Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қазақстан және "ақ нәсілділер кезеңінің"қарғысы

$
0
0

Қазақстан және "ақ нәсілділер кезеңінің" қарғысы
0 39

www.peremeny.ru

«Селигер» жастар форумындағы Путиннің «Қазақтарда мемлекет болған емес...» деген мәлімдемесі біздің қоғамды бір дүрліктіріп, жағамызды ұстатқан еді. Саясаткерлердің, қоғам белсенділерінің бұл реттегі пікірін «Алаш айнасы» кеше жариялаған болатын. Ал бүгін оқырмандарымызға Ресей президентінің осы мәлімдемесіне қатысты орыс тілшісі Максим Шевченконың жазған мақаласын ұсынбақшымыз. Ол өзге ұлтқа мұрын шүйіре қарайтын ақ нәсілділерге ұқсамас үшін Мәскеуге Еуразия кеңістігінде осы аумақ халқының тарихын жіті зерттеп, насихаттайтын біртұтас институт құруды ұсынады.

Владимир Путин қазақ халқын қорлайын деген жоқ, оған мен сенімдімін. Ол бұл арада, керісінше Нұрсұлтан Назарбаев туралы, қазақтар туралы және Қазақстан жөнінде жақсы сөз айтуға барынша тырысты. Сөйтіп арадағы достығымызды, одақтас қарым-қатынасымызды ерекшелеп көрсетіп, ортақ ұстанымдарымызды нығайтқысы келді.

Бірақ барлығы керісінше боп шықты – Назарбаев пен қазақ халқымен арадағы достық туралы жақсы сөздер естілмей қалды, ал «Қазақстан территориясында мемлекеттік болған емес» дегенді бізге бас алды деп қабылданды. Неге бұлай болды? Оның жауабы біз ойлағандай оңай емес...

Ағылшынның империализм дәуіріндегі ұлы ақыны Киплинг еуропалықтардың қалған адамзат қауымына мұндай қарым-қатынасын «ақ нәсілділер кезеңі» деп атаған. Демек, ол кезеңде ағылшын отарлаушылары өркениет, мемлекет және тәртіп – барлығы тек өздеріне тиесілі деп есептеген. Ал «ақ нәсілділер әлемінен» тысқарылар – варварлар, мемлекеттігі жоқ, соған сәйкес заң мен тәртіптері жоқ деп саналған.

«Ақ нәсілділер кезеңі» - варварлар мен эллиндер қарым-қатынасынан бастау алатын батыс адамзаты миындағы жаңсақ пайым.

Эллиндер – өркениетті, ал парсылар, мысырлықтар, индустар (Ескендірге бетпе-бет келгендердің барлығы) – варварлар.

Бірақ эллиндер басқа халықты жек көрген жоқ. Ескендір Ұлы Кирдің бейітін қадір тұтты, Платон мысыр мәдениетін түсініп, терең зерттегісі келді. Сондықтан эллинизмді халықтың басым бөлігі жақсы қабыл алды.

«Ақ нәсілділер кезеңі» кәстөм-шалбар кимегендерді, еуроцентризм ойы шеңберінен шығып кететіндерді, еуропалық құқық Жер бетіндегі жалғыз ақиқат екендігін мойындамайтындарды, еуропалық құндылықтарды жалғыз маңызды әрі дамытушы деп санамайтындарды капиталистік бюрократия тұрғызынан жек көріп, оларды жаулап алушы боп табылады.

«Ақ нәсілділер» кезеңі адамзатқа сансыз қасірет әкелді, миллиондаған адамдарды Еуропаның, кейіннен Американың бюрократиясы мен капиталына құл етіп жекті, құлдықта сансыз адам мерт болды.

Ол қанды орақ түрінде бұрынғы Ресей территориясын да орып өтті. Күштеп христиандыққа бас игізуде Поволжья халқы қудалауға ұшырап, құлдыққа түсіп, сау-тамтығы қалмады.

Қанға бөккен Кавказ аңырап бос қалды, оның мыңдаған ұл мен қыздары бет ауған жаққа қашуға мәжбүр болды.

Бүгіндері ресейлік космополиттік капитализмнің жұмысшы малына айналған Орталық Азия халқы ол кезде ашықтан-ашық геноцидке ұшырады.

Сібір мен Қиыр Шығыс тайпаларының жерлері күштеп тартып алынды.

