Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Австрияның соты Рахат Әлиевтi айыптауға шындап бет бұрғандай

$
0
0

Австрияның соты Рахат Әлиевтi айыптауға шындап бет бұрғандай

Австрияның Die Presse газетiнiң жазуынша, Венаның Жер соты Рахат Әлиевтi айыптай бастауға бет бұрған. Қазақстандық екi банкирдi өлтiру жөнiндегi айыптауды Р.Әлиевтiң “менiң саяси қарсыластарымның ойлап тапқан амал-әрекетi” деп, бұл айыптауды мойындау былай тұрсын, сан-саққа жүгiрткенi де белгiлi. Ал ендi Венаның прокуроры Беттина Валльнер бұл мәселеге басқаша қарап отыр.

“Нұрбанктың” менеджерлерi Жолдас Темiр­әлиев пен Айбар Хасенов 2007 жылдың қаңтарында iз-түзсiз жоғалып кеттi. Төрт жыл өткеннен кейiн бұлардың сүйектерi бөшкенiң iшiнен табылды. Бөшке жердiң астына, төрт метр тереңдiкке көмiлген. Ж.Темiрәлиев пен А.Хасенов көмiлген жер – Р.Әлиевке қарасты фирманың жерi. Бұл ретте Б.Валльнер “Р.Әлиевтi күдiктi етiп көрсетуге жетерлiк дәлелдердiң де ұшығы көрiнiп қалып тұр” дедi. Сонымен қатар “ол Р.Әлиевпен бiрге ҚР ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев пен Р.Әлиевтiң оққағары В.Кошляктан күдiктенуiнiң де негiзсiз емес еке­нiне жұртшылықтың назарын аудартты” деп жазады Die Presse.

Ең бастысы, Р.Әлиевтiң iсiн қарап жатқан Венаның Жер соты бұл жолы “саяси мотивтердi” назарға алмайтындай сыңай танытты. “Қазақстандық дипломат (Р.Әлиев – ред.) өлтiрiлген банкирге жылжымайтын мүлкiн өзiне болмашы ақшаға сатуды

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен немесе электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>