысалы, өз басым 1997 жылы және 2009 жылы да Парламенттегі жұмыс тобының қызметіне белсене қатыстым. Және аталған жұмысымыз ерекше нәтижелі болғандығын да атап айтуға тиіспін.

Шетелден келген қандастарымыздың арасынан көш тізгінін ұстауға лайық деп кімді атап көрсете аласыз?

- Бұл мазмұндағы сұраққа жоғарыда жауап бердім деп есептеймін. Шеттен келген деп бөліп-жарғанымыз орынды болмас.

Оралмандар мәселесін билікпен тікелей ақылдаса отырып шешудің орнына қарсы жақтын сойлын соғып кеткен жоқсыңдар ма?

- Сеніңше қарсы жақ деп кімді айтуға болады? Егер меңзеп отырғаның оппозиция болса, саған айтарым, қараңғы үйден қара мысық іздемей-ақ қой! Оппозицияда жүрген азаматтардың көбін мен сенен жақсы білемін. Олардың көбі еліме, халқыма болсын деп жанын шүберекке түйіп жүрген мемлекетшіл тұлғалар. Егер тыңдар құлақ болса, ақыл-кеңесімізді биліктен ешқашан аяп көрген жоқпыз.

Президенттің айналасында 99 пайызы жағымпаздар, жәдігөйлер, «жабық жемқорлар» жүр. Яғни, сыбайлас-жемқор демесін деп бәрін таныстары мен туыстарының атына жазып қойып, үлкен бизнестерге ие болып отыр. Олардың қатарында елдің ертеңін ойлап отырған ешкім жоқ. Сіз бұған не дейсіз?

- Сіз мәселенің бояуын тым қалыңдатып жіберген сияқтысыз. Билік тізгінін ұстағандардың арасында жемқорлардың аз емес екені рас. Бірақ, елге, ұлтқа жанашыр, мемлекетшіл тұлғалардың да көп екені күмәнсіз. Онсыз мемлекетіміз әлдеқашан құлап қалар еді. Сондықтан ертеңгі күнге үмітпен қарайық, бауырым!

-  Менің ойымша Отаныма біржола көшіп келем деген қазаққа еш көмек керек емес. Себебі, сол көмекті алсаң жергілікті жұрттың жаман көзқарасы пайда болады? Сен қалай ойлайсың?

- Бұл көзқараста белгілі шындық бар. Бұрында берілетін бір реткі жәрде ақы оншалықты көп ақша емес болатын. Сонда да, елге оралған ағайынды жеккөрінішті етуге, күстаналауға таптырмас сылтау болды.

Мен бұл мәселеде ең алдымен елге оралған қандастарды құқықтық жағынан қорғауды, содан соң барып оларды солтүстік облыстарға және жалаңаштанып қалған шегаралық аймақтарға қоныстандырудың ынталандыру шараларын қолға алу керек деп есептеймін. Мұндай ынталандыру шараларын ішкі көші-қонға да қолдануға әбден болады.

Жергілікті қазақтардың құқығын кім қорғайды, ағайын!?. Оларға еш жеңілдік жоқ. Ал мына масылдарға, міндетсіген қауымға өзі не керек? Әне, Өзбекстан мен Қарақалпақтан қаншама адам квотамен келді, елге тигізген бір грамм пайдалары  жоқ! Түркіменстаннан келгендері бүлік шығарып ел тыныштығын бұзды. Фактілер осылай дейді. Нұр Отан партиясының белсенді бір мүшесі.

- Билік партиясының белсенді бір мүшесінің көзқарас-пайымы осы болса, пікір таластырып сөз шығындауды артық санаймын. Тек қатарларын осындай дүмшелермен толықтырып отырған «Нұр Отанға» жаның ашиды екен.

«Оралман» деген аты барлардың (Ескерту: уақытша мәртебесі немесе статусы бар деп жазылуы керек. -ред) бәрі Қытайдан келген бе? Моңғолиядан келгендер белсенді емес пе, неге екенін білмеймін, олардың арасынан есімі елге танымал бір азаматты танымайды екенбіз. Сіз Моңғол елінен келген қандай танымал оралмандарды білесіз? Атап бере аласыз ба?