Әмбебап Ресей империясы бюрократының көзқарасы бойынша, ол жаратылыстың күмбезі, Лондоннан, Берлиннен және Парижден «қол созымдағы» ақ нәсілді еуропалық, тіпті сол «Лондонның, Берлиннің және Париждің нақ өзі», бірақ шекарасы Азияда жатыр...

Ал сол Азиядағы батыс өркениетінің сәулесіне көмілген алақанға салған империялары – оның билігін, оның қаһарлы күші немесе шапағатты сыйлығы мен мақтауын қабыл алуы тиіс жабайылар.

Оны ғұндардың да, Ұлы түрік қағанатының да, қыпшақ хандығының да, Хорезмнің де, Ұлы Шыңғысхан империясының да, Жошы ұлысы мен Алтын Орданың да, Әмір Темір империясының да, жоңғар мемлекетінің де тарихы, Абылайхан және оның реформасы мен саясаты да еш қызықтырмайды.

Ол жүз жылдаған жылдар бойы ғұмыры жалғасып келе жатқан кең байтақ Ұлы Дала территориясында (қазіргі Қазақстандағы) жүздеген ру мен халықтың басын біріктіріп, оларды бірыңғай заңға бағындырып, монотеистік дінді тарту еткен (сонымен қатар Киев, Новгород және Мәскеу жеріне христиандық пен ислам келгенге дейін) бұл мемлекеттердің барлығын ұйымдаспаған жабайылардың жиынтығы деп есептейді.

Оған мұсылмандардың күніне бес уақыт дәрет алатындығы, сөйтіп кез келген адам құсап дәрет алуы барысында киімін бұлғап алмауға тырысатындығы өте күлкілі. Дала мен Кавказ халқы әйелдерінің бөтендер алдында бетін жауып, кісі алдына шықпауы, үлкен кеңістікте тұрып тастан немесе ағаштан қапырық тар үй салмайтындығы, ал баспаналарын квинтэссенция заңына сай әспеттемейтіні де күлкілі.

Ол бірыңғай поштаны, тайпалық заңға мүлде қайшы, керісінше әмбебап құқық қағидаттарына сүйенген алғашқы салық алымы мен заңнаманы Еуразияның солтүстігіндегі (Парсы әлемінен тыс) Ұлы Дала атты мемлекет түзгенін білмейді де.

Бірақ ол мұны әдейі білмейді емес. Оны солай үйреткен – төңкеріске дейін, кеңестік халықтарды басын қосуда посткеңестік мещандық-параимпериялық білім беру саласы.

Ол орыс халқына да тура осылай қарайды. Өйткені ол садист, тиран, Православия жауы, өз халқына «ақ нәсілділер кезеңі» тұрғысынан қарап, қараңғы, қалыс қалған деп есептеуші, сақал кескіш, дүре соққыш, өз «ұясын» еуропалық «құсқа» арнаған, неміс немесе голландқа мал секілді сыйға тартылатын жағымпаз әрі салдақы Ұлы Петр рухының мұрагері ғой.

Әрине, Владимир Путин қазақтарға, олардың мемлекеттік тарихына бұлайша қарамайды. Ол достық және қалыпты қарым-қатынас құруды шын жүректен қалайды. Бірақ оның сүйенетін түгі жоқ.

Экономикалық тұрғыда ұлы Еуразия жобасын құруға кіріскен Ресейде, әзірге мыңдаған жылдар бойы тек Каспий төңірегінде ғана емес, барша еуразиялық кеңістікте (Лев Гумилевтің сөзі бойынша) тұратын халыққа мән-маңыз беріп, құрметпен қарау деген жоқ.

Тіпті, Еуразия халқы тарихын мықтап қолға алып, зерттеуші бірыңғай ғылыми институт та жоқ.

Шенеуніктер Сталин кезеңіндегі үгіт-насихаттың ізімен «біздің халық ұлттық және діни қақтығыс дегенді білмейді» деген есуас мантраны қайталауға әбден үйреніп алған, ал шенеуніктерге қарағанда халық оны білмек түгілі, есінде мықтап тұтып, оны ешқашан ұмытпайды. Теңіздей төгілген қан мен темір торды да.

Жағдайды әлі реттеуге болады. Бұл тауларда, ормандарда, далада шындығында не болды, соны ақылмен зерделеп, жүйелі түрде тізбектеп, барлығын рет-ретімен қойғанда дұрыс болады.

Міне, сол кезде «ақ нәсілділер кезеңі» ресейлік ұлттық саясаттың қарғысы болудан қалады.

Максим Шевченко, орыс журналисі, арнайы Sayasat.org үшін жазған мақаласы


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>