Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қазақстандықтар мерекеде демалудан "бас тартады"

$
0
0

Қазақстандықтар мерекеде демалудан "бас тартады"

http://massaget.kz/userdata/news/news_18620/thumb_b/photo.jpg

Қазақстандағы HeadHunter аталатын зерттеу компаниясының қызметкерлері отандастарымыздың арасында сауалнама жүргізген. Басты тақырып – "Мамыр мерекелеріндегі демалысты қалай өткізесіз?"

Қатысушылардың 16%-ы, яғни, әрбір алтыншы адам мерекелік демалыстарды жұмыс қабырғасында өткізетіндіктерін айтқан. Дәл осындай адам (16%) демалысты ойын-сауыққа, яғни, киноға баруға, қалалық іс-шараларға араласуға ниетті.

Ал келесі жауап берушілер тобы (30%) мұндай ұзақ демалыстарды үй шаруасын тындыруға пайдаланатындығын айтады. Ауа-райы бақылаушылары алдағы демалыстарда күннің ашық болатындығын айтып уәде етіп отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланған келесі бір топ (23%) отбасы мүшелерімен, достарымен, әріптестерімен көкке шығуды жоспарлайды. Қазақстандықтардың 5%-ы шетелге немесе отандық шипажайларға еңбек демалысына кетеді екен.

Ал әлеуметтік желідегі талқылауларға сүйенсек, көптеген адам саяжайға барып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, алыстағы ағайынға қонаққа баруды, балыққа шығуды, ал басқалары диссертация жазуды, емтиханға дайындалуды мақсат етеді.

Демалыс – ерекше, бағалы, қуанышты күн, сондықтан болар ол жұмыс күндерінен екі есе аз. Сәйкесінше, бұл күндерді барынша пайдалы етіп өткізген жөн, әсіресе, көктемде олардың құны одан сайын арта түседі. Демалыс – жаңа аптаға күш-қуат, құлшыныс тудыру үшін керек мүмкіндік. Демалыс – алаңсыз балалық шақты еске түсіретін, барлық қиындықты немесе несиені, қарызды ұмыттыратын күн. Сондықтан, осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланудан кеш қалмаңыз. Жұмыс деген ешқайда қашпайды, бұл күндерді жанды азықтандыруға, тәнді демалдыруға арнағаныңыз жөн.

Жоғарыдағы сауалнамаға қатысушыларға не айтасыз? Сізде қандай жоспар бар? Ой бөлісіңіз...


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>