“ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКIЛ”
Өзбек оппозициясының хабарлауынша, президент Ислам Каримов бiрнеше күннен берi ес-түссiз жатыр. “Өзбекстанның халықтық қозғалысы” (ӨХҚ) ұйымының белсендiлерi 28 қаңтар күнi Каримовтың жүрек талмасы ұстап, құлап түскенiн үкiметтегi әлдекiмдерден естiген.
“Сол күнi (28 қаңтарда) кешкi сағат сегiз жарымда президент Ислам Каримов “Көксарай” резиденциясында кешкi асын iшiп отырып есiнен танып қалған. Резиденциядағы дәрiгерлер мемлекет басшысына жедел түрде жәрдем көрсетiптi. Президенттiң денсаулығына жауапты өзге де дәрiгерлер шұғыл шақыртылғанымен, Каримов есiн жимаған” дейдi ӨХҚ белсендiлерi.
Қаңтардың 29-ы күнi таң құзғыннан президент резиденциясына Өзбекстанның ұлттық қауiпсiздiк қызметiнiң жетекшiсi Рустам Иноятов пен үкiмет басшысы Шауқат Мирзияев және Каримовтiң ет жақындары жеткен.
Бұл әңгiмеге сенбейiн десең, 27 қаңтарда Ислам Каримов “Көксарай” резиденциясында АҚШ-тың Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған елшiсi Памела Спратленнен сенiм грамотасын қабылдағаннан берi тым-тырыс. Ресми түрде Каримовтiң мүшкiл жағдайы хабарланған жоқ, аман-есендiгi де сөз болмады.
Қырғыз генералы Артур Медетбеков мынадай болжам айтыпты: “Өзге елдердiң оппозициясымен салыстырғанда өзбек оппозициясы көп теперiш көрдi. Соның салдарынан олар астыртын әрекетке көшуге мәжбүр болды. Осы астыртын оппозиция көбiне-көп экстремистiк бағытта жұмыс iстейдi. Бұларды қазiр Каримовтiң қатал тәртiбiмен күштеп қана ұстап отыр. Егер Ислам Каримов ел басқару тетiгiнен айырылып қалса, астыртын оппозиция бас көтерiп, елдi жаппай дүрбелеңге салуы мүмкiн”.
Әлгiндей хабар құлағына жеткен саясаттанушылар “Каримовтен кейiн...” деген мәселенi сөз ете бастады. Ұзақ жыл Өзбекстанда қызмет еткен саясаттанушы Тофик Аббасов былай дейдi: “Каримовтан кейiн Өзбекстанды басқару өте қиын болады. Өзбекстанды ширек ғасырдан берi ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстаған Каримов қатал режим орнатты. Дегенмен де, Ислам Каримовке рақмет айту керек. .......