Орысқұл Қытайбергенов

- Бір Зардыхан Қинаятұлы ағамыздың өзі неге тұрады. Қаржаубай Сартқожа, Досан Баймолда қатарлы ғалымдар мен басқа да өнер мен ғылымда жүрген сандаған асыл азаматтарымызды айтып тауса алмаймын. Егер шынымен білгіңіз, танысқыңыз келсе, біз қазақтар сонша көпте емеспіз.

Оралман десе кезінде қиыншылыққа шыдамай қашып кеткендер деген қазір бізде түсінік қалыптасқан. Қашып кеткен ешкім жоқ. Олар кезінде әртүрлі саясаттың кесірінен Қазақстаннан бөлініп қалған территорияларда қалып қойған өзіміздің тұрғылықты қазақ бауырларымыз. Осы мәселе  халыққа неге түсіндірілмейді? Оралмандарды жергілікті жұртпен араластырмай осылай бөліп отыру әдейі жүргізіліп отырған саясат емес пе осы? Ерте ме, кеш пе, ол бөлініп қалған жерлерді сұрайтынымыз анық қой. Әрине,  сырттағы ағайын көптеп көшіп келсе пайдасы көп болар еді. Бірақ, мүмкін сол бауырларымыз сол жерлерде отыра тұрғаны дұрыс деп ойламайсыз ба? Сосын, әрбір жергілікті әкімшілікте оралмандарды бейімдеу орталықтары деген бар, ол жерде оларға орысша үйретеді екен. Неге билік оралман бауырларға орысша үйретіп қинағанша, осы елдің азаматтығын иеленіп, нанын жеп, өмір бойы тұрып келе жатқан өзге ұлыстарды қазақшаға үйретпейді? АРЛАН ҚАСҚЫРҰЛЫ

- Кезінде қолданыстағы заңға аталған тармақ енгізілерде «Жас қазақ» газетінде «Оралмандар, енді орысша сайраңдар» деген мақала жазып, қарсы шығып едім. Әрине, білгеннің зияны жоқ қой. Мәселе, осындай заң талаптарының қандай мақсатты көздейтіндігінде болып тұр.

- «Сырттан келген қазақтың елге пайдасы жоқ» дейтіндер осы интернет-конференция барысында да төбе көрсетіпті. Пекин олимпиадасында алтын алған жалғыз қазақ – Өзбекстаннан келген оралман Бақыт Сәрсекбаев болатын. 2005 жылы бокстан Әлем чемпионатында алтын алған жалғыз қазақ – Қарақалпақстаннан келген  қазақ Ердос Жаңабергенов болатын. 2011 жылы жасөспірімдер арасынан бокстан Әлем чемпионатында жалғыз медаль алған, онысы тек алтын – Бекжан Күбітқалиев болса, оның да бірнеше жыл бұрын Қарақалпақстаннан келгенін еске алайық. Өткен олимпиадада жалғыз күміс алған Әділбек Ниязымбетовте Қазақстаннан сыртта дүниеге келген. 2008 жылы Пекин олимпиадасында таеквондодан қола алған қазақ – Қарақалпақстаннан Атырауға көшіп келген Арман Шылманов болатын.Осылай кете береді. Біз тек спорттағы бірнешеуін ғана атадық. 

-Сізбен толық келісемін. Алла разы болсын!  Бірақ, кей бір надан дүмшелердің елге ел қосылса, құт болатындығын түсіне алмайтындығы қарныңды ашырады.

