Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ
МИКРОӘҢГІМЕЛЕР (1)
КЕЙДЕ, КЕЙБІРЕУЛЕР, ... ҚҰРЛЫ ДА
1967-жылдың маусымы еді.
Мейлінше есіргендердің «Зауфан сылиңбуы»[1] мырза қамақтағы мені Бұрханды сайының түкпіріне жүйткіте қойды. Жақтастарымның алып қашып кетуінен сақтанғаны шығар. Тіршілігімнің жіңішкеріп кеткен талшығы үзілмесе екен дейтін ме бұлардың мұнысына, қуанбасам, қайғырғаным жоқ. Өйткені, бұл ауылға мен екі жылдың алдында, саяси қастандықтан аулақ шағымда, стил дұрыстау тобын басқара келіп төрт ай тұрып қайтқамын. Талай ауылды шарпыған солақайлықтың сол жолғы сойылынан арашалап қалған жандарымды әлі де тірі және ырықты десетін. Есіріктер есімді шығарғанда, жақсылықты ұмытбаған олар маған арашашы болар деген үміт қозды.
Ертеңінде мені әкелген қалалықтар қайтты да, ендігі ием ауылдықтар алдыма келді. Бірақ әлгі үміт ту сыртын берді де, елестегі реалдық сптті ғйып болды.
Әу дегенде алдына «келгеннің әкесін танытып, жуасытып алу» дағдылары болса керек, ана жылы ажал аузынан алып қалған Мақұлбайға зор үмітпен қараған, ішкі дүниенің желі үрлегендіктен ғана әрең жылтырап тұрған көзім тарс таңылды да, сүлдері ғана қалған тұла бой шыбықтаған, қамшылаған, таяқтаған айдауға тағы түсті. Мақұлбайдан титтей де мейірім көргенім жоқ. Бірақ ол да тасқын кетіп тас қаларын білетін сықылды. Әйтпесе, кімнің қолы тиіп жатқанын танытпау үшін көз байлай ма. Мақұлбайдың өзі бастап сабағанын да, қолының қаттылығын да біліп жатырмын.
Сәлден соң тұрғызды. Міне, «қайда барсаң қазанның құлағы ...» деп, кейде бүкең, кейде тәнтірекпен малша айдалып әрең келемін.
Қанша тасбауыр болса да, мені талату ит үре қалғанда ғана есіне келген шығар-ау, Мақұлбай итті «әйт! Әйт!» деп айтақтады да, мені белімнен бір теуіп ұшырып кеп жіберді. Сұлай түстім. Жаңа алая қараған мақұлбайдың әлі де қасымда екенін даусынан білсем, төбеттің аузының алыста емесін арсылынан байқағандаймын. ... Бірақ таныс арсыл сықылданады.
Оптимизм қуат бергенде, жан деген тіпті тәтті болады екен. Адам қимаған шапағатты ит екеш иттен де күтеді екенсің. Оның үстіне, мына төбет алдыңғы жылы, иті түгіл адамының аузы асқа жарымйтын кедей ауылда, жұмырыма жұқ та болмайтын аз азығыма аузымнан жырып ортақ еткен Жолдыаяқша үреді екен. Ыңқ ете құлаған мен байқұс сасқалақта : «Кәһ, кә... жолдыаяқ!кә ... жоды аяқ!» дей бердім, есім кіресілі шығасылы күйде.
Қабудың, талаудың орнына аяғымды жалап, киімімді иіскеп жатқан жолдыаяққа Мақұлбайдың таяғы таңқ еткенде ғана есімді жидым.
Мақұлбайға ырылдай келе атылды ма екен, Жолдыаяққа тағы таяқ тиді. Төмен дәрежелі жануардың жоғары дәрежелі жануарлар арасындағы қақтығысқа қатысып несі бар екен десейші. Менен де кетті – бейшара маған болаөзінен білімсізден таяқ жеді.
(1976)
ЖАҢА ЗЕЙНЕТКЕР
Бадырақ көз, таңқы танау, семізше сары ұл, боқшасын есіктен кіре төсекке лақтырды да, жерден алтын тапқандай айғай салды:
– Әке! ... Уа әке! – деп.
