Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Ол - сужүрек

$
0
0

Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам

Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Ресей президентi В.Путинмен МҚК институтында бiрге оқыған. Украинаның “Гордон” сайтына сұхбат берген Ю.Швец Путиннiң ресми өмiрбая­нын­да айтылмаған кейбiр жайттарды жария етiптi. Ықшамдап жариялауды жөн деп таптық.

– Кеңес одағының Андропов атындағы мемле­кеттiк қауiпсiз­дiк коми­тетi институтында Путинмен бiрге оқығаныңыз рас па?
– Бұл дерек 2001 жы­лы Ресейдiң сыртқы барлау сайтында жарияланды. Онда менi сатқын етiп көрсетiп, “80-жылдардың басында Юрий Швец МҚК академиясында Владимир Путинмен бiрге оқыған” деп жазды. Бұлардың менi не үшiн “әшкерелеуге” тырысқаны белгiсiз. Мен ешқашан Ресей азаматы болған емеспiн. 1993 жылы АҚШ-қа кеттiм де, үш жылдан соң “Вашингтон резидентурасы: Америкадағы шпиондық өмi­рiм” атты мемуарым шықты. Кiтаптың шыққаны сол-ақ екен, “Швец – сат­қын, құпияның бәрiн ашты” деп шулап қоя бердi.
– Бәлкiм, сiз бар­лау­шы Путин туралы көп бiлетiндiктен шабуылдаған болар?
– Путин ешқашан бар­­лаушы болған емес. Андропов институтын бi­тiрген соң Путиндi МҚК-нiң аймақтық органына – Ленинград қаласы мен Ленинград облысына жiбердi. Андропов институтында бiрге оқыған ленинградтық жiгiттер МҚК-нiң бiрiншi басқармасына – барлауға кеттi. Ал Путиндi аймақтық бас­қармаға жiбердi.
– Неге?
– Путин – жұрт арасында айтылып жүрген аңыздағыдай “Джеймс Бонд” емес, көптiң бiрi ғана. Ленинградтық жi­гiттердiң бәрi барлауға кетiп жатқанда Путиндi аймаққа жiберуi – оның кәсiби деңгейiнiң ортадан да төмен болғанын көрсетедi.
– Ленинград Мәс­кеу­ден кейiнгi екiншi қала екенiн естен шығармайық.
– МҚК-нiң Ленинград бойынша басқармасының өзге аймақтардағы бөлiм­шелерден артықшылығы болған жоқ. Ленинградта “барлаушы Путин” жоқтан өзгемен айналысты: сту­денттердi – профессорлармен, профессорларды – ректорлармен шағыстырумен күнi өттi.
– 1985 жылы Ре­сейдiң болашақ прези­дентiн Шы­ғыс Германиядағы Дрезден қа­ласының резидентурасына жiбердi ғой. Бұл туралы не бiлгенiңiз бар?
– ГДР-де МҚК-нiң резидентурасы болған емес. МҚК кеңестiк режимге оң көзбен қарайтын елдерде барлау жүр­гiзген жоқ. Бұйрық солай болған. Шығыс Германияның шпиондары онсыз да жақсы жұмыс iстедi. Олар­ға тек кедергi келтiр­ме­сең болғаны. Өздерi-ақ бәрiн Мәскеуге баяндап отырды.
КСРО кезiнде азаматтардың шетелге шығуы өте қиын едi. МҚК-нiң аймақтық бөлiм­шелерi кеңес азаматтарының шетелге шығуына көмектесумен айналысты. Пу­тиннiң Дрездендегi КСРО-ГДР достық үйiнiң директоры ретiн­дегi негiзгi мiндетi мынау едi: Мәскеуден келетiн жоғары шендiлердi әуежайдан күтiп алу, iшкiзу-жегiзу, дүкен аралату, тағы да iшкiзу-жегiзу, одан кейiн өле мас ес-түссiз шендiнi қайтадан ұшаққа салып жiберу. Мiне, “барлаушы Путиннiң” ГДР-дегi негiзгi мiндетi осы болды.
Путиндi бiлетiн адамдармен көп сөйлестiм. Оның интеллектуалдық деңгейi орташа болғаны өз алдына, бi­летiндер оның тұла бойы комплекске толып қалғанын айтатын. Әсiресе, ол бойының аласалығына қатты қорланады. Мұндай адамды барлаушы етiп жiберуге болмайды. Мұндай адамды керi жұмыс iстейтiн шпион жасап жiберу оп-оңай. Путин кемшiлiктерiн жасыруға тырысып, дзюдомен де айналысты. Спортта қандай жетiстiкке жеткенiн бiлмеймiн, ал МҚК-де ештеңеге қол жеткiзе алмады.