(Сурет “Азаттық радиосының” сайтынан алынды)

“Қамшы” сілтейді

 

«ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫНА» ШОЛУ

$
0
0

«ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫНА» ШОЛУ

Posted by sjanbolat on 2013-04-16 in Мақала | 编辑 |

 

Сержан  СӘРСЕНБАЕВ

«ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫНА»  ШОЛУ

 

  1. АВТОР ТУРАЛЫ АЗ АЯЛ

Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТОВ – 1936 жылы 1 қаңтарда, ҚХР ШҰАР Тарбағатай
аймағы Шағантоғай ауданының Қаракемер ауылындағы малшы отбасында дүниеге
келген. Қазақ. 1956 жылы Шынжаң институты физ-мат факультетін, 1961 жылы
Чаңчұндағы Жилин (Гирин) университеті Физика факультеті радио-электроника
мамандығын бітірген. 1961-1986 жылдары Шынжаң университетінде оқытушы, Қытай
қазақтарынан тұңғыш доцент, кейін келе магистрлер жетекшісі, кафедраның және
информация зертханасының меңгерушісі, деканның орынбасары (1980 жылдан),
проректор (1983 жылдан), ҚХР Электроника қоғамының басалқа мүшесі, ҚХР Азұлт
жазуындағы информацияларды өңдеу қоғамының төрағасы, ШҰАР Ғылым және техника
қауымдастығының тұрақты жорасы, ШҰАР ЖОО кәсіптік қызмет атақтарын аттестаттау
комиссиясының бастығы, т.б. қызметтерді өтеген. Радио-электроника мамандығын құрып
шыққан. Азұлт жазуларын комьпютерде біржақты ету жүйесін жаратып, «Техникалық
Прогрес» сыйлығын алған. «Комьпютер принциптері», «Жартылай өткізгіштік
радиоқабылдағыш», «Магнитофонды радиоқабылдағыш», «Калкулатор» т.б. техникалық
кітаптары жарық көрген.

1962-1966 жылдары “ұлтшыл”, “ревизионист”, “шетелге қашқанның ұлы”, “ақ
маман” сияқты “бөріктермен” көрген саяси қақпайы “Мәдениет Төнкерісінде”
(1966-1976) айдалу, күреске алыну мен мырза қамаққа асқынған Сөкең, бертінгі
Дың Шяупиң саясатынан соң ғана оң көзге түсе бастайды. Ол 1986-1996 жылдары ШҰАР Оқу-ағарту комитеті төрағасының (білім минстрінің)
орынбасары, Оқу-ағартуды зерттеу институтының профессоры (1988 ж), ШҰАР-дың
төтенше үлесі бар маманы (1990), бұған қоса Чяугуаң шығыс ғылымы мен мәдениеті
академиясының мүшесі, ЖОО-ларда білім беруді зерделеу институтының директоры
мен аға зерттеушісі, Үрімжі кәсіптік университетінің профессоры болды. Ал,
1993-2003 жж, 8-және 9-(екі кезектік) Мемлекеттік Халық Құрылтайының
(парламент) депутаты, оның Ұлттар Комиссиясының мүшесі болды. 2005 жылы
Дүниежүзі Қазақтарының ІҮ құрылтайында оның Қауымдастық  Төралқасына мүеше болып сайланды. Қазір ШҰАР
телеуниверситетінің профессоры, ҚР Мұхтар Әуезов атындағы Семей университеті
сықлдылардың құрметті прфессоры.

С.Р.ЖАНБОЛАТОВ 1986 жылдан кейін (минстрлікке келгендіктен лабораториядан
қол үзіп, техникалық мамандығын жалғастыру мүмкіндігінен айрылған соң),
әкімшілік жұмысқа жанай,  өзі жастайынан
құмар болған тарих пен көркем әдебиетке бұрылады. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан
бастап, «Үйсін Хикаясы» атты трилогиясы - «Елжау Күнбй», «Саншора Күнбй» және
«Оңғай Күнбй» атты үш романы жарық көреді және «үздік шығарма» сықылды сыйлықтарға
ие болады, ол ҚР да «ХХІ ғасырдағы қазақтың 100 романы» атты бағдарламаға енді.
Сұлтанның бұдан басқа, «Таластағы жанталас» секілді повестері, бес томдық
мақалалар (монографиялық еңбектер) топтамасы, сондай-ақ очерк, әңгіме жинақтары
бар. 2008 жылдан бастап “Біз” дейтін ( «Ес кіру», «Ес шығу», «Ес жию» атты
романдардан тұратын) автобиографиялық трилогиясы жарық көрді. Жуықта
«Атлах-Талас  шайқасы» дейтін тарихи
романды Іле Халық баспасына ұсыныпты. Ол кісі Қытай және Қазақстан жазушылар
одақтарының мүшесі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бекітуі арқылы 2001 жылы,
ҚР-ның тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, мерекелік медальмен, 2007 жылы
“Достық” орденімен марапатталған. 2004 жылы ол тағы “Тяншян” әдебиет-өнер
сыйлығының ең жоғарғысы “Үлес” сыйлығымен марапатталды. Сөкең туралы ҚХР дағы
«Шығыс перзенттері» мен «Шынжаң газетінде» ( 1982 ж. 25 ақпан «Заман түлегі»,
2002 ж. , 30 қаңтар «Ғалым жазушы»), ҚР дағы «Қазақ Елі» (1998. шілде. «Мен -
біткен ойпаң жерге аласа ағаш») мен «Егемен Қазақстанда» (2002 ж. 28 желтоқсан. «Өмір сүру
формуласы») таныстырулар бар.