– Ау айналайн! Немене?
– Енді сені құдайдың құтты күні «жақсы оқы» дегізіп зарлатпайтн жол табылды
– Йә, сәт! Аузыңа май. Қандай жол таптың? Мұғалімің үйретті ме?
– Жо...ға. Оқымасам да тіршілік етер жол шықты.
– Әрине, ортаны бір тауысып алсаң, жоғары оқу орнына бара алмасаң да, еңбектенуді білсең, еңбекті сүйсең, тіршілік жолы көп қой.
– Оны айтып тұрғаным жоқ әке.
– Енді қай жолды айтып тұрсың ?
– Мені мына арттағы үйдегі Қарекең сықылды пенсияға шығарта сал. Жаман шал құрлы жоқпн ба? Сосын сен де тыныш, мен де ойнап-күліп, ...
АУЗЫ ҚИСҚ БОЛСА ДА
Өзеннің өр жағында тұрған қасқыр аяқ жақтағы қарсы жағадан су ішіп жатқан қозыға:
– Бәлем! «Ажалды қарға бүркітпен ойнайды» деп, көресің! Сенен құнымды өзім-ақ қыста алып аттанармын! – деп, кектене кіжініп тіл қатты.
– Тақсыр Қасеке-ау! – деді момақан қозы қалтырай шегініп. -
Қалжыңдамаңызшы. Әншейін қорқытып. ...
– Қалжыңшылын шикіннің! Басыңа су құйп тұрған мына қылмсң сенің!
– Ағатай-ау қайдағы қылмсым?
– Монтансыма! Суды лайлап, денсаулығымды бұзып, ерте өлуге итеріп, ...
– Астапыралла! Япыр-ау, Сіз ар жақта, мен бер жақта, Сіз баста, мен аяқта, ... – деп, міңгірлеген байқұс қозы ауылына қарай зытты.
Су әрі терең, әрі тасулы еді. Қыс түсіп, мұз қатқасын не болғанын естігеніміз жоқ.
(1977)
АҚЫЛЫН ІШКЕН
– Ей! Шал ... л! – деп қасына келген мас жізіт, бақтағы
орындқта газетін оқып отырған ақсақалды мазалай бастады.
– ...
– Кімсің ей ... се ... н?
– ...
– ... . Ті...лің бар ма деймін ... ей өзіңде ? Қақпас ... қаншаға келдің?
– ...
– Қаусап-ақ тұр екенсің. ... Қаншадасың? - дедім мен саған.
– ...
– Үй өз жасыңды да ... білмейсің бе?
– Шешеңнен сұра. Күйеуің қанша жаста ? - деп.
ЕКІ «ДОСЫМ»
Жалғызаяқ, қырық бұраң, ойлы-дөң жолмен тартып келемін. С мен О екі «досым» екі жағымда, жығыла-сүріне қалмай еруде.
Біз жолға шыққалы қай заман. Екеуі не алдыма не артма өтпейді. Бір күні бұларың не ? – деп сұрағаным бар амалсыз.
– Сол жағың – деді С маған. – өзіме қауіпсіз, мен үшін саған ең ұрымтал. Сенің жүрегің маған таяу, ал менің жүрегім сенен аулақ.
– Оң жағың – деді – О – әрі сая, әрі ық. Қажеті болғанда солыңа өте шығуым оп-оңай.
Жалғызаяқ, қырық бұраң, ойлы-дөң жолмен әлі келеміз. Екеудің екі жағымдағы жолсызбен жүріп қиналғанына да таңмын. Жол шетінің оты жаншылығанына да ішім ашиды. Жүріс те манди қоймайды екен. Кім біледі бұлар не ойда.
(1986)
[1] Жұңгода 1966-1976 жылдары өткен «мәдениет зор төнкерісі» атты ауыр апатты жылдардың атармандары – қызыл қорғаушылар құрған бұқаралық ұйымның «көтерілісшілер басштабы»