Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихты киімде таңбалаған көрме

$
0
0

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихты киімде таңбалаған көрме өтті (ФОТО)
upКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинка left right
Астана. 12 мамыр. BAQ.kz – Бүгін Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде суретші Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Шашу» атты қазақы нақышта салынған суреттерінің көрмесі өтті.
Енді үстімізге ағылшынша жазылған жеңіл сөз бен жат елдің жұлдыздары, өзге ұлт пен елдің таңбасы салынған футболкаларды емес, ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН, қазақтың хандары мен батырлары, арыстары мен алыптары, ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер және қазақ өмірімен бағзыдан байланысып келе жатқан қыран бүркіт, көк бөрі және жылқы бейнелері өрнектелген жеңіл жейделерді киюімізге мүмкіндік бар.

Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап өткізген көрмесінде осындай 55 ұқсамаған ұлттық үлгідегі жеңіл жейде таныстырылып, олардың суреттері қойылды.
Тарлан тарихтың тау тұлғаларын таңдауда шеберлік танытып, елдіктің тұғырын қазақ өмірімен де байланыстырған суретшінің тілегі ендігі жерде осы жеңіл жейделерді бір адам болса да киіп, киім арқылы өзінің ұлттық рухын көрсетсе екен дейді.
«Бұл көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғандықтан суреттерімде тарихта өткен тұғыры биік тұлғаларды, салт-дәстүрді, ұлттық ойындарымызды бейнеледім. Өйткені біздің елдігіміз хандар билігі мен батырлар білегінің күшімен ғана қалыптасқан жоқ, тарихты қалыптастыруда бүкіл қазақ қоғамының рөлі өзгеше. Бес ғасырдың ішінде ата да, бала да, батыр да бар. Ұлттық дәстүріміз бен салтымыз бар. Сондықтан 55 түрлі суретті бір-біріне ұқсамайтын 55 үлгіде салдым. Бұл ойды қуа берсең 500 сурет те салуға болады. Бірақ, мен уәдемді 55 суретке бергеннен кейін осы дүниелер өмірге келді. Суреттерді түрлі-түсті және жеңілдеу етіп жастар жағына бағыттадым»,-дейді А.Мұстафа.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>