Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Ақ аюдың алдында шырылдаған байқұс-ай....

$
0
0

Украина үндеу тастады

03.03.2014 09:46 Дуанабай Жолдасбек

054

«Украина Верховная Радасының (ВР) жексенбі күнгі жабық отырысында үш қаулы қабылданды», - деп жазады «Украинская правда» газеті. Онда «ВР кепіл-мемлекеттерден Будапешт меморандумына сай Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуін сұрады» деді тілші.
«Одан басқа, рада Қара теңіз флоты Қырымда болуы туралы базалық келісімдердің орындалуын талап етті және әскерлерді шұғыл түрде тұрақты орындарына әкетуін талап етті», - делінген хабарда.
Сондай-ақ Рада Конституцияның және Украинаның тиісті заңының негізінде Қырымда жергілікті референдум өткізу мүмкіндігін атап көрсетеді.
Парламент шиеленісті ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропа Кеңесі, ЕО, ТМД, Будапешт меморандумы елдерінің халықаралық сарапшыларының қатысуымен тек қана бейбіт жолмен шешу керектігін қадап айтты.
Осы қаулыда ВР бұрын қол қойылған келісімдердің сақталуына, сондай-ақ әділ және ашық сайлау өткізуге кепіл береді. Екінші қаулыда парламент Украина қарулы күштерімен (УҚК) ынтымақтастық танытып, УҚК толығымен әскери дайындыққа келтіру туралы ҰҚКҚ шешімін қабылдады.
Рада сондай-ақ үкіметке Украина УҚК қаржылық қамтамасыз ету мәселесін жақсартуға шара қабылдауды тапсырды.
Одан басқа Украина қауіпсіздігіне кепіл-мемлекеттердің парламенттеріне Ресейдің әрекетін жол беруге болмайтын, барлық халықаралық қарым-қатынастың негізгі қағидаларын өрескел бұзушылық деп мойындау туралы үндеу қабылдады.
Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекеттеріне байланысты ВР Будапешт меморандумы мемлекеттерінің парламенттеріне, халықаралық ұйымдарға үндеу жолдап, Украинаға арнайы мониторингілік миссияларын жіберуді сұрады. Одан басқа, ел парламенті Будапешт меморандумы мемлекеттеріне елдегі ядролық нысандарды күзетуге көмек көрсетуін сұрап, өтініш жасады.
Сондай-ақ ВР халықаралық құрылымдарды өздерінің органдарының көшпелі отырыстарын Украинада өткізуге шақырды. Одан басқа, Рада РФ-мен келіссөздер жүргізетін топ құру қажеттігін қарастырды.

КазТАГ


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>