Жолдауда айтылған 10 сенсация
Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жария етті. Елбасы болашақта мемлекетте жүзеге асыруға тиісті 10 ірі жобаны атады.
Поделиться…
1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады. Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады.
2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген сұранысы арта береді.
3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады.
4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болады.
5. Тиімді жер нарығы жасалады. Ауыл шаруашылық жерлерін тек инвестиция тартудың және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланудың негізінде жалға беру Қазақстан ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті етеді.
6. Табиғи азық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды жасақтау басталады.
7. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылады.
8. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады. Жұмыскердің денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзі бірдей жауапкершілікте болады және ол медициналық қызмет жүйесінің ең басты талабы ретінде бекітіледі.
9. Елде қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады.
10. Қазақстанда мәдениетті саясаттың тұжырымдамасы жасақталады.