Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Мәңгілік елдің мәртебелі асулары

$
0
0

Мәңгілік елдің мәртебелі асулары

Қазақ халқында «Ер бақыты ерлікте, ел бақыты теңдікте» деген тамаша нақыл сөз бар. Міне, біздің бүгінгі Қазақстан қыдыр дарыған, бақ қараған ертеңіне нық сеніммен баратын еңселі, тұғыры тұрақты, төрт құбыласы тең ел болып қалыптасып шықты. Оның бірден бір себебі, болашағымызды айқындап берген Ұлт Көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы болды.
Дәстүрге айналған биылғы жылғы Жолдауды да халық асыға күтті. «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген жарқын атаумен жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы еліміздің бақытты келешегіне барар жолды керемет кемеңгерлікпен айқындаған маңызды да мәнді мазмұнға толы құжат екендігін көрсетті.
Алдымен айтылған мәселе ел бірлігі. Халық қазынасына көз салсақ «Береке басы – бірлікте», «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген қанатты сөздер бар. Ұлт Көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірлік пен ынтымақтастықты нығайта отырып, әлемдегі отыз елдің қатарына енуді әрі келелі, әрі басты міндеттердің бірі екендігін атап айтты. Әрине, дамусыз ел болмайды, бірақ, дамудың да дамуы бар. Ендеше басқа да салалар тәрізді өндірісті өркендету барысында қазіргі заманның талабына сай жаңашыл тұрғыда дамытуды жүзеге асудың қажеттілігін де айқындап көрсетті.
Келесі бір кемеңгерлікпен жан-жақты талдана айтылған бағыттардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Әрине, бұл жағдай елдің экономикасын қарыштап өсуіне ерекше ықпал етері сөзсіз. Біздің елімізде ет, сүт және т.б. өнімдерді өркендетуге толық мүмкіндік бар. Олай болса, осы сала бойынша әлемдегі озық елге айналу жақын арадағы қолжеткізер нысаналарымыздың бірі болу керек.
Еңселі ел болғаннан кейін еліміздің бетке ұстар қалаларының да болуы қажеттілік. Мұндай мәселе алдыңғы қатарлы мемлекеттерде кездеседі. Осы орайда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларын даралап көтеру мәселесінің міндет етіп қойылуы да заманауи талапқа байланысты туындап отыр. Сонымен қатар, жол қатынасы да басты міндеттердің біріне айналғандығы анық. Озық елдердің санатына енгенде сайрап жатқан сапалы жолдарымыздың болуы заман талабы.
Көптің көңілінде жүрген келесі бір келелі мәселелердің бірі балабақшалардың жағдайы еді. Жолдауда осы мәселе де өзінің оң шешімін тапты. Яғни, 2020 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100% қамтамасыз ету ісі міндеттелді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан жастардың жағдайын жасауды назардан тыс қалдырмаған. Еліміздегі оқу орындарындағы оқитын студенттердің шәкіртақысын 25 % көтеру қажеттілігін Жолдауда атап айтты. Бұл студенттерге жасалған үлкен қолдау, зор қамқорлық деп білеміз. Сонымен қатар, оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің де жағдайы айрықша назарда екендігі айтылды. Яғни, 2015 жылдан бастап олардың да еңбекақысы 28 % және 29 % көтерілетіндігі нақтыланды.
Жолдауда, сонымен қатар, мемлекеттік тілді жандандыруға байланысты мәселелерге де кеңінен тоқталды. Елімізде қазақ тілін оқытуға арналған 57 орталықтың тұрақты түрде жұмыс істейтіндігі, яғни, мемлекеттік тілді үйренуге барлық тиімді жағдайлардың жасалғандығы атап айтылды. Осындай қолдаудың нәтижесінде өзге ұлттардың арасында қазақ тілін еркі меңгергендер санының 10% өскендігін және осы мәселені әрі қарай жалғастыра берудің қажеттілігіне тоқталды.
Ұлт Көсемі – Елбасының Жолдауы мемлекеттің болашағының, халқтың келешегінің айнасы. Жыл сайын өткізілетін Жолдау еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағыттары мен бағдарын айқындап отыратын басты ұстаным болып табылады. Сондықтан, Жолдаудан зор қуат алған бүкіл қазақстандықтар, міндетін айқындап алғаннан кейін елімізді көркейтер еңбекке әрі тың, әрі қажырлы күшпен кірісері хақ.
Жолдаудағы ұлы түйін «Мәңгілік Ел» ұстанымында жатыр. Бұл бүкіл әлемдегі алғашқы бастама. Яғни, біздің болашағымыз айқын, жүзіміз жарқын! Дәулетті де сәулетті елімізде ертеңге деген нық сеніммен, келешекке қарыштап қадам баса беретіндігіміз ақиқат.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры
М.І.Әбдуов


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>