Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Жалғыз қайың

$
0
0

Жалғыз қайың

 

 

Жалғыз қайың 

 

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай...

 

Осылайша Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар бейнесін тамсана суреттеген. „Қамар сұлу„ романын жазуға оны баянсыз махаббат итермелегенін және де атақты туындыны Ақбас Алтайдың баурайында қоныс тепкен Шыңғыстай ауылындағы жалғыз қайыңның түбінде отырып жазған деуші еді көпті көрген көнекөз қазыналы қарттарымыз. Ауылдан тысқары тұрған сол бір қайың өткеннің куәсі іспетті.

 

Халқымыздың белгілі ақын-жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыров та романның кейіпкері Ахмет сияқты бай адамның қызына ғашық болған екен. Махаббатының баянсыз, үмітсіз болғанын ақынның кейбір өлең жолдарынан да ұғынуға болады:

 

 

Бәрі де қолдың қысқасы –

 

Бір күнді мойынға алмауым.

Тағдырдың шебер ұстасы,

Көрдім мен жоқ қып қарғауын,- деген өлең жолдарында ақынның шарасыздығы, қолының қысқалығы оның еркін байлап тұрғанын аңғара аламыз.

 

Ал, енді шежіреге тереңірек үңілейік... Социалистік Еңбек Ері, соғыс ардагері, атақты атгер Бошай Кітапбайұлының "Тоғыз таңбалы Найман" атты шежіресінің 1-кітабында ақынның ғашығы туралы деректерге сүйендік.
Қаратай еліндегі Әбдікерім болыстың Бағила, Бағдат атты екі қызы болыпты. Бағиланы бала кезінде атасы Ережеп қажы Шыңғыстай болысына қарасты Шүй бойындағы Уақ Бұқабай деген ірі саудагердің баласы Ақсолтанға бермек болып құдаласып қойған екен. Өзі сұлу, өзі әнші Бағила Сұлтанмахмұт Алтайға келгенде 17-ге шығып, толықсып отырған кезі. Қыздың ақыл-ойы мен көркі ақынның жүрегін бірден жаулаған.

 

Бозбала ғашықтығын жасырмаған да. Сол тұстағы ғашықтық өлеңдері түгелдей Бағилаға арналған. Бағиланың да Сұлтанмахмұттан көңілі болған дейді. Алайда, қатал тағдыр бір болуға жазбаған еді... Қыздың ұзатыларда қоштасу ретінде, әрі ақынға арнап айтқаны күні бүгінге дейін ел аузында екен. Елін, жерін сағынып ішқұсамен күн кешкен Бағила екінші баласына босана алмай, дүниеден қайтыпты.
Міне, осылай өз басынан кешкен оқиға "Қамар сұлу" романының тууына себепші болған екен. Ғашығынан қол үзген Сұлтанмахмұт Шыңғыстай ауылына кіре берісте өсіп тұрған жалғыз қайыңның түбіне жиі келіп, ішінде беріш болып қатқан мұңын тарқататын. Заманның ащы шындығын әшкерелейтін шығарманың жазылуына осы қайың куә деседі жергілікті жұрт.
"Ол кезден бері қаншама уақыт өтті. Қайың ендігі қурап қалар еді", - деп сенбейтіндер де бар көрінеді. Алайда, қайың ағашының өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл екенін ескерсек, бәрі де мүмкін...
Біздің білгеніміз
"Тоғыз таңбалы Найман" шежіресінде тағы мынандай қызықты деректі ескермей кете алмадық. Әбдікерім болыстың екінші қызы Бағдат та көрікті болыпты. Бозбала кезінде Сәрсен Аманжолов бойжеткенге сезімін білдірген екен. Бірақ Бағдат Петербург университетінің заң факультетін бітірген адвокат Ғазиз Қалбановқа деген уағдасынан қайта алмапты.

 

Мадина ҚАЙНАРОВА

Ұлт порталы

Фотосуретте: Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылына кіреберістегі жалғыз қайың

Сұлтан Жанболатовтың қыстырмасы:

Ауыр қысым Ғазез бен Бағдатты Қытайға әкеледі. Ғазез 40-жылдарда Ресей мен Шың Шысай жендеттерінің қолынан қаза табады. Бағдат бертінде қайтыс болған. Оның Қабылхақ, Сәкен сықылды ұлдары да о дүниелік болды. Қабылхақтың үлкен ұлы Әніуәр Үрімжіде. Екінші ұлы Қасым АҚШта, үлкен ғалым. Әбдікәрім болыс та сол 40-жылдары Қытайдағы Алтайда тұрған ССРО консулінің қолынан қаза тапқан екен.....

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>