Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Путин қазақты неге қорлады?

$
0
0

3 қыркүйек 2014

Астамшылықтың ақыры немесе Путин қазақты неге қорлады?

Н.Назарбаев: “...Ешуақытта қазақта мемлекет болған жоқ. Себебi шекарасы болған жоқ”.

В.Путин: – Ол (Н.Назарбаев – ред.) ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда ешқашан мемлекеттiлiк болмаған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бiр сөзi бiр сөзiне қайшы келiп жатады. Бұған ендi жалпақ жұрттың да етi өлiп кеткен тәрiздi. Әйтпесе “Қазақта мемлекет болған жоқ. Өйткенi шекарасы болмаған...” деген сөздi президент бiр емес, екi мәрте айтқанда, “Оу, мұныңыз қалай?” дер едi ғой. Халық өйтпедi. Көпшiлiк мұны қарттық меңдей бастаған басшының мақтангөй қылығына балады да қойды. Ендi мiне, Ресей президентi Назарбаевтың астына көпшiк қоя отырып, қазақты маңдайдан бiр-ақ ұрды. Ауыр соққыдан тәлтiректеп есiн жия алмай жүргендер көп қазiр. Сондықтан “Путин неге қазақты қорлады?” деген сауалға өз тарапымыздан жауап iздеп көрмекпiз.

Жуырда ғана Владимир Путин бүкiлресейлiк “Селигер-2014” жастар форуымына қатысты. Жиынға галстуксыз келген президент ал­қа-қотан отырған жастардың сауалдарына жауап бердi. Кезектi са­уал Қазақстанға қатысты қойылғанда Путин тосылған жоқ. Сұрақтың өзi де сұрапыл: “Қазақстанның оң­түстiк өңiрiнде ұлтшылдық белгiле­рi байқала бастаған. Оны тежеп тұрған фактор – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер Назарбаев басшылықтан кетсе, бұл елде де украин сце­нариi қайталануы мүмкiн бе?”.

Путин не дедi? Қазақ әрiптесiн жат та кеп мақтады. Оның ойынша, Нұрсұлтан Назарбаев постсоветтiк аймақтағы ең сауатты да салиқалы президент екен. Қазақстанның халқы Ресеймен салыстырғанда 10 есе аз болғанымен, еуропалық өлшеммен алғанда бәрiбiр үлкен ел. Тұрғындарының көбi Ресеймен қарым-қатынасты дамытуды құп­тайды. Мұны Путиннiң өзi де көрiп-бiлiп отырса керек. Оның үстiне Еуразиялық одақ құру идеясы да ең алдымен қазақ басшысының көкейi­не ұялаған. Демек авторы да – сол.

Мiне, осының бәрiн түйдектете келiп, “Қазақстан бiздiң әрiптес мемлекет, Қазақстанда ешқашан Украинадағыдай жағдай орын алмайды” деп түйе салса, әңгiме бас­қа. Путин өйткен жоқ. Назарбаевтың көрегендiгiне мысал ретiнде: “Ол ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда еш­қа­шан мемлекеттiлiк болмаған” дедi.

Сонда мемлекеттiң болғаны мен болмағаны қандай белгiлер арқылы айқындалады? Орыс пен беларусьта, латыш пен эстонда, өзбек пен тә­жiкте, түрiкмен мен қырғызда, қыс­қасы, барлық елде мемлекет болған. Ал қазақта болмаған... Егер мемлекеттiң болғаны бүгiнгi­дей тiкенек сым тартып, автомат асынған солдатқа күзету болса, ол бұ­рын Ресейдiң өзiнде де болған емес. Орыс мұжығы

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен немесе электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>