Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Австрияда “ерекше iс” бойынша сот өтiп жатыр

$
0
0

Австрияда “ерекше iс” бойынша сот өтiп жатыр

Сейсенбi күнi Венада “Нұрбанк” топ-менеджер­лерiнiң өлiмi бойынша сот процесi басталды. Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Ха­сеновтi ұрлап, өлтiру қылмысына қатысты айып тағылғандар – ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев пен президенттiң күзет қызме­тiнiң бұрынғы қызметкерi Вадим Кошляк.

2007 жылдың басында iз-түзсiз жоғалып кетiп, 2011 жылдың мамырында “Қазтелерадио” аумағынан мәйiттерi табылған екi банкирдiң өлiмiне басты айып­талушы Рахат Әлиевтiң қаза болғанына қарамастан, алқа билер соты Мұсаев пен Кошлякқа қатысты үкiмiн шығаруы тиiс.
The Guardian басылымының жазуынша, алдағы 26 күннiң iшiнде 60 шақты куә сұралады. Олардың басым бөлiгi Қазақстаннан ұшып келедi.
Еуропа ақпарат құралдары Қазақстан президентiнiң бұрын­ғы күйеубаласына қатысты iстi аса шулы деп жарыса жазып жатыр. Ұлыбританиялық BBC агенттiгi “Венада Қазақстанның екi азаматының үстiнен адам өлтiру қылмысы бойынша өтiп жатқан сот – Австрия үшiн «ерекше» екенiн жазады. “Венадағы процесте прокурорлар Мұсаев пен Кошляктың Әлиевке “Нұр­банктiң” екi менеджерлерiн күш­теп ұстауға көмектестi, банкир­лердi қорқытып және азаптап, акцияларды өз мен­шiктерiне өткiзуге мәжбүрле­генiн мәлiм еттi. Iстi қарау негiзiнен Қазақстанда бiр кезде аса ықпалды шенеунiк және бизнесмен бол­ған Рахат Әлиевтiң өлiмiне тоқталды”.
BBC бұл iс кезiнде Австрияда Қазақстан ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметiне назар ауғанын еске салады. “ҰҚК-нiң басты айыпталушыларды ұрлап әкетпек болған әрекетiнен түк шықпады. Австриялық парламент Қазақстанның арнайы қызметi депутаттарға ықпал етпек болды және Австриядағы қоғамдық пiкiрге әсер еткiсi келдi деген айыптар бойынша зерттеу жүргiздi. Бұл iске қатыс­ты австриялық полиция, сондай-ақ кейбiр саясаткерлер мен заңгерлердiң үстiнен тергеу жүрдi”.
BBC cот басталарда залда өте көп күзетшi болғанын жазады. Бұл пiкiрдi “Республика” басылымының шеф-редакторы Ирина Петрушева да қуаттайды. Оның әлеуметтiк желiдегi жазбасына қарағанда, сот залына арнайы металл iздегiштен өткiзiп кiргiзген.
Айыпталушылар Ә.Мұсаев пен В.Кошляк сот залына кiсен­деулi кiрдi. Бiрақ оларды Қазақстандағыдай әйнекпен қоршал­ған оқшауланған орынға емес, залдағы ұзын орындыққа отыр­ғызды. Олардың артындағы орындарға адвокаттары жайғасты. Кошляк пен Мұсаев ара-тұра адвокаттарымен сөйлесiп, ымдасып жатты. Судья мен алқа билер отырған жердi күзетшiлер қоршап тұрды.
“Бiзге бұл сот процесiнiң Вена үшiн ерекше екенiн айтқандар баршылық. Қауiпсiздiк шаралары күшейтiлдi, көп полиция жұмылдырылды, журналистер мен камералар сонша көп болды...” – деп жазады Ирина Петрушева.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>