Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

100 пайыз қолдайтын мәлімдеме

$
0
0

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Еуразиялық экономикалық одақ саяси тәуелділікке ұрындырады

Халық өкілдерінің Құрылтайы құрған, жалпы қазақ халқының атынан сөйлеуге құқылы Қазақ Ұлттық Кеңесі Антиеуразиялық форумына толықтай қолдау білдіріп, мүдделеріміздің тоғысып жатқанын мәлімдейді.

Таяу арада қол қойылуы мүмкін болып отырған Еуразиялық экономикалық одақ іс жүзінде Қазақстан Республикасына қажетсіз деп санаймыз.

Себебі, үш мемлекет басшылары мәлімдеп отырғанына қарамастан, Еуразиялық одақ таза экономикалық мақсатты көздеп отырған жоқ.
Мәселен, Еуразиялық одақ туралы келісім- шарт жобасының 4- бабында одаққа мүше елдерде ортақ мемлекеттік сатып алу және көші қон саясаты жүргізілетіні жазылған. Бұл шетте жүрген бес миллион қазақтың Отанына оралуына тежеуші болуы мүмкін.

Жобаның 7-бабында Одақтың өз бетімен түрлі құқықтық актілер қабылдай алатыны және ол одаққа мүше елдердің жеке заңдарына қарағанда артықшылықтарға ие болатыны, Одақ қабылдаған заңдар мүше елдердің барлық аумағына жүретіні және тікелей қолданылатыны көрсетілген. Бұл жағдай Қазақстанның Конституциясын жоққа шығарып, бізді жеке заң шығару құқынан айырады. Онда қос палаталы Парламенттің қажеті болмай қалады.

Жобаның 9-бабында Одаққа мүше елдердің ортақ валютаға ауысатыны, ортақ қаржы нарығын, банк жүйесін, валюталық және қаржы саясатын жүргізетінін анықтаған.

Сонымен бірге Одаққа мүше елдердің ортақ білім стандарттары болатыны, мәдениет, әлеуметтік сала, ғылым мен техника саласында ортақтастықтың болатыны көзделген.

Одаққа мүше елдердің ортақ білім стандарттарының қалыптасуы Қазақстанның білім мен ғылым саласындағы дербек саясат жүргізу құқығынан айырады және білім, ғылым, мәдениет, әлеуметтік саланың экономикалық қарым-қатынас аясынан шығып отырғанын және Еуразиялық одақтың тек экономикалық емес, саяси да Одақ болатынын дәлелдейді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық экономикалық соттың, Еуразиялық экономикалық ассамблеяның құрылуы Қазақстанның Парламент, Үкімет, Сот сияқты билік тармақтарының қызметінің қажетсіздігін туындату қаупі бар.

Бұл жағдайда Қазақстанның дербес, тәуелсіз мемлекеттік саясат жүргізуге, әділ сот жүйесін қалыптастыруына, Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етуге қауқарсыздығына әкеліп соғады.

Сондықтан Қазақ Ұлттық Кеңесі:

1. Еуразиялық одақ құру туралы Келісім шартқа қол қоюдан мүлде бас тартуды;

2. Кедендік одақ, Еуразиялық Одақ мәселесінде Қазақстанның атынан өкіл болып отырған лауазымды тұлғаларды мемлекеттік және ұлттық мүддеге немқұрайды қарағаны үшін, әрекетсіздігі үшін жауапқа тартуды;

3. Қырымдағы жағдайды, В.Жириновскийдің, Г. Зюгановтың, Э. Лимоновтың, В. Штыгашевтің сыңарезу мәлімдемелерін назарға ала отырып, шет елдердегі 5 миллион қазақтың жақын жылдарда туған жеріне оралуын қамтамасыз ететін заң жобаларын дайындауды және қабылдауды ұсынады.

Қазақ Ұлттық Кеңесі

12 сәуір 2014жыл


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>