Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

РИЗАБЕКТІҢ ЖҰРТТЫ РИЗА ЕТУІ

$
0
0

 

Cұлтан ЖАНБОЛАТОВ

 

РИЗАБЕКТІҢ

ЖҰРТТЫ РИЗА ЕТУІ

 

               1

   Тамыздың 3 і күні Ризабек Тұрсынұлының «Көркем Шинжияң» атты майбояулы (油画) суреттерінің көрмесіне қатысу орайы туа қалды. Жастайымнан суретке қызыққан мен (бұл туралы «Біз» дейтін ғұмырнамалық трилогиямда баяндалған) салып-ұрып жетіп барғамын. Талай іс-шараларға қатысып жүрміз емес пе. Кейінің «қарын тойдырмайтыны» сіздің басыңыздан да өткен шығар. Ондайда қиған уақытыңа ішіңнің удай ашитыны рас. Бұл жолы «қарын тойды» ғана емес, эстетикалық ләззатқа бөгіп оралдым. Өте-мөте ұлтымыздан өзіне өнері арқылы жалт қаратқан, қараған бетте мәдениетімізге тың серпіні бар қылқалам шеберінің келгенін байқатқан, талай берері барына кәміл сендірген суретшінің туындыларын көріп мәз болып қайттым. Әсерленсем, тебіренсем дереу тілтақтаға отыра қалатын мен сол сезіммен осыны жаза бастадым. Халқымыз жақсыны көрмекке дейді ғой. Жақсыны жариялау да, есту де соған таяу шығар. Көрмені көре алмаған ағайын тым құрығанда Тұрсынның Ризабегі мен оның өнерін естісін дедім.

 

2

 

Ризабек Тұрсынның өнерін айту үшін, алдымен, сол өнер туралы аз да болса аялдаған жөн сықылды.

Майбояулысурет деген – бейнелеу өнерінің ішіндегі кескіндеме дейтін топтың бір жанры.

Кескіндеме (живопись, 绘画) – белгілі бір заттың ( мысалы кенептің) бетіне бояу (мысалы майбояу) арқылы салынатын көркем шығармалар. Кескіндемедегі шығарма өзі кескіндеген мазмұнның сыр-сипатын, ондағы нәрсе мен кеңістіктің, ортаның тіпті қоғамның қарым-қатынасын, жарық пен көлеңкенің құлпыра сәйкесуін үндестіре бейнелеп, көрушіге  көркемдік және танымдық ықпал жасайды. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы оған эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі (мысалы біреудің портретін) бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман үдерісті де бейнелеп, олардың мәнін ашады. Мұндайда оның, бірер әңгіме түгіл, романнан да қалыспайтынына сене беріңіз.

Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт, шайқас, хайуанат, т.б. көріністерін, уақиғаларын қамтитын) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме әлде неше топқа бөлінеді.

Кескіндеме – тарихы өте ұзақ өнер. Оның ежелгі үлгілері бұдан 30-40 мың жылдай бұрын пайда болыпты. Ежелгі шығыста (соның ішінде Ұлы Даладағы қазақ сахараснда), Америкада күрделі кескіндеме өнері жартас беттерін, құлпытастарды, баспаналарды өрнектеумен өркендпті.

Біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығында Алдыңғы және Орталқ Азия елдерінде монументтік (纪念碑) кескіндеме дамыпты. Қайта өрлеу кезеңінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасыпты. 15 ғасырда голландиялық суретшілер майбояулы кескіндемені тауыпты. Италияның қайта өрлеу кезеңінде, Леонардо Да Винчи (1452-1519) сықылды үлемнің (архитектор, композитор, математик, инженер, оташы, биолог, геолог, жазушы және суретші, мүсінші, заманынан оза туған ғалым да гуманизмнің уәкілдік тұлғасының) атағы жер жарыпты. 17 – 18 ғасырларда Еуропада кескіндеменің дамуы одан әрі жалғасыпты.

20-ғасырдың бас кезіндегі көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм, т.б.) туындыларында, жайшылықта оп-оңай аңғарылатын көрініс элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналды. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (мысал, абстракты өнерге) айналды.  20 ғасырға келгенде, физикадағы салыстырмалық назариясы мен куант механикасының жарыққа шығуы адамдардың тәжірибелік дүниеге деген көзқарасына соққы берді. Әлемнің тек сен көргендей ғана емесін, оның абыстракт ой мен елес екенін аңғартты. Фотоөнері мен баспа техникасы кескіндеменің талай міндетін үстіне ала бастағасын, суретшілік өзге тарапқа қарай аунады – обьектив әлемдегілерді көрсетуден кескіндемешінің субьектив дүниесін әйгілеуге ойысты. Талай жұрт «нені сызған?» дегеннен «кім сызған?» дегенге бұрылды. Сюрреализм (超现实主义) мен посмодернизм (后现代主义) өрістеді....

Дегенмен, көп көркемөнердің болашағы алғашқы өнеріне оралу екенін ұмытқаны жоқ. Біздің Ризабек те мұны есіне мықтап сақтағандай.

Меніңше, фотосуретшілер дүниеде бардың көзге шалығуы қиындарын да әсемдеп алдыңызға тартса, кескіндемешілердің ондайды да, оған қоса дүниеде жоқты да әдемілеп, сырлап  алдыңызға тартатын керметтігі бар. Демек бұл жай өнер емес.

