Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

«Оралман» деген атауға өкпелеудің қажеті жоқ

$
0
0

«Оралман» деген атауға өкпелеудің қажеті жоқ
null
koshkari
2015/02/02 Безбен 4 Пікір 112 Рет
Қазақта: “қасқырдың күшігі тауға қарап ұлиды” деген сөз бар. Біз көп өмірімізді Қытайда өткізгенімізбен тарихи Отанымыздың қайда екенін әбден білетінбіз. Үрімжі қаласында тұрып жатқанбыз. 1992 жылдың жазында дүниежүзілік қазақ қауымдастығы төрағасының орынбасары Қалдарбек Найманбаев Үрімжіге келді деген хабар естідік. Қалекең жолдастарымен Күнлүн қонақүйіне түскен екен. Біз марқұм жазушы Жақсылық Сәмитұлы, Шинжяң халық баспасының редакторы Дәлелхан Ысмайылұлы үшеуміз оларды іздеп тауып, әңгімелестік. Қалекең алдымен Қытайдың қазақтары қозғалмайды ғой деп таңданды. Біз «қытай қазақтары моңғолияның қазақтарына ұқсамайды. Қазақстанға көшу үшін алдымен шақыру керек. Одан соң паспорт жасату керек. Біз сізді осы шаруамен іздегенбіз» дедік. Шақыру керек болса жібереміз, - деді Қалекең. Сонымен көңіліміз тынып, Қалекеңдерді Алматыға аттандырдық. Енді дайындық жасау керек болды. Осы аралықта Қазақстанға көшеміз деген үш отбасымен Жақсылық байланыс жасапты. Олар – Ғалым Қалибекұлы, Асан Әбеуұлы және Әрмиябек Сағындықұлы екен. Бәріміз бас қосып, Дүниежүзілік қазақ қауымдастығына хат жаздық. Ол хатты Алматыға Әрмиябек Сағындықұлы жеткізді және шақыру алып келді. Жақсылық мінезі бірбеткей адам еді. Оның Қазақстанға қоныс аударуына көп бөгет болды. ШҰАР парткомының хатшысы Жәнәбілдің алдынан өтіп, одан кейін Пекинге барып арызданды. ҚКП-ның мүшелігінен де бас тартты. Ақыры қоймай жүріп, Қазақстанға көшуге рұхсат алды. Жақсылық пен Әрмиябектің отбасын 1993 жылдың көктемінде Алматыға жолға салдық. Мен отбасыммен 2004 жылдың көктемінде көшіп келдім. Осы аралықта балаларымды оқуға орналастыру жұмысымен Алматыға келіп-кетіп жүрдім.
Бір таңданғаным – шекарада кездескен бірінші солдат, көші-қон полициясында кезіккен бірінші қыз ақша сұрайтыны болды. Ал паспорт жасату, виза қойдырудағы көрген қиыншылықтарымды айтайын десем жылап жіберемін бе деп қорқып отырмын. Шетелдерден келген кей ағайындар оралман деген атауға өкпелейді екен. Меніңше оған өкпелеудің түк те қажеті жоқ. Шетелдерден тарихи Отанына қайтқан қазақтарды бір сөзбен атау керек қой. Орысша репатриант дейді. Қытайша гүйчяу дейді. Осы мағынаға бір атау керек болса оқырман, көрермен деген сөздердің үлгісімен жасалған оралман деген сөз жаман термин емес. Ал қандас деген сөз термин бола алмайды. Өйткені қай қазақ қандас емес.
Ал өкпелейтін іс бар ма? Бар. “ Алдымен сені кім шақырып келді” деген сөз. Бізді Отан шақырды, Президент шақырды. Қазақстан Президентінің “дүниежүзінде қандастарын шақырып отырған 3-ақ ел бар, оның бірі – Қазақстан. Дүниежүзіндегі бар қазақтың бір ғана Отаны бар, ол – тәуелсіз Қазақстан” дегені өтірік пе? сөйткен Президенттің Қызылағашқа барған сапарында «оралмандар Қазақстанның дамуына мардымды үлес қосқан жоқ» деген сөзі қалай айтылған сөз? Оралмандар Қазақстанның дамуына қосып жатқан үлестерін дәлелдеп үлкен кітап та шығарды. Ол кітаптың аты – «Тәуелсіздік жемісі». Қазақстан билігі “оралмандар не алам деп емес, не берем деп келуі керек” деген теория шығарды. Оралмандарға не беріпті? Бастапқыда «квота» деген болып еді. Оның көбін жемқор шенеуніктер мен делдалдар жеп, құлға қойған құйқаны мінтей-мінтей тауысты демекші, министр Досаев келгенде мүлде жоқ болды. Ал оралмандар Қазақстанға не береді? Алдымен ұрпағын береді. Ұрпақтан қымбат несі бар. Сосын ұрпағы боп, өздері боп Қазақстанның демографиясын өсіреді. Қазақстандағы әйел біткен бір жолда төрттен бала туса да бес миллион адам туа алмайды ғой. Ең ұят болған іс Жаңаөзен оқиғасын оралмандар тудырды деген сөз болды. Оны анау-мынау емес Өмірұзақ Шүкеев, Тимур Құлыбаев сияқты дөкейлер айтты. Әуелі Ермұхаммет Ертісбаев деген бұлбұл шетелдіктер естімей қалмасын деген кісіше Германияға барып айтты. Сонда деймін-ау, осынша кең байтақ жерге өз басын әрең сиғызып, кейбіреулері тұрақты тіркеуге тұра алмай, қайта көшуге мәжбүр болып жүрген оралман байғұстар Жаңаөзендегідей оқиға тудыруға халі келеді дегенге есі дұрыс адам сене ме?
Қалай десек те, мен оралмандарға Отанға өкпелеуге болмайды деп кеңес берер едім.
Ибрагим ҚОШҚАРИ, профессор, Қазақстанның үздік мәдениет қайраткері
"Қамшы" сілтейді


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>