Ескерте кетерлігі – 2003-жылы, әйгілі бесеумен бірге тұңғыш таратылған
«Үлес» сыйлығын иемденуі бұл кісінің өз ортасында зор абыройға иелігін
аңғартады. Ол әйгілі бесеу – кезінде Бұқара Тышқанбаевпен бірге «Қасен мен
Жәмила» кинофилмін жазған, жасаған хәнзу жазушы Уаң Йүйхоу мен Лю Шауу,
ұйғырдың атақты әншісі Паша Ишан мен атақты суретшісі Ғазы Әмет, қырғыздың
атақты манасшысы Юсуп Мамай.

Ол кісінің бұл абыройы кісілігі мен еңбегіне байланысты. Сөкең 1962-жылдан
бері қалам тербеп, Қытайдағы қазақ халқының оқу-ағартуы, тілі, әдебиеті, т.б.
мәдениеттері өңіріне көп еңбек сіңіруде. Сұлтан Жанболатовтың кей мақалалары
(мысалы, арақкештік апатынан айығу; «қос тіл оқытуын», ана тілді мықтап
қорғаған негізде, шынайы қос, тіпті көп тілді ету; қазақ халқының бейзаттық
мәдени мұрасы ақындар айтысын мықтап қорғау мен дұрыс жолға қою, т.б.туралы
жазғандары) бүкіл Шинжяңда зор да оң дүмпу қозғап, Қытайдағы қазақ халқының
дамуына өзіндік мұрындық рөл де атқарып келеді.

Сұлтан - Қазақстанның тәуелсіздік алуын ұзақтан армандаған диаспора
уәкілдерінің бірі. 1985-жылы ШҰАР дағы Су Бейхай сықылды тарихшы ғалымдардың
Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылмаған деген мазмұндағы мақаласы Мәскеудің,
соның ықпалы арқылы Қытай ішіндегі ішінара топтың қатты сынына ұшырағанда,
проректор болып тұрған Сұлтан Су Бейхайды қатты қорғап қалған. С.Жанболатовтың
«Үйсін хикаясы» - қазақ елінің мемлекеттігінің арыдан басталатынын көркем
әдебиет арқылы әйгілеген және сол заманға тән дипломатиялық тәжірибе-сабақтарды
пайымдаған.

