Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖҮРЕК АУРУЫ МЕН РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘКЕЛЕДІ

$
0
0

КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖҮРЕК АУРУЫ МЕН РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘКЕЛЕДІ

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК, КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫ МЕН РАКТЫҢ ТУЫНДАУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ. ӘЛЕМНІҢ ӘРБІР ОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫНА АТАЛМЫШ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР. КЭМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ АҒЗАСЫНДА D ВИТАМИНІ ЖЕТКІЛІКТІ АДАМДАР ҚАТЕРЛІ ДЕРТТЕРГЕ КӨП ШАЛДЫҚПАЙДЫ ДЕГЕН ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАДЫ.

14641 адам қатысқан бұл зерттеуге 42-ден 82 жасқа дейінгі жандар ішінде D витамині жетіспейтіндерінің тез жарақат алуға, қант диабетіне шалдығуға, жүрек дерті мен ракпен ауру қаупі аса жоғары екендігі анықталды. Шамамен алғанда еркектердің 9% мен әйелдердің 13% -да D витаминінің жетіспеушілігі байқалды, яғни төменгі деңгейде 30 нмоль/л болатын болса орташа жағдайда 50 ден бастап 90 нмоль/л-ге дейін. Осы адамдардың әрбір оныншысы жабық жерлерде көп уақыт болатындықтан, оларда жоғарыда аталған аурулармен соқтығысу қаупі басым.
Мәселе D виамині адам ағзасында көптеген химиялық реакциялардың жүруіне ықпал етіп, дененің қауіпті ауруларға төтеп беруін қамтамасыз етуге шешуші рөл атқарады. Біз өз ресурсымыздың көп бөлігін күн сәулесімен толықтырамыз, ал кейбір елдерде күннен қуат алатын мезгіл тек жаз айлары ғана. Сондықтан, осы мезгілде D витаминінің жеткілікті мөлшерін алу үшін үйден тек 20 минут уақытыңызды қиып шықсаңыз болғаны. Ал қыста бұл қажеттілігікті өтеу үшін балықтың біршама майлы түрлері мен сүт өнімдерін тамаққа аптасына екі-үш рет пайдаланған дұрыс. Осы соңғы атап өткен өнімдердің құрамында кальцийдің жеткілікті мөлшері болғандықтан, олар өмірімізге маңызды витаминнің сіңуіне жәрдем етеді.

maqsat.kz


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>