Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

«Астана» Мадрид футболшыларымен тең түсті

$
0
0

«Астана» Мадрид футболшыларымен тең түсті

Астана. 3 қараша. Baq.kz – УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Астана» мен «Атлетико» арасындағы ойыны аяқталды. Станимир Стойлов шәкірттері испандық командаға қарымды қарсылық көрсетіп, бір ұпай еншіледі. Қорытынды есеп – 0:0.

«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов бұл кездесуде команда капитаны Таңат Нөсербаев пен Георгий Жуковты қосалқы құрамға қалдырды. Бұл жолы бірінші минуттан алаңға Серікжан Мұжықов шықты. Сонымен мына ойыншылар бірінші минуттан доп тебу мүмкіндігіне ие болды: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама, Мұжықов, Каньяс, Жолшиев, Кабананга.

Алаң иелері төрешінің ысқырығы естілісімен бірден шабуылға көшті. Испандықтарға қарағанда жерлестеріміздің қимыл қозғалысы ширақ болды.

Қарсылас командаға қарағанда «Астана» футболшылары Облак қақпасына екі дәл соққы бағыттап үлгерді. Бірақ словениялық қорғаушы мүмкіндік берген жоқ. Бірінші кезеңде Фокси Кетевома, Дмитрий Шомко белсенді көрінді.
Үзілістен кейін де екі команда алма-кезек шабуылдағанымен, есеп ашылмады. Осылайша жерлестеріміз азулы қарсыластарынан бір ұпай еншіледі.

Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасында әзірге өз алаңында бірде-бір ойында ұтылған жоқ. Жерлестеріміздің қоржынында қазірге екі ұпай бар. Мұның алдында «Галатарасараймен» тең түскен болатын.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>