БОРАНБАЙ БИ
(Төреқұл Нысанбек «Даланың дара ділмарлары» 2001 жыл, 220-226)
Боранбай Қалқаманұлы 1709-1801 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақтың атақты биі әрі батыры. Ол Семей облысының Ақсуат ауданының Қызылкесік, қазіргі Боранбай совхозы орналасқан ауылда туып ержеткен. Боранбай бидің туған, қайтыс болған жылдары туралы деректер әр тұрлі. Біреулер оны 91, енді бірі 98 жасында дүние салған дейді. Бізге Боранбай туралы мәліметтерді жолдаған оның жұрағаты Қарпық Егізбаевтың жазуына қарағанда, Боранбай би қазақтың атақты қолбасшы батыры Қарақерей Қабанбайдан 14-15 жас кіші, сонда Қабанбай батыр 1691-1692 жылдар шамасында туғанда, оның батыр серігі Боранбай би 1709 жылы туып, 91 жасында 1801 жылы дүниеден қайтқан боп шығады. Біз де осы болжамға тоқтадық.
Боранбай бидін арғы ата-бабалары туралы қазақ шежіресінде былайша таратылған: Найманнан Қарақерей, одан Байыс, Байыстың Дұзей дейтін бәйбішесінен (оны ел Мұрын деп атайды екен) Сарымырза мен Мақта қыз туады. Екінші әйелінен Мәмбетқұл (Қыржы), Ахымбет, Сыбан (бұларды ел көбінесе "Бесбайыс" дейді). Сарымырзадан Жолымбет одан Атағұл одан Мырзас, одан Қалқаман, одан Боранбай. Ал, Мақта апайдан (кұйеуінің аты Тоқтарқожа) Байжігіт, одан Мәмбет, Мәмбеттен Қожағұл, одан Қабанбай батыр туған. Сонда Қабанбай, Боранбай бір атадан таралған, тіптен жақын туыс боп шығады. Боранбай бидің өз кіндігінен Қойкелді, Қойайдар, Беқайдар, Қарабас, Жылқыайдар деген 5 бала болған. Сол бес ұлдан тараған 200-ден асатын үрім-бұтақтар бүгінде Семей облысының Ақсуат ауданында және басқа ауыл, қалада еңбек етеді.
Боранбай 18-20 жасынан атақты Қабанбайдың жан серігі болған. Екеуі талай жорық, соғысты тізе қоса жүріп бірге өткізген. Талай жеңіске бастаған қос батыр Абылай ханның ең сенімді батырлары, әрі кеңесші биі, ақылгөйі екен. Жоңғарлармен шайқасқан бір соғыста Қабанбай батыр астындағы атынан айрылады. Енді оған ат таңдау керек болады. Қабанбай алпамсадай алып тұлғалы батыр екен. Ол кез келген атқа міне бермеген. Анау-мынау ат көтере алмаған, сонда жасынан ат сыншысы, ат бапкері боп өскен Боранбай би бір байдың мыңғырған жылкысын аралап жүріп, бітімі нардай, өресіне адам бойы жетпейтін шоқтығы биік, бөкен сан, бота тірсек, тік мойын, басы ешкінің басындай күреңді ұстап әкеп Қабанбай ағасының алдына көлденең тартып:
– Ер салып мініңіз, аға, Сізге осындай дүлділ лайық, өзі жүйрік, өзі мықты. Ертеден кешке дейін шапсаңыз да талмайды, – депті. Сол қубас тұлпар әбден қартайғанша Қабанбай батырдың қанат серігі бопты. Батыр қайтыс болардың алдында қубас тұлпарды Боранбай биге аманат қып табыс етеді. Би оны ешкімге мінгізбей жылқыға қоя бергізеді. Қыс болса өз қолына алып, жабулап жемдеп күтеді. Әбден қартайған сол қубас айғыр бір жылы күзде Жағалбайлы тауының белесінде тұра алмай жатып қалады.
