Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Кремльдiң озбырлығына қарсы бiрiгейiк!

$
0
0

Кремльдiң озбырлығына қарсы бiрiгейiк!

АНТИ-ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКIЗУ ЖӨНIНДЕ МӘЛIМДЕМЕ

Ресей президентi Владимир Путиннiң тәуелсiз, егемен, бiр­тұтас Украина жерi­не орыс әс­керiн кiргiзу туралы шешiмi ха­лық­аралық қауымдастықты, әлем елдерiн дүр сiлкiндiрдi! Кремль­дiң Украинаның ядролық қарудан бас тартуына байланысты жасалған 1994 жылғы Будапешт келiсiмiн, БҰҰ құжаттарын және барлық адами, моральдық ұстанымдарды бұза отырып, “Ресей мүд­десiн және орыс азаматтарын қорғаймын” деген жалаң желеумен Киевке қарсы күш қолдануға ұмтылуы – Путин режимi­нiң фашистiк сипат алып, адамзатқа қарсы қылмыстарға баруға дайын екенiн танытады!

Бiз мұндай мемлекетпен бiр­ге одақтас бола аламыз ба? Халықаралық қауымдастық қандай да бiр агрессиялық фашис­тiк режимдi оқшаулауға, санкция­лар­ға ұшыратады. Ресей басшылығының ұлы державалық шови­нистiк саясаты шектен шығып, империялық амбициясы асқынып барады. Қазiргi әрекет­терi – со­ның айғағы. Ресей бүгiн Украинаға ауыз салса, ертең орыстар қоныстанған Қазақстанның солтүстiк облыстарын “тартып аламыз!” демесiне кепiлдiк жоқ! Өзге елдердiң ғана емес, бiздiң де тәуелсiздiгiмiзге қатер төн­дiретiн мұндай елмен одақтас болуымыз мүмкiн емес!

Толық нұсқасын газет бетінен оқи аласыз

« алдыңғы бетке | келесі бетке »

Баcқа мақалаларға ^

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)

Арқа қазағы | 4 наурыз 2014 11:55

Путин - тарт қолыңды Украинадан! Миллиондаған бауырлас халықтың арасына іріткі салып, қан аңсаған соғысқұмар Путинге лағнет айтамыз. путин екінші Гитлер. Оңбаған онымен қоймай қарапайым орыстардың қолымен от көсеп отыр. Бауырлар ол ертең бізді де осы соғыс отына тартады. Бұған дәлел - Кеден Одағы, Евроазия одағы, ОДКБ (әскери одақ), Шанхай ынтымақтастығы және т.б. бар. Солтүстк Қазақстанға да көз алартып отыр. Жириновский мен Лимоновтардың сандырақтары тегін емес, және бірінші рет те емес.

Уәж айту

НҰР АҒА | 4 наурыз 2014 12:19

Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың халқын адам есебіне алмайды және шектен шықты...."тіпті тәуелсіз алған болсада" және бұнысы үлкен қателік болды оданда өз жеріндегі автономиялық халықтардың ызасын, кегін өтінішін қарау керек еді...неге Ресей Украинаға басып кірді, 40 миллион украин бұған төзіп отыра алмасы анық...қанша басып жаныщкысы келгенмен украиндар белорустар сиякты берілген жоқ, оның ішінде "қазекеңдер" украиндарды Просто кремль не хочет терять стратегический обьект на черном море.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>