 

3

 

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит (біздің жыл санауымыздан 12 ден 3 мыңжылға дейінгі заман) дәуіріне саяды екен. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді. Сонымен қатар Алтай, Тәңіртау, Барлық, Алатау, Қаратау өңірлерінде жануар, адам, көлік, қару, жарақ, т.б. кескіні түрінде көрінеді. Кей кескіндемелерден бірнеше түсті бояуды қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін байқауға болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністері де бар. Б.з.д. 7-3 ғасырларға тән дүниелерден (мысалы, Есік қазынасы, Шелек қорғанынан, Шеміршек пен Үрімжі маңынан қазып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар) айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиһаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтайды. Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, жүкаяқ, кебеже, т.б.) көптеп кездеседі. Мысалы, Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғасырлар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғасырлар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Ал, ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мысалы, Қожа Ахмет Иасауи мен Айша Бибі кесенесінде) ою-өрнектің пейзаждық (景观) үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан (тері сандық) сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған (水彩画) портреттік, пейзаждық жұмыстары: «Сырымбет» (1850), «Сартайдың портреті» (1856), «Шақырым бағандары» (1850) ол кісінің нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. Қазақ халқының кәсіби кескіндеме өнерінің мықтап дамуы 20-ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ кескіндеме мектебінің негізін салушы Ә.Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә. Ысмайлов, ағайынды Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толығады. Жұңго қазақтарынан Аман мен Серғазы сықылдылар бастаған бір топ жастардың көтерілуі өткен ғасырдың соңғы жарымына тән құбылыс.

4

Ризабек Тұрсынұлы 1983-жылдың 12-сәуірінде дүниеге келіпті. 7 жасында мектеп табалдырығынан аттап, сол бастауыштағы кезінен-ақ суретке құмартады және сурет сала бастайды. Орталауға шыққанда суретшілік деңгейі көтеріле түсіп, туындылары мектебі мен қалашық көлемінде марапатталады, сөйтіп Ризабектің суретқұмарлығы тіптен артады. 1999-жылы Сауан аудандық 2- орта мектепке келуі оның сурет өнерінің кемелдену сатысына өтуі екен. Жанмырза, Серік сықылды кәсіби суретші ұстаздары тез және жай сызба, субояу мен майбояу суреттерін салудың қағидаларынан жүйелі тәрбие береді. Осының және өзіндік құлшынудың арқасында ШҰАР дық дәрежелі сыйлықтарға ( мысалы, 2002-жылғы ШҰАР Жастар мен өрендер суретсызу байқауында «ерекше дәрежелі сыйлыққа») дейін қолы жетеді. Өнер атаулының қайсысы болса да, соған лайық ық пен дарыннан сырт, кең де терең білімді, табандылық пен еңбекшілдікті қажет қылады. Суретші болу тек қылқаламнан пайдалануға ұста болу ғана емесін ерте байқаған Ризабек жақсы оқу арқылы осы шарттарды ерте дайындауға ұмтылады. Оның мектеп құшағында «үште жақсы оқушы», «үздік оқушы» сықылды атақтарға ие болып, ұстаздарының алқауына бөленуі, «оқу сыйлық ақшасын» алып ата-ана жүгін жеңілдетуі сықылдылар осыған айғақ.

Ризабектің емтихан арқылы өтіп, 2002-2005 жылдары Қазақстанның Абай атындағы Педагогикалық Университетінде (бейнелеу мамандығында) оқып, толық курсты (озаттығынан бір жыл аттатыпп оқуымен) үздік тамамдауы әрі өнер жолында секіріс жасайды, әрі кәсіптес ғалымдар мен жұрт көзіне тіпті түсіреді. Ризабектің толық курсты тамамдай салып, сол университеттің магистрлік оқуына ілінуі осыдан.

Магистрлік ізденіс сатысында ол кесікіндеме өнерінің тарихы, назариясы, философиялық негіздері сықылды тараптармен танысады. Профессор Құрманбектің жетекшілігінде қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев шығармаларының ерекшелігі мен әдістемелерін тақырып еткен зерттеуге кіріседі. Қазақстан Сурет Академиясының негізін қалаушы Амандос Ақанаев Ризабектің дарыны мен болашағын байқап, оны 2006-жылы академияның мүшелігіне қабылдайды. Ризабектің жоғарыдағы тақырып бойынша жазылған, 80 беттік диссертациясы табысты қорғалып, ол 2007-жылы магистрлік ғылыми атақ алады. Осы жылдың күзінен бастап студенттерге дәріс бере де бастайды. 2008-жылы Амандос Ақанаев Ризабекті өзіне шәкірттікке қабылдайды. Сол кісінің қолында үш жылдай тағылым алып, талай көрмелерге туындыларын қойып, академия қызметіне де төселе түседі.

2011-жылы туған жердегі жастарды тәрбиелеу, өз шеберлігін тіпті шыңдай түсу сықылды мақсаттармен Жұңгоға оралып, талай игі істерді тындырады. Мына сурет көрмесі – солардың бірі ғана.

Біз, әрине, шығармашылық әлемінің ішіндегі өте нәзік те, тым маңызды да, аса қиын да сала кескіндемемен айналысқан жас ғалым, мықты суретші Ризабекке күшті денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор табыс, нұрлы болашақ тілейміз!

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>