Жылқышылар Боранбай биге келіп:
– Қубас жатып қалды, орнынан тұрғыза алмадық, не істейміз? – дейді. Сонда би Боранбай:
– Қабанбайдай аруақты батырдың көп жыл серігі болған қасиетті тұлпар еді. "Қабанбайлап" ұран салып, үстінен қалың жылқыны айдаңдар. Құлағына сіңіп қалған ұранға елігіп тұрып кетер, – дейді. Би айтқандай үстінен ұрандап жылқыны айдағанда қалжырап жатып қалған кәрі тұлпар орнынан тұрып, дүркіреген жылқыға ілесе жәнеледі. Содан біраз жерге дейін барып, Жағалбайлының асуына жеткенде омақаса құлап, содан тұра алмай өледі. Жылқышылар биге хабар береді. Боранбай би келіп тұлпардың басын ақ жібекке орап, тас обаның басына кояды да:
– Бұл кезең бұдан былай "Қубас кезеңі!" деп аталсын, – депті. – Содан былай қарай ол кезең "Қубас кезеңі" деп аталып келеді. "Қубас кезеңі" Ақсуат ауданына қарасты Қызылкесік аулынан 7-8 шақырымдай жерде.
Ақсуат аймағында әсіресе Қызылкесік төңірегінде "Қабанбай шаты", "Бөгенбай шаты", "Боранбай шаты" деп аталатын шатқал, сайлар бар. Онда Қабанбай, Бөгенбай, Боранбай бастаған қолдар қоныс теуіп, жасақталған. "Баспан", "Сауыт қойған", "Долаңқара", тағы сондай қанды қырғын боп өткен соғыс алаңдарының өзіндік тарихтары бар. Солардың бәрінде болған соғыстарға Боранбай батыр қатысып өзінің ерлігін, жеңімпаздығын танытқан. Сол шайқастар жөнінде ел аузында:
Зырлатқан би Боранбай садағынан,
Қандыда" қаза тапқан батыр Ойман.
Сауыты бір қалмақтың қалып қойып,
Сол жерді атап кеткен" Сауытқойған ".
Қалмақтар сол бетімен кеткен " қашып,
Тауынан Тарбағатай әрмен асып,
Қабанбай, хан Абылай, би Боранбай,
"Жамбылды" басып қалған қарт Бөгенбай.
немесе
Арқаның бір биігі Базар Баспан,
Көк тіреп төбесінде тұрады аспан.
Кешегі кұба қалмақ заманында,
Сол тауда бір Жамбыл бар жиған тастан,
– деп айтылатын өлең жолдары сақталған.
* * *
Боранбайдың алғашқы билігі былай екен: Ол 16 жасар бозбала шағында жолаушылап келе жатып бір ауылдың үстінен шығады. Келсе, екі ел арасында шешімін таппай жатқан жер шеқарасына дауласып жатқандарға тап болады. Бір қария:
– Қалқаман батырдың өзіне тартқан бір ақылды баласы бар деуші еді жұрт. Сол сен екенсің ғой. "Ақыл – жастан, асыл – тастан" демекші. Зәуімен кеп қалған қалыс ағайын екенсің. Осы даудың билігін өзің шеш? – депті. Сонда Боранбай:
– Егер екі жақ та менің билігіме көнсе, айтып көрейін, — деп, әуелі даугерлердің дәлел сөзін тыңдап алады. Тау елінің адамдарына:
– Сіздің дәлеліңіз – шындық. Жер шеқарасы сіз айтқандай белгіленсін. Ал, сендердің дәлелдеріңіз – жалған. Мыналарға зорлық жасап тұрсыздар, – деп кесіп айтыпты. Екінші жақ бұған көнбей дауды қайта өршіте береді. Сонда Боранбай өзі мініп астындағы торы байталдың ер-токымын сыпырып, жығып салып төрт аяғын байлайды да:
– Егер менің айтқан билігіме көнбесең, мынау торы байталдың қаны мойныңа жүктелсін. Ал, менің билігім әділ болмаса, обал-сауабын өзім көтеремін, – деп байталдың тамағын пышақпен орып жібереді. Бұрын-соңды мұндай билікті көрмеген әлгі даукес қорыққанынан оның алдына жүгініп:
– Билігіңе құлдық жігітім, сіз дұрыс айттыңыз. Менікі шынында қиянат, зорлық еді. Байталдың қанын жүктей көрме, кешіре гөр? – деп жалбарыныпты. Боранбай райынан қайтып, осылайша екі ел жанжалын шешіп беріпті. Содан былай қарай Боранбай би аталып, атағы елден-елге таралып кетеді.
