Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

БІЛӘЗОВТІҢ ӘЙЕЛІНЕ ИТАЛИЯЛЫҚ ДЕПУТАТТАР НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?

$
0
0

БІЛӘЗОВТІҢ ӘЙЕЛІНЕ ИТАЛИЯЛЫҚ ДЕПУТАТТАР НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?

Францияда қолға түскен Мұхтар Әбіләзовтің мәселесі майшаммен қаралып жатқан тұста, оның әйелі Алма Шалабаеваның да жағдайы шетелдіктердің жіті назарында тұр. Таяуда Қазақстанға депортацияланған Шалабаева ханымның тағдырын білмекке Италиядан ат терлетіп бір топ Парламент депутаттары келіпті. Италияның «Бес жұлдыз қозғалысының» мүшелері екен. Елордаға келіп, ЕҚЫҰ-ның өкілдігінде едел-жедел жабық жиын өткізді. Оған журналистер қатыстырылған жоқ. Тілшілер қауымы Италия депутаттарын сыртта күтуге мәжбүр болды. Ал отырыс соңынан БАҚ өкілдерімен кездескен «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясының депутаттары өз мүмкіндігінше сұрақтарға жауап берді.
Манлио ди СТЕФАНО, Италия Парламентінің депутаты: 
Шалабаеваның халін білуге келдік

 – Қазақстанға сапарларыңыз кімнің бастамасы арқылы жүзеге асып, қаржыны кім төледі? Және Мұхтар Әбіләзовпен байланысы бар ма? 
– Біз Қазақстанға Алма Шалабаеваның басындағы жағдайды өз көзімізбен көру үшін келдік. Ал жол шығынымызды «Оупен эфр фондатион» қоры көтерді. Оның Мұхтар Әбіләзовке қатысы жоқ.  Әрі бізге Италия Үкіметінің жүктеген зор міндеті бар. Басты мақсатымыз – осы қор арқылы А.Шалабаеваның жағдайымен танысу еді.
– Мұхтар Әбіләзовтің жұбайының жағдайын Италия тарапы бақылап отыр ма? 
– Бүгінде М.Әбіләзовтің әйелі Италияның бақылау жүйесінде емес. Сондықтан біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз.
–  А.Шалабаевамен қашан кездесесіздер?
– Әріптестеріммен бірге Алма Шалабаеваның үйінде болдық. Оның қандай жағдайда өмір сүріп жатқанымен таныстық. Тіпті оның өзімен тікелей сөйлестік.
– Кездесуге ешкім кедергі келтірген жоқ па? 
– Жоқ. Қазақстан журналистері мен Үкіметіне депутаттар атынан ерекше алғыс айтқым келеді. Шалабаева ханымның  жағдайымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін. Ендігі жерде Алмаға қатысты оң шешім шығады деп үміттенеміз.  Сапарымыздың барысында біз Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездестік. Министрден алған жауабымыз қанағаттанарлық болды.
Италия атынан Қазақстанға арнайы келген депутаттарды қазақстандық халық қалаулыларымен салыстыруға келмейді екен. Әрине, жас жағынан. Мысалы, алты депутаттың ең үлкені Алессандро ди Батисто 1978, Манлино ди Стефано мен Даниеле диль Гроссо 1981 жылы туған. Эммонуэле Скаглоси 1984, Карло Сибилиа 1986 жылы өмірге келген. Ал ең жас депутат Марта Гранде қараша айында 26 жасқа толмақ екен. Олар мүше болып табылатын «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясының негізін 2009 жылдың 4-қарашасында итальяндық әзілкеш, блогер Б.Грило мен бағдарламашы Дж. Касаледжио қалаған. Партия жемқорлыққа қарсы күрес  пен қоршаған ортаны корғауды, ғаламторға қол жетімділік идеологиясын қолдап, популизм, энвайронметализм және еуроскептизмді ұстанады. Аталған қозғалыстың ұсынымен Италияда партия мен БАҚ-ты қаржыландыру тоқтатылып, бюджеттен миллиардтаған еуро үнем болып отыр. Партия жетекшісі Б.Грилло өз сайлаушыларына елдегі ең төменгі жалақы 1 мың еуродан төмен болмайтынын және ортақ ақша қолданысынан шығып, төл ақшасы лираны айналымға енгізетінін, сондай-ақ, жұмыс уақытын аптасына 20 сағатқа азайтуға ықпал ететініне уәде берген. Соның нәтижесінде зор сенімге ие болған партия көп дауыс жинап, үшінші орынға тұрақтаса керек. «Бес жұлдыз қозғалысы» наурыз айында өткен сайлауда 25 пайыз дауысты иеленіп, Италия Парламентінің төменгі палатасының 108 мандатқа қол жеткізді. Сонымен қатар, Парламент Сенатынан 54 орынға ие болып отыр. Партиядағы орташа жас мөлшері 31 жасты құрайды. Олардың басты ұйымдастыру құралы – ғаламтор. Твиттердегі оқырмандар саны миллионнан асады. Алма Шалабаеваның Қазақстанға депортацияланғанына наразылық танытқан «Бес жұлдыз қозғалысы» мен «Солшыл бостандық экологтары» партиясы Италияның Ішкі істер министрі мен вице-премьері А.Альфаноның отставкаға кетуін талап еткен-ді.
P.S. Итальяндық депутаттарға қойылар сауал көп болғанымен, олар өздеріне қатыстысына ғана жауап берді. Соның ішінде Мұхтар Әбіләзовке байланысты сауалдарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. 

Жанкелді ҚАРЖАН

Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>