– Сiз орташа деп бағалаған Путин он бес жылдан берi әлемдегi ең үлкен мем­лекеттердiң бiрiн басқарып отырған жоқ па?!
– Кеңес үкiметiнен қалған дәстүр бүгiнгi Ресейдiң саяси жүйесiне де бойлай енген. 1953 жылы Никита Хрущевтi не үшiн бас хатшы етiп сайлады? Ол қолынан ештеңе келмейтiн сайқымазақ, надан, бiлiмсiз адам едi. Ал оның артында күштiлер тұрды.
Брежневтi екi жылға ғана сайлап, кейiннен “темiр Шурик” – Александр Шелепин оны ауыстыруы керек болатын. Алайда қуыршақ Бреж­невтi айналасына тиiмдi болғандықтан 18 жыл бойы ұстап отырды.
Путиннiң оқиғасы да осыған ұқсас. Путиндi президент жасаушылардың бiрi Борис Березовскиймен әңгiмелес­кенiмде ол былай деген: “Маған бiр телеарнаны берiңдер, мен одан Ресейдiң келесi президентiнiң астына орынтақ жасап шығарамын!”. “Путин қалай президент болды?” деген сұраққа жауап осы.
– Ресейде мемлекеттiк төңкерiс болуы мүмкiн бе?
– Әбден мүмкiн. Путинге жақын жүргендер батыстың санкциясынан қатты зардап шегiп жатыр. Оларға Қырымның да, Донбастың да көк тиын­ға қажетi жоқ. Путин өле-өлгенше президенттiктi еш­кiмге бермейдi. Ресейдегi басты стратегиялық те­кетiрес – осы. Егер Путин бұдан әрi де тақта отыра берсе, онда Ресей Солтүстiк Корея сияқты үшiншi сортты елге айналады.
– Путин ядролық қару қолдануы мүмкiн бе?
– КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғыстың” тұсында әскери-стратегиялық мәселенi зерттеумен айналыстым. Ол кезде ядролық соғыстың қаупi анағұрлым жоғары едi.
Ядролық соғыс бастау деген не? Ол – бiрiншi болып соққы беру, қарсыластың зымырандарын жойып жiберу, ұшып үлгерген зымырандарды жарты жолда қағып түсiру. КСРО-да бiрiншi болып соққы беретiндей қауқар болған жоқ. КСРО-да болмағанда, Ресейде ондай қауқар қайдан болсын?!
Ресейдiң ядролық зымырандары АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско сияқты iрi қалаларын жоюы мүмкiн, бiрақ шахталық зымырандарын тоқтата алмайды. Ал АҚШ-тың зымырандары Ре­сейдi жер бетiнен тұтастай жоқ етiп жiбере алады. Путин мұны жақсы бiлгендiктен ядролық қару қолдана алмайды. Ол – өте қорқақ адам. Жыл сайын 7-10 күнге жоқ болып кетiп, бетiнiң терiсiн тарттырып, ботокс (әжiм кетiруге арналған арнайы препарат – ред.) құйғызатын Путиндi шынымен де ядролық соғыс бастайды дегенге сенесiздер ме? АҚШ-тың қарсы шабуылын ойлағанда-ақ оның бетiн­дегi ботоксы қорқыныштан ерiп кетедi. Тiптi ол ақы­лынан түбегейлi алжасып, ядролық шабуыл жасамақ болған күнде де, айналасындағы ақыл­ды адамдар қандай жолмен болса да оны тоқтата алады.
КСРО-ның түбiне жеткен тамыз бүлiгiнен екi жыл бұрын бiздi сараптама жұмысына жектi. Кеңес одағының әр түкпiрiнен ақпарат жинап, не болып жатқанын түсiнуге тырыстық. Сол кезде-ақ КСРО-ның демi таусылуға айналғанын анық сезгенмiн. Дәл сондай жағдай бүгiнгi Ресейде қайталанып жатыр. АҚШ президенттiгiне жаңа Рейган келуiне Путин барлық жағдайды жасап бердi. Оның мақсаты – билiктен айырылып қалмау. Ресейдiң түбiне жетiп тынатынын Путин ешқашан ойлаған емес.

erik_r@bk.ru
Дайындаған – Ерiк Рахым.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>