* * *
Боранбай батырдың бір ересен ерлігі Доланқара тауының етегінде өткен қырғын соғыста көрінеді. Жекпе-жекте жаудың бас батырын мерт қылып, қара кұрымдай қаптай лап қойғалы тұрған жоңғар әскерінің бетін қайтарып, өзі бастаған жасаққа жол ашады. Жау шегініп тым-тырақай қашады. Боранбай батыр өзіне сеніп тапсырған туды берік ұстап, батыр жігіттерімен ілгері ұмтылып, жоңғарларды өкшелей қуып тастайды.
Батырдың осы батыл қимылына, ерекше ерлігіне дән риза болған Қабанбай колбасшы оған жаудан қолға түскен олжа – Қарашаш деген сұлу қызды сыйлайды. Қарашаш – қалмақтың бас батыры Долан Қореннің қызы екен. Өзі келбетті Қарашаш Боранбай батырды сұйіп қалайды. Қабанбай батырдың қол астындағы ел-жұрт, сарбаздар жиылып Доланқара тауының кең шатқалында жеңіс тойына қоса Боранбай мен Қарашаштың үйлену тойын өткізеді. Содан былай қарай халық ат бәйгесі өткен, көкпар тартқан, қыз қуу салтын өткізген жазықты – "Тойқылған", отқа май құйып, неке қиылған шатқалды – "Майлы шат" атап кетеді.
Сол Қарашашты би баба өзге өйелдерінен ерекше сыйлап құрметтеп өткен. Себебі Қарашаштың сымбатты сұлулығымен бірге би бабаға лайықты ақыл, парасаты, ізеті, өнегелі мінез қылықтары сай бопты дейді. Халық арасында мынадай аңыз сақталған.
Ертеде Мырзас елінің тойдан келе жатқан бір топ адамы Боранбай бидің зиратына бұрылып, аттарынан түсіп дұга оқиды. Дұғадан кейін бәрі орындарынан тұрып былай шыға бергенде: біреу "би бабамның қасында өзге өйелдерінен тек Қарашаш қана жатыр екен" дейді. Сонда Тілеуберді деген "Төйт, қасиетті би бабамыздың жанында қалмақ жатыр деген не сүмдық! Оны алып тастау керек" деп қалады. Басқа кісілер оған "Қой, олай деме, Қарашаш би бабамыздың нақ сұйері, бәріміздің анамыз", – деп кейіп тастайды. Жолаушылар мүрдеден ұзай бергенде әлгі Тілеубердінің аты аяқ астынан үркіп кетіп, өзі тасқа құлап түседі, содан бір қолы, қабырғасы сынып ауылға әрең жетеді. Тілеуберді кейін сол аурудан қайтыс болады.
