Майра Мұхамедқызы
20 Наурыз 2014, 16:43 481 0
Әкім Майра Мұхамедқызына көлік сыйлады
АСТАНА. 20 наурыз. BAQ.KZ – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызын қабылдады. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемдік деңгейде опера жанрында ән шырқап еліміздің абыройын асқақтытып жүрген сіз сияқты өнерпаздармыз барына қуаныштымыз деген облыс әкімі әншіні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, алғыс хат пен автокөліктің кілтін ұстатты.
Өз кезегінде Майра Мұхамедқызы да алғысын білдіріп, Қазақстан сахнасында жүргеніне 20 жыл толуына орай, республика бойынша концерт беруді қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстік Қазақстан облысынан бастағанды жөн көрдім деді. Қытай елінен 1994 жылы Қазақстанға келген Майра Мұхамедқызы 20 жылда талай әлемдік деңгейдегі опера сахналарында өнер көрсетіп, еліміздің атын шығарып келеді.
Айта кетейік, Майра Мұхамедқызының Наурыз мерекесіне орайластырған шығармашылық концерті наурыздың 22-і күні Шымкент қаласында Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрда болады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС