Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ
ЖАЛҒАНДАҒЫ ЖАЛҒАННЫҢ РАСЫ
– Кеше естідім.
– Кімнен?
– Оны қайтесің. Онсыз да обалды болар тұзағы көптің атын сұрап.
– Сонда өзіне өзі қол жұмсарлық құсалыққа қалай барыпты дедің?
– Жалғандыққа жаны төзбепті.
–Мысалы?
–Қайсы бірін айтып тауысармын. Есебі, шынжырбалақ шұбартөстің елге айғайы жалған, қисыққа айбары жалған, жақсыны сайлары жалған, ... базардың ырғынға батырары жалған, тіпті оның сатары жалған. ... Содан барып жұрттың атары мен татары да жалған. ... Мархұм содан барып дүние сапты де. – Жо...ға. О дүниенің «кедені» өткізбепті.
– Өлмеп пе?
–Йә. У деп ішкен дәрісі де жалған шығыпты.
ТЕЛЕФОНҒА КЕРІ ФОН
Тілдей қағазға сүйкей жазылған хатшаны көріп таң боп отырмын. Кеше ғана өзі бүй деп телефон берген-лі.
«Барлық оқу орындарына қатаң тапсырыңдар! Білім берудің жаны сапада. Сападан айрылсақ құрығанымыз. Жекенің бет-жүзіне қарамай, ел мен ұлт қамын ғана ойлап, қатаң болсын. Болмастың жүзін баулығаннан болардың онын оқытқан жөн. Оқу орнына кірер қақпа да, шығар қақпада тар болсын! Қашан айтты демеңдер, көңілшекке көрсетерім бар».
Ал, хатшада айтады: «Мына бала екі рет ескерту алғанның үстіне, өтпеген сабағы бесеу екен. Сорлаған ғой байқұс. Жуықта он бес күнге отырып шыққанына бола тағы соққы жегелі отыр – шегіндіруге қаулы алып, құжатын шығарып та бопты. ... Осы істі жөнге салып, баланың оқуын қалпына келтіріңдер!» деп.
Жөнге кімді саларымызды кім білер?Ананы ма? Ағаны ма? Баланы ма? Жарғыны ма?
ЙӘ, ЕСЕКТІҢ АРТЫН ЖУСА ДА
«Елу жылда ел жаңа, ...» деуші еді. Сонда бірер ауылдың жаңаруына бес-он-ақ жыл жететін шығар. Тәп мынадай мәліметтің артына тіркегендерді 5 жылд алдында бір көргенімбар еді. Дәл осы ауыл, осы жастар жайлы «арақкеш», «бос» деген сықылды. Енді басқаша боп тұр: «Нұрлан – қасап, Нұрбек – алыпсатар, Кәкеш – дүкенші, Ертай – сиқыршы, Қайып – тамшы, Дүйсен – кірекеш, Бәтима – аспаз, Жақып – мал борлаушы, Нұргүл – кестеші, Сымағұл - ...» деп кете береді.
Бірер оқуды тауысқан жастарға ақыл кірді деп осыны айт.
БІР АУЫЗДАН ЕКІ СӨЗ
Мықты кеңсесінде отырған. Телефон шылдыр ете түсті.
– Алло! Е,... сен екенсің ғой. Әй кемпірім-ай! Немене? «Қызымды мұғалім болсын дейді» ? Оттайды! Үрерге иті, сығарға биті жоқ мұғалім болғызбаймын. Алаңдама. Ме ана төбесіндегі құдайына айтып та, беріп те қойғамын....
Телефон тағы безектеді.
– Йә, тыңдап тұрмын. ... – деді мықты манадағыдан нығыздана. – Апыр-ау осы сендерді қайтсе болар екен. Надандық па жоқ әлде шолжың ба? Балаңның «адам жанының инженері болмаймын» дегені қандай сорақылық. Мынаны сірә менен өзге естімесін. Сұмдық қой. Сендер жетелеген ел түгіл, бала да оңбас. Сен сықылдылардың балалары мұғалім болады, ұрпақ арқылы бүкіл ұлттың көзін ашады, халықты қарық қылады деп жүрсек.... Болды, Али районына жіберсе де мұғлімдікке барсын!
МҰНДАЙЛАР ЕКІАЯҚТЫДА ДА БАР
Ыза кернеп тыпыршып, құсаланып тұрған төртаяқты әуен шыққан екіаяқтылар мен олардың алдындағы дүниелерді үйіздемек те болды. Бірақ, Тәңірдің өзіне құлақ пен танауды мейлінше берсе де, мүйізді қимағаны есіне түсіп, сырт айналып кетуге мәжбүр болды. «Азаптан» аулаққа қарай қорсылдап зытып барады.
Әуен мен әуеншілердің де азабы сол төртаяқтыға ере алыстады. Әуен Бетховен мен Төлебаевтердікі еді. Бұл төртаяқтығ аұқсайтын екіаяқтылар да кезігеді.