Боранбай тек қана парасатты, ақылды, әділ, көреген би емес, ол сонымен бірге айлақер, әбжіл де жүректі батыр екен. Сол батырдың кейінгі ұрпақтарының бірі Жақыпбек Көріпбайұлы ақсақал былай өңгімелейді:
Боранбай ірі тұлғалы, ұзын бойлы қара сұр кісі еді. Өзі ат құлағында ойнайтын сайыскер, жауға алдырмайтын өте әбжіл, шапшаң қимылдайтын, жауды бір ұрғаннан тұрғызбайтын аса қайратты кісі екен. Және қай кезде болсын әділдігін айтып тура сөйлейтін, досқа да, дұшпанға да жомарт екен. Жонғарлармен бір шайқаста Боранбай бастаған кол жеңіске жетіпті. Жаудың қолға түскен әйел, бала-шағасына бостандық беріпті. Өзімен талай шайқасып, жекпе-жекке шығып жеңіске жете алмай жүрген Дөңке дейтін батыр бұл соғыста колға түспей қашып кетеді. "Оны іздеп тауып алып жазасын бермей болмас, еліне барып қол жинап қайта шабуылға шығып жүрер" – деп, өзінің батыр інісі Нарбота екеуі іздеп шығады. Тарбағатай тауының сай-саласын шолып келе жатса, әлгі қалмақ батыры, қалың қарағайдың арасында ұйықтап жатыр дейді. Атын Нарботаға ұстатып кояды да, өзі жаяу жақындап барып жаудың батырын найзамен түртіп оятады. Екеуі алыса кетеді. Бірін-бірі олай-былай лақтырысады: Анау да түйедей бір пәле екен, әл бермей жүреді. Әбжіл Боранбай қанжарын бұрынырақ сілтеп оны жайратады. Осы бір арпалысты көріп тұрған Нарбота:
– Көкетайым-ау, осынша әлекке түскенше ол жауызды ұйықтап жатқанда найзамен бір-ақ шаншып кұрта салмадың ба? - дегенде ол:
– Ей, шырағым-ай, батырға мәрттік керек. Ол жау да болса, бір елдің атақты батыры емес пе, қапыда кетпесін деп, ояттым, - деген екен.
* * *
Ол Найман жұртының әсіресе Мұрын найман елінің басын біріктіріп, ел қылған азамат. Боранбай бидің бұл еңбегі жөнінде ел арасында мынадай өлең таралған.
Таулардың басы биік, бауыры алаң,
Бұл маңда өсіп-өнген ата-анам.
Жеті ру Жолымбетті бастап келіп,
Қондырған би Боранбай батыр бабам.
Жасында 98 дүние сапты.
Бұл сөзді айтып кеткен батыр Қабан.
Бұрынғы үлкендерден естуші едік,
Өтіпті одан бері талай заман.
Шежіреші қарт ақын марқұм Мәлғаждар Смағұлұлының архивынан алынған бұл үзіндіге қарағанда ертеде жаугершілік заманда оңтүстік, Қаратау маңында көшіп-қонып жүрген Найман елінің жеті ру Жолымбет ауылын осы күні Ақсуат аймағына көшіріп әкеп қоныстандырған Боранбай би болып шығады.
* * *
Боранбай батырдың жоңғар шапқыншылығы тұсында қандай ерліктер көрсеткенін, өзінің жан серігі, аға батыр Қабанбайға сенімді серік болып, ойрат, жоңғар батырларымен қалай шайқасқанын шебер жырлаған қазақтың белгілі айтыс ақыны Қалихан Алтынбаевтың "Ақырғы айқас" дастанында мынадай сурет-эпизодтар кездеседі.
Халық кез келген ханды, батырды, би, абызды пір тұтып оған әулиедей сиынып, атын ұран етіп жауға қарсы шаба бермеген ғой. Қалың қазақ жұрты тек Абылайдай ханын, Төле бидей, Қаз дауысты Қазыбектей, Әйтекедей, Боранбайдай билерін, Қабанбайдай, Бөгенбайдай батырларын ғана ардақ тұтып, оларды жеңімпаз өулие, пір санап, аттарын ұранға айналдырып кеткен. Ел аузында мынадай аңыз бар:
Бір жолы Қаз дауысты Қазыбектің бәйбішесі ояна кетсе, қасында жатқан отағасы өзінен өзі қатты қысылып жатқанын байқайды.
