Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қызық екен....

$
0
0

ЖАЗУШЫНЫ НЕ ҚУАНТТЫ?
Қаңтар 30, 2014 159 рет оқылды Кездесуді оқырман белгіледі 4 пікір
Қазақ әдебиетіне «Француз әтірінің иісі» атты хикаятымен келіп қосылған талантты жазушы Талғат Кеңесбаев, сайтымыздың ашылуымен құттықтап хабарласып еді, әңгімеге тартып, сыр суыртпақтағанбыз. Соның кейбір үзігі ғой…

– Байқап, оқып, қарап жүрміз, Сіз көп жерде өзіңізді жазушымын деп таныстырып, иә, жазып,көрсетпейтін сияқтысыз. Бұл қарапайымдылық па, әлде…

– Мінезім осындай…

– Ал, жазу кезінде күй талғайсыз ба? Қалай бастайсыз?

– Анау айтқандай, бұрқыратып жаза бермеймін. Күй талғамаймын. Көп шығармаларым кафелерде жазылды. Бірден диктовка жасаймын. Негізі құрлымын, яғни фабуласын құрып аламын да, басымда сақтап жүремін. Сосын сәті түскенде бұрқ еткізіп оқи саламын. Қызығы сол, Семейде тұрғанда «Ертіс өңірі» газеті менің әңгімелерімді үсті — үстіне жариялайтын. Нөмірге шұғыл әңгіме керек дейді, барамын да бірден оқып тастаймын…

– Сәл шегініс жасайық. Біраз жыл бұрын Жазушылар Одағының мүшелігінен бас тарттыңыз. Бізді қызықтыратыны, қазір де сол пікірдесіз бе?

– Жазушылар одағы киелі шаңырақ, онымен ойнауға болмайды. Мен кетті екен деп қылшығы да қисайып қалмайтынын бесенеден белгілі…Өздері, басшыларын айтамын, «Сен неге кетесің?» деп немесе «Қандай ұсынысың бар?» деп біреуі сұрады ма екен… Сұраудың орынына КТК арнасы арқылы адам айдап салып, «мынау жынды, ауру» деп аузындарынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Кейін, әлгі мені даттаған жігіт «Менің жазығым жоқ ,басшылар мәжбүрледі…» деп шыр-шыр етеді…

Өткен жылдардағы дүрбелеңге толы төраға сайлау алдында қазіргі басшылыққа қарсы топтан «Бізге қосыл, сөзімізді сөйле!» деген адамдар көп болды. «Айтаққа еретін ит емеспін» дедім.

Қазір ме? «Кетім бе, кеттім!» деген пікірдемін. Алда — жалда мына команда кеткен күннің ертеңінде-ақ, өтінішімді, жоспарларымды алып баратын шығармын одаққа…

– Баяғының үлкендері сәлем бергенде «Кімнің баласысың?» деуші еді ғой. Сол сияқты жазушыға қойылуы тиіс сұрақ деп ойлаймын: Кімнің мектебіненмін деп айта аласыз? Кімді ұстаз тұтасыз?

–Халықтың ауыз әдебиетінен нәр алған бала автоматты түрде Абай атамызға рухани шәкірт болмай ма…Сол сияқты игі жақсы үлкеннен, ізетті інілерден ілтипат көп көрдім. Көріп те жүрмін.Ұстазым көп менің…

– Қазір не жазып жүрсіз? Роман, мысалы…

– Бәлендей қиратып жатырмын деп айта алмаймын.Өзімнен біреу «Жазушысың ба?» деп сұраса, шынымды айтсам, ұяламын… Қазақтың төл әдебиетінің талғампаз оқырманы болғым келеді…

– Сіздің атыңыз айтылған жерде Ғалымжан Жақиянов еске түседі. Детальдарға тоқталудың қажеті аз шығар, бірақ, оны қазақтың бір баласы ретінде қалай бағалайсыз? Қазір байланысып тұрасыздар ма?

– Ғалымжан тәуелсіз елдің шаңырағын көтерісіп уығын шаншуға қатысқан азамат.Тәуелсіздіктің қазанында қоса қайнаған азамат. Ал, қазандағының қаймағы мен қаспағын ажырату, көбігін алу – уақыт еншісінде.

Ғалымжанмен достығымыз сонау Семейде, «Семей Невада» қозғалысынан басталған. Көрші тұрдық.Үй ішімізбен араластық…Амал қанша? Осындай жағдай болды…мен не айтамын, аман болсын! Азамат қой!

Соңғы кездескенде «ренжісіп» тарастық. Мен ресторанда әлдекімдермен отырған едім. Шақырған өздері болатын. Соның алдында ғана Ғалекеңнің үйінде қонып, қонақ болғанмын. «Түстен кейін қайтамын…» деп қоштасып кеткем, «Билетің барма?» деп сұрады. Бар еді. «Үйіңе қайт, бара сала ауруханаға жатып ем ал…» деген қоштасарда.  Қойшы содан, вокзалға келсем… билет қалтада деп жүргенде пойыздан қалып қойыппын… Аяғы, отырысым мынау ғой, мейрамханада.  Ғалымжан телефон шалды осы кезде. «Отырдың ба?».  Кешігіп қалдым деп жөнімді айта алмадым, өтірік айттым. Осы отырыстың үстіне Ғалымжан кездейсоқ келіп қалды. Қызара бөртіп отырған мені көріп ызадан жарылардай болды…Содан арамызда реніш болды. «Сен Қапшағайдан пойыздан секіріп түсіп, осы жерге келдің бе? Денсаулығың болса мынау, алдыңдағы виски мынау… Әбден шашты ағарттың ғой!» деді. Мен де бет жоқ…әлгі жерде бильярд ойнап отырып ішкен виски далаға кетті. Елдің көзінше айғайлау оның әдетіне жат еді ғой! Біздің столдың ақшасын төледі де… «Енді көрмегенім сен болсын!» деді.Содан бері қанша жыл өтті, не телефон арықылы, не басқадай байланыс жоқ…

Қазаққа әрбір адам қымбат қой,  Ғалекем сияқты азамат әбден керек – ақ…

– Астанаға көшіпсіз. Қазақ руханиятының мәртебесін көтеру елордадан басталуы тиіс. Мұндағы шығармашыл ортаның ахуалын бағамдап үлгердіңіз бе?

– Менің бір байқағаным, Астанада сөз , аз іс көп. Руханиятты жалғыз жазушы немесе ақын жасау мүмкін емес екені белгілі. Алматыдағыдай жазушылар арасында өсең — аяң мүлдем жоқ.Қуанарлық жағдай,  маған әсіресе Астана суретшілерінің креативтік көзқарастары ұнайды.

Сайтарыңның аты бір ойды оятты, айтайын. Болашағымызға «Мәңгілік» ел стратегиясы жігер беретіні анық. ЭКСПО-ның өтуі,  біздің алақанымызға қонған бақ. Бақты қондыру да, ұшырып алу да өз қолымызда.

Және, қағынан жеріген біреу қотыр тай сойды екен деп ,Ресейге бодан болудан сақтасын.Тәуелсіздігімізді аялап, ардақтай білуміз керек, азаматтар!

 

Сұхбаттасқан,

 Қ. МҰҚАМЕТҚАЛИ


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>