Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

КОМПЬЮТЕРДІҢ КӨЗГЕ ӘСЕРІ

$
0
0

КОМПЬЮТЕРДІҢ КӨЗГЕ ӘСЕРІ

http://www.glaz-med.kz/images/komp.jpg

Қазіргі заман талабына сай компьютерді меңгеру алға қойылған мәселердің бірі. Қазіргі кезде өмірімізді комьютерсіз елестету мүмкін емес. Бірақ та осы комьтердің ағзаға зиянды жақтары да бар.

Компьтермен байланысты дамитын көздегі өзгерістердің жиынтығын компьютерлік көру синдромы деп атайды. Бұл синдромға шалдыққандардың шағымдары : көру төмендеуі, бұлдырлауы, мойын ,желке аймағының ауырсынуы. Компьютерлік көру синдромы дамуы себебі компьютер мониторынан бөлінетін сәуледе емес. Негізгі себебі монитордағы мәліметтерді көздің қабылдауының ерекшелігінде. Кітапты мысалға алып қарасақ , ондағы жазулар өздігінен жарқырап, жылтылдап тұрмайды,сол себептен көзге көп күш түспейді. Ал комьютердегі мәліметтер өте кішкене пикселдік нүктелерден құралғандықтан жылтырап, жарық түсіріп тұрады. Біздің көзімізге жылтылдағаны визуальды көрінбесе де, кітапқа қарағанда көзге көп күш түсіреді.

Компьтерлік көру синдромының дамуына бұлардан басқа да мынадай жағдайлар әсер етеді:
•Қолданушының мониторға байланысты дұрыс отырмауы
•Монитордың сыртқы жарықтануға байланысты дұрыс орналаспауы
•Бөлменің жарықтығының шамадан артық немесе төмен болуы
•Монитордың жарықтығының артық немесе төмен болуы
•Ағзаның физиологиялық ерекшеліктері (мониторға көп қарап отырғанда адам қабықты аз жұмуынан көздегі жас тез құрғап кетуі).

Компьютерлік көру синдромының алдын алу

Жұмыс орнын реттеу:
1. Монитор сіздің жаныңызда емес, тура алдыңызда тұру керек. Сіздің көзіңіз бен монитор арасы 50-70см жобасында болуы керек
2.Компьютермен жұмыс істеген кезде экранды аздап жоғарыдан қараған дұрыс, яғни монитор көзден 15-20 градусқа төмен орналасуы керек. Бұл кезде көздің фокустау механизіміне жүктеме аз түседі.
3.Монитордың беті шағылыспауы үшін жарыққа қарама қарсы орналасуы қажет.
4.Компьютердің жарықтығын, өткірлігін және шрифттер мөлшерін көзіңіздің ыңғайлығына қарай өзгерту қажет
5.Клавиатурамен жұмыс жасағанда қолдарымыз еденге параллельді орналасуы, ал аяқтарымыз еденде болуы керек. Арқаңызды , иық пен жауырынды тік ұстап отыруға тырысыңыз
6.Көзге жүктемені азайту үшін әр сағат сайын 10-15 минут көзді жемалдырып отыру керек
7.20/20 принципі бойынша (әр 20минут сайын көзді монитордаен 20 секунд басқа жаққа назарды аудару) жұмыс істеген де дұрыс.
8.Егер де адам бір нәрсеге беріле,үңіліп қарап отырса, ол еріксіз тынысын тежеп отырады. Ол өз кезеңінде әртүрлі бұлшықеттерді , соның ішінде көз бұлшықеттеріне күш түсіреді. Тұрақты түрде күштеме түсу бас ауыруына алып келеді. Сол себептен еркін, жеңіл демалып отырыңыз.
9.Көздің құрғап кетуінің алдын алу үшін жиі жиі көзді жұмып ашып отырыңыз.
10.Компьтерге арналған арнайы көзілдіріктер тағып алыңыз. Ондай көзілдірікті кез келген оптикадан алсаңыз болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>