– Отағасы сіз неге қысылып жатырсыз? – бір жеріңіз ауырып қалды ма? – дейді. Сонда Қазыбек би:
– Жаңа ғана бір ұры біреудің атын ұрлай қашып еді, оны ат иесі көріп қойып куа жәнелді. Қашқан да қуғанда: "Қазыбек! Қазыбек!" деп ұрандап барады. Сол екеуінің қайсысын қолдарымды білмей, қысылып жатырмын, – депті. Сонда ақылды бөйбіше:
– Қашқанның жаны олжа, қуғанның малы олжа емес пе? Оның несіне қысыласың? – деп ақыл қосқан екен.
Сол айтқандай Қабанбай Боранбай аттары да өздерінің көзі тірі кезінде жауынгерлік ұранға айналып кеткен.
Боранбай атының да көзі тірісінде ұран боп кету себебі былай екен: Боранбай бидің Нарбота дейтін немере інісі болады. Ол жаугершілікте жеңімпаз батыр аталған ер жігіттер екен. Сол Нарботаның Көктоқы дейтін жорыққа мінетін тұлпары болыпты. Бір жолы Боранбай би өзінің Нарбота інісі мен тағы бірер жігіттерімен ел арасындағы дау-жанжалды шешуге арғын еліне бара жатып үлкен бір астың үстінен шығады. Би Боранбай келді деген соң ол елдің басшылары бәйгеге қосатын аты бар шығар деседі. Бұл сөзді есіткен Боранбай інісі Нарботаға:
– Нар тәуекел, Көктоқыны бәйгеге қос, – дейді.
Інісі:
– Ойбай, көкежан-ау, Көктоқы баптап суытылған жоқ, тері де алынбаған атты қалай косамын. Атқа обал ғой. Озып келсе мақұл, қалып қойса, сіздің дардай атыңызға сөз келмей ме? – деп киналады. Сонда би:
– Қос деген соң қос, төуекел, Көктокы бізді ұятқа қалдырмас! – дейді.
– Мақұл, көке!
– Нарботажан, атқа мінетін балаға мынаны айт. Алғашқыда аттың басын тарта отырсын, алға түспесін. Аттардың жел жағын ала шапсын. Орта жолдан асқан соң аттың басын өз еркіне қоя берсін. Осы кезде бала: "Боранбай, Боранбай!" деп ұрандап шапсын. Нарбота балаға осыны айтып тапсырады. Бала бұл ақылды мүлтіксіз орындайды. Сөйтіп, сол бәйгеде Нарботаның Кектоқысы бірінші боп озып келеді. Мұның сырын білмек болып сұрағандарға әлгі бала айтыпты:
– Алғашқыда ең соңында отырдым, орта жолға жеткенде, аттың басын қоя бердім де "Боранбай! Боранбай!" деп айқай салдым. Осы кезде жануар қос құлағын тігіп алды да өзгеше шабысқа салды. Атқа біртүрлі қанат біткендей болды. Мен ат жалынан ұстап әрең отырдым. "Боранбайлап!" айқайлаған сайын жануар құстай ұшады. Әні-міне дегенше бар аттың алдына түсіп, оқша зу-зу етіп мәреге жеткенімді өзім де сезбей қалдым. Бала осылай дегенде қариялар:
– Япыр-ай, мына Боранбай би тегін адам емес екен-ау, – деп, бәрі оны кұрметтеп, құттықтап, төбесіне көтеріпті. Міне, содан былай қарай бүкіл Найман елі атқа шапса, жауға қарсы аттанса Боранбай би атын ұрандап шабады екен.
* * *
Би Боранбайдың бір кесімді сөзі мынадай: Боранбайдың Мәмбет дейтін өзі ерке өскен тентек інісі болады. Ол әрбір топ-жиын сайын ұрыс, жанжал шығарып, оның айып-бодауын ағасы төлеп жүреді екен. Бір елдің тойына шақырылар алдында ол інісін шақырып алып:
– Сен осы жолы жанжал шығармай, тиыш жүр. Мен той тарқаған соң саған ат мінгізіп, шапан жабамын, – дейді. Мөмбет мақұл деп ағасына уөде береді. Той жанжалсыз өтеді. Мөмбет сыйлы, сыпайы конақ боп тыныш жүреді. Той тарқайды. Мөмбет ағасына келіп:
– Көке, айтқанынызды орындадым. Кәне, ат, шапанымды бер? – дейді.
