Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Зиялылардың қанша түрі бар?

$
0
0

Зиялылардың қанша түрі бар?

Мәдениетті зиялылар жасайтын болса, зиялы дегендер кімдер? Жоқ, әрқайсымыз өз-өзімізді зиялы деп белгілеп аламыз ба?

* * *

Италияның ғұламасы Антони Грамши зиялылардың екі түрі болады дейді. Бірі, қарапайым халық ортасынан шыққан естияр, көзі ашық азаматтар. Екіншісі, сауатты, білімдар, кәсіби маман деңгейіне көтерілгендер.

Шын мәнінде зиялы (интеллигент) болу үшін уақытты босқа өлтірмеу керек. Зиялылық алдымен көп білу, сонан соң сонысын өмірге пайдалана білу, пайдалылық, тәрбилелілік, үлгілілік. Адалдық, арлылылық. Уақыты елтең-селтеңмен өткен адам зиялы бола ала ма? Әсем галстук, қымбат көзілдірік немесе сұлу таяқ зиялы етіп көрсететін кез өтті. Тауысты әсем етіп тұрған құйрығы. Егер құйрығын кесіп тастасаң, жай құстан айырмашылығы шамалы.

Халықтың халық болмағы алдыңғы қатарда жол көрсетіп жүрген азаматтарында. Елді өсіру де, өшіру де солардың қолында. Егер олар жетілген, озық ойлы болмаса, онда қиын. Қарапайым халық бәріне сенеді, қайда жетелесең, сонда ереді.

Достаевский зиялыларды екіге бөлген: табаны жерге тиіп тұрғандар мен тимей тұрғандар, - деп. Табаны жерге тиіп тұрған дегеніміз ұлттық ділі бар, ұлттық рухқа арқай сүйейтін және оны көтеруге тырысатын, ұлтына ұстын болуға әрқашан дайын азаматтар, ал табаны жерге тимей тұрғандар - ол ұлттың жақсысы болса пайдаланып, жаманы түзетуге атсалыспайтындар, өз ұлтының басынан асыра қарағысы келетіндер. Олар биік мансапты шенеунік те, пайдасыз интеллектуал да, замана бағытын түсініп алған "приспособленец" те болуы мүмкін. Етікшінің пиғылындағы уәзірлер мен депутаттар да кездеседі. Өз сөздерінде ең қымбат нәрсе халық деп, халықты алдап қана қойғысы келетін, шын мәнінде халыққа емес қара басына ғана қызмет ететіндердің бәрін соларға жатқызуға болады.

Мәселені "өмір сүруге зияныңды тигізбе" деп қойған дұрыс. Ол: рұқсат, өмір сүр, ізден, қимылда, ойлан, пайдаңды тигіз дегені. Зиялы деп осы талапқа жауап беретіндерді айтамыз.

"Бұ дүние басқа бір әлемге өткел екені күмәнсіз. Өткел үсті - кісіге сын, онда шын мәнінде бақытты адам жоқ. Адамдар зиялы және қараңғы болып екіге бөлінеді. Мақсат қараңғылардың санын азайту. Біздің ғылым үйрету деп аспандайтынымыз да сол" - дейді Виктор Гюго.

Автор: Әкежан Дәкен


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>