Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Марс ғаламшарында Төретам пайда болды

$
0
0

Марс ғаламшарында Төретам пайда болды

09 Тамыз 2013, 00:121651

 АСТАНА. 9 тамыз. BAQ.kz – Марс ғаламшарындағы кратерге Қызылорда облысының Төретам кентінің атауы берілді деп хабарлайды Curiosity және Роскосмостың Марсты зерттеуге арналған тобының жетекшісі Виталий Егоров. Бұл туралы ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жариялаған.

 Ресейлік Белев және Реутов қалаларымен қатар, енді Төретам (суретте - Авт.) кентінің атауы Марс ғаламшарында аталатын болады. Бұл үш кенттің атауы Марстағы кратерге берілуінің өзіндік себебі бар. Марстағы нысандарға атау беру тәртібі бойынша халқының саны 100 мыңға жетпейтін елді мекендердің атауы берілуі тиіс.
Облыстың Қармақшы ауданындағы Төретам кентінің қазіргі уақытта 7 мың шамасында тұрғыны бар. Демек, Төретам кентінің атауын Марстағы кратерге беруге болады. Сонымен қатар, кент Байқоңыр ғарыш айлағының өте жақын орналасқан. Атау беру кезінде мамандар осы екі себепті ескерген.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>