Боранбай оған:
– Мен сағат ат та, шапан да бердім емес пе?
– Қайдағы, қашан?
– Сен түсін. Егер мен саған той алдында ескертпесем, сен тағы жанжал шығарып елді дұрліктірер едің. Айып төлеп тағы да шығынданар едің. Ат, шапаның жаныңда қалды емес пе? Бұл менің бергенім емей немене?! – депті.
Сонда інісі:
– Қап, мүндай айлаңды білгенде көнбес едім. Талай қызыл кеңірдектер кетті-ау, бекерге? – деп, басындағы тымағын алып, жерге бір ұрыпты дейді.
* * *
Бірде сол Мәмбеттің кесірінен екі ел арасы бүліне жаздайды. Ел-жұрт жиналып оның ағасы Боранбай биге барады. Би Мәмбетті де, жәбір көрушілерді де шақырып алып өз отауында тергепті. Мәмбөт кінәлі боп шығады. Сонда Боранбай би өзіммен бірге туған інім еді деп, оған бұра тартпайды. Халықтың әділ сөзін сөйлейді. Інісін ат құйрығына байлап өлтіріндер! – деп бұйырады. Би айтқан соң екі болмайды. Жазалаушы жігіттер Мәмбетті ат құйрығына байлай бергенде манадан бері шымылдық ішінде бұл істің ақырын күтіп отырған Мәмбеттің үйіндегі келіні Боранбай бидің алдына барып иіліп сәлем қылыпты. Ол жаман келіндерге ұқсап, жылап, байбалам салмапты. Сабыр сақтапты. Осы әдептілігі үшін би атасы:
– Келінім үшін кінәсін кештім, босатыңдар ол пәтшағарды! – депті. Жаны көзіне көрінген Мәмбет ағасының алдына тізе бүгіп:
– Бұдан былай бұзақылығымды қойдым! Міне, жан, міне, иман! – деп уөде беріпті. Содан былай қарай Мәмбет түзеліп, әдепті жігіт боп кетіпті, – дейді ел.
* * *
Өзінің туған халқының қамын жеп елімізді, жерімізді ішкі-тысқы шапқыншы жаулардан корғап қалған, болашақ үрім бұтақтарының қамын ойлап оларды жер-суға ие мирас етіп қалдырған, бытырап әр тарапта жүрген өзінің туған жұрағаттарының басын біріктіріп ел қылған Қабанбай, Боранбай бабаларымыздың кейінгі ізбасарлары жоқ емес. Бұған тек қана осы атыраптан шыққан қарадан аға сұлтан сайланған Құнанбай қажы, оның Абай бастаған ақын балалары, Шәкі шешен, Кенже, Қисық, Қылыр, Тоқабай, Алшынбай, Шоң, Торайғыр, Шорман, Кегенбай, Сеңкібай, Сары, Бокбасар және әйелдер қауымынан шыққан Қыдыр Сәмәмбет келіні, Үйрек бәйбіше (шын аты Тыныштық) тағы бір қатар би-шешендер есімдерін атар едік.
* * *
Жарма ауданындағы Боранбай би зиратының тұсынан ешкім тоқтап, тізе бүгіп дұға оқымай өтпеген. Ауру, дертке шалдыққандар, басына іс түскендер ол әулиенің басына түнеп, жәрдем, шапағат тілеп отырған. Ал, Қазан төңкерісінен кейін, дінге, ата-баба дәстүріне, салт-санаға қарсы атеистік бағыт үстем болған жылдары ол кісіге теріс пиғыл көрсетіп, ізет-кұрмет көрсетпей өткендер әр пөлеге ұшырап, опық жеген. Осыған байланысты ел арасында өңгімелер аз емес.