Сұлтан 1986-1996 жылдары (ШҰАР оқу-ағарту комитетінің төрағасына – ШҰАР
үкіметінің вицепремьеріне орынбасар болып тұрған кезінде, 1989 жылы делегация
бастап Алматыға  барып қайтқаннан соң),
Шинжяң мен Қазақстан ара білім беру өңіріндегі байланысты (Шайсұлтан Шаяхметов,
Шәмша Беркімбаева, Бердібек Сапарбаев, Серік Прәлиев, Қалдарбек Найманбеев
сықылдылармен тығыз сәйкесе отырып) қатты күшейтті. Ана бір жылы, Қытайдан 1500
баланың ҚР ға оқуға келетіні сол тұс. Бұл өз кезегінде көші-қонға да зор әсер
етті. Сұлтан екі ел байланысын дұрыс та пайдалы, тату да тең жолмен дамыту
жақтарынан ҚР дің Қытайдағы елшілеріне (Мұрат Әуезов, Қуаныш Сұлтанов, Жәнібек
Кәрібжанов, Икрам Адырбеков және қазіргі елші Нұрлан Ермекбаевтерге) және
консулдарына ыстық ықыласты дұрыс қолдау көрсетіп келді. Сұлтан әр рет Қазақстанға
келіп қайтқан сайын, Қазақстан дамуын Қытай жаққа таныстыратын мақалалар жазып
жариялап тұрады. Қазақстандағы маңызды шараларға (Абайдың 150 жылдығы, Мұхтар
Әуезовтың 110 жылдығы, т.б.) жақсы тартуларымен келді және он неше жылдан бері
өзінің жеке блогы арқылы да қазақстанды үгіттеуде.

2.АВТОРДЫҢ ЕРТЕДЕГІ ҮЙСІН ҰЛЫСЫН ЗЕРТТЕУІ

Профессор Сұлтан
Рамазанұлы жастайынан тарихқа, әдебиетке құмар болыпты. Бірақ тәртіпке
бағындырған компартяның орналастыруы бойынша талай жыл физикамен айналысқан.
Айналысып қана қоймай, ол саладан да недәуір нәтижелерге қол жеткізген. Сонда
да қаламгерлік қырын күшейтуді ұмытпаған. Оның тырнақалды еңбегі (1962 –жылы жариялаған)
«домбыра физикасы» (ғылыми очерк) болсын, одан кейінгі (1979 жылы жариялаған)
«хас сақтары» (ғылыми фантастикалық әңгіме) болсын ұлт тарихын қамти жазылған
дүниелер.

Сөкең, «Үйсін
хикаясы» атты тарихи трилогияны жазу үшін, 1980 жылдардың басынан тартып,
қазақты құраған басты тайпалардың бірі ежелгі (б.з.д. 2 және б.з.1
ғасырларындағы) Үйсін мемлекетінің тарихына қатты үңіледі. Батыс пен шығыстың
ежелгі тарихи деректері мен бергі заман тарихшыларының зерттеулерін зерделей
келе, трилогияның қаңқасын сол деректердің шындыққа жанасымды тұстарымен құрап
шығады. Осы негізде оған «ет», «тамыр», «тері» жапсырып, «қан» жүгіртіп, «киім»
кигізіп, сөйлетеді.

С.Жанболатовтың
алғашқы атын «Үйсіннама» деп қойған мына еңбегі «Ертедегі ұлыс тарихы»  - осы отыз жылдық зерттеуінің жемісі.

Бұл зерттеу
барысында Сұлтанның мына тараптары қатты ес қатқан:

Бірінші, аса ұлтжандылығы, ұлт тарихына деген күшті қызғындығы;

Екінші, түп бітіміндегі шыншылдығы, жалтақойлықтан аулақтығы;

Үшінші, физика мен математикалық дәлелдеу дағдыларынан
қалыптасқан, мәселелерді ыспаттауға қатаң логикалық, деректік, жүйелік,
иландырғыш талаптар қойғыштығы;

Төртінші, қазақ ғана емес, қытай, ұйғыр тілдеріне жетіктігі мен
татар,түрік, орыс тілдерінен хабарлы болуы;

Бесінші, университет кітапханалары ғана емес, интернеттен толық
пайдалана алатыны;

Алтыншы, аса еңбекшілдігі;

Жетінші, білім аясының (гуманитарлық, техникалық, ...білімдерді
қамтыған) кеңдігі; т.б.

Автор бұл зерттеуге және аталған еңбекке зор мақсатпен келген. Оны автордың
: «Ежелгі үйсіндер туралы жазылған деректер өте маңызды. Ал, оларды толық көру,
дұрыс оқу, дәл түсіну, әділ пайдалану одан да маңызды. Бүгінге шейін, бұлардың
ішінде бір-біріне қайшы көзқарастар мен қалам ізі түспеген тұстардың аз
еместігі де шындық. Сондықтан да, ежелгі Үйсін мемлекетінің, дұрыс ниетті және
жауапкершілігі күшті нағыз ғалымдардың бүгінге дейінгі зерттеулерінің дұрыс
табыстарына таянған, неғұрлым толық та айқын, жүйелі де сенімді арнайы тарихы
қатты қажет болып отыр» дегенінен-ақ байқауға болады.

Соның үшін автор ежелгі үйсіндерге байланысты
мәселелерден мына тұстарға баса шұқшиған:

«А. Үйсіндердің этногенезі. Ежелгі үйсіндердің арғы тегін
іздестіру және олардың бергі дүниеге ұласымын талдау[1].

Ә. Үйсін ұлысының Ғұн қағанатынан тәуелсіздік алу
себептеріне қатысты таласқа[2] лебіз білдіре келіп, оның
б.з.б. Ⅱ - Ⅰ ғасырда заманына сай ірі де күшті мемлекет болғанын
гоографиясы, демографиясы, экономикасы, қорғанысы, мәдениеті, дипломатиясы
арқылы дәлелдей түсу.

Б. Үйсін ұлысының ыдырауына талдау жасап, басты себебін
ашу.

В. Үйсіндердің Түрік қағанатына қарағанға шейінгі
тіршілігінен қысқаша мағлұмат беріп, оның ұшты-күйді жоғалып кетпегенін
дәлелдеп, өзге тайпалармен байланысын (соның ішінде басым бөлігінің қазақты
құрағанын) айқындау».

 

3.«ЕРТЕДЕГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ» ТУРАЛЫ

 

Меніңше, «Ертедегі
ұлыс тарихы» - ертедегі Үйсін Мемлекетінің жүйелі тарихы мұқият та байсалды
ғылыми зерттеулер негізінде баяндалған тұңғыш шығарма.

Бұл еңбек қысқаша кірісссөзден соң, бес бөлімнен
тұрады:

 Бірінші бөлімде, Үйсін ұлысы шаңырақ көтерген
Ұлы Дала сөз болып, бұл даланың арғы тұрғыны сақтардың тегі, құрамы, дамуы,
мемлекеттік құрылымға жеткені баяндалады.

Екінші бөлімде, осы даланың тумасы үйсіндердің түрік текті сақтар екені, олардың алғашқы мекені, Мөде тәңірқұтқа бағынуы, артынан Елжау
күнбидің тәуелсіздікке беттеуі және оның себептері сөз болады.

Үшінші
бөлімде,
 тәуелсіз Үйсін ұлысының б.з.д. 2-1 ғасырлардағы кешірмелері,
демографиясы, жағрафиясы, түзімі, экономикасы, мәдениеті баяндалып, оның бұл
өңірде ең күшті мемлекет болғаны айтылады.

  Төртінші бөлімде, Үйсін елінің сыртқы
және ішкі себептер салдарынан ыдрап, Үйсін атты мемлекет ретінде тарихи
сахнадан түсуге беттеуі, бірақ өз құрамындағы тайпалардың өсіп-өне келе өзге
шаңырақ көтергені, сол беті өзге (м. Дулат, Албан, т.б.) атпен тарихын жалғасыты
жазғаны айтылады.

 Бесінші бөлімде, қажетті қосымша
мәліметтер берілген.

Менің
байқауымда, Үйсін ұлысына қатысты таласты тақырыптардан бұл еңбек шешкен немесе
шешуге дем берген бірнеше басты мәселе мыналар:

Бірінші,
авторша айтқанда, «Жуыққа шейін адамзаттың төркіні туралы пікір екі ұдай еді. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан
басталған “Һауа болжалы” 1980 жылдардағы әр құрлық адамдарының DNA сына
жүргізілген зерделеулер арқылы күшейді. ... Сонымен жуықта, Комбриж университетінің
генетика факультетіндегі антрополог, профессор Франсис Барокс сияқты ғалымдар, ...
зерттеу қорытындыларын: “Адамзаттың этногенезі жайлы талас толастады. - дей
келе, - Осызаман адамзатының тұқияны Африкадан келген, сосын жаһанды иелеген
дейтін фактіге күмандану қиын” деп тұжырды. Барокстардың пікірінше, мөлшермен 70-80 мың жылдың алдында
солтүстік-шығыс африкалықтардың (мысалы, эфиопиялықтардың) дене бітімі
осызамандық адамдар деңгейіне толық жеткен. Сосын тез өсіп-өнген олардың көбі,
өз жұртынан әлемге аттанып, әр тұстағы алғашқы жерліктердің (олар белгісіз
себептен не осы ата-бабаларымыздың қолынан құрыған сықылды)
 орнын басып, дүниені иелеуге кіріскен. Бұдан 10 мың жыл
бұрын бұл зор көлемді жабал көшке айналған. ... Демек, бүгінгі ғылыми
зерттеулердің нәтижесі арғы замандағы Ұлы Даладағы қалың тайпалардың арғы
аталарының өңшең Африкадан көшіп келген саф қара нәсілділер екенінде дау жоқ
деп отыр. Олар бертін келе ішіп-жем мен сыртқы ортаның ықпалынан өңшең саф ақ
нәсілдіге өзгерген. Бұл олар үшін екінші кезең есепті еді. Үйсіндердің тегі -
ең алдымен осы ақтар. Ал, бұл ата-бабаларымыздың үшінші кезеңі - ақ пен сарының
араласбасына (метистенуіне) өзгеруі бертінде басталған. Осыны білмеу кей
адамдарды археологиялық табыстардан шыққан ақ нәсілді сүйектерді, бүгінгілерге
жолатпай, қателесуге, тіке қазіргі еуропалықтарға итеруге апарып жүр».

Екінші,
Хән тарихнамаларындағы қазіргіше «У Сүн» деп оқылатын екі иероглифтің (乌孙) арғы бергі тарихын зерделей келе, оның атам заманда да,
өзгеше емес, тұпа-тура «У Сүн» (демек «Үйсін») болып оқылатынын дәлелдеген.

 Үшінші, Үйсін ұлысының ыдырауы Хән әулеті
ұзатқан қыздың тақ таласына араласып, аяғында «орда төнкерісін» жасауынан
басталғанын, осыдан соң Хән әулетіне одан бұрын да бағынбаған Үйсін елінің Хән
әулетінен мүлде аулақтап кеткенін ыспаттайды.

Төртінші, көне тарихтардан айқын дәлелдер мен деректерді тізе
отырып, үйсіндердің «Үйсін» атымен де, құрамындағы тайплар (Дулат – Түркеш –
Сарыүйсін, Иөбән – Албан, т.б.) атымен де жалғасты өмір сүре келе, Түрік қағандығына
қосылғанын баяндайды. Мұның арты, әрине, оның өзге ұлттарды құрауға, денінің
қазақты қалыптастыруға қатысуы болмақ.

 

Ескертулер:

  1. Бұл еңбекті орысшаға аударып жарияласа жақсы болар еді.

Оның төте жазушасы мен ханзушасы Қытайдан шықпақ.

  1. Автор бұл еңбегін ең алғаш төрт ғалымға (Қытайдағы Жақып

Мырзаханов пен Шадыман Ахметке, Қазақстандағы Нәбижан
Мұхаметхан мен Мәмбет Қойгелдіге көрсетіп, олардың пікірін алып өңдегенін, тек
олар қысқарт деген тұстардың (кіріспе мен түрік қағандығына қосылғаннан соңғы
баяндаудың) автор мен баспа ара ұғыспаудың салдарынан сол беті басылып кеткенін
айтады және соңғы екі ғалымнан кешірім сұрайды.

 

 



[1] Ежелгі
үйсіндерді бүгінгі қазақ түгіл, түріктергеде жолатпай еуропалық этностарға
телушілер бар.

[2] Әкесін
Ғұн Тәңірқұты өлтіргендіктен және нүкістерді қуып ірге кеңейтіп, күшейгендіктен
дейтін екі қарас бар

Viewing all 818 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>