Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Сақтықта қорлық жоқ...

$
0
0

Сақтықта қорлық жоқ...

... Атам қазақ : “Күштiнiң арты диiрмен тартады” деген сөздi қалай дәл тауып айтқан! Осы нақты да анық мағына қазiргi кезде де мәiн жоймағанын, бүкiл әлем наразылық танытқан Ресейдiң бүгiнгi агрессиялық саясаты дәлелдеп бердi.

Орыс мемлекетi патшалық Ресей тұсынан ғана емес, Ресей-Ресей болып құрылғаннан берi әлсiз елдерге тiзе батырып, жаулап алу, алым-салық төлетiп, доқ көрсету – агрессиялық саясатын жүргiзiп келе жатқаны әлiмсақтан белгiлi. Бұрынғыларын айтпағанда, КСРО-ның дүрiлдеп, түкiрiгi жерге түспей тұрған кезiнде, Чехословакия, Польша, Венгрия мемлекеттерiнiң iшкi iстерiне қол сұғып, тәуел­сiздiктерiн табанға таптағандары, сол сияқты Ауған халқының наразылықтарына қарамай, сол елге әскер, қарулы күш кiргiзiп, ақыры оңбай жеңiлiп, әлем қауымдастығы алдында масқара болғанына тарих куә! КСРО дегенiңiз – Мәскеу ғой. Одақ деген аты болмаса, 16 бiрдей мемлекеттi жусатып, өргiзiп отырған, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстаған орыс империясы емес пе?! Оны айтасыз, 2008 – жылы Ресейдiң тәуелсiз Грузия елiне қарулы күш кiргiзiп, iшкi саясатына қитұрқылықпен араласу арқылы бейбiтшiл гүржi (грузин) елiн Абхаз және Оңтүстiк Осетия елi етiп бөлшектеп тынғаны күнi кеше ғана емес пе?!

Ал ендi осы агрессиялық, басқыншылық саясатын, мiне, өз қотырын өзi қасып, тәуелсiз ел қатарына қосылған Украина мемлекетiне жүргiзiп, елiн-жерiн бөлшектеп, хал­қын қан қақсатып қойды. Мұндай ұятсыздыққа, мұндай әлiмжеттi бассыздыққа не дерсiң?! Әрине, бұл жерде қарапайым, шаруасын күйттеген бейбiтшiл орыс мұжықтары туралы сөз болуы мүмкiн емес! Мәселе мемлекет басшылығы мен агрессиялық саясат ұстаған шовинистерде.

Қазақ атамыз “өз бетiн аямаған, бiреудiң бетiн шиедей етедi” деген ғой. “Өз қандастарымыз”, “өз бауырымыз” деген украин халқын аямай, басқыншылық жасаған Путин басқаны қалай аясын, қайдан оңдырсын?

Түнеу жылдары сақалы сапсиған, сары жалақ Солженицынның “қазақ мемлекетi болған емес, Қазақстанның қазiргi жерi – орыстың жерi” деген сандырағын, Дугин, Жириновский сияқты жырындылар қоқсытып, неше рет жаңғыртып едi, ендi мiне, тағы да әдеттерiнен жаңылмай, жынды Жириновскийге қосылып, ресейдiң Зюганов, Лимонов сынды сая­саткерлерi сол сандырақ сөздерiн қайта жаңғыртты.

Қаратаулықтар “Бастау” га­зетiнде “Ит үредi, керуен көшедi”, “Жириновский тағы жынын шашты”, “Тәйт деуге жарамады-ау” атты ел қауiпс Материалдың толық нұсқасын газет бетінен оқи аласыз


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>