1967 жылы Боранбай бабаның Ахметолла Елібайұлы деген бір ұрпағы қасына Кәріпхан молданы ертіп бабасының басына дұға оқуға барады. Құран окылады, игі тілектер айтылады. Сонда Көріпхан ақсақал Боранбай би зиратының қалай салынуы туралы мынадай өңгіме айтыпты:
– Жарылғап деген ұры болады. Өзі жалғыз атты кедей еді. Баласы да жок, өйелімен екеуі мынау Қапанбұлақта тұратын. Бір жолы сол ұры жортуылдан кештетіп келіп Боранбай бабаның мүрдесінің басына кеп тұнепті. Бұл кезде бабаның зираты әбден ескіріп, мүжіліп жер болуға айналған екен. Ұйықтап жатқан ұры түс көріпті. Түсінде Боранбай баба аян беріп айтыпты: "Сен ұрлықты қой, онымен байымайсың, менің басыма қорған тұрғыз. Сонан соң бақыт конады. Перзент көресің, мал да бітеді", - дейді. Ояна келсе түсі екен. Жарылғап құран окып, бабаға сиынады да атына мінеді. Аулына барып, үйін көшіріп зират жанындағы бұлақ басына қондырады. Сөйтеді де, ол, иен далада өйелімен екеуі жаздай тырбанып би бабаның басына төртқұлақ корған тұрғызады. Ол заманда мұндай иесіз далада ұры-қарылардың кезіп жүретін кезі ғой. Бір күні айдалада жалғыз үйге 3—4 аттылы ұрылар барады. Жарылғаптың тұсаулы жайылып жүрген жалғыз атын ноқталап жетекке алады да, әлгі ұрылар Жарылғапқа барып:
– Ен далада жалғыз отырған кімсің?! – деп, жөн сұрайды. Жарылғап оларға: Боранбай атамның басына қорған тұрғызып жатқан бір кедей едім, атымды тастап кетіңдер? – деп жалынады. Ұрылардың бастығы болса керек, дөрекілеу біреуі:
– Ой, атамзаманда сүйегі қурап қалған адам түсіме кіріп еді деп, осыншама әуре-сарсаңға түскен сен де бір ақымақ екенсің, – деп жүріп кетеді. Жарылғаптың жалғыз атын жетектеп, былай шыға бере шаба жәнелгенде, әлгі би баба әулиеге тіл тигізген бастықтың аты сүрініп омақаса құлапты да, мойын омыртқасы үзіліп пышаққа ілініпті, анадай жерге ұшып түскен өзінің бұғанасы сынып орнынан тұра алмай қалады. Осылайша би бабаға қайта барады. Атын қайтарып береді. Бәрі Боранбай бабаның басына барып, қайта-қайта жалбарынып дұға оқиды. Пышаққа ілінген аттың етін түгелімен Жарылғапқа тастап кетеді. Жарылғап содан былай қарай ұрлықпен айналыспайтын боп, адал еңбекпен шұғылданады. Ел-жұрт оның бұл адамгершілік, қайырымдылық кызметін есітіп, оған мал жинап береді. Жарылғаптың әйелі жүкті болып, келесі жылы ұл табады. Оның атын Аралбай қояды. Аралбай биыл 66 жаста, зейнеткер, 6 баланың әкесі.
Бүгінде Семей облысында оның ішінде Ақсуат ауданында және басқа елді мекендерде тұратын Боранбай бидің үрім-бұтақтары өзінің қасиетті батыр әрі би бабаларын еске түсіріп, ас берді.
Бидің туған жері - Қызылкесік ауылына және сол ауыл орталығындағы Киров атындағы мектепке Боранбай есімі берілді.
(Боранбай би туралы мөлімет Нұрғазы Шөкейұлынан алынды).
Ал, блог иесі мұны ғалым Мұсайфтан алып жариялап отыр.
↧
БОРАНБАЙ БИ
↧